Иностранным абитуриентам
Архивтану, құжаттану және құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету

Архивтану, құжаттану және құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету

БIЛIКТIЛIГІ

  • ғылыми - педагогикалық бағыт - әлеуметтік ғылымдар магистрі

ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ

Осы бағдарламаны аяқтағанан кейін магистранттардың қабілеттері қалыптасады:
ON1. Жаңа технологияларды (инновациялық технологияларды) әзірлеуді, әртүрлі әдістерді пайдалануды талап ететін технологиялық немесе әдістемелік сипаттағы проблемаларды шешуге атсалысу.
ON 2. Архив ісі, археография және құжаттану салаларында сараптамалық зерттеулерді жүргізуде атсалысу және оларды жұмыс тәжірибесіне енгізу.
ON 3. Архивтердің сараптамалық-тексеру, әдістемелік комиссияларының және басқа кеңес беру органдарының жұмыстарына қатысу.
ON 4. Архив ісі, археография және құжаттану салалары бойынша жобалар, құқықтық актілер, ғылыми, әдістемелік құралдарды, нормативтік-әдістемелік материалдарды әзірлеу, олардың талқылануына атсалысу.
ON 5. Архив қорларының физикалық жай-күйін жақсарту, құжаттарды қалпына келтіру, бұзылудан сақтау және олардың сақтандыру көшірмелерін жасау жөніндегі кешенді шаралар жүргізуге қатысу.
ON 6. Құрылымдық бөлімшелердегі іс жүргізуге жетекшілік жасау. Құжаттарды уақытысында орындалуын және дұрыс безеңдірілуін бақылау. Құжаттарға қолжетімділік тәртібін орнату және олардағы ақпараттарды қолдану.
ON 7. Құжаттардың бар жоғын, олардың физикалық жағдайын, ғылыми құндылығын сараптау және топографиялау бойынша жұмыстарды жүргізу.
ON 8. Қазақстан Республикасының ұлттық мәдени құндылықтары және ерекше құнды құжаттарға жатқызу мақсатында құжаттарды анықтау.
ON 9. Архивтануға тән дәстүрлі жұмыс әдістерінінің сандық ортаға бейімделуі және архивтік ақпаратты ұсынуда жаңа заманауи білімдерін қолдану; құжаттарды басқару және архив ісінде озық шетелдік тәжірибені қолдану, саланы кәсіптік деңгейде жетілдірудің жаңа тәсілдері мен тұжырымдамаларын әзірлеу;
ON 10. Архив ісі және құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету салаларында кең көлемді өзгерістер жүргізу, идеяларды тұжырымдау мен инновациялық қызмет нәтижелерін болжамдау.
ON 11. Аналитикалық және зерттеу мәселелерін шешу үшін заманауи техникалық құралдар мен ақпараттық технологияларды қолдану;
ON 12. Өткізілетін сабақтарының барлық түрлерін жоспарлау және әдістемелік қамтамасыз ету. Әріптестер және басшылармен кәсіби қарым-қатынас орнату.

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Архивтану, құжаттану және құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету
Мамандық шифры
7M03205
Факультеті
Тарих

пәндер

Археографияның теориялық-методологиялық мәселелері
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты - магистранттардың археографиялық қызметтің түрлі салаларында теориялық білім мен практикалық дағдыларын, жарияланған архив құжаттарымен жұмыс жасаудың негізгі заңдылықтарын жүйелі тұрғыда талдау қабілетін қалыптастыру. Археографиялық теориялар, құжаттық басылымдағы құжаттарды жүйелеу, құжаттық басылымдардың типологиясы, құжаттық басылымның моделі, оны дайындау, құжаттық басылым тарихи және археографиялық түсінік ретінде және т.б. қарастырылады.

Архивтанудың теориялық мәселелері
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты - қазіргі заманғы қоғамдағы құжаттардың рөлі мен орнын көрсететін әртүрлі теорияларды, тұжырымдамаларды, ережелерді қалыптастыру, мемлекеттіліктің және экономиканың дамуы тұрғыда архивтану теориясының архив тәжірибесін қалыптастыруға ықпал ету туралы түсініктерін қалыптастыру. Құжат теориясының архивтанулық аспектісі. Қорландыру мәселелері. Архив құжаттарын жіктеу, сипаттау және пайдаланудың теориялық негіздері және т.б. қарастырылады.

Басқару психологиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: басқару психологиясының іргелі ұғымдарын зерделеу негізінде жоғары білікті мамандарды ғылыми даярлауды қамтамасыз ету, кәсіби қалыптасу процесінде басқару саласының маңызды аспектілерін теориялық түсіну және практикалық қолдану үшін алғышарттар жасау. Курс психикалық процестердің дамуы мен жұмыс істеу заңдылықтарын, тиімді өзара әрекеттесу және қақтығыстарды жеңу, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі таныстыру негіздерін зерттеуге бағытталған.

Ғылым тарихы мен философиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: философия жайлы әлемді танудың ерекше формасы ретінде, оның негізгі бөлімдерін, проблемалары мен олардың болашақ кәсіби қызмет аясында зерттеу әдістері туралы тұтас жүйелі көзқарас қалыптастыру. Оқу курсы ғылыми-зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізін қалыптастырады.

Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағыл.)
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу үшін білім мен практикалық дағдылар жүйесін қалыптастыру. Пән ғылыми зерттеулер жүргізу процесін; мақсаттары мен міндеттеріне барабар зерттеу әдістерін таңдауды; ғылыми құжаттамаға қойылатын талаптарды; ғылыми зерттеулерде жасанды интеллектті пайдалану үрдістері мен перспективаларын; ғылыми зерттеулер нәтижелерін коммерцияландыру процесін зерделеуге бағытталған.

Жоғары мектептің педагогикасы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: жоғары мектептің дидактикасы, білім беру теориясы мен менеджменті, оқытушылық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау негізінде жоғары оқу орындары мен колледждерде педагогикалық қызметке қабілеттілікті қалыптастыру. Оқу курсы білім беру мен Болон процесінің даму тенденцияларын зерттеуге бағытталған. Курс оқытушылық және кураторлық шеберлікті, оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі стратегиялары мен әдістерін меңгеруге көмектеседі.

Құжат айналмын басқару жүйелерін ұйымдық жобалау.
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: құжаттарды басқару жүйелерін жобалау, енгізу және жетілдіру саласында теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру. Курста қарастырылады: ұйымдастырушылық дамудың теориялық және әдіснамалық негіздері және құжат айналымын басқару жүйелерін жобалау. Ұйым құжаттары қозғалысының жобалау жұмыстарын жоспарлау және ұйымдастыру. Ұйымдастырушылық жобалаудың әртүрлі кезеңдерінде тиімділікті бағалау және енгізу әдістері. Заманауи технологияларды қолдана отырып ұйымдастырушылық жобалау.

Құжаттанудың теориялық мәселелері
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты - магистранттардың құжаттанудың теориялық және методологиялық мәселелерін және оларды шешу жөніндегі ұсыныстарын талдау қабілетін қалыптастыру. Құжаттанудың ғылым ретінде дамуы. Құжаттау және құжаттың пайда болуы үдерістерін құқықтық және нормативтік реттеудің теориялық аспектілері. Құжаттанулық зерттеулердегі басқару құжаттамасын жіктеу мәселелері. Қолданбалы құжаттық әзірлемелерде жүйелік тәсілді қолдану және т.б.

Шетел тілі (кәсіби)
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: шетел тіліндегі сөйлеу мәнерінің әртүрлі түрлерінде практикалық дағдыларды қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі жаһандық кеңістіктегі ақпаратты қабылдау, түсіну және аудару, өз зерттеулерін сынақтан өткізу үшін ғылыми іс-шараларға қатысу қабілетін қалыптастырады. Пән шетел тілін білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді жетілдіруге бағытталған.

Электронды форматтағы құжаттық жарияланым
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты магистранттардың Интернет желісінде электрондық форматта тарихи құжаттарды жариялаудың теориялық және қолданбалы мәселелерін түсіндіру және компьютерлік іздеу құралдары мен электрондық ғылыми-анықтамалық аппарат құру қабілетін қалыптастыру. Электрондық форматтағы жарияланымдарды дайындаудың жалпы қағидаттары, Интернет-жарияланымдардың жіктелуі, толық мәтінді деректер базасы құрамындағы және отандық web-сайттардағы құжаттардың электрондық жарияланымдары қарастырылады.

2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Архивтанулық білімнің дамуы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – магистранттардың әртүрлі тұжырымдар мен теорияларды талдау негізінде архивтік ойдың дамуы және архивтанудың ғылыми мектептерінің қалыптасуы туралы түсініктерін қалыптастыру. Курста эмпирикалық архивтану, дәстүрлі архивтану, фундаменталды архивтану, архивтер әлеуметтік-мәдени құбылыс ретінде, архивтану және теориялық деректану (тарихнамалық аспект), архившілер мен тарихшылардың қарым-қатынасы туралы қазіргі заманғы архивтану (деректанулық және археографиялық аспектілер).

Архивтер қызметінің нормативтік-құқықтық реттелуі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты - магистранттардың архив ісі саласында қоғамдық қатынастардың құқықтық реттелуінің мазмұны, заңдылықтары мен ерекшеліктері туралы түсінікті, нақты тәжірибелік міндеттерді шешуде архивтік құқық нормаларының жалпы жүйесінде бағдар алуды қалыптастыру. Курста архивтік құқық және архивтік заңнама, архивтердегі құжаттарды жинақтау, құндылық сараптау, есепке алу және олардың сақталуын қамтамасыз етудің нормативтік-құқықтық негіздері, архивтік ақпаратқа қол жеткізу мәселелері қарастырылады.

Архивтерді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру, ғылыми-әдістемелік материалдарды дайындау, кәсіби міндеттерді шешу үшін түрлі ақпараттық ресурстарды пайдалану машықтары мен дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету. Курста архив құжаттарын жинақтау, сақталуын қамтамасыз ету, есепке алу, құндылығын сараптау, пайдалану және жариялау, архивтік қорларға ғылыми-анықтамалық аппарат және мәліметтер базасын құру мәселелері бойынша әдістемелік нұсқаулықтарды, ұсынымдарды әзірлеу әдістері қарастырылады.

Аудиовизуалды құжаттардың теориялық-методологиялық мәселелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - магистранттардың аудиовизуалды құжаттардың методологиялық мәселелері, негізгі ережелері, теориялары мен тұжырымдамалары, сондай-ақ, оларды есепке алу, сақтау және пайдалануда туындайтын мәселелер, оларды шешу жолдары туралы түсініктерін қалыптастыру. Пәнді оқу әртүрлі аспектілерді қамтиды: технотрондық құжаттау; кинофотодыбысбейне құжаттау; микрофильмдеу, архивтердің аудиовизуалды құжаттарымен жұмыс істеу теориясы мен тәжірибесі.

Ғылыми-техникалық құжаттаманы ұйымдастыру және басқару
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты-магистранттардың өндірістік қызметтің түрлі салаларында қалыптасатын ғылыми-техникалық құжаттама архивін ұйымдастыру, жобалау, басқаруда білімін, дағдылары мен іскерлігін қалыптастыру. Курста интеллектуалды қызмет түрі ретінде ҒТҚ ғылыми түсінігінің қалыптасуы, ғылыми-техникалық құжаттаманың жіктелуі, ғылыми-техникалық құжаттаманың жүйесі мен санаттары, қазіргі заманғы құрылымы, ҒТҚ архивін ұйымдастыру және басқару, ҒТҚ заңнамалық-нормативтік базасы қарастырылады.

Қазақстанның қолжазбалық мұрасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - магистранттардың Қазақстанның архивтік және сирек қорларында сақталған қолжазбалармен жұмыс жасаудың практикалық дағдылары мен машықтарын қалыптастыру. Курста әр түрлі тарихи кезеңдерде Қазақстанның қолжазба мұрасын қалыптастыру, қолжазбалармен жұмыс істеудің ғылыми-әдістемелік негіздері, қолжазбаларды жүйелеу және жіктеу, тарихи құжаттардың өкілдігі, археографиялық сипаттамасы, қолжазба мұрасын сақтау мен пайдаланудың негізгі мәселелері қарастырылады.

Құжаттану тарихнамасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты магистранттардың құжаттану ғылымы тарихнамасының негізгі кезеңдерін, даму факторлары мен үрдістерін, құжаттану саласындағы негізгі проблемаларды, құжаттану тарихнамасының дамуын айқындайтын жаңа ғылыми ағымдар мен мектептерді талдауға қабілетін қалыптастыру. Курста құжаттың тұжырымдамалық теориялары, кеңестік кезеңдегі құжаттану мәселелерін зерттеу, құжаттанудың қазіргі тарихнамасы қарастырылады.

Құжаттарды басқарудағы жасанды интеллект жүйелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты-құжаттарды басқаруда жасанды интеллект жүйелерін қолданудың теориялық білімі мен практикалық дағдыларын қалыптастыру. Қарастырылады: құжаттарды басқаруға арналған жасанды интеллект негізіндегі жүйелер мен платформалар. Қазіргі ұйымдарда жасанды интеллект технологияларын қолдану. Құжаттарды басқару саласында жасанды интеллекті қолдану тәжірибесі, тенденциялары, перспективалары мен мәселелері. Құжаттарды басқару жүйелерінде қолданылатын жасанды интеллект технологиялары.

Палеография методологиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - магистранттардың палеографиялық зерттеулер саласында теориялық білім мен практикалық дағдыларын қалыптастыру. Курста палеографияның теориялық және әдіснамалық аспектілерін, палеографиялық талдау әдістерін, зерттеудің палеографиялық әдісін және оны қолдану ерекшелігін, палеографиялық деректердің жіктелуін және олардың палеографиялық талдауының ерекшелігін, палеографиялық зерттеу мәселелері бойынша отандық және шетелдік тәжірибені, тарихи дереккөздердің палеографиялық сипаттамасын жүргізу әдістемесін қарастырылады.

Ұйымдарда құжаттарды басқару теориясы мен технологиялары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: магистранттардың базалық (желілік / компьютерлік) құжаттарды басқару технологияларын модельдеудің негізгі принциптерін сипаттау және бағалау мүмкіндігін, сондай-ақ оларды қазіргі заманғы ҚБҚ-да сұранысқа ие ақпараттық ресурстармен жұмыс істеуде қолдануға қабілетін қалыптастыру. Ұйымда құжаттарды басқару теориясы, әдістері мен технологиялары, құжаттарды жіктеу және жүйелеу, басқарудың ақпараттық-құжаттамалық қамтамасыз етудің даму үрдісі және т.б. қарастырылады.

Шетелде ақпарат және құжаттаманы басқару
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты магистранттардың шетелдердегі ақпараттар мен құжаттарды басқарудың теориялық мәселелері мен қолданбалы аспектілері туралы түсініктерін қалыптастыру. Пән ақпараттық қоғамдағы құжаттамаларды, шетелдік тәжірибе және құқықтық реттеудің заманауи тенденцияларын, халықаралық ұйымның халықаралық ақпараттық саясатты әзірлеудегі рөлі және шетелдегі құжаттама мен ақпаратты басқару ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған.

Электронды үкіметтің құжаттық коммуникацияларын басқару
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің – магистранттардың электронды мемлекеттік басқару саласында электронды үкіметтің құжаттық коммуникацияларын басқарудың практикалық міндеттерін шешуде негізгі тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру. Курста ақпараттық қоғам тұжырымдамасы, электрондық үкіметті дамытудың нормативтік-құқықтық қамтамасыз етілуі, электрондық үкіметті дамытуды реттейтін мемлекеттік билік органдарының жүйесі, тұтынушыға бағытталған электрондық үкіметті және инфрақұрылымын дамыту, ашық деректерге негізделген мемлекеттік басқару.

2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Зерттеу
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.

2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген