8D07301 Докторантура

Геодезия

Факультет:География және табиғатты пайдалану
Код:8D07301
Білім деңгейіДокторантура
Шекті балл (ақылы бөлім)-
ФакультетГеография және табиғатты пайдалану
ID1660

Бағдарлама туралы

Көшбасшылық қасиеттерін дамыта отырып, қздігінен зерттеулер жүргізе алатын, Геодезия саласындағы өзекті мәселелерді шешудің озық әдістері мен тәсілдерін әзірлеуге қабілеті жоғары, заманауи ақпараттық технологияларды қолдану арқылы практикалық шешімдер жасай алатын, сонымен қатар оларды одан әрі қолдану үшін жоғарғы дәлдікті ғарыштық технологиялар негізінде жаңа буынның зияткерлік жүйелерін қолдану арқылы оларды республикалық және халықаралық жобаларда, нақты жағдайларда қолдана алатын, оның ішінде климаттың өзгеруіне бейімделу стратегияларын әзірлеу және геодезиялық, геодинамикалық болжау жүйелерін жақсарту бағытында өнім жасай алатын білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды сапалы даярлау.

Түлек моделі

1. Геодезиялық жобалау үшін жер беті, оның жер қойнауы, ғарыш кеңістігінің объектілері мен денелері туралы өлшеуіш кеңістіктік ақпаратты талдау;
- аймақтық басқару және шаруашылық проблемаларын іске асыру мақсаттары үшін геодезиялық әдістермен ғылыми және қолданбалы өндірістік міндеттерді шешу;
- ұлттық геодезиялық жобалар мен бағдарламалардың рөлі мен маңызын арттыру үшін ғылыми зерттеулер мен геоақпараттық жүйелердің жаһандануына байланысты отандық Геодезияның дамуын түсіндіру.
2. Геодезияның ғылыми және қолданбалы мәселелерін шешу үшін, оның ішінде әлеуметтік және қоғамдық салалардың жаңа салаларында ақпараттық технологиялардың білімдері мен әдістерін жүйелендіру;
- жергілікті, өңірлік және ұлттық деңгейлерде ресурстарды үнемдеудің экологиялық-экономикалық проблемаларын шешу үшін бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру жөніндегі геодезиялық жобаларға басшылық жасау;
- тарихи өзгермелі әлеуметтік-мәдени контексте геодезиялық туындылар жасау үшін ғылыми зерттеулердің кешенді бағдарламасын әзірлеу.
3. Талдау стратегиясын әзірлеу, бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етуге бағытталған Ұйымның стратегиясын әзірлеу және жүзеге асыру көрсеткіштерінің жүйесін дәйектеу;
- кәсіпорындарда ресурс үнемдеу бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысуға дайын болу;
- өз қабілеттерін қолданудың неғұрлым тиімді салаларын анықтау, әріптестермен, ғылыми қоғамдастықпен және жалпы қоғаммен өзара іс-қимыл жасау қабілеті болу;
- ғылыми және кәсіби саладағы технологиялық, қоғамдық және мәдени прогрестің дамуына ықпал ету.
4. Геоақпараттық жүйелерде, аэроғарыштық және геодезиялық жұмыстарда, мониторингте телекоммуникация және жаһандық спутниктік позициялау жүйелерін қолдану;
- техникалық бақылау жүргізу, топографиялық-геодезиялық, аэроғарыштық фотограмметриялық өнімнің сапасын басқару әдістерін әзірлеу;
- инженерлік ізденістер кезінде аумақтарды қашықтықтан зондтаумен байланысты топографиялық-геодезиялық жұмыстар өндірісінің жобаларын әзірлеу;
- жердің гравитациялық өрісінің параметрлерін анықтау және гравитациялық өрістің жер қыртысының деформациясы параметрлеріне әсер етуін бағалау;
5. Стандартты жердің моделін және орташаланған, тегістелген ауытқулар алаңын алуға мүмкіндік беретін ауырлық күшінің аномалияларынан Жердің жасанды серіктерінің орбиталарын бақылау үшін әдістерді қолдану;
-елді мекендер мен өнеркәсіптік объектілердің аумағында қоюландырудың геодезиялық желілерін құру;
-геодезиялық ғылым мен өндірістің баламалылығы мен тиімділігін арттыру үшін ғылыми-өндірістік проблемаларды шешудің талдамалық тәсілдерін анықтау;
-ғылыми интеграцияны тереңдету үшін геодезиялық салаларды зерттеу міндеттерін, проблемалары мен әдістерін жүйелі түсінуді көрсету.
6. Далалық және камералдық жағдайларда инженерлік-геодезиялық жұмыстарды дайындау, ұйымдастыру және басқару;
- кәсіби қызметтің ғылыми-зерттеу және ғылыми-өндірістік бейінінің тиімділігін арттыру үшін геодезиялық зерттеулердің жаңа әдістері мен бағыттарын зерттеу және әзірлеу;
- ғылыми зерттеулер мен геоақпараттық жүйелерді жаһандандыру аясында отандық Геодезияның дамуын оның дамуының өнімді бағыттарын әзірлеу үшін бағалау;
- геодезиялық ақпарат негізінде жоғары мектепте бейінді қызметтің ғылыми және оқу жоспарларын әзірлеу үшін отандық және әлемдік геодезия теориясы мен әдіснамасының жағдайы мен дамуы мәселелері бойынша ғылыми шолулар жасау.
7. Қоршаған ортаны бақылау үшін топографиялық-геодезиялық, гравиметриялық және картографиялық материалдар, қашықтықтан зондтау деректері және ГАЖ-технологиялар негізінде қоршаған орта мониторингі бағдарламасын әзірлеу және оған баға беру;
- жоғары дәлдікті геодезиялық желілерді құру үшін кеңістіктік геодезия міндеттерін спутниктік әдістермен шешу;
- әртүрлі ғылыми және өндірістік ұйымдармен пәнаралық байланыстарды тереңдету үшін салааралық салаларда зерттеудің қазіргі заманғы геодезиялық әдістерін енгізу және пайдалану бойынша жаңа идеялар мен бағыттарды;
- геодезия ғылыми өндірістің салааралық саласына интеграциялау үшін жаңа және бейтаныс контекстерде ғылыми проблеманың әдіснамалық және технологиялық шешімдерін табу;
- ғылыми және қолданбалы зерттеулер нәтижелерінің деңгейін арттыру үшін қолданылатын кеңістіктік визуализация әдістемелік аппаратына объективті баға беру
8. Нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес геодезия саласындағы техникалық тапсырма негізінде пәнаралық білімді ықпалдастыру және жобалар жасау;
- картографиялық-геодезиялық өндірістің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін геодезиялық нәтижелер мен көрсеткіштер жүйесін дәлелдеу, талдау стратегиясын таныстыру;
- заманауи геодезиядағы ЖҚЗ рөлін арттыру үшін жобалық инновациялық топографиялық-геодезиялық картографиялау міндеттерін зерттеу және шешу саласында жүйелі түсінігін көрсету;
9. Геодезия, геодинамика саласындағы ғылыми білімді өндіру бойынша ғылыми зерттеулер мен даму үрдістерін әзірлеу және іске асыру;
- бәсекеге қабілетті геодезиялық өндірісті дамыту үшін жаңа отандық нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес геодезия саласындағы техникалық тапсырма негізінде жоба жасау;
- геодезия және қашықтықтан зондтау үшін геодезиялық аспаптар мен жүйелерді дайындауға арналған зерттеулерде техникалық шарттарды әзірлеу;
10. Жер беті, оның жер қойнауы, ғарыш кеңістігінің объектілері мен денелері туралы өлшеуіш кеңістіктік ақпаратпен жұмыс істеудің зерттеу процесін ұйымдастыру және алынған білімді кешенді талдау кезінде қолдану;
- отандық геодезиялық ғылым мен өндірісті дамыту үшін навигациялық жүйелерді пайдалана отырып тақырыптық карталарды жобалаудың жаһандық ерекшеліктерін талдау және жүйелеу.
11. Геодезиялық жұмыстарды орындау кезінде ғылыми-зерттеу, жобалау қызметін талдау және жүргізу;
- жоғары білікті геодезист мамандардың кәсібилігін арттыру үшін геодезиялық үлгілеудің кез келген проблемалары мен бағыттары бойынша ақпараттық көздердің жалпы базасын құрылымдау және құру;
- ғылыми-зерттеу геодезиялық ақпаратты ғылыми және өндірістік процестерде пайдалану үшін талдау жасау.
12. Әдістемелер негізділігін бағалау және күрделі геодезиялық міндеттерді шешу үшін қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді бейімдеу;
- экологиялық бағдарламалардың тиімділігін арттыру үшін топографиялық-геодезиялық, картографиялық материалдар, қашықтықтан зондтау және ГАЖ-технологиялар негізінде қоршаған ортаны бақылау үшін мониторинг бағдарламасын әзірлеу;
- ғылыми зерттеулер мен өндірісте жүйелік тәсілді күшейту үшін қашықтықтан зондтау деректерін жинау мен өңдеудің автоматтандырылған жүйелерінің қазіргі заманғы деңгейін көрсететін тұтас білімді кешендеу.

Байланыс

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, 050040, әл-Фараби даңғылы, 71, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қалашығы, No 6 Бас оқу ғимараты (БОҒ 6), 315, 313, 303, 112 ауд.
Байланыс телефондары: 7(727)3773333, 7(727)3773330; ішкі нөмірлері: 1274; 1349; 1224; 1481
E-mail: gulnarzan@gmail.com

Қабылдау

1) Бакалавриат, Магистратура дипломы + қосымшалары (түпнұсқа)
2) Жеке куәлік (түпнұсқа ж/е көшірме -2 дана)
3) Шет тілін меңгергенін растайтын сертификат
4) ҰТО ресми сертификаты (ҚАЗТЕСТ)
5) 0/75у медициналық анықтамасы
6) Фото 3×4 – 6 дана
7) ҚР Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қызметін растайтын құжат
8) Соңғы 3 жылдағы ғылыми жарияланымдар тізімі (болған жағдайда), зерттеулер жүргізу жоспары ж/е эссе
9) Алдын ала іріктеу нәтижелері («Денсаулық сақтау» білім саласы бойынша)