- Негізгі бет
- Докторантура
- Білім беру бағдарламалары
- Криптология
Криптология
БIЛIКТIЛIГІ
- ғылыми - педагогикалық бағыт - философия докторы (PhD)
ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ
1.Ғылыми нәтижелерді заманауи нысандарда, сондай-ақ жоғары импакт-факторы бар ғылыми журналдарда білікті таныстыру мақсатында академиялық мәтінді дайындаудың, жазудың, редакциялаудың негізгі қағидаттарын, ережелерін, нормаларын қолдану.
2.Криптология саласындағы проблемаларды ғылыми тұжырымдау үшін қолданбалы, эксперименттік, теориялық зерттеулердің заманауи теориясы мен тұжырымдамасы, әдістері мен әдістемелері негізінде зерттеулер жүргізу.
3.Ақпаратты криптографиялық қорғаудың негізгі әдістері мен құралдарын қолдану, теориялық тәсілді, модельдеуді және симуляциялау қолдана отырып, қауіпсіздік механизмдерін бағалау.
4.Ақпаратты бақылау және қорғау үшін қолданылатын қолданыстағы әдістер мен құралдарды талдау және оларды жетілдіру және осы қорғаудың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныс әзірлеу.
5.Қолданыстағы посткванттық криптографиялық тәсілдерді, посткванттық криптожүйелерді жобалаудың тиімді тәсілдерін меңгеру.
6.Криптологияның заманауи әдістемесін қолдана отырып, теориялық, іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу нәтижесінде деректерді криптографиялық түрлендіруді талдаудың ғылыми тәсілдерін, әдістерін әзірлеу.
7.Криптология және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы зерттеу және практикалық қызметке дайындық, әртүрлі қызмет салаларында ақпараттық ресурстарды қорғауды бағалау мен жақсартудың жаңа әдістерін дамытуға ықпал ету.
8.Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін машиналық оқыту әдістерін қолдану; ең тиімді машиналық оқыту технологиясын таңдауды және қолданыстағы шешімдермен салыстыру.
9.Криптографиялық хаттамалар мен осы әдістерді іс жүзінде жүзеге асырудың мысалдары арқылы ақпаратты қорғаудың негізгі принциптері туралы объективті білімге ие болу.
10.Криптология, аналитикалық және проблемалық-бағдарланған дағдыларды дамыту, криптоанализдің заманауи әдістерін терең түсініп, қолданыстағы криптографиялық жүйелерді талдауға және жақсартуға қабілетті өз зерттеулері мен жобаларын жүргізу.
Бағдарлама паспорты
пәндер
2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
пәндер
2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
ТӘЖІРИБЕЛЕР
2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген