Иностранным абитуриентам
Жерге орналастыру

Жерге орналастыру

БIЛIКТIЛIГІ

  • бiрiншi жоғары бiлiм - техника және технология бакалавры

ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ

ON1. Жер пайдаланудың планын, профильдерді, жерге орналастыру жобасының жоспарын, кадастрлық карталарды жасау, карталарды корректировкалау, жоба шешімдерін жер бетіне шығару, сызбаның толықтығы мен егжей-тегжейлігін бағалау үшін теодолиттермен, нивелирлермен, электронды тахеометрлермен және GPS геодезиялық өлшеулерді және түсірулерді жүргізуге;
ON2. жерге орналастыру мақсаттары үшін қашықтықтан зондтау әдістерін қолдану, ғарыштық суреттерден материалдарды алу, ГАЖ технологиясын қолдану, суреттерді өлшеу және жердің моделін жасау арқылы топографиялық жоспарларды және жер пайдалануы жоспарларын жасауға;
ON 3. Жер ресурстарын ұтымды пайдалану және қорғау мәселелерін шешуге, ел экономикасының салалары арасында жерді оңтайлы бөлу үшін жерге орналастырудың теориялық негіздеріне сүйене отырып, қазіргі заманғы компьютерлік бағдарламалар арқылы көп нұсқалы экономикалық негіздеуді қолдана отырып, жерге орналастыру жобаларын әзірлеуге;
ON 4. Топырақтану және геоботаника деректерін, агрохимия негіздерін, жерді мелиорациялау, ландшафтану және бейімделген-ландшафтық жүйелер негіздерін пайдалану арқылы топырақтың құнарлылығын сақтау және арттыру, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ауылшаруашылық алқаптарының өнімділігін арттыру және қоршаған ортаның экологиялық тұрақты ландшафтарын жасау жерге орналастыру жобаларын әзірлеуге;
ON 5. ҚР жер ресурстарын тиімді және нәтижелі пайдалану мен басқару үшін жерге орналастырудың негізгі проблемаларын жерге орналастыру, жерді пайдалануды жоспарлау мен болжау, жерді мемлекеттік бақылау пәндері бойынша алған білімдерін пайдалану арқылы шешуге;
ON 6. Жерге орналастыру жобаларын жүзеге асыру мерзімін жеделдету, жерге орналастыру жұмыстарының тиімділігін арттыру; эрозия процестерінің дамуына, егістік алқаптардың нашарлауына байланысты шұғыл шараларды қабылдау; ауылшаруашылық өсімдіктерінің өсу процессін бақылауға және теріс процестерді алдын алуға және оларды жою бойынша шұғыл шараларды қабылдауға жерді қашықтықтан зондтау әдістерін, геоақпараттық технологияларды, космостық суреттерді, жерге орналастыруды жобалаудың автоматтандырылған жүйесін қолдану арқылы жерге орналастыру процессін жетілдіруге;
ON 7. Жердің құнарлылығын сақтау және жетілдіру, жерді эрозиядан және шөлденуден қорғау бойынша жаңа ғылыми ақпараттарды қолдану арқылы жерді рекультивациялау және жақсарту, ауыл шаруашылық алқаптарды мелиорациялау жобаларын жасауға;
ON8. Жерге орналастыру, жерді пайдалануды жоспарлау және болжау, жер ресурстарын басқару және жерге орналастыру жұмыстарын ұйымдастыру үшін жер ресурстарының жай-күйі туралы мәліметтер қорын құру және жаңартуда жаңа әдістер мен технологияларды қолдану; әмбебап бағдарламалық пакеттерді, түрлі патенттік және әдеби көздерден алынған ақпараттарды, Интернет-ресурстарын, компьютерлік технологияларды, ГАЖ және жер кадастрының ААЖ қолдану.
ON9. Жер дауын шешуде құзыретті болуға, жерді пайдалану және қорғауды бақылау үшін, басқару және жер қатынастарын реттеу үшін жер туралы заңнаманың және юриспруденцияның, жер учаскелеріне жылжымайтын мүлік және табиғи ресурс ретінде қатысты, басқа бөлімдерін, жер Кодексін, Азаматтық және Қылмыстық заңдардың ережелерін қолдануға.
ON 10. Жер қатынастарының дамуын әлеуметтік-экономикалық, мәдени, тарихи, саяси жағдайымен, Қазақстан Республикасының конституциялық және құқықтық негіздерімен, жер заңнамасының негіздерімен салыстыруға және бағалауға.
ON 11. Бағалық аудандастыру және жерді бағалау үшін, жерге орналастыру жобаларын жасау үшін; елдің азықтық қауіпсіздігін сақтау үшін, жер ресурстарын ұтымды пайдалану, жердің тозуына байланысты уақытылы шаралар қабылдау үшін жер ресурстарының деректерінің дұрыстығы мен толықтығын талдауға және бағалауға;
ON 12. Өнеркәсіптік, әлеуметтік және экономикалық мәселелер бойынша, жер заңдары мен юриспруденция ережелерін сақтау бойынша өздерінің көзқарасын білдіруге; көпұлтты және мәдениеттері әртүрлі ұжымда жұмыс істеуге; салауатты өмір салты туралы әлеуметтік маңызды идеяларды қолдануға. Жазбаша және ауызша қарым-қатынас дағдыларын мемлекеттік және орыс тілдерінде қолдануға.

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Жерге орналастыру
Мамандық шифры
6B07303
Факультеті
География және табиғатты пайдалану

пәндер

Агроқұрылымдарды ішкі шаруашылық жерге орналастыру Курстық жұмыс
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты - әрбір жер учаскесін, алқап контурын табиғи қасиеттеріне сәйкес ұтымды пайдалану туралы білімді пайдалануды қалыптастыру. Пән агроқұрылымды ішкі шаруашылық орналастыру, құрылымдық бөлінуі мен жобалау қағидаларының мазмұны мен мақсаттарын; ауылшаруашылық алқаптарын ұйымдастыру; ауыспалы егістік жүйесін және оның аймағын жобалау; агроқұрылымды ішкі шаруашылық орналастыру жобаларын негіздеуді қалыптастыруға бағытталған

Аймақтық және учаскелік жерге орналастыру
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – учаскелік жерге орналастыру жобаларын әзірлеудің негізгі ережелерін, принциптерін, әдістерін қолдану, Қазақстандағы суармалы егіншіліктің жағдайы мен даму болашағы туралы білімдерін бағалау және қолдану дағдыларын қалыптастыру. Пән ауыл шаруашылығы жерлерін жақсарту, жерді мелиорациялау және қорғау жобаларының негіздерін түсінудің теориялық және әдістемелік негіздерін қалыптастыруға, өнімділікті арттыру мен егістік жерлерді жайластыруды; тұзды мелиорациялау, жайылымдар мен шабындықтарды түбегейлі жақсарту, жерді мелиорациялау, жерді игеруді зерттеуге бағытталған.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: жаңа "цифрлық" ойлауды, АКТ рөлі мен маңыздылығын сыни тұрғыдан түсінуді, АКТ-ны кәсіби қызметтің әртүрлі түрлерінде қолдану қабілетін қалыптастыру. Қарастырылады: Қоғам дамуының шешуші секторларында ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың рөлі. Компьютерлік жүйелердің архитектурасы. Бағдарламалық жасақтама. Microsoft Office Интернет технологиялар. Бұлтты және мобильді технологиялар. Мультимедиялық технологиялар. Электрондық оқыту. Кәсіби саласындағы ақпараттық технологиялар.

Әскери дайындық
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - АБ
  • Сипаттамасы - Әскери дайындық

Геоботаникалық ізденістер ландшафттану негіздерімен
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты - ботаникалық детерминанттар көмегімен түрдің әр түрлілігін анықтауға, геоботаникалық карталар мен сайттың профильдерін құруға арналған білім мен дағдыларды пайдалану мүмкіндігін қалыптастыру. Пән табиғи-антропогендік геожүйелерді, геоботаникалық зерттеулер әдістерін және әдістемелерін, геоботаникалық карталар мен профильдерді құрастыру, жерді жақсарту, ландшафтарының экологиялық тұрақтылығын сақтау бойынша шараларды қабылдау дағдыларын дамытуға бағытталған.

Геодезия
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты - геодезиялық өндірістің заманауи шарттарында топографиялық-геодезиялық жұмыстардың негізгі түрлерінің теориялық және практикалық білімдерін қолдану қабілетін қалыптастыру. Пән зерттеуге бағытталған: географиялық, тікбұрышты координаталарды, дирекциондық бұрыштарды, азимуттерді; теодолитпен, нивелирлермен, электрондық тахометрлермен және басқа геодезиялық құралдарды пайдалану әдістерімен, сызықтарды бағыттау және топографиялық карталар мен пландарды қолдану жолдарымен.

Геодезия негіздері
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді игеру нәтижесінде студентмеңгереді:Карта және план бойынша әр түрлі өлшемдер жүргізе білу. Планнан және картадан сандық ақпарат алудың әдістері мен тәсілдерін біліктілік дәрежеде игере білу. План және карта бойынша өлшемдердің нәтижелерін түсіндіре білу және талдай білу. Геодезияда қолданылатын терминдер мен негізгі түсініктерді сипаттау. Геодезиялық торлардың тірек қыземттерін білу

Дене шынықтыру
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - РК(с оценкой)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: денсаулықты сақтау, нығайту және кәсіби қызметке дайындау үшін дене шынықтыру мен спорттың тиісті құралдарын мақсатты пайдалануды қамтамасыз ететін студенттердің әлеуметтік-жеке құзыреттерін қалыптастыру. Пәнді оқу нәтижесінде түлек білуі керек: адамның дамуындағы дене тәрбиесінің рөлі; дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың негіздері, жаттығу негіздері.

Жер кадастры
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - "Жер кадастры" пәні жерді есепке алу, тіркеу және бағалау жүйесін зерделейді, сондай-ақ осы салада ақпараттық қолдауды қамтамасыз етеді. Ол мемлекеттік жер кадастрына, оны жүргізуге, сондай-ақ қолданыстағы жер заңнамасына қатысты мәселелерді қамтиды. Пәннің негізгі мақсаты-Жер ресурстарын тиімді басқаруға және жерге орналастыру және кадастр саласындағы міндеттерді шешуге қабілетті мамандарды даярлау.

Жер құқығы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты - жер заңдарының базалық құқықтық институттары, жер заңнамасының негізгі принциптері бойынша білімдерін өндірісте пайдалану мүмкіндігін қалыптастыру. Пән бағытталған: Қазақстан Республикасының жер заңнамасының негіздерін; жер қатынастарын реттейтін негізгі құқықтық нормаларды; жер ресурстарын пайдалану және басқару жөніндегі құқықтық регламенттерді; жер қатынастарының тұжырымдамалары мен ерекшеліктерін зерттеу.

Жер ресурстарын басқару
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты нарық жағдайында жерді басқарудың рөлі, орны, қағидаттары, әдістері туралы білімді пайдалану мүмкіндігін қалыптастыру қалыптастыру. Пән басқарудың шешім қабылдау құралдарын анықтаудың, жерді басқарудың экономикалық, саяси және әлеуметтік тиімділігін анықтаудың, жерді басқарудың негізгі принциптерін, әдістерін және нысандарын зерттеу және жер қатынастарын реттейтін теориялық және әдіснамалық негіздерді қалыптастыруға бағытталған.

Жер ресурстарын пайдалануды кеңістіктік жоспарлау, болжау
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – жер ресурстарын пайдалануды кеңістіктік жоспарлау және болжау әдістемесін зерттеу. Пән жер пайдалануды болжау әдістемесі бойынша түсіндіру негіздерін; Республиканың жер ресурстарын ұзақ мерзімді перспективаға пайдаланудың бас схемасын; жерді аймақтарға бөлу схемаларын; жерге орналастырудың аймақтық схемасында жерді сақтау және ұтымды пайдалануды; ауданды дамыту схемасының мазмұны мен әдістемесін оқуға бағытталған.

Жерге орналастырудағы геодезиялық жұмыстар
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – жер учаскесін жобалауда жоспарлау және картографиялық материалды пайдалану. Пән жер кадастры үшін жобаны табиғатқа, шекараларды анықтау және т.б. жұмыстар кезінде бастапқы топографиялық-геодезиялық материалдарды жинау және дайындау бойынша білім беруге, сондай-ақ ел экономикасының салалары арасында жерді бөлу кезінде жерге орналастыру жұмыстарын сапалы орындауға бағытталған.

Жерге орналастырудың теориялық негіздері
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты - өндірісте жерге орналастырудың теориялық негіздерін қолдану қабілетін қалыптастыру. Пән: жерге орналастырудың теориялық негіздерін, жерге орналастырудың жобалық шешімдеріне әсер ететін факторларды, жер қатынастары, жерге орналастыру және жер кадастры тарихын, әлеуметтік өндіріс жүйесіндегі жерге орналастыруды жүргізу заңдылығын, жерге орналастыру нысандарын, принциптерін, мазмұны мен нысандарын зерттеуге бағытталған.

Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – бұзушылықтарды анықтау, оларды жою туралы ескерту, жер заңнамасын сақтамағаны үшін жазаны анықтау қабілеттерін қалыптастыру. Пән жерді жөнсіз бөлудің, мақсатсыз пайдаланудың келеңсіз зардаптарын анықтау, жою, құқық бұзушыларды жауапкершілікке тарту, заңнамалық базаны зерделеу, пайдалану, қорғау саласында мемлекеттік тексеру жүргізудің теориялық және әдістемелік негіздерін қалыптастыруға бағытталған.

Жер-шаруашылық орналастыру және елді мекен жерлерін жоспарлау
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – қала құрылысы теориясының негізгі ережелерін қолдану қабілетін қалыптастыру. Пән: елді мекендерді жоспарлау мақсатын; жоспарлау принциптерін; жоспарлау жобасының мазмұны мен құрамын; ауылдық елді мекендерді жоспарлауды; жобаға алдын ала есептеулерді; ауылдық елді мекеннің аумағын ұйымдастыру әдістемесін; ауылдық елді мекендерді жоспарлаудағы сәулеттік-жоспарлау композициясын зерделеуге бағытталған.

Жоғарғы математика
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – маңызды математикалық ұғымдар мен тұжырымдар туралы түсінік қалыптастыру. Пән: табиғи-қолданбалы міндеттерді шешуге арналған жоғары математиканың негізгі анықтамаларын, теоремалары мен ережелерін; сызықтық алгебраның, аналитикалық геометрияның, дифференциалдық және интегралдық есептеулердің ұғымдары мен әдістерін; векторлар мен матрицаларға байланысты концепциялар мен әдістерді, дифференциалдық теңдеулерді шешу жолдарын.

Картография
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: аумақтар мен жер құбылыстарының графикалық бейнесін қалыптастыру үшін кеңістіктік талдау мен модельдеуде қоршаған әлемді бейнелеу тәсілдерін түсіну қабілетін қалыптастыру. Пән карталар мен картография туралы негізгі ұғымдарды; карталардың математикалық негізін; карталардың мазмұнын; карталардың жіктелуін, түрлері мен типтерін, карталарды құрастыруды, пайдалану әдістерін және олармен жұмыс істеу тәсілдерін зерттейді

Қазақ (орыс) тілі
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: коммуникативтік құзыреттіліктерді қалыптастыру арқылы әлеуметтік, мәдениетаралық, кәсіби қарым-қатынас құралы ретінде қазақ (орыс) тілін сапалы меңгеруді қамтамасыз ету. Тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық құралдарының жүйесі, тілдің мәдениет феномені және сөйлеу мәдениетінің ерекшелігі ретіндегі түсініктері; тіл әлемнің ұлттық тілдік бейнесінің элементі ретінде; қазақ (орыс) тілінің әлемдік кеңістіктегі мәртебесі зерделенеді.

Қазақстан тарихы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+МЕК] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: Қазақстан тарихының ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі негізгі даму кезеңдері туралы объективті тарихи білім беру. Күтілетін оқу нәтижелері: 1) Қазақстан тарихының негізгі даму кезеңдерін білу мен түсіну бойынша білімін көрсету; 2) сыни талдау негізінде тарихи өткеннің құбылыстары мен оқиғаларын адамзат қоғамының дүниежүзілік тарихи дамуының ортақ ұстанымдарымен ұштастыра білу; 3) Қазіргі Қазақстандағы құбылыстар мен тарихи үдерістері зерттеу барысында аналитикалық және аксиологиялық талдау дағдыларын игеру; 4) заманауи қазақстандық даму үлгісінің ішкі ерекшеліктерін объективті және жан-жақты зерделей білу; 5) Қазақстан тарихынының үдерістері мен тарихи құбылыстарды жүйелеу және сыни баға беру. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады: Ежелгі адамдар және көшпелі өркениетттің қалыптасуы, Түркі өркениеті және Ұлы дала, Жаңа дәурдегі Қазақстан (ХVIII-XX ғ.басы), Қазақстан кеңестік әкімшіл-әміршіл жүйенің құрамында, Қазақстан әлемдік қауымдастықта (1991-2022 жж.).

Топырақтану агрохимия негіздерімен
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты – топырақ, оның пайда болуы, қасиеттері, дамуы және эволюциясы, географиялық таралу заңдылықтары және өсімдік жамылғысымен өзара байланыс туралы білімді қалыптастыру. Курс топырақтың шығу тегін, дамуын, құрылысын, құрамын, қасиеттерін, режимін, құнарлылығын, таралуын зерттеуге бағытталған және қасиеттерін және режимдерін анықтау, топырақты қорғау және тиімді пайдалану бойынша іс-шараларды әзірлеу қабілетін қалыптастырады.

Философия
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: болашақ кәсіби қызмет контекстінде философия және оның негізгі мәселелері мен әдістері туралы жүйелі идеяларды қалыптастыру. Философияның тарихи дамуы контекстінде онтология мен метафизиканың негізгі мазмұны қарастырылады; әлемді ғылыми және философиялық тану әдістерін жіктеу; қазіргі әлемдегі негізгі дүниетанымдық ұғымдардың рөлі мен маңыздылығын негіздеу.

Фотограмметрия және аэроғарыш бейнесін түсіндіру
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсат - қашықтықтан зондтау және фотограмметрия материалдары бойынша жедел ақпаратты талдау мүмкіндігін пайдалану мүмкіндігін қалыптастыру. Пән: жоспар мен карталарды, заманауи түсіру жүйелерін құру, аэрофотосуреттердің метрикалық қасиеттерін зерттеу, сандық фотограмметриялық кескіндерді өңдеу технологияларын және жерге орналастыруда қашықтан зондтау деректерін қолдану үшін қашықтықтан зондтау деректерін пайдаланудың теориялық және практикалық негіздерін зерттеуге бағытталған.

Шаруашылық аралық жерге орналастыру Курстық жұмыс
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты - жерді ұтымды пайдалануды және қорғауды ұйымдастыру бойынша жобаларды жасау негіздерін пайдалану мүмкіндігін қалыптастыру. Пән ауыл шаруашылық және ауылшаруашылық емес кәсіпорындардың жер пайдалануларын құру бойынша жобаларды әзірлеу әдіснамасын қалыптастыруға; нарықтық қатынастарды ескере отырып, әртүрлі экологиялық жағдайларға сай барлық салаларда жерді ұтымды пайдалануды ұйымдастырудың ең жақсы жағдайларын жасау әдістері қарастырылады.

Шаруашылық жүйелері
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты – қазіргі заманғы егіншілік жүйесін дамытудың, бағалаудың және меңгерудің ғылыми негіздері, әдістері мен амалдары туралы білім, білік және дағдыларды қалыптастыру болып табылады. Курс қазіргі егіншілік жүйелерінің құрылымы мен мазмұнын, егіншілік жүйелерін жобалау әдістемесін зерттеуге, әр түрлі топырақ-климат жағдайларына байланысты егіншілік жүйелерін құру принциптерін меңгеруге бағытталған және өндірістік қызметтің негізгі параметрлерін ескере отырып, экономиканың егіншілік жүйесінің негізгі ішкі жүйелерін (буындарын) жоспарлау қабілетін қалыптастырады.

Шетел тілі
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: шет тіліндегі коммуникативтік құзыреттілік білімін жетілдіру. Коммуникативтік құзыреттілікті дамыту үшін негіз ретінде шет тілдік қарым-қатынастың сөйлеу қабілеттіліктері мен дағдыларының негізгі әдістері; сөйлеу әрекетінің барлық түрлерінде шет тілдік қарым-қатынастың кәсіби маңызды дағдылары мен тәжірибесін дамыту; ағылшын тілінде материалды іздеу, таңдау және пайдалану процесінде алынған сөйлеу дағдыларын іске асыру қарастырылады.

2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Абай ілімі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – болашақ мамандардың бойында өзін-өзі тану қабілетін қалыптастыру, Абай ілімін қазіргі Қазақстанның руханилығы мен зиялылығының негізі ретінде пайдалану, ел бірлігін және қоғамның азаматтық ынтымағын нығайту мақсатында өзінің кәсіби білімін, түсінігі мен қабілеттерін гуманизм және білім беру призмасы арқылы қолдана білу. Оқытылатын болады: Абай ілімі туралы түсінік; оқыту қайнары; Абай ілімінің құрамдас бөліктері; Абай ілімінің категориялары; Абай бағалау құралдары; Абай ілімінің мәні мен мағынасы.

Адам тіршілігі қауіпсіздігінің негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән адамның өмір сүру ортасында туындайтын қауіпті және зиянды факторлардан қауіпсіздікті қамтамасыз етудің теориялық және практикалық негіздерін, төтенше жағдайларда төнетін қауіп-қатерлерден қорғану ережелерін білуге студенттерді даярлау, зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету бойынша практикалық дағдыларды меңгеруге бағытталған.

Аудандық жоспарлау және қала құрылысы негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты - аумақты инженерлік ұйымдастыру элементтерін жобалау және орналастыру және қала құрылысы жоспарын жасау білімдері мен дағдыларын пайдалану мүмкіндігін қалыптастыру. Пән қалалық жоспарлаудың теориялық негіздерін, функционалдық аймақтарды бөлуді, аумақты жоспарлауды, қалалық жоспарлау мен аймақтық жоспарлаудағы жобалық шешімдерді техникалық және экономикалық бағалауды, бас жоспар құжаттарын әзірлеуді, инженерлік инфрақұрылым элементтерін құруға бағытталған.

Ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикасы және ұйымдастырылуы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты – техникалық, технологиялық, әлеуметтік және басқа факторларды ескере отырып, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында және оның бөлімшелерінде экономиканы дамытудың және ауыл шаруашылығы өндірісін ұтымды ұйымдастырудың жалпы ғылыми-теориялық принциптері мен практикалық бағыттарын зерделеу. Курс экономикалық заңдылықтардың әрекетін және олардың ауыл шаруашылығындағы көріну формаларын, өнеркәсіптегі экономикалық қатынастарды, оның спецификалық ерекшеліктерін және нарықтың қалыптасуын ескере отырып, ауыл шаруашылығының материалдық өндірістің басқа салаларымен өзара байланысын зерттеуге бағытталған. агроөнеркәсіп кешені.

Ауыл шаруашылық өндіріс негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты - жобалық зерттеулерді нақты нысандарға, құрылымдарға және әрекеттерге аудару сатысындағы өндірістік және технологиялық қызметке дайындау, ауылшаруашылық өндірісін жобалау, ауыл шаруашылығы жұмыстарын өндіру және ұйымдастыру дағдыларын меңгеру. Курс нақты өндірістік жағдайдың ерекшеліктерін зерттеуге, факторлардың экономикалық қызмет тиімділігіне әсер ету дәрежесін белгілеуге және өндірістік қуаттарды дамыту жоспарларын жасауға бағытталған.

Әл-Фараби және қазіргі заман
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – студенттердің әлемдік және ұлттық мәдениеттің даму контекстіндегі ұлы түркі ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылыми және философиялық мұрасы туралы түсініктерді қалыптастыру. Әл-Фараби мұрасының ерекшеліктері және оның түркі философиясының қалыптасуына тигізген әсері; шығыс философиясының Еуропалық Ренессансқа әсер ету сипаты; ұлттық және әлемдік философия тарихының дәстүрлі және қазіргі заманғы мәселелері қарастырылады.

Бағалық аймақтау және жерді бағалау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - жерді бағалық аймақтарға бөлуді және бағалау әдістерін және практикалық дағдыларды пайдалану мүмкіндігін қалыптастыру. Пән игеруге бағытталған: жер учаскелерінің құнын есептеу әдістері; жерге баға белгілеудің мақсаттары мен міндеттері; әртүрлі санаттағы жерді бағалау қағидаттары, жерді баға белгілеу әдістері мен тәсілдері, жерді бағалық аймақтарға бөлу принциптерін басшылыққа алу.

ГАЖ талдау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - кеңістіктік талдау мақсатында ГАЖ құралдарын пайдалану дағдыларын қалыптастыру. Пәннің мақсаты: ГАЖ талдауының негізгі тұжырымдамалық және терминологиялық аппараты; түрлі растрлық және векторлық ГАЖ талдауын жүргізу әдістерін және әдістемерін жіктеу; геодеректердің қарапайым кеңістіктік және кеңейтілген статистикалық талдауы; желілік модельдерді құру, желілік талдаудың типтік міндеттері, ГАЖ-дегі үш өлшемдік модельдеу.

Ғарыштық суреттерді өңдеу
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсат аэроғарыштық бейнелерді компьютермен өңдеу және интерпретациялау әдістерін, аэрофототүсірілім материалының сапасын бағалау және аэрофотосуреттің параметрлерін есептеу мүмкіндігін пайдалануды қалыптастыру. Пән кескіндерді компьютерлік өңдеу технологиясын меңгеру, сандық түсті кескіндерді автоматтандырылған интерпретациялау, ультра жоғары ажыратымдылықтағы суреттермен, радармен, гиперспектрлі, көпқырлы жұмыс жасау. Көп уақыттық кадрлар серияларын өңдеу. Ғарыштық суреттердің электрондық қорларын қолдануды зерттейді.

Ғылыми зерттеудің әдістері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: әдіснамалық және ғылыми мәдениетті қалыптастыру; ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жүргізуде білім, білік және дағдылар жүйесін қалыптастыру. Зерттеудің жалпы ғылыми әдістері, оның ішінде ғылыми білімнің объективті мазмұнын табу үшін ғылыми ақпаратты іздеу, өңдеу, жүйелеу, талдау, синтездеу, жалпылау және дәлелдеу әдістері зерделенеді.

Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: Мемлекеттік билік органдарының, саяси және қоғамдық ұйымдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қызметін талдау қабілетін қалыптастыру. Қазіргі қоғамдағы сыбайлас жемқорлық мәселелері туралы объективті білім беру. Жасанды интеллектінің (ЖИ) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, алдын алу және талдау үдерістеріндегі рөлін көрсету. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі ережелерін түсіндіру. Қазіргі заманғы цифрлық технологиялар мен ЖИ-дің талдамалық құралдарын ескере отырып, сыбайлас жемқорлықты еңсеру дағдыларын үйрету.

Жер мониторингі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – қарқынды ауылшаруашылық үрдісіндегі жердің ластануының жағдайы мен деңгейін бақылау және қадағалау жүйелері туралы білім, білік және дағдыларды дамыту. Курс Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі жер мониторингі жүйесін, жер ресурстары туралы ақпаратты сақтау және өңдеудің амалдары мен мониторинг әдістерін зерттеуге бағытталған.

Жерге орналастыру және кадастрдағы экономикалық-математикалық үлгілеу
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Жерге орналастырудың экономикалық және математикалық модельдерін құру және қолдану негіздері бойынша білімін пайдалану мүмкіндігін қалыптастыру. Пән есептеулерде пайдаланылатын математикалық әдістерді меңгеруге бағытталған; жерге орналастырудағы математикалық модельдерді жасау және модельдеу процестеріндегі есептеу технологияларында практикалық дағдыларын жерге орналастыруда қолдану; жерге орналастыру процестеріне модель жасауға және модельдеуге үйрету.

Жерге орналастыру жұмыстарындағы AUTOCAD
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты - AUTOCAD-ты ұйымдастырудың, өзара әрекеттесуінің және функционалдық мүмкіндіктерінің негізгі мәселелерін және оларды жерге орналастыруда, кадастрда және аумақтық жоспарлауда пайдалануды меңгере отырып, қазіргі заманғы автоматтандырылған жобалау жүйелері туралы базалық білімдерді қалыптастыру болып табылады. Курс ғылыми-техникалық, конструкторлық және қызметтік құжаттамаларды әзірлеу дағдыларын меңгеруге, географиялық ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, ғылыми-техникалық есептерді, шолуларды, жарияланымдарды дайындауға бағытталған.

Жерге орналастыру сызбасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты – картографиялық құжаттарды орындау және оқу бойынша білім, білік және дағдыны меңгеру негізінде жерге орналастыру және кадастр жұмыстарын топографиялық, геодезиялық және картографиялық қамтамасыз ету мәселелерін шешу. Курс жерге орналастыру және жер-кадастрлық құжаттарды жобалау үшін қолданылатын негізгі қаріптердің әріптері мен сандарын салу және сызудың графикалық әдістерін меңгеруге, шартты белгілерді салу және сызу, жерге орналастыру жобаларының графикалық дизайнын меңгеруге, графикалық жобалаудың заманауи автоматтандырылған технологияларын үйренуге бағытталған.

Жерге орналастыру экономикасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсат жерге орналастырудың экономикалық мәні, схемалары мен жобаларының тиімділігін бағалау принциптері, әдістері мен критерийлері бойынша білімдерін пайдалану мүмкіндігін қалыптастыру. Пән жерге орналастырудың экономикалық тиімділігі теориясының негіздерін, жоба шешімдерін техникалық-экономикалық және экологиялық негіздеуді, шаруашылық аралық, ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобаларының және учаскелік жұмыс жобаларының жоба шешімдерінің экономиялық тиімділігін бағалау негіздерін зерттейді.

Жерге орналастырудағы автоматтандырылған жобалау жүйелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – автоматтандырылған жүйелерді талдау, жобалау және техникалық қызмет көрсету әдістерін зерттеу. Пән жерге орналастыру ақпаратын жинауға, жинақтауға, өңдеуге және сақтауға, оны есептеулерге дайындауға, ақпаратты енгізуге және оны электронды түрлендіруге мүмкіндік беретін экономикалық-математикалық әдістерді, модельдеуді және бағдарламалық-техникалық құралдар кешенін зерттеуге және пайдалануға бағытталған.

Жерге орналастырудағы геоақпараттық технологиялар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты - географиялық ақпараттық жүйелерді талдаудың, жобалаудың және пайдаланудың, жинақтау, жерді іздестіру және жер кадастры туралы ақпаратты сақтау және өңдеу операцияларын жасаудың жалпы әдістерін пайдалану мүмкіндігін қалыптастыру. Пәнді меңгеру: ақпаратты жинау, дайындау және өңдеу әдістерін қалыптастыру; графикалық және параметрлік дерекқорларды пайдалану; кеңістіктік ақпаратты ұйымдастыру әдістерін анықтау; Деректер банктерін пайдалану.

Жерге салық салу жүйесі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты жер салығын, салық салудың және әкімшілік жүргізудің негізгі принциптері туралы білімді пайдалану мүмкіндігін қалыптастыру. Пән зерттейді: жер салығын жинау теориясы мен практикасы, мемлекеттің жер салығы саясатын қалыптастыру, салық жүйесін құру, салық салу қызметін реттейтін заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер; Жер категориясы бойынша жер салығының базалық ставкаларын анықтау.

Жерді мелиорациялау және қалпына келтіру
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты - жер ресурстарын тиімді және экологиялық қауіпсіз басқару мен пайдалануды қамтамасыз ету үшін мелиорация және рекультивация саласында теориялық, практикалық білімді және дағдыларды меңгеру болып табылады. Курс суару жүйесін, топырақтың су режимін оқып білуге, суағару және суару нормаларын анықтауға, суару су сапасын бағалау, дренаждық және ирригациялық жүйелерді, дренаждық каналдарды, жерді құрғатуды жобалау, топырақ эрозиясымен күресу, рекультивация әдістерін меңгеруге бағытталған.

Жер-мүліктік қатынастарды мемлекеттік реттеу
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты - жерді және мүліктіктік қатынастарды мемлекеттік реттеуді жүзеге асырудың құқықтық аспектілеріне қатысты білімді пайдалану мүмкіндігін қалыптастыру. Пән: жер қатынастарын реттеудегі мемлекеттік және әкімшілік қызметінің негіздері, жердің барлық санаттарына қатысты билік органдары жүзеге асыратын жер қатынастарын мемлекеттік реттеудің функцияларының ерекшеліктері, жер санаттары бойынша жерлерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері.

Инклюзияға кіріспе
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: инклюзивті білім беру негіздерінің ғылыми-теориялық білімдер жүйесін меңгеру, ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалармен өзара әрекеттесуді ұйымдастырудың құндылық бағдарларын қалыптастыру, инклюзивті ортада кәсіби қызмет саласындағы құзыреттерді меңгерту

Кәсіпкерлік
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән студенттердің экономикалық ойлауын қалыптастыруға және кәсіпкерлік құзыреттерін дамытуға бағытталған. Курстың аясында нарықтық экономиканың негізгі заңдылықтары мен кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың негіздері қарастырылады. Студенттер экономиканың жұмыс істеу механизмін, бизнестің әлеуметтік-экономикалық дамудағы рөлін, кәсіпкерлікті құру және жүргізу кезеңдерін зерттейді.

Қаржы сауаттылығының негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: қаржылық ақпаратты түсіну мен олардың жеке қаржы мәселелеріне қатысты сауатты және негізделген шешімдер қабылдау үшін студенттерде ұтымды қаржылық мінез-құлықты қалыптастыру, сонымен қатар сыни тұрғыдан бағалау қабілетін арттыру, қаржылық құралдарды, оның ішінде цифрлық технологияларды пайдалану арқылы қаржылық қызметтерді тұтынушылар ретінде олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға байланысты процестерді талдау.

Қоршаған ортаны құқықтық қорғау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ортаның қалпына келтіру, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және молықтыру, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету білімдерін пайдалану мүмкіндігін қалыптастыру. Пән: жерді, топырақты, суды, өсімдіктер дүниесін, жануарлар әлемін қорғау құқықтық нормаларды зерделеу; қалалардың экологиялық проблемалары, зиянды химиялық заттармен ауаның ластануы, шудың болуы, өндірістік қалдықтар, қорғалатын аудандардың құқықтық режимінің сақталуы.

Территорияны инженерлік жабдықтау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсат - аумақты инженерлік ұйымдастыру элементтерін жобалау мен орналастырудағы теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларды пайдалану мүмкіндігін қалыптастыру. Пән зерттейді: аумақты инженерлік орналастыру ұйымдастыру әдістерін қалыптастыруды: жолдар мен көшелерді орналастыру, бойлық және көлденең профильдерді жобалау, жер жұмыстары көлемін анықтау. Жолдар мен өткелдердегі құрылыстар. Жолдар мен өткелдерде дренаж жасау.

Шаруашылық жүйелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – қазіргі заманғы егіншілік жүйесін дамытудың, бағалаудың және меңгерудің ғылыми негіздері, әдістері мен амалдары туралы білім, білік және дағдыларды қалыптастыру болып табылады. Курс егіншілік жүйелерінің құрылымы мен мазмұнын, егіншілік жүйелерін жобалау әдістемесін зерттейді және өндірістік қызметтің негізгі параметрлерін ескере отырып, экономиканың егіншілік жүйесінің негізгі ішкі жүйелерін жоспарлау қабілетін қалыптастырады.

Экология және адам тіршілігінің қауіпсіздігі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – адамның табиғатпен өзара әрекеттесу жағдайларын үйлесімді оңтайландыру қағидаттарын іске асыратын табиғатты пайдаланудың заманауи тұжырымдамаларына негізделген бірқатар негізгі құзыреттерді қалыптастыру. Оқытылатын болады: адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін табиғи ресурстарды тұрақты дамыту, сақтау және молайту қағидаттары, тәуекелдерді бағалау және азайту әдістері, қауіптерден, апаттардың салдарын жою шаралары, табиғи апаттар, қоршаған ортаны қорғау және қоршаған ортаны ұтымды басқару.

Экология және тұрақты даму
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән студенттерде экологиялық дүниетанымды қалыптастыруға, табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланысты ғылыми тұрғыда түсіндіруге және тұрақты дамудың мақсаттары мен принциптері жөнінде кешенді білім беруге бағытталған. Пән аясында жаһандық және өңірлік экологиялық мәселелер, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану жолдары қарастырылады. Студенттер тұрақты даму саласында ғылыми негізделген, жауапты шешімдер қабылдау дағдыларын меңгереді.

2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Дипломалды
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Практиканың мақсаты – оқу процесі барысында алынған теориялық білімді тереңдету және бекіту, іріктеу және жүйелеу материал үшін дипломдық жұмысты орындау; дипломдық жұмысты жазу; дипломдық жұмысты алдын ала қорғау

Кәсіби (оқу)
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Мақсаты - практикада «Геодезия» пәнін меңгеру барысында қалыптасқан білімдерін және дағдыларын жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу өндірістік жағдайларына барынша жақындату арқылы қолданып, сол жұмыстарды далалық жағдайда орындау арқылы тәжірибе алу мүмкіндігін қалыптастыру. Тәжірибе нәтижесінде студент орындай алады: 1. геодезиялық құралдарды қолдануды; 2. теодолиттерді, нивелирлерді, тахеометрлерді тексеру және оларды жұмыс орнында орнатуды; 3) жер пайдалану шекарасы бойымен теодолиттік жүріс салу және өлшеу қателіктерінің шет мәнін анықтауға және түзетпелер енгізуге; 4. өлшеу қателіктерінің өлшеу қателіктерінің шет мәнін анықтауға және түзетпелер енгізуге; 5. тахеометрикалық түсіру жүргізуге; 6. далалық өлшеуді камералық өңдеуге; 7. Жер пайдаланудың жоспарын жасауды, бойлық және көлденең профильдерді және басқа қажетті сызбаларды жасауға. Геодезия пәні бойынша тәжірибе білім беру процессының оқу практикасы циклына жатады. Оқу тәжірибесі барысында геодезиялық жұмыстардың мынадай түрлері орындалады: геодезиялық аспаптарды тексеру және жұмыс орнында орнату: центрлеу, горизонтальдау; теодолиттік жүріс жүргізу, нивелирлеу, тахеометрлік түсіріс жасау; жер пайдалану бойынша өлшеу қателіктерінің шет мәнін анықтау; рұқсат етілген мәндерден өлшеу қателіктерін асып кеткен жағдайда қайта өлшеу жүргізіледі; нивелирлеу бойынша өлшеу қателіктерін тексеру; жергілікті жерде түсіру жұмысын жасау және сол жердің жоспарын жасау.

Өндірістік
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Практиканың мақсаты – таңдаған мамандық саласында кәсіби білімді қалыптастыру, бағдарламаның бағыттары мен арнайы пәндері бойынша алынған теориялық білімді бекіту, таңдаған мамандандырылған даярлық бағыты бойынша қажетті кәсіби құзыреттілікті меңгеру. Өндірістік практика практикалық құзыреттілікті қалыптастыру үшін жағдай жасауға арналған

Учебная
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Практиканың мақсаты – алған теориялық білімдерін бекіту, студенттерге кәсіби бағыт беру; кафедраның, факультеттің, университеттің ғылыми қызметі бағыттарымен, құрылымымен танысу. Кафедрадан бекітілген практикаға жауапты оқытушылардың кеңесі, бағыт-бағдары зерделенетін болады; кафедраның ғылыми бағыттарымен, факультет пен университет құрылымымен танысу

2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген