Иностранным абитуриентам
Дүниежүзі тарихы (Ла Сапиенца)

Дүниежүзі тарихы (Ла Сапиенца)

БIЛIКТIЛIГІ

  • ғылыми - педагогикалық бағыт - гуманитарлық ғылымдар магистрі

ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ

ON1 Тарихи оқиғалардың себеп-салдарын негіздеу. Тарихи фактілердің ортақтығын және ерекшеліктерін ескере отырып салыстыру; Тарихи құбылыстар мен оқиғалардың себептері мен салдарын талдау. Қазіргі ғылыми жетістіктерді сараптау, сыни бағалау. Зерттеу және тәжірибелік мәселелерді шешуде жаңа идеяларды қалыптастыру; кешенді зерттеулерді ұйымдастыру және жүзеге асыру;
ON2 Жаһандану және аймақтандыру үдерістерінің диалектикалық қатынастарын талдау; осы процестердің әлемдік саясатқа, халықаралық қатынастарға және халықаралық экономикалық саясатқа әсерін бағалау; халықаралық қатынастар мен әлемдік саясатты дамыту үрдістерін болжау; Жаһандық және өңірлік халықаралық ұйымдар қызметінің мақсаттарын, сипаты мен нысандарын анықтау; сыртқы саясат мәселелеріне анализ жасай білу және олардың перспективаларын болжай білу;
ON3 Тарихты оқытуда заманауи ғылыми әдістерді, әдістер мен оқыту құралдарын қолдана алу. Білім беру ұйымдары саясатының шеңберінде оқыту мен білім берудің әдістері мен құралдарын өз бетінше таңдау; Психологиялық-педагогикалық практиканың негізгі тенденцияларын талдау және оқу-тәрбие үрдісін жобалау; әртүрлі стратегияларды, оқыту мен тәрбие берудің әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып лекторлық және кураторлық шеберлікке ие болу;
ON4 Әлемдік саяси үдерістің үлгісін және негізгі кезеңдерін анықтау. Қазіргі саяси оқиғаларды микро және макро деңгейде бағалау; саяси процесте азаматтықтың маңыздылығын түсіну және әлеуметтік даму үдерістерін бағалау; дүниежүзілік тарихтағы ішкі саяси және халықаралық саяси процестердің өзара байланысын көрсету; әлемдік саяси процестердің негізгі мәселелерін сараптау;
ON5 Отаршылдық саясаттың шығысқа қарай, тұтастай алғанда, қазіргі Шығыста жүріп жатқан және болып жатқан барлық процестерді ескере отырып талдау жасау; отарлық және тәуелді Шығыстағы елдерде түбегейлі жаңа мемлекеттердің және тиісті жаңа қоғамның қалыптасуын талдау;
Әлеуметтік-экономикалық процестерге, әлеуметтік және демографиялық саясаттың қалыптасуына демографиялық өзгерістердің ықпалын білу;
ON6 Әлеуметтік-экономикалық үрдістер мен құбылыстар туралы ішкі және сыртқы статистика деректерін талдау және сыннан өткізе білу, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің үрдістерін анықтау;
Халықаралық сот органдарының ұйымы мен қызметін реттейтін халықаралық құқықтың негізгі ережелерін түсіндіре білу;
Ғылым мен гуманитарлық білімде әлеуметтік тарихты ғылыми бағыт ретінде көрсете білу; әлеуметтік тарих контексінде дамып жатқан ғылыми бағыттар мен ғылыми мектептерді сараптай білу;
ON7 Еуропа елдерінің мәдениетінің дамуының негізгі заңдарын, әлемдік тарихи үдерістің заңдарымен ажырағысыз байланысын талдау;
Батыс Еуропадағы ұлы ойшылдардың негізгі ойларын және олардың батыс елдерінің санасын қалыптастырудағы рөлін талдау;
Табиғат және әлеуметтік зерттеулер объектісі ретінде адамның ерекшелігін түсіндіру; адамзаттың табиғи тарихы және қазба популяциясының биосационалдық сипаттамасын көрсете білу; Адамзат тарихындағы инновацияның рөлін анықтау;
ON8 Саяси ойлардың, әлеуметтік тарихтың, антропологияның, халықаралық экономикалық процестердің, рухани мәдениеттің генезисін зерттеуде пәнаралық синтездің инновациялық әдістерін қолдану;
Дереккөзді зерттеу әдістері негізінде тарихи шындықтың ерекшеліктерін анықтау. Тарих ғылымының ғылыми әдістерін және зерттеу әдістерін қолдану. Тарихтың қазіргі заманғы бағыттарында жаңа білімдерді немесе практикалық қосымшаларды құру үшін ғылыми жобаларды тұжырымдау, әзірлеу және енгізу.
ON9 Сараптамалық бағалау, салыстыру әдістерін меңгеру; ғаламдық экономикада, саясатта орын алған оқиғалардың маңызды мәндерін айқындайтын ғылыми талдау және абстрагирование тәсілін меңгеру; маңызды халықаралық-құқықтық концепцияларды интерпритациялау, юридикалық ой-сана негізінің, құқықтық мәдениеттің, кәсіби ортада табысты қызметке тұрақты мотивацияның қалыптасуы үшін олардың тарихи және жалпытеоретикалық мәнін бағалай білу;
ON10 Адам және қоғам арасындағы қарым-қатынас тарихын, рухани мәдениеттің, ғылым мен коммуникацияның эволюциясын, әлеуметтік тарихты ғылыми білім мен гуманитарлық білім беру жүйесінде ғылыми тұрғыдан қалыптастыру, қалыптасу тарихы мен теориясы туралы тұтас пәнаралық түсінігі болуы керек;
Өзінің кәсіби қызметінде пәнаралық ғылымның жетістіктерін пайдалана білу: әлуметтану, экономика, психология, халықаралық құқық;
ON11 Өзіндік тарихи сана, ғылыми әдептілік, алдағы өткен ғалымдардың ісі мен қызметіне сыйластықпен қарауды, шығармашылық инициативаны, адамгершілік көзқарасты, тарих ғылымының қоғамдық рөлі мен маңызын түсіну қабілеттерін көрсете білу. Патриоттық принциптерге, азаматтық пен толеранттыққа негізделген позитивті коммуникативті дағдыға ие болу, қазіргі жаһандық қоғамның өмір сүруінің шарты ретінде мәдениаралық байланысты түсіну. Әлеуметтік-экономикалық және білім мәселелеріне қатысты өзінің көзқарасын білдіре алу;
ON12 Әріптестермен және басшылармен кәсіби қарым-қатынас орната білу; Адамдардың кәсіби қызметіндегі әлеуметтік-мәдени айырмашылықтарды ескеру. Тәуелсіз ойлау, пікірталас, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру; Ағылшын тіліндегі мәтінді ауызша және жазбаша аудару дағдыларын дамыту. Ағылшын тілінде сөйлеу дағдыларын меңгеру. Рационалды және өз бетінше, танымдық және кәсіби қызметінің нәтижесінде алынған өз ой-тұжырымдарын негізге ала отырып іс-әрекет жасай білу.

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Дүниежүзі тарихы (Ла Сапиенца)
Мамандық шифры
7M02208
Факультеті
Тарих

пәндер

Басқару психологиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: басқару психологиясының іргелі ұғымдарын зерделеу негізінде жоғары білікті мамандарды ғылыми даярлауды қамтамасыз ету, кәсіби қалыптасу процесінде басқару саласының маңызды аспектілерін теориялық түсіну және практикалық қолдану үшін алғышарттар жасау. Курс психикалық процестердің дамуы мен жұмыс істеу заңдылықтарын, тиімді өзара әрекеттесу және қақтығыстарды жеңу, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі таныстыру негіздерін зерттеуге бағытталған.

Ғылым тарихы мен философиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: философия жайлы әлемді танудың ерекше формасы ретінде, оның негізгі бөлімдерін, проблемалары мен олардың болашақ кәсіби қызмет аясында зерттеу әдістері туралы тұтас жүйелі көзқарас қалыптастыру. Оқу курсы ғылыми-зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізін қалыптастырады.

Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағыл.)
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жоспарлауда практикалық дағдыларды қолдану, ғылыми зерттеу бағыттары туралы білімдерін жүйелеу және қолдану қабілеттерін қалыптастыру. Пән зерттейді: ғылыми мақалалар мен диссертацияларды жоспарлау, ұйымдастыру және ресімдеудің нысандары мен әдістері; презентацияларда, баяндамаларда, жобаларда, мақалаларда ғылыми зерттеу нәтижелерін қорытындылау түрлері.

Дүниежүзі тарихы: жаңа методологиялық бағыттар
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: әлемдік тарих ғылымындағы стратегиялар мен заманауи тәсілдер мен тенденцияларды және Батыс Еуропа және Америка гуманитарлық ғылымдарының ұлттық тарихтағы тарихи оқиғаларды түсіндіру мен білім өндіруге әсерін зерттеу.

Жоғары мектептің педагогикасы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты - жоғары оқу орындарының дидактикасы, тәрбие мен білім беруді басқару теориялары, педагогикалық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау білімдері негізінде университетте педагогикалық іс-әрекеттің қабілетін қалыптастыру. Болашақ оқытушының білім беру қызметін ОКТ қолдана отырып жобалауды, Болон процесін жүзеге асыруды,дәріскерлік,кураторлық шеберлікті оқыту/тәрбиелеу және бағалау стратегиялары мен әдістерін қолдана отырып (TLA-стратегиялар) игеруді қарастырылады.

Қазіргі әлемдік дамудың негізгі тенденциялары
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: жаһандық демографиялық дамудың негізгі тенденцияларын және соған байланысты проблемаларды анықтау және талдау; жаһандық деректерді сыни талдауда алған дағдылары негізінде жаһандық контексте әртүрлі мегатрендтерді түсіну

Қазіргі әлемдік жүйеде экономикалық даму теориясы мен саясаты
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: дүние жүзінің ірі аймақтарының қазіргі әлемдік экономикалық даму теориясы мен саясатының ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру. Курс экономикалық дамудың теориялық негіздерін зерттейтін және оның сәйкес саясатын қазіргі заманғы тарихи фон контекстінде қарастыратын кешенді курс болып табылады. Бұл курс экономикалық даму процестеріне тән іргелі сипаттарды және олардың әртүрлі елдердегі әртүрлі көріністерін терең зерттеуді қамтамасыз етуге арналған.

Қазіргі заманғы тарихи ғылымға пәнаралық көзқарас
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: тарихи құбылыстар мен үдерістерді зерттеуге қатысты пәнаралық әдістердің қалыптасуы мен даму тарихы бойынша білімді меңгеру.

Тарихтың концептуалдық модельдері
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: магистранттарды фиолософия мен методологияның негізгі түсініктерімен таныстыру; тарихи процестің категорияларын талдау, методологиялық теорялардың әртүрлі бағыттарымен және концептуалдық модельдермен таныстыру

Шетел тілі (кәсіби)
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: шетел тіліндегі сөйлеу мәнерінің әртүрлі түрлерінде практикалық дағдыларды қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі жаһандық кеңістіктегі ақпаратты қабылдау, түсіну және аудару, өз зерттеулерін сынақтан өткізу үшін ғылыми іс-шараларға қатысу қабілетін қалыптастырады. Пән шетел тілін білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді жетілдіруге бағытталған.

2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Әлеуметтік тарихты оқытудың жаңа бағыттары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: пәнге тән зерттеу әдістерін ұсыну, қоғамдық тарих контекстінде дамып келе жатқан бағыттар мен ғылыми мектептер туралы мәлімет беру.

Батыс Европадағы саяси ойдың тарихы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: магистранттардың саяси ілімдер тарихын ғылым ретінде, саяси идеологияның даму заңдылықтары туралы, мемлекет, үкімет, саясаттың маңызды және әсерлі тұжырымдамаларының мазмұны мен тарихы туралы тұтас көзқарасын қалыптастыру. Бұл курсты меңгеру магистранттардың ғылыми-теориялық ойлау, саяси және тарихи сана-сезімін қалыптастыруға ықпал етуі керек.

ЕО заңдары және адам құқықтары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты: Еуропалық құқықтың жұмыс істеу ерекшеліктерін, оның ішінде Еуропалық заңнама шеңберінде Адам құқықтары проблемаларын дамыту және шешу жолдарын зерттеу. Магистранттар ЕО-ның негізгі институттарының жұмыс істеуі, олардың өзара іс-қимылы, сондай-ақ интеграциялық процесті басқарудың әртүрлі әдістеріне арналған оқу материалын игеретін болады.

Халық және даму
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: магистранттарға «халық» және «даму» ұғымдарын түсіндіру, сондай-ақ, олардың өзара әрекеттесу ерекшеліктерін сипаттау. Сонымен қатар, халықтың дамуына әсер ететін демографиялық фактор, туу мен өлім көрсеткіші сияқты маңызды үдерістер мен тенденциялар зерттелетін болады.

Халықаралық ауылшаруашылық саясат
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: «халықаралық ауылшаруашылық саясат» түсінігін, әлемдік ауыошаруашылық саясаттың даму тарихы мен әлемнің түрлі аймақтарындағы даму ерекшеліктерін талдау мен қарастыру.

Халықаралық ұйымдар мен даму
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: магистранттарда мемлекетаралық органдар мен ұйымдарды реттейтін қағидалар мен ережелерді білім призмасы арқылы, сондай-ақ олардың құқықтық мәртебесін және қызметтік функцияларын анықтау арқылы, халықаралық қоғамдық құқықтың маңызды саласының мәселелерін түбегейлі білу; студенттерді жетекші халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ олардың жұмыс істеуінің институционалдық аспектілерімен нормативтік-құқықтық актілермен таныстыру.

2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Зерттеу
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.

2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген