Иностранным абитуриентам
Қаржы

Қаржы

БIЛIКТIЛIГІ

  • ғылыми - педагогикалық бағыт - философия докторы (PhD)

ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ

Аталған білім беру бағдарламасын аяқтағаннан кейін докторанттар қабілетті болады деп күтіледі:
1. қаржылық салымдардың тиімділігін, қаржы ресурстарын мақсатты пайдалану мүмкіндіктерін талдау және бағалауға; жобаларды қаржыландарыу сызбасын жасауға; орындалатын операциялар ауқымында басқару шешімдерін қабылдау үшін есептілікті және дәлелді негіздеулерді дайындауға;
2. қаржылық талдау, қаржылық жоспарлау және болжаудың негізгі әдістерін пайдалана отырып, оқу экспериментін, сауалнама, сұхбат, мониторинг жүргізу үшін нарықта болжамды жағдайды жасау;
3. қаржы саласы бойынша іргелі концепцияларды сыни талдау және салыстыру, қаржы саласына қатысты үдерістер, құбылыстар және объектілер бойынша ғылыми зерттеуді ұйымдастыру мен жүргізу барысында талдаудың әдістері мен құралдарын қолдану;
4. қойылған міндетке сәйкес қаржылық және экономикалық деректерді өңдеу үшін қолданыстағы құралдарды таңдау және пайдалану; заманау техникалық құралдар мен ақпараттық технологияларды пайдалана отырып есептеулердің нәтижелерін талдау; алынған нәтижелерді аналитикалық және зерттеу міндеттерін шешу үшін қолдану;
5. қаржылық шешімдерді қабылдаудың модельдері мен стратегиясын жасау үшін әр түрлі көздерден қаржы және экономикалық көрсеткіштерді өңдеу, талдау және жүйелеу; қаржы тәуекелдерін барынша азайту үшін ұйымның қаржылық стратегиясының міндеттерін қалыптастыру; нақты жағдайларда қаржылық шешімдердің балама нұсқаларын ұсынуы
6. қаржы саласында дербес ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру, жоспарлау және жүргізу қабілеті; зерттеудің теориялық, әдістемелік және әлеуметтік-экономикалық маңыздылығын негіздеу; қойылған міндеттерді шешу мақсатында таңдап алынған зерттеу әдістері мен құралдарының нәтижелілігін көрсету;
7. қаржы саласына қатысты зерттелген үрдістер, құбылыстар және және объектілердің қолданбалы модельдерін жасау; зерттелген мәселе бойынша ұсыныстарды жасау және жүзеге асыру; зерттеу нәтижелерін ғылыми және практикалық қызметте сынақтау мақсатында ұйымда қабылданған стандарттарға сәйкес ұсыну;
8. қаржылық ұтымды қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, жасанды интелллект және нормативтік құқықтық құжаттарды қолдану арқылы қаржы өнімдері, қаржылық үдерістер, технологиялар және институттар түріндегі қаржылық инновацияларды жасау; қаржылық аналитика бойынша консалтингтік қызметтерді ұсынуды жүзеге асыру;
9. білім беру бағдарламаларын, оқу курстарын, модульдерді, оқу-әдістемелік құжаттарды жасау барысында ғылыми зерттеулердің нәтижелерін білім беру үдерісіне қосу; құзыреттілік ұстаным негізінде авторлық курсты жасау және білім беру үдерісіне енгізу;
10. жиынтық тиімділікті барынша арттыру үшін ұйымның корпоративті стратегиясын жасау, қаржылық шаруашылық қызметін жоспарлау, үйлестіру және басқару қабілеттілігіі; нәтижелерді талдау, ұсыныстар әзірлеу және мүдделі тараптарды шешім қабылдау үшін қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету;
11. қаржылық инвестициялардың тиімділігін бағалау, бизнес-үдерістер, бизнес-модельдерді оңтайландыру, компанияны дамытудың тиімді шешімдерін таңдау, қаржылық қызметтердің сапасын арттыру мақсатында коммерциялық жобаға, лицензиялау, сертификаттау талаптары мен нормативтік құжаттардың орындалуына тәуелсіз қаржылық сараптама жүргізу қабілеттілігі;
12. ұйымдастырушылық дағдылар мен бастамашылықты көрсету; іскерлік қарым-қатынастарды қалыптастыру, компанияның ішкі және сыртқы ортасымен тиімді қарым-қатынас жасау; әртүрлі әлеуметтік жағдайларда парапар әрекет ету; ғылыми қарым-қатынас және халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру мақсатында шет тілін еркін меңгеру.

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Қаржы
Мамандық шифры
8D04110
Факультеті
Экономика және бизнес жоғары мектебі

пәндер

Академиялық жазу
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: докторанттарда алынған іргелі және қолданбалы нәтижелерді ұсыну техникасын дамыту есебінен ғылыми-зерттеу қызметін басқару дағдыларын қалыптастыру. Мазмұны: ғылыми еңбек әдістемесі мен әдістемесінің негіздері. Ғылыми мақаланың құрылымын жоспарлау және анықтау. Рецензияланған журналдарда мақаланы дайындау және жариялау. Журналдың редакциялық комиссиясының бейіні бойынша жариялауға қойылатын талаптары.

Ғылыми зерттеудің әдістері
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: докторанттың диссертациялық жұмысты орындау кезінде ғылыми зерттеулердің заманауи әдістері мен әдіснамаларын қолдану қабілетін қалыптастыру. Пән аясында қарастырылады: ғылыми зерттеулердің әдістері мен әдіснамалары; докторанттың ғылыми зерттеулеріне заманауи эксперименттік тәсілдер; ғылыми экспериментті жоспарлаудың кезеңдері мен принциптері; ғылыми зерттеулердегі компьютерлік эксперименттің ерекшелігі; экспериментті өткізу, нәтижелерін өңдеу және түсіндіру ережелері.

2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Жасыл қаржы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - "жасыл" жобаларды құру мақсатында инновациялық "жасыл" қаржы құралдарының әлемдік нарығының дамуын бағалау қабілетін қалыптастыру. Келесі сұрақтар зерттелетін болады: "жасыл" қаржы мен инвестициялардың мәні, қаржыландыру принциптері мен ерекшеліктері, "жасыл" қаржы құралдарының жіктелуі, "жасыл" қаржы нарығының ерекшеліктері, "жасыл" облигациялардың әлемдік нарығын дамытудың негізгі кезеңдері.

Исламдық қаржысындағы тәуекелді басқару
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: Исламдық қаржы саласындағы компаниялардың Тәуекел-менеджменті саласында, сондай-ақ тәуекелдерді басқару саласындағы ғылыми-зерттеу, талдамалық және педагогикалық қызмет саласында кәсіби білімді қалыптастыруға ықпал ету. Пән Ислам қаржысындағы тәуекелдерді басқару ерекшеліктерін түсінуге және түсіндіруге сондай ақ ислам қаржысы бойынша тұжырымдамаларды сыни тұрғыдан талдауға мүмкіндік береді

Қаржы нарығы және қаржылық инжиниринг
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: тәуекелдерді, өтімділікті және кірістілікті басқару үшін күрделі қаржы өнімдерін құрастыру, жаңа қаржы құралдарын құру, инвестициялық және коммерциялық банктің клиенттерімен ұсынылатын сұраныс құрылымына сәйкес құрамдастырылған инвестициялық стратегияларды әзірлеу. Кәсіпорынның тиімді бизнес-жүйесін құру, оның іскерлік айналымға кірігуі, қызметтің негізгі қаржы-экономикалық параметрлерін, сондай-ақ ішкі және сыртқы ортаның өзгерістерін бақылауды жүзеге асыру инжинирингтің әдістері мен құралдарының көмегімен қол жеткізілуі мүмкін.

Қаржылық технологиялар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты-экономиканың түрлі салаларында қаржы технологияларын қолданудың халықаралық тәжірибесін талдау және шешім қабылдаудың тиімділігін бағалау қабілетін қалыптастыру. Пән Финтех компаниясының жұмыс істеу моделінің мәнін, Финтех компаниясын құру мен дамытуды және Финтехте дәстүрлі қаржы институттары үшін тәуекелдерді зерттеуге бағытталған

Салықтық консалтинг
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты докторанттарға салықтық консалтингтің ерекшеліктері және салықтық кеңес берудің негізгі принциптері туралы жүйелі білім беру. Келесі сұрақтар зерттелетін болады: салықтық кеңес беруге және салықтық аудитке кіріспе. Салықтық кеңес беру бойынша шарттардың түрлері. Салық консультациясын жүзеге асыру кезіндегі әдеп жөніндегі талап немесе кәсіби мінез-құлық негіздері. Салықтық кеңес беру кезіндегі функционалдық міндеттер. Салықтық кеңес беру үлгілерін таңдау.

Халықаралық салық салу
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты халықаралық ортада салық салу негіздері туралы, оның ішінде экспорттық және импорттық операцияларға салық салу саласында білім кешенін қалыптастыру болып табылады. Келесі сұрақтар зерттелетін болады: Халықаралық салық салу негіздері. Әлемнің жетекші елдерінің салық жүйелеріне сипаттама. Халықаралық салықтық Бәсекелестік және халықаралық салықтық үйлестіру.) Халықаралық салықтық жоспарлау. Әлемнің жетекші елдерінің салық жүйелеріне сипаттама.

2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Зерттеу
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.

2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген