- Негізгі бет
- Докторантура
- Білім беру бағдарламалары
- Ғарыштық техника және технологиялар
Ғарыштық техника және технологиялар
БIЛIКТIЛIГІ
- ғылыми - педагогикалық бағыт - философия докторы (PhD)
ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ
1.ON1 жүргізілген тәжірибелер, бақылаулар, қашықтықтан зондтау негізінде алынған мәліметтер жиынындағы заңдылықтар мен үрдісті анықтау үшін және оларды түсіндіру үшін, заманауи компьютерлік технологияларды қолдана отырып, ғылыми деректерді өңдеу;
2.ON2 радиобайланыс пен хабар таратудың сандық технологиялары туралы жүйелі білімді қолдана отырып, әртүрлі мақсаттардағы ғарыш аппараттарының байланыс жүйесін жобалау;
3. ON3 пайдаланылатын құраушыларды, күтілетін тәуекелдерді және мүмкін істен шығуларды ескеріп, жобаларды басқару әдістері мен заманауи бағдарламалық құралдарды қолдану арқылы ғарыштық жүйелер мен ғарыштық жүйелерді жобалаудың кезеңдерін жасау;
4. ON4 жер үсті кешені мен ғарыш аппараты арасындағы ақпарат алмасуды тиімділеу үшін, жасалған автоматты жер үсті басқару кешенін жетілдіру;
5. ON5 заманауи басқару әдістері негізінде ғарыштық жүйелерді сызықсыз басқаруды ситездеу үшін алгоримдер жасау;
6. ON6 жаһандық позициялану жүйелерін жобалау үшін қажетті алгоритмдер мен бағдарламалық қамтаманы синтездеу;
7. ON7 классикалық және заманауи әдістер арқылы және оларды практикалық жүзеге асыру әдістері арқылы ғарыш аппаратының ұшуын басқару жүйесінің негізгі параметрлерін есептеу және анықтау;
8. ON8 ENVI бағдарламалық қамтамасын қолдану арқылы қашықтықтан зондтау деректерін өңдеудің нәтижелерін жүйелеу және түсіндіру және оларды ГАЖ деректерімен интеграциялау;
9. ON9 ғарыш аппараттарының заманауи жүйелерін жобалау, ғарыш аппараттарын тұрақтандырудың әртүрлі режимдерін жасау, ғарыш аппараттарын бағдарлау және тұрақтандыру жүйелерінің дәлдігін арттыру мен динамикасы мәселелерін шешу;
10. ON10 ғарыштық технологиялар саласындағы әдістемелік көзқарастарды бағалау және оларға критикалық талдау жасау, креативті синтездеу, зертеудің жаңа гипотезаларын және зерттеу әдістерін ұсыну;
11. ON11 жоғарғы білім беру мекемелерінде заманауи білім беру технологиялары мен әдістерін қолдана отырып, бакалавриат және магистратура пәндері бойынша сабақтар мен аудиториядан тыс жұмыстар жүргізу үшін оқу-әдістемелік материалдарын дайындау;
12. ON12 ғылыми мәселелерді шешу үшін, қоғамда сыпайы және толерантты қарым-қатынасқа, әлеуметтік қарым-қатынысқа және ынтымақтастыққа дайын болу.
Бағдарлама паспорты
пәндер
2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
пәндер
2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
ТӘЖІРИБЕЛЕР
2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген