- Негізгі бет
- Иностранным абитуриентам
- Білім бағдарламалары
- Қазақ филологиясы
Қазақ филологиясы
БIЛIКТIЛIГІ
- ғылыми - педагогикалық бағыт - филология ғылымдары магистрі
ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ
ON1. Лингвистиканың ұғымдық-терминологиялық аппараты мен оның әдіснамасын пайдалана отырып, ғылыми зерттеулердің мақсаттары мен міндеттерін құрастыру. Қазақ филологиясы саласының ғылыми мәселелерін зерттеудің өзекті мәселелерін бағалау.
ON2. Қолданбалы зерттеулерді жүзеге асыру үшін фонетика, фонология, грамматология, грамматика, қазақ тілі тарихы мен диалектология, лексикология, ономосиология, сөйлеу мәдениеті, терминология саласындағы дереккөздерге, тілдік материалдарға, лингвистикалық ілімдерге, әдістерге, әдістемелерге талдамалық зерттеулер жүргізу.
ON3. Ортағасырлық жазба мұралар графикасының түрлері және Ахмет Байтұрсынұлының жазуы негізінде қазақ тілінің қазіргі графикасына зерттеу жүргізу.
ON4. Салыстырмалы-тарихи, салыстырмалы-салғастырмалы, генеологиялық, этимологиялық, типологиялық, модификациялық зерттеу әдістерін пайдалана отырып, лексикографиялық еңбектерді құрастыруға қатысу.
ON5. Лингвистикалық әдістер мен принциптерге негізделген жобалық менеджментті қолдана отырып, ғылыми ұйымдарда зерттеу жұмыстарын жоспарлау.
ON6. Халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференцияларда ғылыми нәтижелерімен таныстыру, қазақ филологиясы мәселелері бойынша пікіралысуға қатысу, дәйексөз индексі жоғары мақалалар жариялау.
ON7. Ғылымның аралас, тарихи-функционалдық, салыстырмалы-салғастырмалы, интертекстуалды әдістерді қолдана отырып, қазақ тілінің құрылымдық лингвистикасының механизмдерін әзірлеу.
ON8. Топтастыру, типтеу, сандық-статистикалық, семантикалық, стилистикалық, модельдеу талдауларды пайдалана отырып, қазақ жазуын жетілдіру үшін грамматологиялық зерттеулер нәтижесінде ұсыныстар беру.
ON9. ҒЗЖ-ның шынайы және сенімді нәтижелеріне сүйене отырып, өз көзқарасын қорғап, қарсыласын сендіре білу, бастамашылық пен жеке жауапкершілікті талап ететін жеке қасиеттерді көрсету, командада жұмыс істеу.
ON10. Орфография, пунктуация, стилистика негіздерін пайдалана отырып, ғылыми, техникалық, көркем, жарнамалық мәтіндерді түзету.
ON11 Жанрлық принциптер, стилистикалық әдістер, тілдік стандарттар негізінде көпшілік алдында сөйлеуге дайындалу.
ON12. Әртүрлі педагогикалық әдістерді пайдалана отырып, сабақ түрлерін әзірлеу, жоспарлау, ғылымның, білім мен инновацияның тығыз интеграция қағидаттары бойынша жаңа формацияның жоғары білікті оқытушы құрамын даярлаудың сапасын қалыптастыру және көрсету.
Бағдарлама паспорты
пәндер
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
пәндер
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
ТӘЖІРИБЕЛЕР
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген