Иностранным абитуриентам
Шығыстану

Шығыстану

БIЛIКТIЛIГІ

  • ғылыми - педагогикалық бағыт - философия докторы (PhD)

ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ

Білім беру бағдарламасын аяқтаған студенттер:
1. Шығыстанудың ғылыми-зерттеу, академиялық, ұйымдастыру және басқа кәсіби салаларында ғылыми, академиялық және шығармашылық өнім түріндегі нақты өлшенетін нәтиже алу үшін іргелі дайындығын қолдануға;
2. Шығыс елдеріндегі ағымдағы және маңызды оқиғаларға ақпараттық, аналитикалық шолулар дайындау үшін қазіргі заманғы Шығыстағы өзекті тарихи, саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестерді талдауға қажет ғылыми теорияларды, әдістерді жүйелеуге және интерпретациялауға;
3. Нақты еңбектер - диссертациялар, баяндамалар, мақалалар аясында қазіргі заманғы ғылымның үрдістеріне талдау жасауға, түрлі теориялар, тұжырымдар мен әдістерді сыни тұрғыдан бағалауға, зерттеулердің басым бағыттарын анықтауға;
4. Қазіргі заманғы ғылыми және практикалық проблемаларды анықтауға және шешуге, ана тілінде және шет тілдерінде халықаралық және отандық стандарттар мен талаптарға жауап бере алатын қолданбалы және бағдарламаларды дайындауға;
5. Қарым-қатынас процесін тиімді түрде арттыруға, аударма техникасы мен стратегиясын қолдана отырып әртүрлі жанрда шығыс тілінен және шығыс тіліне ауызша және жазбаша екіжақты аударма жасауға;
6. Нәтижелі ғылыми жоба орындау үшін қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды, сонымен бірге ғылыми мәліметті алу, өңдеу және сақтау әдістерін, статистикалық талдау әдістерін, есеп беру, мәліметтерді өз ана және шет тілдерде түсіндіру дағдыларын қолдана алуға;
7. Халықаралық ынтымақтастық пен зерттеулерді өз деңгейінде жүзеге асыру үшін қазігі заманғы шығыс тілдері, сонымен қатар қазақ, орыс және батыс тілдері бойынша білімін тұрақты түрде дамытып отыруға;
8. Ғылыми зерттеу тақырыбы бойынша реферат, аннтотация, түйіндеме, дайындау барысында ғылыми мақала жазудың халықаралық стандарттарын жүйелеуге, өзінің қол жеткізген нәтижелерін кәсіби ғылыми деңгейде көрсете алуға;
9. Өз бетінше алған жаңа білімін шығыстану саласы бойынша тиісті әдебиеттерді, оқып-зерттейтін аймақтар бойынша ақпараттарды пайдалана отырып аналитикалық материалдар мен ұсыныстар дайындауға қолдануға және талдауға;
10. Жоғары оқу орындарында жаңа оқу бағдарламаларын дайындауға және оқу процесін ұйымдастыруға инновациялық әдістерді енгізуге;
11. Шығыстану саласындағы білім аясына және нақты аймақты оқып-зерттеуге дербес зерттеу жұмысы арқылы үлес қосуға, ғылыми зерттеу тақырыбы бойынша монография дайындауға;
12. Түрлі мақала, баяндамаларда мәдени, тарихи, лингвистикалық дискурсты талдап-түсіндіру барысында ойын еркін білдіруге, сонымен қатар басқа, оның ішінде өткен замандардағы және / немесе қазіргі уақыттағы шығыс мәдениеттері мен бірегейліктерін түсінуге қабілетті болады.

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Шығыстану
Мамандық шифры
8D02209
Факультеті
Шығыстану

пәндер

Аймақтық зерттеулер методологиясы (ағылш.т)
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: – аймақтану зерттеулерінде заманауи теориялар мен әдістерді пайдалану дағдыларын дамыту. Курс Шығыс аймақтарын зерттеудің және деректану базасын құрудың практикалық негіздері мен әдістерін қалыптастырады. Алынған теориялық және әдістемелік білімдерін ғылыми жобаларда қолдану, Шығыс елдеріндегі қазіргі аймақтық үдерістерді қайта қарау және талдау. Кәсіби мәселелерді шешуде нақты эмпирикалық зерттеулер, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласында білімдерін пайдалана білу.

Академиялық жазу
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты ғылыми мәтінді дайындау дағдысын және зерттеу аясындағы зерттеу сапасын бағалау қабілетін қалыптастыру. Пән сөйлеудің ғылыми стилін, ғылыми зерттеулердің семантикалық және құрылымдық компоненттерін, ауызша / жазбаша ғылыми сөйлеуге тән белгілерін, ауызша ғылыми сөйлеудің монологиялық және диалогтық жанрларын; ауызша / жазбаша ғылыми коммуникацияға тән сөйлеу этикетінің формулаларын оқытуға бағытталған.

Ғылыми зерттеудің әдістері
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - зерттеуді ұйымдастыру мен жүргізудің негізгі принциптерін түсіндіру қабілетін қалыптастыру; ғылыми пікірталастарда өздерінің ғылыми пікірлерін білдіруге және қорғауға қабілетін қалыптастыру. Пән ғылымды белгілі бір қызмет түрі ретінде зерттеуге бағытталған; ғылыми таным ұғымдарын; ғылым әдісі мен әдістемесі туралы ұғымдарды; ғылыми зерттеудің жалпы әдіснамалық принциптерін; әдістеме деңгейлері; әлемнің ғылыми картинасының тұжырымдамаларын оқытуға бағытталған.

Қазіргі заманғы шығыстанудың іргелі проблемалары мен тұжырымдамалары
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: Шығысты зерттеудің іргелі проблемалары және парадигмаларын интерпретациялау үшін қазіргі заманғы шығыстанудың негізгі теориялары мен тұжырымдамаларын талдау қабілетін қалыптастыру. Курсты оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді: әлем өркениеттері контексіндегі Шығыс елдеріндегі үдерістерді анықтау; шығыстану ғылымының негізгі салаларындағы негізгі теориялық қағидаларды, тұжырымдарды, динамиканы және проблемаларды іргелі және қолданбалы зерттеу жұмыстарында оларды негіздей отырып қолдану үшін бағалау.

2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Когнитивті және коммуникативті мақсаттағы шығыс тілі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – зерттелетін шығыс тілінің құрылымын зерттеушілердің когнитивті-коммуникативті ерекшеліктерінің кеңестігін кеңейту. Шығыс тілін меңгеру деңгейін сақтау және лексикалық-семантикалық өлшемдерінің теориялық ұғымдарын еркін пайдалану деңгейіне жеткізу, тұрақты практикалық және аналитикалық материалдарды пайдалана отырып оқыту, сарапшылар мен ғылыми қоғамдастықпен талқылау, ұсынылатын пән курсының негізгі мазмұны болып табылады.

Өркениеттер диалогы контекстінде Шығыс елдері: мәдениет және дін
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: Шығыс елдері өркениеттерінің қалыптасу тарихы мен олардың арасындағы диалогтың дамуы туралы жүйелі түсінік қалыптастыру. Оқыту нәтижелері: білім мен ғылыми талдау дағдыларын, өркениеттер диалогының дамуындағы негізгі оқиғаларды, процестерді анықтай білу. Пән Шығыс халықтарының өркениеттік өзара іс-қимыл тарихын кешенді зерттеуге; диалог процесінде мәдени жетістіктердің таралуына бағытталған.

Шығыс елдері мен әлемдік қауымдастық арасындағы интеграциялық процестер
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – Шығыс елдерінің интеграциялық процестері саласында зерттеу жүргізу қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы халықаралық ұйымдар мен бірлестіктер шеңберіндегі ынтымақтастық жолдары мен нысандарын түсінудің теориялық-әдіснамалық негізін құрайды. Пән халықаралық ұйымдар мен бірлестіктер жанындағы ынтымақтастық шеңберінде Шығыстың әлемдік үрдістермен өзара іс-қимылын зерделеуге бағытталған.

Шығыс елдеріндегі тіл және бірегейлік: дискурс-талдау (ағылш.т)
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – дискурстық талдау әдісі арқылы тіл мен тұлғаның өзара әсерін анықтау және түсіндіру қабілетін дамыту. Шығыс қоғамдарында болып жатқан және шығыс халықтары өмірінің этникалық, саналық, гуманитарлық, діни аспектілеріне әсер ететін мәдени, тілдік, әлеуметтік үдерістердің, құбылыстардың ғылыми және ғылыми-көпшілік саласында қол жетімді нысанда біртұтас идеялары мен зерттеу нәтижелерін құра білу.

Шығыс елдерінің зияткерлік тарихы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: Шығыс қоғамдарының әлеуметтік және зияткерлік әлеуетін, таным мәселелерін, ғылымның, идеялардың, қоғамның шығармашылық белсенділігінің, әлеуметтік тарихтың генезисін және дамуын талдау және түсіндіруу қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы Шығысқа тән ойлау ерекшеліктерін интерпретациялау және бағалау дағдыларын қалыптастырады.

Шығыс қоғамының рухани және материалдық мәдениетін модернизациялау (ағылш.т)
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: Шығыстың мәдени модернизациясы процестерін жүйелеу және интерпретациялау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы идеялар мен артефактілердің ғылыми тарихи және мәдениеттанулық талдау дағдыларын, өзекті тақырыптар бойынша бойынша деректанулық базаны түсінудің теориялық және методологиялық негізін қалыптастырады.

Шығыс мәтіндерін зерттеу әдістемесі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: шығыс мәтіндерін оқып-зерттеудің болжамдары мен міндеттерін айқындау, шығыстану ғылымы саласында іргелі зерттеулер жүргізу үшін замануи зерттеу әдістерін таңдау қабілетін қалыптастыру. Курсты оқу барысында студент ұсынылатын шығыс мәтіндерін зерттеудің болжамы мен міндеттерін нақтылап көрсету және тестілеу, түрлі жанрдағы нақты мәтіндерді талдауда шығыстану ғылымының теориялық-методологиялық қағидаларын қолдану бағытында білімдерді меңгереді.

Шығыс мәтінінің қазіргі контекстегі дискурсивтік тәжірибелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: әртүрлі мәтіндер мен ауызша сөйлеу түрлерінің лингвистикалық ерекшеліктерін, әлеуметтік өзара әрекеттесудің және нарратив құрылымдарының орын тәртібін сәйкестендіру қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы дискурсивті талдау, сөйлеу актілерінің теориясы, әлеуметтік лингвистика, қарым-қатынас этнографиясы және прагматикасын қолданудың пәнаралық әдістері мен дағдыларын қалыптастырады.

2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Зерттеу
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.

2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген