Иностранным абитуриентам
Шетел тілі: екі шетел тілі

Шетел тілі: екі шетел тілі

БIЛIКТIЛIГІ

  • ғылыми - педагогикалық бағыт - философия докторы (PhD)

ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ

ON1 Ғылыми-зерттеу нәтижелерінің түпнұсқалығын, жаңалығын және дұрыстығын қамтамасыз ететін шет тілдерін оқытудың заманауи парадигмасының әдіснамасын әзірлеу.
ON2 Ғылыми саланың шекарасын кеңейтуге үлес қосып, шеттілді білім берудегі тәсілдерді сыни талдау негізінде нәтижелері ұлттық/халықаралық деңгейдегі басылымдарға ұсынылатын шет тілдерін оқытудың қолданбалы аспектілерін іске асыру.
ON3 Білім алушылардың шығармашылық, сыни ойлау және танымдық белсенділікті дамыту мақсатында цифрлық технологияларды және инновациялық, интерактивті, тұлғаға бағытталған оқыту әдістерін пайдалана отырып, шеттілді білім берудің қазіргі заманғы бағыттарын ескере отырып, теориялық және мамандандырылған пәндер бойынша дәріс және практикалық сабақтар өткізу.
ON4 Шет тілін оқыту бойынша әртүрлі бағалау құралдарын дамытатын оқу бағдарламаларын, авторлық курстарды, оқулықтарды, оқу-әдістемелік құралдарды, практикалық сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныстарды және өзіндік жұмысты әзірлеу.
ON5 Шет тілдерін оқытуды жақсарту мақсатындағы эксперимент нәтижелерін талдай отырып, шет тілдерін оқыту әдістері бойынша әдістемелік, дидактикалық және лингвистикалық эксперименттер жүргізу.
ON6 Бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша білім алушылардың ғылыми-зерттеу, жобалау және оқу-кәсіптік қызметін ұйымдастыру.
ON7 Шет тілінде білім берудің әлеуметтік-психологиялық негіздерін білу барысында тиімді қарым-қатынасқа кедергі келтіретін мәселенің шешімдерін табу мақсатында мәдениетаралық қарым-қатынастың адекватты, бейадекватты, вербалды және бейвербалды компоненттерін, қарым-қатынас кедергілерін анықтау.
ON8 Ведомстволық білім беру мекемелерінің мониторингі негізінде жастар саясаты және білім беру және оқу-тәрбие процесін дамыту саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясат жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу.
ON9 Қоғамның әртүрлі салаларында практикалық қызметте шет тілдерін талдаудың әртүрлі әдістерін қолдану.
ON10 Шет тілін оқыту мәселелері бойынша білім беру саласындағы, мемлекеттік және мемлекеттік емес институционалдық мекемелердегі қызметті дамытуда шет тілді білім беру негізінде әртүрлі пікірлерді ескере отырып, білім беру басқармасының жұмысын үйлестіру.
ОN11 Цифрлық технологияларды пайдалана отырып, шет тілдерін оқытуға арналған мобильді қосымшаларды әзірлеу арқылы халықтың әртүрлі топтары үшін көптілді лексикографиялық және оқу өнімдерін жасау.
ОN12 Оқу және ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелерін әртүрлі жанрдағы ғылыми жарияланымдарда, докторлық диссертацияда, ғылыми жобаларда және т.б. мамандарға да, тиісті кәсіби дайындығы жоқ аудиторияға да таныстыру.

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Шетел тілі: екі шетел тілі
Мамандық шифры
8D01705
Факультеті
Филология

пәндер

Академиялық жазу
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: өз идеяларын, ғылыми мәтіндерді жазу дағдыларын құрылымдау. Ғылыми жұмысты жазудың негізгі әдіснамалық тәсілдерін қарау, идеяларды жазбаша түрде дәлелдеу, академиялық жұмыстарды құрылымдау тәсілдерін пайдалану, сілтемелерді, библиографияны шет тілінде ресімдеу, ғылыми мақалаларды Q1-Q4 көрсеткіштері бар журналдарда және импакт-факторы жоғары немесе JCR-дәйексөзді басылымдарда жариялау құралдары көрсетіледі.

Ғылыми зерттеудің әдістері
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: кәсіби саладағы зерттеу міндеттерін алдыға қою мен шешу үшін қажетті теориялық және тәжірибелік білімді қолдануды қамтамасыз ететін құзіреттерді қалыптастыру. Қарастырылады: дербес және ұжымдық жоспарлау әдістері; зерттеулерді жүргізуді ұйымдастыруды және өткізу; зерттеу нәтижелерін талдау және бағалау; нәтижелерді апробациялау және ғылыми рәсімдеу; ғылыми зерттеу нәтижелерін тәжірибелік қызметке енгізуді және коммерциализациялау.

Шеттілді білім берудегі және мәдениетаралық қарым-қатынастағы лингвомәдениеттану
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән мақсаты: кәсіби ағылшын тілі саласындағы коммуникативті және мәдениетаралық құзыреттілікті қалыптастыру және оны одан әрі жетілдіруге үлес қосу, сонымен қатар мәдениетаралық коммуникацияға түсе алатын студенттің «екінші тілдік тұлғасын» дамытуға ықпал ету. Пәнді оқу үдерісінде келесі мәселелер қарастырылады: мәдениетаралық коммуникацияның қалыптасу тарихы; мәдени код, мәдениеттердің айырмашылықтары мен ерекшеліктері, әртүрлі ұлттардың, нәсілдік және этностық топтар арасындағы қарым-қатынас ерекшеліктері; әлемнің лингвистикалық суреті; коммуникативті құзыреттілік және т.б.

Шеттілді білім берудің қазіргі парадигмасының әдіснамасы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән мақсаты: шет тіліндегі білім беру әдістемесін жүйелі сипаттау, бағалау қабілеттерін қалыптастыру. Пән қазіргі заманғы шет тілді білім беру парадигмасының әдіснамасын, қазіргі жағдайда шет тілді білім берудің ұлттық жүйесінің жай-күйін, даму перспективаларын, шет тілді білім берудің отандық/ халықаралық-стандартты моделін, таным теориясының принциптерін, ерекшеліктерін, әдіснамалық принциптердің сипаттамаларын, ұғымдарды, категорияларды, шет тілді білім беруді қалыптастырудағы педагогикалық парадигмалардың түрлерін зерттеуге бағытталған.

2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Білім беру зерттеулеріндегі дискурс талдау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән мақсаты: білім беру зерттеулеріндегі дискурс талдаудың пайда болуы жайлы кейбір тарихи контекстіні қамтиды, дискурс талдаудың білім беру зерттеулерінде тиімді қолданылуын және оның білім беру зерттеулерінде ауқымы кеңейгеніне әсер еткен ғылыми деректерді қарастырады. Пән дискурстық талдаудың білім беру зерттеулерін қалай кеңейтуіне әсер еткен ғылыми білімді жалпылауға бағытталған. Пән дискурс талдаудың негізгі төрт тәсілін қарастыруға бағытталған – антропологиялық, нарративті, сабаққа бағытталған (classroom-based) және сыни.

Тілді меңгеру теориясы және практикасы: бірінші және екінші шет тілдері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән мақсаты: оқытылатын тілдерді меңгеру теориясы мен тәжірибесі негіздерін талдау қабілетін қалыптастыру. Пән шет тілдерін меңгерудің әдіснамалық негіздерін зерттеуге, оларды оқыту қағидаларын жүйе ретінде, фонетикалық-фонологиялық, морфемалық, синтаксистік деңгейлердің бірліктерін дифференциациялау, оларды оқыту технологиясын, ауызша/ жазбаша мәтіндерді сәйкестендіру әдістерін, шет тілдерін оқыту практикасында және инклюзивті білім беруде олардың жұмыс істеу заңдылықтарын саралау.

Шет тілдерін меңгерудегі әлеуметтік-мәдени құзіреттіліктер
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән мақсаты: тілдің әлеуметтік-мәдени аспектілері, сондай-ақ зерттелетін тілге және оны белгілі бір мәдени ортада қолдануға әсер ететін мәдени контексттер, әдет-ғұрыптар, құндылықтар, тарихи факторлар мен әлеуметтік нормалар туралы терең түсінік қалыптастыру. Пән мәдениетаралық құзыреттілікті дамытуға, тілдің мәдени нюанстарын түсінуге, әлеуметтік-мәдени айырмашылықтарға бейімделуге, оқытылатын тілдің әртүрлі әлеуметтік-мәдени аспектілерінде тиімді қарым-қатынас пен табысты өзара әрекеттесу үшін коммуникативтік құзыреттілікке бағытталған.

Шет тілдерін оқыту практикасындағы шетел лингвистикасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән мақсаты: шетел лингвистикасының шет тілдерін оқыту проблемаларын зерделеу тарихы туралы білімді жүйелеу. Пән гипотезаларды, тенденцияларды, даму кезеңдерін, жаңа тұжырымдамаларды, шетелдік Лингвистикада шет тілдерін оқыту әдістемелерін, сөйлеу актілері теориясы бойынша шетелдік ғалымдардың негізгі ережелерін, Әлеуметтік лингвистика, лексикостатистика, қолданбалы лингвистика, инклюзивті білім беру параметрлерін, шет тілдерін оқыту әдістемесін салыстырмалы зерделеуді зерттеуге бағытталған.

2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Зерттеу
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.

2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген