Бағдарлама туралы
Түлек моделі
2. Су қоймасын, инкубациялық цехты дайындаудың және өндірушілерді іріктеудің технологиялық және өндірістік процестерін басқарады, әр түрлі типтегі балық шаруашылықтарын өсіру, азықтандыру, жобалау және ұйымдастыру мәселелері бойынша мамандарға кеңес береді;
3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды (ЕҚТА) және қорықтарды, әртүрлі типтегі аквакультура кәсіпорындарын, генетикалық заңдарды және балық шаруашылығының ғылыми – зерттеу орталықтарын пайдалана отырып, селекциялық-асыл тұқымды балық өсіру шаруашылықтарын ұйымдастыру және жобалау үшін техникалық – экономикалық және биологиялық негіздеме әзірлейді;
4. Қазіргі заманғы зерттеу әдістерін қолдана отырып, табиғи су айдындары мен балық өсіру шаруашылықтарында жемдік организмдерді тұтыну және балықты азықтандыру дәрежесін анықтай отырып, су айдындарының жемдік ресурстарының жай-күйін бағалайды;
5. Асыл тұқымды шаруашылықты ұйымдастыру, балықтардың өнімділік қасиеттерін сәйкестендіру, бағалау, табиғи су айдындарының балық шаруашылығы мониторингі, кейіннен балық шаруашылығы су айдындарының жай-күйін талдау және бағалау мәселелерін үйлестіреді;
6. Таксондар систематикасы мен түрлердің әртүрлілігін, балық популяциясының морфобиологиялық және генетикалық жағдайын анықтай отырып және биоиндикация және биотестерлеу әдістерін қолдана отырып, табиғи су объектілерінің жағдайына антропогендік факторлардың әсер ету ауқымын бағалайды;
7. Білім беру бағдарламалары мен пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін әзірлей отырып, адамгершілік – этикалық және құқықтық нормаларға сәйкес белсенді педагогикалық қызметті жүзеге асырады;
8. Су ресурстарын ұтымды пайдалану және қорғау мақсатында балық шаруашылығын басқару жүйесінің барлық деңгейлерінде басқарушылық шешімдер қабылдаудың ықтимал тәуекелдері мен салдарын ескере отырып, жойылып кету қаупі төнген және Қызыл кітапқа енген гидробионт түрлерінің санын қалпына келтіру бойынша ғылыми негізделген іс-шараларды әзірлейді.
Байланыс
Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71/19, Биология және биотехнология факультетінің ғимараты; 527 кабинет, жұмыс тел: +77273773333 (12-12 ішкі)
Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының меңгерушісі б.ғ.д., профессор Курманбаева Меруерт Сакеновна
Тел: +77071104439; e-mail: meruyert.kurmanbayeva@kaznu.edu.kz
Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының аға оқытушысы Кегенова Гүлнар Болатқызы,
Тел: +77022351663; e-mail: gulnar.kegenova@kaznu.edu.kz
Қабылдау
1) Бакалавриат, Магистратура дипломы + қосымшалары (түпнұсқа)
2) Жеке куәлік (түпнұсқа ж/е көшірме -2 дана)
3) Шет тілін меңгергенін растайтын сертификат
4) ҰТО ресми сертификаты (ҚАЗТЕСТ)
5) 0/75у медициналық анықтамасы
6) Фото 3×4 – 6 дана
7) ҚР Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қызметін растайтын құжат
8) Соңғы 3 жылдағы ғылыми жарияланымдар тізімі (болған жағдайда), зерттеулер жүргізу жоспары ж/е эссе
9) Алдын ала іріктеу нәтижелері («Денсаулық сақтау» білім саласы бойынша)