- Негізгі бет
- Иностранным абитуриентам
- Білім бағдарламалары
- Инклюзивті білім беру жағдайындағы заманауи технологиялар
Инклюзивті білім беру жағдайындағы заманауи технологиялар
БIЛIКТIЛIГІ
- ғылыми - педагогикалық бағыт - педагогика ғылымдарының магистрі
ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ
заманауи тұлғалық-бағдарлы білім беру парадигмасын меңгеру негізінде инклюзивті білім берудің теориялық-әдіснамалық білімдерін меңгеру;
2. инклюзивті білім беруде инновациялар бойынша ұсыныстар мен құндылықтарды анықтау және жобалау үшін мемлекеттік құжаттар мен нормативтік-құқықтық актілер негізінде инклюзивті білім беру саласындағы Қазақстан мен әлем елдерінің білім беру саясатының негізгі принциптерін салыстыру және бағалау;
3. оқытудың кредиттік жүйесі жағдайында жоғары мектептің тәрбие теориясы мен дидактикасы негізінде ЖОО-дағы педагогикалық процесті жоспарлау, жобалау және жүзеге асыру, инклюзивті ортада оқыту мен тәрбие беру саласында кәсіби міндеттерді тиімді шешу үшін жаңа тәсілдер мен әдістерді іздестіруді жүзеге асыру;
4. ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың тұлғалық дамуы үшін инклюзивті білім беруде инновациялық технологияларды креативті қолдану;
5. инклюзивті білім беру жағдайында оңалту қызметінің инновациялық стратегияларын, әдістері мен технологияларын пайдалану;
6. қазіргі заманғы тұжырымдамалар мен теорияларды терең білу негізінде инклюзивті білім беру жағдайында мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтік-психологиялық интеграциялаудың бағдарламалық-әдістемелік құралдарын әзірлеу, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды кешенді медициналық-әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық және құқықтық қолдау қызметтерімен өзара әрекетті ұйымдастыру;
7. инклюзивті білім беру жағдайында мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін қолайлы білім беру-дамыту ортасын жобалау;
8. мүмкіндігі шектеулі тұлғалармен жұмыста әлеуметтік бейімделу технологиясын және тұлғааралық коммуникация дағдыларын пайдалану;
9. жеке-психологиялық ерекшеліктерін білу негізінде мүмкіндіктері шектеулі адамдарды әлеуметтік-психологиялық оңалту технологияларын талдау және қолдану;
10. ғылыми зерттеудің жаңа әдістерін, инклюзивті білім беру мәселелерін психологиялық-педагогикалық зерттеулерде әдіснамалық қағидаттар мен әдістемелік тәсілдер жүйесін зерделеу және қолдану, алынған ғылыми негізделген нәтижелерді тәжірибеге енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу;
11. инклюзивті білім берудің жаңа тұжырымдамаларын, үлгілерін жасау, оларды ҚР Үздіксіз білім беру жүйесіне енгізу стратегиясын әзірлеу
12. әлемдік білім беру үдерісін жаһандандыру жағдайында инклюзивті білім беру саласындағы халықаралық тәжірибені зерттеу негізінде педагогикалық және ғылыми-зерттеу қызметін өздігінен жетілдірудің өзіндік бағдарламасын құру және ҚР инклюзивті білім беруді дамыту бойынша халықаралық ұйымдармен өзара әрекеттесу.
Бағдарлама паспорты
пәндер
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
пәндер
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
ТӘЖІРИБЕЛЕР
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген