Иностранным абитуриентам
Ғарыштық техника және технологиялар

Ғарыштық техника және технологиялар

БIЛIКТIЛIГІ

  • ғылыми - педагогикалық бағыт - философия докторы (PhD)

ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ

1.ON1 жүргізілген тәжірибелер, бақылаулар, қашықтықтан зондтау негізінде алынған мәліметтер жиынындағы заңдылықтар мен үрдісті анықтау үшін және оларды түсіндіру үшін, заманауи компьютерлік технологияларды қолдана отырып, ғылыми деректерді өңдеу;
2.ON2 радиобайланыс пен хабар таратудың сандық технологиялары туралы жүйелі білімді қолдана отырып, әртүрлі мақсаттардағы ғарыш аппараттарының байланыс жүйесін жобалау;
3. ON3 пайдаланылатын құраушыларды, күтілетін тәуекелдерді және мүмкін істен шығуларды ескеріп, жобаларды басқару әдістері мен заманауи бағдарламалық құралдарды қолдану арқылы ғарыштық жүйелер мен ғарыштық жүйелерді жобалаудың кезеңдерін жасау;
4. ON4 жер үсті кешені мен ғарыш аппараты арасындағы ақпарат алмасуды тиімділеу үшін, жасалған автоматты жер үсті басқару кешенін жетілдіру;
5. ON5 заманауи басқару әдістері негізінде ғарыштық жүйелерді сызықсыз басқаруды ситездеу үшін алгоримдер жасау;
6. ON6 жаһандық позициялану жүйелерін жобалау үшін қажетті алгоритмдер мен бағдарламалық қамтаманы синтездеу;
7. ON7 классикалық және заманауи әдістер арқылы және оларды практикалық жүзеге асыру әдістері арқылы ғарыш аппаратының ұшуын басқару жүйесінің негізгі параметрлерін есептеу және анықтау;
8. ON8 ENVI бағдарламалық қамтамасын қолдану арқылы қашықтықтан зондтау деректерін өңдеудің нәтижелерін жүйелеу және түсіндіру және оларды ГАЖ деректерімен интеграциялау;
9. ON9 ғарыш аппараттарының заманауи жүйелерін жобалау, ғарыш аппараттарын тұрақтандырудың әртүрлі режимдерін жасау, ғарыш аппараттарын бағдарлау және тұрақтандыру жүйелерінің дәлдігін арттыру мен динамикасы мәселелерін шешу;
10. ON10 ғарыштық технологиялар саласындағы әдістемелік көзқарастарды бағалау және оларға критикалық талдау жасау, креативті синтездеу, зертеудің жаңа гипотезаларын және зерттеу әдістерін ұсыну;
11. ON11 жоғарғы білім беру мекемелерінде заманауи білім беру технологиялары мен әдістерін қолдана отырып, бакалавриат және магистратура пәндері бойынша сабақтар мен аудиториядан тыс жұмыстар жүргізу үшін оқу-әдістемелік материалдарын дайындау;
12. ON12 ғылыми мәселелерді шешу үшін, қоғамда сыпайы және толерантты қарым-қатынасқа, әлеуметтік қарым-қатынысқа және ынтымақтастыққа дайын болу.

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Ғарыштық техника және технологиялар
Мамандық шифры
8D07111
Факультеті
Механика-математика

пәндер

Академиялық жазу
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: докторанттарда ғылыми-педагогикалық кадрлардың жеке зерттеу жобаларын, бағдарламаларын жүргізу, олардың нәтижелерін Қазақстан Республикасы және халықаралық академиялық қоғамның заңнамалық нормаларына сәйкес жазбаша түрде көрсету, мемлекеттік және шет тілдерінде жарияланым жасау бесенділігін көрсету қабілеттерін қалыптастыруға бағытталған сәйкес кәсіби құзыреттіліктерін дамыту болып табылады.

Ғарыштық аппаратты жобалау және миссиясын жасау
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: ғарыштық миссияларды әзірлеу және орындау бойынша білім қалыптастыру. Қазақстанның ғарыш саласының мәселелерін шешуде және ғылыми жобаларды әзірлеуде жүйелі дағдыларды қалыптастыру; халықаралық ғарыш миссиялары және жаңа ғарыш жүйелерін пайдалану туралы білім беру; ғарыш саласының перспективалық технологияларын талдау және әртүрлі мақсаттағы ғарыш аппараттары бағдарламаларының жобаларын әзірлеу қабілетін дамыту.

Ғылыми зерттеудің әдістері
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: есептің қойылымына сәйкес ғылыми зерттеу әдісін (аналитикалық, эксперименттік, сандық) анықтау, ғылыми мәліметтерді талдау, түсіндіру, мәліметтер қорымен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру; модельдеу, эксперимент жасау, бақылау нәтижесінде алынған мәліметтерді өңдеу, визуализация әдістерін қолдану және деректерді статистикалық талдау. Пәннің қысқаша мазмұны: ғылыми зерттеу әдістері, деректерді өңдеу мен талдау әдістері, эмпирикалық ақпаратты өңдеу әдістері, деректерді талдау кезеңдері, алынған мәліметтерді түсіндіру.

Қолданбалы есептердегі серіктік мәліметтерді өңдеу және талдау әдістері
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: әртүрлі қолданбалы және ғылыми салаларда қолдану үшін серіктік мәліметтерді өңдеу және талдаудың заманауи әдістерін меңгеру. Докторанттар заманауи әдістер мен құралдарды пайдалана отырып, серіктік деректерді өңдей алады, нәтижелерді талдайды және құнды ақпаратты алады, әртүрлі салалардағы мәселелерді шешу үшін спутниктік деректерді қолдана алады және спутниктік деректер негізінде жоғары сапалы ғылыми зерттеулерді әзірлейді және жүргізеді.

2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Ғарыш аппараттының ұшуын басқару
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: докторанттардың әр түрлі мақсаттардағы ғарыш аппараттарын ұшыруды басқарудың теориялық және практикалық негіздері туралы білімдерін қалыптастыру, басқару жүйелерінің негізгі мәселелерімен таныстыру, классикалық және заманауи әдістерге негізделген ғарыш аппараттарының басқару жүйелерін синтездеу мәселелерін қоюды және шешуді үйрету, докторанттарды пән бойынша өз бетінше ғылыми-практикалық жұмыс жасауға дайындау.

Ғарыш аппаратын басқарудың жердегі автоматтандырылған кешені
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: ғарыштық жүйелердің жерүсті сегменттерін басқару және жерүсті ғарыш аппараттарын басқаратын жерүсті станцияларын жасау дағдыларын меңгеру. Автоматтандырылған кешенді жобалауды, радиобайланыс бюджетін есептеуді, жабдықты және бағдарламалық қамтамасыз етуді таңдауды, арна байланысын модельдеуді, сигналдармен жұмыс істеуді және SDR технологияларын қолдануды қамтиды. Докторанттар электрмен жабдықтау жүйелерін әзірлеуді, ұшуларды имитациялауды және ғарыш аппараттарымен ақпарат алмасуды қамтамасыз етуді үйренеді.

Жаһандық позициялау жүйелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: докторанттардың жаһандық объектілерді, оның ішінде ғарыш аппараттарын позициялау жүйелерінің заманауи әдістері мен құралдары туралы білімдерін қалыптастыру. Докторанттар заманауи жаһандық навигациялық жүйелердің алгоритмдері мен құралдарын, серіктік позициялаудың заманауи технологияларын оқиды; жаһандық позициялау мәселелері үшін қажетті алгоритмдер мен бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуді үйренеді; серіктік позициялау жүйелерінің жеке құрамдас бөліктерін жобалауға; әзірленген серіктік позициялау бағдарламаларын тексеруді жүзеге асыруға қабілетті болады.

Жетілдірілген серіктік байланыс жүйелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты заманауи серіктік навигация жүйелері туралы білімді қалыптастыру, олардың жұмыс істеу қағидаларымен, радиобайланыс және хабар таратудың цифрлық технологиясы саласындағы білімді қалыптастыру, жылжымалы объектілерді, соның ішінде ғарыш аппараттарын навигациялау, цифрлық радиобайланыс және навигация жүйелерін жобалау және есептеу дағдыларын игеру, докторанттарды қз бетінше пәндік салада тәуелсіз ғылыми және практикалық жұмыстар жүргізуге дайындау.

Сызықсыз жүйелерді басқаруды жобалау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: сызықсыз басқару жүйелерін талдау және жобалау қабылеттерін қалыптастыру. Қарастырылатын мәселелер: сызықты және сызықсыз жүйелер, кері байланыстар, динамикалық объектілердің теңдеулері және оны сызықты түрге келтіру, жүйелердің басқарылуын, бақыланымдығын және орнықтылығын зерттеу, басқару жүйесін синтездеудің модальды әдістері, LQR тиімділік әдістері, сызықты және сызықсыз басқару жүйелерін талдауға компьютерлік модельдеу орталарын пайдалану.

2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Зерттеу
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.

2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген