Докторантура
Инновациялық менеджмент

Инновациялық менеджмент

БIЛIКТIЛIГІ

  • ғылыми - педагогикалық бағыт - философия докторы (PhD)

ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ

ON 1. Инновациялық менеджмент бағыттары бойынша зерттеу жұмысында, деректерді модельдеу, ғылыми іздеу, талдау және өңдеу, негізделген шешімдер алу негізінде қолданбалы зерттеулер бойынша ғылыми зерттеу концепциясын, әдіснамалық құралдарды құру:
ON 2. Басқарушылық талдаудың классикалық және заманауи ғылыми тұжырымдамалары негізінде басқарушылық талдау мен әлеуметтік-экономикалық процестерді болжаудың балама әдістерін қолдану, басқарушылық шешімдер қабылдау үшін ақпаратты талдау және жүйелеу;
ON 3. Халықаралық технологиялар трансфертін реттеу, компаниялардың инновациялық стратегияларын әзірлеу, олардың киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету, білім инженериясы міндеттерін шешу, бизнес-модельдерді сандық трансформациялау, ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып зияткерлік қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласында білім алу және жетілдіру бойынша тұжырымдаманы әзірлеу;
ON 4. Ғылыми-техникалық болжау, патенттік, маркетингтік зерттеулер әдістерін қолдану негізінде Қазақстанда инновациялық үлгідегі экономиканы қалыптастыру және интернационалдандыру бойынша технологиялар трансфертін интенсификациялау бойынша ұсыныстар әзірлеу;
ON 5. Ғылыми зерттеулер әдістемесінің принциптері мен тәсілдерін қолдану, алдыңғы қатарлы әлемдік технологиялар тәжірибесін қолдану негізінде инновациялық менеджмент саласындағы қолданбалы ғылымдар бойынша ғылыми еңбек, жобалық зерттеу жасау
ON 6. Жаһандық сұранысқа, жаңа нарықтарды игеруге және қосымша құнды алуға бағытталған компаниялар үшін инновациялық бизнес-стратегияларды әзірлеу; экожүйелік көзқарас тұрғысынан бизнесті сандық трансформациялау жоспарларын; жаңа ұйымдарды құру және дамытудың бизнес-жоспарларын; ғылыми әзірлемелерді өнімге немесе жаңа тауарға сәйкестендіру процесін ұйымдастыру, коммерцияландыру процесін басқаратын команда құру бойынша ұсыныстарды жасау;
ON 7. Стратегиялық инновациялық менеджмент құрал-дарын пайдалану негізінде технологиялық және өнімдік инновацияларды енгізу, кәсіпорынның қолданыстағы құрылымына ақпараттық қауіпсіздік жүйесін енгізу бойынша бойынша ұйымның стратегиясын, бағдарламасын әзірлеу;
ON 8. Бастамашылық ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу бойынша, инновациялық өнімдерді іске қосу бойынша, жобаның іске асырылуын, ғылыми деңгейін, жаңашылдығын және бірегейлігін, және жобаның ғылыми және технологиялық күрделілігіне жоба командасының құзыреттілік деңгейінің сәйкестігін бағалау жобаларға сараптама жүргізу

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Инновациялық менеджмент
Мамандық шифры
8D04105
Факультеті
Экономика және бизнес жоғары мектебі

пәндер

Академиялық жазу
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: аналитикалық мәтіндік қызметке байланысты жазбаша ғылыми коммуникация саласындағы докторанттың кәсіби және коммуникативті құзіреттілігін дамыту. Пән оқуға бағытталған: академиялық жазудың жанрлары, тұжырымдамалары мен үлгілері, ғылыми мәліметтер базасы, іздеу сұранысы, ғылыми мәтінді жүйе ретінде құрылымдау және жазу технологиясы, академиялық және ғылыми мәтінді ұсыну мәселелері, аннотацияның мақсаттары мен міндеттері, ғылыми шолу. және ғылыми коммуникацияның ерекшеліктері.

Басқарушылық талдау және болжау
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: докторанттарда басқарушылық талдау негізінде тиімді басқару шешімдерін қабылдау, тиімді нәтижелерді арттыру резервтерін анықтау бойынша болжау бойынша озық білім мен дағдыларды қалыптастыру. Пән басқару шешімдерін қабылдаудағы басқарушылық талдау мен болжау рөлін зерттеуге бағытталған; басқаруды талдау әдістері; кросс-бағалау және бюджеттен тыс басқару әдістері, жауапкершілік орталықтарын бағалау көрсеткіштерін талдау.

Ғылыми зерттеудің әдістері
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: Ғылыми зерттеу әдістері мен әдістемесі туралы жан-жақты түсінік қалыптастыру. Пән диссертация дайындау үшін логиканы, ғылыми зерттеу процедураларын, ғылыми зерттеудің философиялық және әдіснамалық мәселелерін, экономикадағы ғылыми зерттеулердің әдіснамалық мәселелерін, экономикалық зерттеулердегі пәнаралық әдістерді, экономикалық агенттер мен нарықтардың мінез-құлқын талдаудың сандық және сапалық әдістерін, аналитикалық материалдарды зерттеуге бағытталған.

Зияткерлік меншікті коммерцияландыру
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - зияткерлік қызметтің нәтижелерін кәсіпорынның инновациялық әлеуетін қалыптастыратын ресурс ретінде коммерцияландыру қабілетін қалыптастыру. Ғылыми зерттеу нәтижелерін беру және коммерцияландырудың теориялық және практикалық негіздері. Ғылыми зерттеу нәтижелерін трансферттеу және коммерцияландыруды жүзеге асырудағы қиындықтар мен қайшылықтар. Зияткерлік меншік объектілерін беру: әлемдік тәжірибе. Ғылыми зерттеу нәтижелерін беру және коммерцияландыру тиімділігін бағалау.

2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Басқару жүйесіндегі жасанды интеллект
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: ұйымның тиімділігін, өнімділігін және табыстылығын арттыру мақсатында жасанды интеллектті басқаруда пайдалану бойынша кәсіби білімді тереңдету. Пән ұйымды басқарудағы жасанды интеллекттің рөлін зерттеуге, деректердің үлкен көлеміне негізделген тиімді басқару шешімдерін қабылдауға, процестерді автоматтандыруға бағытталған; тәуекелдерді, өзгерістер мен коммуникацияларды басқару, жаңа өнімдер мен қызметтерді жасау.

Дамыған елдердің технологиялық саясаты
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - жаһандану жағдайында қазақстандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін жаңа өнеркәсіптік стратегияларды әзірлеу қабілетін қалыптастыру. Пәнді оқу кезінде қарастырылады: Технологиялық саясат мемлекеттің бәсекеге қабілеттілік факторы ретінде. Өнеркәсіптік дамыған елдердің ғылыми-техникалық дамуының негізгі модельдері. Жаһандану жағдайындағы технологиялық революция. Ғылыми-технологиялық саланың даму жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер. Қазақстанның технологиялық дамуының ықтимал бағыттары.

Инновациялық компанияның киберқауіпсіздігін басқару
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - компаниялардың киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету қабілетін қалыптастыру Пән бойынша қарастырылатын тақырыптары: Ақпараттық қауіпсіздік технологиялары, макро - микродеңгейлерде киберқауіпсіздік ережелерін пайдаланудың жүйелі тәсілдері мен әдістері. Ұлттық ерекшелікті ескере отырып, инновациялық компаниялардың киберқауіпсіздік проблемаларын шешу кезінде осалдықты төмендетудің әлемдік стандарттары мен киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаттарының қазіргі ақпараттық технологияларын қолдану.

Халықаралық технологиялар трансферті және оны реттеу механизмі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты- халықаралық технологиялар трансферінің және инновациялық қызметтің фундаменталды негізін зерттеу мен инновацияны тиімді коммерциализациялау мәселелерін шешу бойынша білім алу. Оқылатын тақырыптар: Инновациялық технологиялардың трансұлттық трансфертін белсендіру және ынталандыру. Инновациялық технологиялар трансфертін қолдаудың инфрақұрылымы. Инновациялық саладағы халықаралық серіктестік және технологиялар трансфертін халықаралық реттеу. Технологиялар трансфертінің тиімділігін бағалау.

2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Зерттеу
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.

2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген