Иностранным абитуриентам
Физика

Физика

БIЛIКТIЛIГІ

  • ғылыми - педагогикалық бағыт - философия докторы (PhD)

ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ

ON1 теориялық физика және плазмалық технологиялардың физика-химиялық негіздері бойынша әртүрлі мәселелерді шешу үшін теориялық қағидалардың жиынтығын тәжірибеде жүйелеу және түсіндіру;
ON2 Теориялық физика және плазма физикасының өзекті мәселелерін шешу үшін заманауи әдістер мен технологияларды өңдеу;
ON3 Түрлендірілген гравитация теориясы, жалпы салыстырмалылық теориясы, бөлшектер мен толқындардың шашырау теориясындағы есептерді шешу үшін жаңа математикалық әдістерді өңдеу, сонымен қатар алынған нәтежиелерді талқылау және талдау;
ON4 Теориялық физика, плазма физикасы, космология және астрофизика аймағындағы түпнұсқалық ғылыми зерттеулерді жүргізу жолы арқылы білімді және жаңа идеяларды түрлендіру;
ON5 Білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ескерек отырып, кредиттік технологиялардың негізінде оқу-әдістемелік құжаттарды құрастыру, практикалық және лекция сабақтарын әртүрлі стратегиялар мен оқу технологияларын қолданып өткізу;
ON6 Граватация теориясы, шағын нысандар физикасы, элементар бөлшектер физикасы және экстремалды күйлер физикасындағы әртүрлі құбылыстарды сипаттау үшін физикалық үлгілерді құрастыру;
ON7 Білім менеджментінің тәрбие теориясы және оқытушылық қызметті өзіндік талдау негізінде тәрбиелік жұмыс жүргізу, педагогикалық оқу үдерісінің деңгейі мен оқу-тәрбиелік жағдайды талдау және бағалау;
ON8 Ғылыми-зерттеу орталықтарында,ЖООда ғылыми зерттеулері жоспарлау және ұйымдастыру, іргелі және қолдаңбалы зерттеулердің бағытын анықтау;
ON9 Әлемнің және оның Эволюциясының физикалық бейнесінің сипатын құрастыру, жаңа ғарыштық эффектілерді сипаттау; элементар бөлшектер физикасының және Стандартты модель аумағында іргелі әсерлесулердің заманауи күйін сипаттау;
ON10 Теориялық және эксперименталды зерттеулер негізінде, теориялық және плазма физикасы аумағында іргелі және қолданбалы зерттеулер құрастыру;
ON11 жаңа білім алу үшін тәжірибелік құрылғыларда, ғылыми құралдарда тәжірибелік зерттеулер мен бақылаулар жүргізу;
ON12 Ғылыми топтарда жұмыс жасау, импакт фактормен ғылыми мақалалар жазу, әртүрлі ғылыми конференциялар ұйымдастыру, халықаралық деңгейде ғылыми қоғаммен теориялық және плазма физикасы аймағындағы ғылыми зерттеу тақырыбына жақын тақырыптарда сұхбат және талқылау жүргізу.

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Физика
Мамандық шифры
8D05306
Факультеті
Физика-техникалық

пәндер

Академиялық жазу
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты. «Академиялқ жазу» пәні болашақ мамандарда ғылыми мақалалар мен есептерді, өтінімдерді жазуға, жазбаша ғылыми байланысты құруға бағытталған. Пәнді оқыту барысында келесі аспектілер қарастырылады: Ғылыми мәтін және академиялық жазу. Академиялық жазудың ерекшеліктері. Ғылыми жұмыстарға қойылатын жалпы талаптар. Жариялылық және қатынастар.Академиялық жазу түрлері. Академиялық жазудың тұтастығы. Академиялық сауаттылық. Баяндау стилі. Әртүрлі қайнар көздермен жұмыс. Сілтеме және дәйексөз алу ережелері. Физика саласында мақала жазу ерекшеліктері. Кәсіби қызметі аясында ғылыми мәтін жазу құрылымы мен дайындығы. Халықаралық ғылыми баспаларға ғылыми мақалалар беру. Халықаралық деңгейде ғылыми қоғаммен кәсіби құзыреті саласында сұхбат және талқылау.

Ғылыми зерттеудің әдістері
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты. «Ғылыми зерттеудің әдістері» пәні болашақ мамандарда кәсіби құзыреті шеңберінде теориялық және эксперименттік зерттеулерді ұйымдастыру әдістерін қолданумен байланысқан білімдерін қалыптастыруға бағытталған. Пәнді оқыту барысында келесі аспектілер қарастырылады: Физикалық зерттеулердің теориялық әдістері. Физикалық зерттеулердің тәжірибелік әдістері. Ғылыми зерттеулерді жоспарлаудың ерекшеліктері. Нәтижелерді талдау және өңдеу әдістері. Зерттеулердің ғылыми және тәжірибелік базасын дамыту. Ғылым және ғылыми-техникалық қызмет ұйымының құрылымы. Ғылыми зерттеу институттары. Ғылымның басым және арнайы облыстарындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер. Интеллектуалдық жекеменшікке авторлық құқық.

Физикадағы калибрлік теория
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқытудың мақсаты – жоғары энергиялы заманауи физиканың, сонымен қатар физиканың калибрлі теорияларын пайдалану қабілеттілігн қалыптастыру. Қарастырылады: электромагнитті, калибрлі теориядағыдай күшті және әлсіз әсерлер, калибрлі өрістегі классикалық теорияның математикалық негіздері, калибрлі теориядағы монополдар мен инстантондар.

Энергия үнемдеу және қайта жаңартылатын энергия физикасы мен техникасының әдістемесі
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқытудың мақсаты - энергия үнемдеу және энергия шығарудың жаңа бағыттарын пайдалану қабілеттілігін қалыптастыру. Қарастырылады: Дәстүрлі емес және жаңарып тұратын энергия көздері және оларды қолдану келешегі. Қалпына келетін қайнар көздердің энергиясын жинақтау және жіберу. Дәстүрлі емес және жаңарып тұратын энергия көздерін пайдаланудағы экологиялық проблемалар. Қазақстанның жасыл энергетикасы.

2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

ЖСТ механикасының таңдаулы тараулары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқытудың мақсаты – класссикалық ЖСТ мен аспан механикасының есептерін шешу үшін әр түрлі әдістерді қолдану қабілеттлігн қалыптастыру. Қарастырылады: Шварцшильд есебі, Лензе-Тирринг есебі, екі дене есебі, орнықтылық мәселесі, гидродинамикалық аналогия әдістері, Лагранж, Гамильтон, Гамильтон-Якоби және т.б.

Заманауи космология және астрофизика
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – заманауи космология және астрофизиканың жаңа салалары туралы заманауи теориялық білімін пайдалану қабілеттілігін қалыптастыру. Қарастырылады: Космологиялық модельдер, Әлемнің пайда болуы, Әлемнің дамуының негізгі кезеңдері, реликтік сәулелену, космологиялық қызыл ығысу, Әлемнің кеңеюі, космологиялық күй теңдеуі, қараңғы материя және энергия; жұлдыздардың эволюциясы, құрылысы, жұлдыздық динамика, галактикалардың эволциясы.

Кванттық гравитацияның қазіргі мәселелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқытудың мақсаты - кванттық гравитацияның кванттық теориямен біріккен қазіргі мәселелерін пайдалану қабілеттілігн қалыптастыру. Қарастырылады: кванттық теориясы гравитация теориясы үйлестіре теориялық негізділігі. Гравитацияның кванттаудағы қиындықтары. Әлемнің бар болуының бастапқы сатысының сипаттамасы. Инфляциялық космологиялық модельдер. Гравитация және кванттық теориясының бірігуіне арналған тәсілдерді шолу.

Плазманы зерттеудегі эксперименттік әдістер
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқытудың мақсаты – импульсті плазмалық ағын физикасын зерттеуге байланысты білім мен құзыреттілік кешенін пайдалану қабілеттілігін қалыптастыру. Қарастырылады: Импульстік плазманың параметрлері. Импульстік плазма ағынын алу үшін қондырғылар. Жоғары қуатты импульстік разрядтардағы физикалық процестер. Импульстік плазма ағынын термоядролық энергетикада қолдану. Импульстік плазмалық ағынды заттармен өзара әрекеттесу физикасы.

Релятивтік астрофизиканың қосымша тараулары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқытудың мақсаты – релятивистік астрофизиканың соңғы жетістіктерін пайдалану қабілеттілігін қалыптастыру. Қарастырылады: ақ ергежейлі жұлдыздар, нейтрондық жұлдыздар және қара құрдымдар сияқты шағын объектілер, қараңғы энергия, қараңғы материя және өте массивті қара құрдымдардың табиғаты, сынақ денелер мен жарық бөлшектердің айналмалы деформацияланған дененің гравитациялық өрісінде қозғалысы.

Теориялық физикадағы заманауи есептеу әдістері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқытудың мақсаты – қазіргі заманғы есептеуіш технологияларды қолдану қабілетін дамыту. Қарастырылады: Әдістердің классификациясы. Соңғы элементтер әдістері. Монте-Карло әдістері. Молекулалық динамиканың әдістері. Параллельді есептеулердің негіздері. Ғылыми есептеулерде GPU пайдалану. Оңтайландыру алгоритмдері. Теориялық физиканың бағдарламалық құралдары мен құралдары. Жалпы салыстырмалылықтағы компьютерлік әдістер. Мамандандырылған бағдарламалық пакеттерді Maple, Mathematica, MATLAB пайдалану.

Толқындар мен бөлшектердің шашырау теориясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқытудың мақсаты – толқындар мен бөлшектердің шашырау теориясын ғылыми зерттеулерде пайдалану қабілеттілігін қалыптастыру. Қарастырылады: Орталық өрістегі қозғалыс, әр түрлі потенциалдардың дербес жағдайлары, жазық толқын және монохроматты толқын, шашыратылған сәуленің поляризациясы, электромагниттік толқындардың көпөлшемді таралуы, Рейле-Ганс жуықтауы, Борндік жуықтау.

Тығыз идеал емес плазма физикасының таңдаулы сұрақтары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқытудың мақсаты – қатты сығылған плазманың заманауи теориясын зерттеулерде пайдалану қабілеттілігін қалыптастыру. Қарастырылады: Қатты тығыздалған плазманың заманауи теориясына кіріспе. Тығыз плазманың сипаттамалары мен қасиеттері. Қатты сығылған плазманың динамикалық және статикалық қасиеттері. Плазманың түрлерінің псевдопотенциалдық моделделдері. Бөлшектердің әсерлесу эффектілерінің ескерілуі, коллективті және квантты-механикалық дифракция және симметрия эффектілері.

Физикадағы есептеулерге жасанды интеллектті қолдану
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқудың мақсаты – физикалық процестерді шешуде және модельдеуде ЖИ технологияларын қолдану қабілетін дамыту. Қарастырылады: Нейрондық желінің архитектурасы. Нейрондық желілердің түрлері, Кванттық механикада машиналық оқыту. Оңтайландыру үшін ЖИ пайдалану. Астрофизикадағы конволюциялық нейрондық желілер. Астрофизикалық процестерді модельдеу. Материалтанудағы ЖИ. ЖИ көмегімен болжамды модельдеу. ЖИ қолданудағы этика және қауіпсіздік.

Элементар бөлшектер және симметриялар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқытудың мақсаты – элементар бөлшектер физикасындағы симметрияның заманауи теориясын пайдалану қабілеттілігін қалыптастыру. Қарастырылады: Симметриялар және сақталу заңдары. Әлсіз және электромагниттік әсерлесуде изоспин мен оғаштықты таңдау ережелерін іріктеу. Нуклондардың электромагниттік құрылымы. Әлсіз әсерлесулер және жұптылықтың бұзылуы. Каббибо теориясы, кирильді симметрия, токтар алгебрасы. Әлсіз және электромагниттік әсерлесулердің және чармдардың бірігуі.

Элементар бөлшектердің іргелі әсерлесулер теориясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқытудың мақсаты – материя құрылымының және іргелі әрекеттесулердің қазіргі көрінісін пайдалану қабілеттілігін қалыптастыру. Қарастырылады: Калибрлік өрістердің квантталуы. Супер өрістің кванттық теориясы және кванттық хромодинамика негізі. Электроәлсіз әсерлесудің біркелкі теориясы. Калибрлік өріс пен супер өріс қайта нормалау теориясының физикалық негіздері. Материя құрылымы мен фундаменталды әсерлесулердің заманауи көрінісі.

Ядролық кластерлер физикасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқытудың мақсаты - ядролық кластерлерді зерттеулерде пайдалану қабілеттілігін қалыптастыру. Қарастырылады:ядролық реакциялар, ядролардағы нуклондар, ядро қабықшасының үлгілері, атом ядросындағы кластерлердің қалыптасуы, ядролардағы кластерлердің тиімді саны, ядролардағы кластерлердің энергетикалық және кеңістіктік таралуы.

2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Зерттеу
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.

2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген