Иностранным абитуриентам
Туризм

Туризм

БIЛIКТIЛIГІ

  • ғылыми - педагогикалық бағыт - философия докторы (PhD)

ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ

ON1: Ғылыми негіздер мен практикалық тәжірибені терең түсіну және объективті талдау негізінде туризм саласындағы инновациялық, жаңа, шығармашылық ғылыми-теориялық, әдістемелік, педагогикалық, практикалық шешімдерді әзірлейді.
ON2: Жоғары білім беру саласын қоса алғанда, ғылыми және ғылыми-өндірістік мекемелерде зерттеу қызметінің алгоритмдері мен құралдарын виртуоздық меңгеру негізінде туризм саласындағы ғылыми әзірлемелерді орындайды;
ON3: Мемлекеттік туристік бағдарламаларды әзірлейді: туристік, стратегиялық, тактикалық, операциялық құжаттарды, нормативтерді, капитал нарықтарын дамытуды, қазіргі заманғы туристік индустрияның проблемаларын кешенді талдау мен құрылымдауды есепке ала отырып басшылық ету.
ON4: Туризмнің қазіргі заманғы индустриясын қалыптастыру мен дамытудың ғылыми тұжырымдамалары мен тәсілдерін жасайды, туризмді дамыту динамикасының сандық көрсеткіштерін, оның ішінде жоспарлау, тікелей зерттеулер жүргізу, нәтижелер мен қорытындыларды қорыту сатыларындағы нәтижелерді пайдалана отырып, BigDates қолдана отырып түсіндіру;
ON5: Бейіндік мамандарды дайындау және ЖОО-да аудиториядан тыс жұмыстарды ұйымдастыру үшін инновациялық және авторлық білім беру технологиялары мен әдістемелерін әзірлеумен дербес оқу, оқу-әдістемелік және басқа да педагогикалық әзірлемелерді орындайды.
ON6: Ғылыми-зерттеу, педагогикалық және әлеуметтік-мәдени жобалар үшін кәсіби туристік салада сараптамалық бағалау мен консалтинг, туристік кәсіпорындар үшін проблемаларды диагностикалау және олардың атаулы шешімдерін әзірлеу.
ON7: Кәсіби туристік саладағы міндеттердің кең спектрін шешу үшін сандық (математикалық және статистикалық), сапалық, картографиялық (жаңа ГАЖ-технологияларды, ЖҚЗ пайдалана отырып) зерттеу әдістерін әзірлейді және қолданады.
ON8: Ғылыми монография, тезистер, ғылыми баяндама, мақала, реферат, инновациялық идеялардың тұсаукесерімен іскерлік хат алмасу және кәсіби аудитория мен маман емес мамандар үшін дәлелді пікір түрінде нәтижелерін ұсына отырып тәжірибелік материалды талдайды.
ON9: Тұтынушылардың қалауын болжайды, баға белгілеу және салық салу тетіктерін модельдейді, технологиялық, ақпараттық сүйемелдеуді, туристік бизнесті қолдау және дамыту құралдарын құрады.
ON10: Туризм саласындағы практикалық, басқарушылық қызметті басқарушылық тапсырмаларды тиімді шешу арқылы ұйымдастырады және тиімді үйлестіреді.
ON11: Бірегей комбинация, операциялық әдістер мен құралдардың инновациялық кешені немесе танымал туристік өнімдерді, аумақтарды жобалау, туризмді дамыту үшін авторлық тәсіл негізінде сандық, қаржылық, ресурстық және басқа да есептерді орындайды.
ON12: Өркениетті ғылыми және кәсіби пікірталастар жүргізеді, кәсіби сипаттағы ғылыми, педагогикалық, танымал жұмыстарды отандық және шетелдік басылымдарда, соның ішінде озық шет тілінде жариялайды.

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Туризм
Мамандық шифры
8D11101
Факультеті
География және табиғатты пайдалану

пәндер

Академиялық жазу
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнніңмақсаты: PhD докторанттардың халықаралық гранттық қаржыландыру шеңберінде зерттеулерге өтінім дайындау үшін тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру. Зерделенетін болады: ұлттық гранттық және халықаралық қаржыландыру үшін ғылыми өтінімдердің құрылымы, ғылыми жобаның бюджетін дайындау, зерттеу тобын қалыптастыру, Scopus/WoS базаларына енетін туризм саласындағы жоғары рейтингтік журналдарда мақалаларды жазу ерекшеліктері.

Ғылыми зерттеудің әдістері
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: туризм және қонақжайлылық индустриясының қазіргі жағдайын талдау үшін ғылыми зерттеулердің әдіснамасы мен теориясын жүйелі түсіну қабілетін қалыптастыру. Зерделенетін болады: туризм туралы ғылымның мазмұны мен функциялары; өткен және қазіргі кезеңдегі ғылыми зерттеулердің парадигмалары; ғылыми кадрларды аттестаттау жүйесі; туристік зерттеулерде білім алудың әдіснамасы мен әдістері, зияткерлік меншік

Туризмдегі жүйелік талдау және моделдеу
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: ақпараттармен жүйелі жұмыс істеу қабілетін қалыптастыру, туризмнің тұрақты моделін әзірлеу, перспективалы жоспарлау үшін қажетті мәліметтерді түсіндіру. Зерттелетін болады: логикалық құрылымдарды моделдеуде, схемалар мен процестерді визуалдауда зияткерлік дағдылардың рөлі; басқару процестерін технологияландыру және моделдеу; туризм туралы деректерді генерациялау, өңдеу; кәсіпорынды басқару сценарийлерін қалыптастыру, бизнес-серіктестердің, клиенттердің және турфирма қызметкерлерінің мінез-құлқын қалыптастыру.

Туристтік білім беру саласындагы дидактикалық мәселелрді зерттеулер
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: білім беру траекториясын сапалы құру үшін ЖОО-ның білім беру бағдарламаларының мазмұнының көлемі мен құрылымын анықтау, оқытудың әртүрлі жүйесі негізінде педагогикалық кәсіби қызмет қабілетін қалыптастыру. Зерттелетін болады: жоғары туристік білім беру жүйесіндегі педагогикалық шеберліктің бағыттары, жетілдіру жолдары, оның ішінде белгілі мамандар мысалында; ЕТҚ-дағы типтік, эксперименттік және инновациялық оқыту жүйелері мен технологиялары.

2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Қаржы нарығын зерттеу
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: корпоративтік қаржы теориясы мен практикасы дамуының қазіргі бағыттарын, қаржылық шешімдерді талдау моделдерінің ерекшеліктерін, оларды эмпирикалық тексеру нәтижелері мен құралдарын, жетілген және дамушы туризм нарықтары жағдайында тану қабілетін қалыптастыру. Қаралатын болады: қаржылық шешімдерді талдау үлгілері; әр тараптандырылған компаниялар капиталының ішкі нарықтары; туризмді дамыту перспективаларын ескере отырып, капиталдың ішкі нарықтарының тиімділігін арттыру тәсілдері.

Қолданбалы ғылыми зерттеулерді жобалау (ағылшын тілінде)
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: Туризмдегі қолданбалы ғылыми зерттеулерді (ҚҒЗ) басқару, жұмыстарын жоспарлау және ұйымдастыру саласындағы қабілеттерін қалыптастыру. Зерттелетін болады: туризмдегі қолданбалы ғылыми зерттеулерді жобалаудың әдіснамалық негіздері; ҚҒЗ-ді жобалау бойынша жұмыс кезеңдері; туризмдегі ҚҒЗ-дің жекелеген түрлерін жобалауды ресурстық қамтамасыз ету.

Туризмді мемлекеттік баскару: шетелдік және отандык тәжірибе
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: туризм саласындағы мемлекеттік жобалауды оңтайландыруға ықпал ететін Қазақстан мысалында қазіргі экономикалық жағдайларда туризм саласындағы мемлекеттік жобалардың тиімділігін бағалау қабілетін қалыптастыру. Зерттелетін болады: туризм саласын мемлекеттік басқарудың ерекшеліктері мен үлгілері; туризм саласын мемлекеттік басқару органдарының қызметі; шет елдердегі туризм саласын тиімді мемлекеттік басқару тәжірибесін талдау.

Туризмді территориялық аудандастыруда ГАЖ- технологиялар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: туризмді аумақтық ұйымдастырудың практикалық міндеттерін шешу үшін GIS-технологиялармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Зерттелетін болады: қазіргі заманғы ГАЖ-технологиялар; туризм инфрақұрылым объектілерін орналастыру және зерделеу үшін ГАЖ-технологияларды қолдану саласы; туристік кластерлер мен дестинациялардың картографиялық модельдерін құру үшін GIS мүмкіндіктері (ArcGIS мысалында).

2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Зерттеу
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.

2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген