Иностранным абитуриентам
Техникалық физика

Техникалық физика

БIЛIКТIЛIГІ

  • ғылыми - педагогикалық бағыт - философия докторы (PhD)

ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ

ON1 есептеу эксперименттерін жүргізу үшін мәселелі-бағдарланған бағдарламалар кешені түрінде тиімді сандық әдістер мен алгоритмдерді жүзеге асыру, математикалық модельдеу мен есептеу экспериментінің заманауи технологияларын қолданып ғылыми және техникалық мәселелерді кешенді зерттеуді жүргізу;
ON2 ғылыми-техникалық есептер құрастыру, берілген тақырып бойынша шолу жасау, орындалған зерттеу нәтижелері бойынша мақала дайындау, ғылыми-зерттеу нәтижелерін нарықтық экономика қызметінде қолдану және интеллектуалды меншік объектілеріне құқықты пайдалану;
ON3 эксперименталды мәліметтер мен технологиялық процестерді сандық модельдеу әдістерін өңдеудің заманауи әдістерін пайдалану;
ON4 құрылғылар мен аспаптарды жобалаған кезде автоматтандыру құралдарын, әзірленетін конструкциялардың техникалық тапсырмаларға, стандарттарға, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы нормаларына, өндірістің үнемді технологияларына сәйкестігін қамтамасыз ету үшін бәсекеге қабілетті бұйымдардың алдыңғы қатарлы тәжірибесін пайдалану;
ON5 заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланып қолданбалы міндеттерді шешу, мәліметтер мен білім құрылымын, қолданбалы және ақпараттық процестерді модельдеу және жобалау, концептуалды, логикалық, математикалық және алгоритмдік деңгейде қолданбалы саланы талдау әдістерін қолдану;
ON6 қолданбалы міндеттердің шешімдерін қалыптастыруда жүйелі тәсіл мен математикалық әдістерді қолдану, ғылыми және кәсіби қызмет үшін ғылыми әдебиет пен электронды ақпараттық-оқыту ресурстарына шолу дайындау, басқарушылық шешімдерді қабылдауды интеллектуалды қолдау әдістері мен алгоритмдерін әзірлеу;
ON7 заманауи теория мен талдау әдістерінің негізінде академиялық тұтастықпен сипатталатын ғылыми зерттеулерді өздігімен жүргізу, заманауи зерттеу әдістемесін таңдау және тиімді пайдалану;
ON8 әзірленетін конструкциялардың техникалық тапсырмаларға, ГОСТтарға, техникалық қауіпсіздік нормаларына, өндірістің үнемді технология талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ете отырып, күрделі конструкцияларға техникалық жобаларды әзірлеу, сонымен бірге оларда стандартталған және біріздендірілген тетіктер мен түйіндерді пайдалану;
ON9 әр түрлі ғылыми теориялар мен идеяларды сыни талдау, бағалау және салыстыру, ғылыми зерттеу процестерін жоспарлау, байланыстыру және жүзеге асыру, зерттеу саласын жүйелі түсіну және таңдалған ғылыми әдістердің сапалылығы мен нәтижелілігін көрсету дағдыларын меңгеру;
ON10 басқарушылық шешімдердің ұсынылған нұсқаларын сыни бағалау, әлеуметтік-экономикалық тиімділік критерилерін, қатерлер мен мүмкін болатын әлеуметтік-экономикалық салдарларын ескере отырып оларды жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу және негіздеу;
ON11 ғылыми шараларға, іргелі ғылыми отандық және халықаралық жобаларға қатысу, заманауи ақпараттық және инновациялық технологияларды пайдаланып патенттерді және ғылыми ақпаратты жіберу тәжірибелерін іздеуді жүргізу.
ON12 білім беру ұйымдарының оқу процестерін жүзеге асыруға қатысу және білім беру бағдарламасының аясында ғылыми-зерттеу қызметінің мәліметтерінің негізінде оқу процестері үшін оқу-әдістемелік материалдарын қалыптастыру.

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Техникалық физика
Мамандық шифры
8D05303
Факультеті
Физика-техникалық

пәндер

Академиялық жазу
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: Жетекші рецензияланатын халықаралық басылымдардың талаптары бойынша ғылыми-техникалық жұмыстар түрінде ғылыми талдау және қазіргі заманғы АКТ арқылы бейінді салада іргелі және қолданбалы нәтижелерді ұсыну техникасын дамыта отырып, ғылыми-зерттеу қызметін басқару дағдыларын қалыптастыру. Мазмұны: Ғылыми еңбек әдіснамасының негіздері. Ғылыми мақаланың құрылымын жоспарлау және анықтау. Әдеби іздеу үшін мәліметтер базасын пайдалану.

Ғылыми зерттеудің әдістері
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: Ғылыми зерттеулердің принциптері, негізгі ұғымдары мен заңдары, сондай-ақ терминология, мазмұны мен ерекшеліктері туралы білімді қалыптастыру және таңдалған дайындық бағыты бойынша техникалық физикадағы ғылыми зерттеулерді басқару. Мазмұны: Ғылыми зерттеулердің әдістемесі мен әдістері. Зерттеудің мақсаты мен міндеттері, экспериментті жоспарлау және жүргізу, өлшеу нәтижелерін өңдеу. Ғылыми зерттеу нәтижелері.

Жану камераларында сұйық отынның жануын есептеудегі турбуленттіліктің статистикалық моделі
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: Жоғары турбуленттілік жағдайында сұйық отын тамшыларының ыдырау, дисперсия, булану және жану процестерін зерттеу және осы процестің оңтайлы параметрлерін анықтау әдістерін қолдану дағдыларын қалыптастыру. Мазмұны: Жоғары турбуленттілік кезіндегі тамшылардың ыдырауы, дисперсиясы және булануының статистикалық моделі. Жану камерасында сұйық отынның жану процесінің оңтайлы параметрлерін анықтау. Көпағыншалы бүркудің ерекшеліктері. Практикалық іске асыру.

Жану камераларындағы жылумасса тасымалының аэродинамикалық және жылуфизикалық сипаттамаларын зерттеу
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: Энергетикалық отынның жануы кезінде жүретін жылу және масса алмасу процестерінің аэродинамикалық және жылуфизикалық сипаттамаларын зерттеу дағдыларын дамыту және 3-D модельдеу әдістерін және тиімді есептеу алгоритмдерін қолдана отырып, ағынның аэродинамикасының, жылдамдығының, температурасының және концентрация өрістерінің қалыптасу заңдылықтарын орнату. Мазмұны: Жоғары температуралы әсерлесуші ағындардағы жылу және масса алмасу процестерін математикалық модельдеу әдістері. Турбуленттілік пен екіфазалы ағынды модельдеу.

2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Жылумасса тасымалының өзекті мәселелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: Отынның жануы кезіндегі жылу мен масса алмасуды талдау, отынның жануын тұрақтандырудың тиімді, экологиялық таза технологияларын іздестіру, энергетикалық қазандықтарда жағу үшін отынды плазмалық термохимиялық дайындаудың физика-химиялық принциптерін дамыту қабілетін қалыптастыру. Мазмұны: Термиялық көмірді жағу және өңдеу мәселесінің қазіргі жағдайы. Плазмалық тұтану процестерін және көмірді термохимиялық әзірлеуді зерттеудің теориялық және тәжірибелік әдістері.

Конвективті жылу алмасу теориясының таңдаулы сауалдары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: Қозғалтқыштар мен жылуфизикалық объектілерді жобалау мен пайдалану кезінде есептеулерді жүргізудің әдіснамалық негіздері мен принциптерін әзірлей отырып, конструкциялардың беріктігі мен қуат қасиеттері бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында есептеу және теориялық зерттеулер жүргізуге қажетті құзыреттерді қалыптастыру. Мазмұны: Конвективті жылу алмасу. Сәулелену арқылы жылу беру. Жылуфизикалық қондырғылардың жылу және гидравликалық есептерінің негіздері. Жылуөткізгіштік.

Конвективті жылумасса тасымалы процестерін екіөлшемді модельдеу
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: Конвективті жылу және масса тасымалы процестерін екі өлшемді модельдеу дағдыларын қалыптастыру, нақты геометрия аймақтарында болатын турбулентті изотермиялық емес әсерлесетін ағындарды есептеудің сандық әдістері және өнеркәсіпте қазандықтарда қатты отынды жағу кезінде жылу және масса тасымалы процестерін талда дағдыларын қалыптастыру. Мазмұны: Конвективті жылу және масса тасымалы процестерін екі өлшемді модельдеу. Жануды есепке алатын жылу және масса тасымалы теңдеулері. Күрделі турбулентті ағындардың есептерін шешудің сандық және аналитикалық әдістері.

Техникалық есептерді компьютерлік модельдеу
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: Заманауи модельдеу принциптеріне негізделген техникалық физика саласындағы техникалық есептерді шешуде, заманауи бағдарламалық құралдарды пайдалана отырып, статикалық және динамикалық модельдерді құруда ғылыми зерттеу процесінде компьютерлік технологияны қолдану дағдыларын қалыптастыру. Мазмұны: Математикалық модельдеудің негізгі кезеңдері. Имитациялық модельдеу мәселелері. Имитациялық модельдеудің артықшылықтары мен кемшіліктері. Турбулентті жылу және масса тасымалының математикалық моделі.

2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Зерттеу
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.

2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген