Иностранным абитуриентам
Лингвистика

Лингвистика

БIЛIКТIЛIГІ

  • ғылыми - педагогикалық бағыт - филология ғылымдары магистрі

ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ

1 Адам қоғамының дамуы жағдайында тіл мен тіл білімінің байланысын түсіндіруге; .
Қоғам мен мемлекеттің әлеуметтік-саяси дамуында байқалатын үдерістер аясындағы тіл онтогенезінің жалпы заңдылықтарын түсінуге;
Тілдің тарихи дамуының негізгі үрдістерін анықтауға;.
2 Заманауи лингвистика саласындағы ұғымдық-түсніктік терминологиялық аппаратты меңгеруге;
Лингвистикалық білім әдістерінің мәнін түсінуге;
Қоғам дамуы мен өзгеруі барысындағы лингвистикалық үдерістердің мәнін түсінуге;
3 тілдерді меңгерудегі компьютерлік бағдарламаларды игеруін, оқу үдерісінде компьютерлік бағдарламалар мен технологияларды қолдану дағдыларын көрсетуге;
Магистратура аясындағы оқу үдерісіне сәйкес оқытудың мақсаттары мен міндеттерін анқтылауға;
4 Мамандардың, сондай-ақ, сәйкес лингвистикалық дайындығы жоқ аудитория алдында дәйекті, негізделген қорытындылар жасай білуге және өз идеяларымен көзқарастарын жеткізе алуға;
5 Лингвистикалық үдерістерді талдау және лингвистикалық оқиғалардың аймақтық және жергілікті нәтижелерінің себеп-салдарлық байланысын орнатуға;
6. Тіл мен қоғам қатынасының заманауи жағдайындағы қазақ грамматикасының, орфографиясының және графикасының жаңа ережелерін қолдануға;
Еңбек нарығының сұраныстарына байланысты алынған білім мен қабілетті қолданылудың тиімді салаларын анықтауға;
7 Қазіргі лингвистика аясында орындалған ғылыми жұмыстың тұжырымдары мен қағидаларын қалыптастыруға, ҒЗЖ-ның шынайы және тексерілген нәтижелеріне негізделе отырып, өз көзқарастарын жақтай отырып, оппонентін сендіре білуге;
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың критериялық деңгейлері мен ерекшелігін түсінуге;
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың критериялық деңгейлерін анықтауға.
8 Дербес ғылыми анализге қажетті тиімді компьютерлік технологияларды таңдауды жүзеге асыруға;
Қазіргі лингвистика саласында сенімді дереккөздермен жұмыс істеуге;
Лингвистикалық пәндерді оқытуда методологиялық тұрғыда негізделген жолдарды қолдануға;
Көптілді білім беруді ұйымдастыру шеңберінде оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін өз бетінше таңдау және бағалауға;
9 Қазіргі лингвистика саласы бойынша өзінің ғылыми-зерттеу жұмыстарынан алынған нәтижелерді дәлелдеу білуге және аналитикалық ойлау мен логиканы дамытуға;
10 Лингвистикалық дереккөздер мәліметтерін жүйелеуге, өңдеуге, талдауға;
ҚР жоғары, орта және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде мемлекеттік тілді, орыс және ағылшын тілдерін оқыту бағдарламаларының тиімділігін талдауға және нәтижелерді жалпылауға;
11 Қазіргі тілдік саясат пен тілдік жағдаят аясында отандық лингвистиканың даму үрдістерін бағалауға;
Лингвистикалық сараптама жасау және ақпаратты талдаудың, үлгілеудің және генерациялаудың жалпы және жеке әдістерін қолдана отырып әлеуметтік-экономикалық мәнмәтінге сәйкестендірулер мен талдау жүргізуге;
Оқу үдерісін тиімді жүзеге асыру үшін оқу-әдістемелік құжаттаманы құрастыруға;
Лингвистикалық зерттеудің өткізілу тәртібіне сай алынған мәліметті жинақтау, өңдеу және интерпретациялауды жүзеге асыруға;
12 Жаңа педагогикалық технологиялар мен басқарудың әкімшілік әдістерін қолдана отырып, аударма компаниялары мен тілдерді оқыту орталықтарының жұмысын ұйымдастыруға;
Қиындығына, жүйелілігіне, көлеміне, тілдік деңгейлеріне, мәтіндік материалына байланысты басқа тілдік корпустармен салғастыра отырып, қазақ тілінің корпусын құрастыруға;
Сәтті жұмысқа орналасу және саяси, білім беру және әлеуметтік-мәдени салаларда бастамашылдық пен тұлғалық жауапкершілікті көрсету үшін қажетті қасиеттер мен дағдыларын көрсетуге (тілдерді меңгеру, қарым-қатынасқа еркі түсе білу, төзімділік, жалпы және функционалдық сауаттылық, компьютерлік технологияларды меңгеру)
Әріптес және басшылықпен кәсіби және психологиялық тұрғыда дұрыс қатынас орнатуға;
Өз кәсіби тәжірибесінде аралас ғылымдар (әлеуметтану, тарих, психология, әдебиеттану) мәліметтерін қолдануға қабілетті болуы тиіс.

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Лингвистика
Мамандық шифры
7M02307
Факультеті
Филология

пәндер

Басқару психологиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: басқару психологиясының іргелі ұғымдарын зерделеу негізінде жоғары білікті мамандарды ғылыми даярлауды қамтамасыз ету, кәсіби қалыптасу процесінде басқару саласының маңызды аспектілерін теориялық түсіну және практикалық қолдану үшін алғышарттар жасау. Курс психикалық процестердің дамуы мен жұмыс істеу заңдылықтарын, тиімді өзара әрекеттесу және қақтығыстарды жеңу, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі таныстыру негіздерін зерттеуге бағытталған.

Ғылым тарихы мен философиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: философия жайлы әлемді танудың ерекше формасы ретінде, оның негізгі бөлімдерін, проблемалары мен олардың болашақ кәсіби қызмет аясында зерттеу әдістері туралы тұтас жүйелі көзқарас қалыптастыру. Оқу курсы ғылыми-зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізін қалыптастырады.

Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағыл.)
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жоспарлауда практикалық дағдыларды қолдану, ғылыми зерттеу бағыттары туралы білімдерін жүйелеу және қолдану қабілеттерін қалыптастыру. Пән зерттейді: ғылыми мақалалар мен диссертацияларды жоспарлау, ұйымдастыру және ресімдеудің нысандары мен әдістері; презентацияларда, баяндамаларда, жобаларда, мақалаларда ғылыми зерттеу нәтижелерін қорытындылау түрлері.

Жоғары мектептің педагогикасы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: жоғары мектептің дидактикасы, білім беру теориясы мен менеджменті, оқытушылық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау негізінде жоғары оқу орындары мен колледждерде педагогикалық қызметке қабілеттілікті қалыптастыру. Оқу курсы білім беру мен Болон процесінің даму тенденцияларын зерттеуге бағытталған. Курс оқытушылық және кураторлық шеберлікті, оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі стратегиялары мен әдістерін меңгеруге көмектеседі.

Компьютерлік лингвистика
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – лингвистикалық зерттеулерге арналған ақпараттық технологияларды оқыту. Пәнді оқу барысында табиғи тілді өңдеу және талдау, тіл білімінде жасанды интеллектіні пайдалану, тілдік деректер негізінде функционалды қосымшаларды әзірлеу, тіл теориясындағы эксперименттік міндеттерді шешу мәселелері қарастырылады.

Лингвистика әдістері мен тәсілдері
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: магистранттарды тіл білімінің зерттеу әдіс-тәсілдерімен таныстыру, лингвистикалық талдаудың әртүрлі әдістемелері мен техникаларын сынау және қолдану. Бұл пән ғылыми зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушылардың бойында лингвистикалық талдау әдістерін қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Лингвистикалық ілімдер
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: білім алушылардың тіл білімінің тарихы мен кезеңдері, тұлғалары, ғылыми мектептері мен бағыттары бойынша лингвистикалық білімдерін жүйелеу, лингвистикалық мәселелерді шешуде тарихи сабақтастықты көрсету, қоғамдағы тарихи өзгерістерді ескере отырып, тіл біліміндегі үрдістер туралы түсінік беру.

Лингводидактика және мәтін адаптациясы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – лингвистика мен лингводидактиканың интеграциясы аясында мәтінді талдау әдістерін оқыту. Бұл пән мәтінжасамның негізгі заңдылықтарын, тіл үйрену үдерісі кезіндегі әртүрлі жанрлар мен стильдегі түрлі сипаттағы мәтіндерді трансформациялау және бейімдеу механизмдері мен әдістерін зерттеуге бағытталған.

Тіл теориясы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді меңгерудің мақсаттары: магистранттардың тілдік ой-өрісін кеңейту және тереңдету, тіл жүйесі туралы ойларын жүйелеу, негізгі лингвистикалық терминдердің мазмұнын нақтылау. Пән тіл білімінің ұғымдық-терминологиялық аппаратын, тіл білімінің қалыптасу және даму тарихын, тіл жүйесі мен құрылымындағы лингвистикалық категорияларды зерттеуге бағытталған.

Шетел тілі (кәсіби)
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: шетел тіліндегі сөйлеу мәнерінің әртүрлі түрлерінде практикалық дағдыларды қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі жаһандық кеңістіктегі ақпаратты қабылдау, түсіну және аудару, өз зерттеулерін сынақтан өткізу үшін ғылыми іс-шараларға қатысу қабілетін қалыптастырады. Пән шетел тілін білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді жетілдіруге бағытталған.

2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Контрастивтік лингвистика және екінші тілді меңгеру
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – бірінші (ана) тілдің лингвистикалық категорияларын, бірліктерін оқытылатын тілдегі берілу жолдарымен салыстыра отырып зерттеу. Пән екінші және шет тілдерін меңгеруді және оқуды жеңілдету үшін екі тіл арасындағы тіларалық сәйкестіктерді, ұқсастықтар мен айырмашылықтарды салыстырмалы түрде зерттеуге бағытталған.

Лингвистика және семиотика
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – магистранттарды таңбалар туралы ғылым ретіндегі семиотика негізгі ұғымдарымен таныстыру; таңбалардың түрлері, семиотика мен лингвистика арасындағы байланыс туралы түсінік беру. Пән табиғи және жасанды тілдердің таңбалық жүйелерін зерттеуге, әртүрлі коммуникативті жағдайларда таңбаларды түсіндіруге бағытталған.

Лингвистика метатілі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – тіл білімінің метатілі, жалпы ғылыми лексика, номенклатуралық белгілер, терминологиялық аппаратты біріздендіру және стандарттау мәселелері туралы түсінік қалыптастыру. Пән қазіргі терминологияның негізі ретінде тіл дамуының тарихи және қазіргі үдерістері туралы білімді зерделеу мен жүйелеуге бағытталған

Лингвомәдениеттану
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – тілмен байланыстыра отырып, жер бетіндегі этностардың жалпыадамзаттық және мәдени-спецификалық, рухани және материалдық мәдениет үлгілерімен танысу. Аталмыш пән ұлттық менталды-тілдік кешендерді, мәдени концептінің барлық қабаттарының тілдегі бейнелену мәселесін диахрония және сонхрония аспектісінде зерттеуге бағытталған.

Макроәлеуметтік лингвистика
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – әлеуметтік және тілдік құрылымдардың өзара шарттастығы мен тіл-адам, тіл-тұлға, тіл-қоғам, тіл-этнос, тіл-ұлт, тіл-мемлекет арасындағы байланыстарды зерттеу. Пән тілдің қоғамдағы рөлі мен орнын зерделеу аясында тілдік жағдаятты, тіл саясатын, тілді жоспарлауды бағалау қабілетін дамытуға бағытталған.

Мәдениаралық қарым-қатынас теориясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – тілді оқыту үдерісінде білім алушылардың коммуникативтік және мәдениаралық құзыреттіліктерін қалыптастыру. Пән магистранттардың ұлттық-мәдени ерекшеліктерге сәйкес тіл иеленеушілермен вербалды және бейвербалды қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретін жалпы білім, білік және дағдыларды түсіндіру қабілетін дамытуға бағытталған.

Прагмалингвистика
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – магистранттарды тіл білімінің коммуникативті-прагматикалық бағытымен таныстыру. Курс прагмалингвистиканың негізгі ұғымдарын жүйелеуге, сөйлеу актісі, функционалдық және жасырын прагматика ұғымдарын түсінуге және ұғынуға, белгілі бір мақсатпен сөйлеу қарым-қатынасын жүзеге асыруға және сәйкес сөйлеу тактикасы мен стратегияларын таңдауға бағытталған.

Психолингвистика теориясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты тіл, сөйлеу және сөйлеу жасау үдерістері мәселелерін ғылыми-теориялық тұрғыдан зерделеу, сөйлеу әрекетін психикалық үдерістермен байланыстыра зерттей отырып, олардың тіл жүйесімен сәйкестілік деңгейін зерттеу болып табылады. Бұл пән психолингвистиканың тарихын, әдістерін және терминологиясын зерттеуге бағытталған.

Рефлексивтік лингвистика
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты: концептуалды алғышарттарды, тілдегі рефлексияны зерттеудің онтологиясы мен әдістемесіне, оның ішінде нысаны мен пәнді, бастапқы принциптерді, категориялық-тұжырымдамалық аппаратты, талдау әдістері мен бірліктерін талдау. Курс тілдегі рефлексияны және оның коммуникацияға әсерін зерттеуге бағытталған.

Саяси лингвистика
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – қазіргі тіл білімінің өзекті бағыты – саяси лингвистикамен танысу. Пән саяси лингвистиканың ғылыми бағыт ретіндегі әдіснамалық мәртебесі мен онтологиялық сипаттамасын зерттеуге және білім алушылардың саяси мәтіндерді, саяси коммуникацияның стратегиялары мен тактикасын талдау қабілетін дамытуға бағытталған.

Тілдің құрылымы мен жүйесі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: лингвистикалық талдау жасауда қолдану мақсатымен құрылымдық лингвистиканың негізгі тұжырымдарын меңгеру. Пән тілдің деңгейлік ұйымдастырылуы, тілдік бірліктер мен тілдік категориялар, тіл заңдылықтары, жүйелік құрылымдық бірлік ретінде тілдің байланысы мен өзара тәуелділігі туралы білімді жүйелеуге бағытталған.

Іскерлік қарым-қатынастың теориясы мен практикасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – іскерлік коммуникацияның теориясы мен практикасын зерттеу. Пәнді оқу кезінде іскерлік қарым-қатынасты ұйымдастыру және жүзеге асыру мәселелері, іскерлік қарым-қатынас мәдениеті; іскерлік мәтіндер мен іскерлік корреспонденцияның жанрлық және стильдік ерекшеліктері, іскерлік саладағы коммуникациялық технологияларды дамытудың заманауи үрдістері қарастырылады.

2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Зерттеу
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.

2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген