Иностранным абитуриентам
Цифрлық қазақ тілі

Цифрлық қазақ тілі

БIЛIКТIЛIГІ

  • ғылыми - педагогикалық бағыт - филология ғылымдары магистрі

ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ

ON1 Ғылым тарихы мен философия, психология, педагогиканың іргелі теориялық мәселелерін, практикалық тәжірибелерін кәсіби салада пайдалану.
ОН2 Шет тілін ғылыми-зерттеу жұмыстарында,
кәсіби қызметінде, қатысымда қолдану.
ОН3 Мәтін талдаудың әдістері мен технологияларын пайдалана отырып, графематикалық, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік, семантикалық компьютерлік талдау түрлеріне автоматты түрде сараптама жасау.
ОН4 Мәтінді зерттеудің принциптері мен аспектілерін, мәтін теориясының негізгі мәселелерін, оны зерттеудің ғылыми бағыттарын (психолингвистикалық, прагматикалық, деривациялық, когнитивтік және т.б.), мәтіннің жанрлық және сөйлеу құрылымын зерттеу.
ОН5 Сөз таптарының морфологиялық құрылымдарын автоматты талдау мен оларға белгіленімдер қоюда кездесетін негізгі мәселелерге лингвистикалық сараптама жасау.
ОН6 Инновациялық электронды тілдік ресурстарға (мәтін корпусы, сөздіктер, лексикалық, терминологиялық деректер қоры) аналитикалық, статистикалық зерттеу жүргізу.
ОН7 Тілдік дерек, корпустардың, табиғи тілді автоматты өңдеу үшін қолданылатын жүйелердің сапасын талдау.
ОН8 Компьютерлік лексикография, электрондық сөздік түрлерін, ерекшеліктерін және оның даму бағыттарын бағалау.
ОН9 Түрлі мақсатқа сай электронды сөздік, глоссарий, тезаурус, энциклопедия және анықтамалықтар құрастыру.
ОН10 Машиналық аударма жүйелері мен мәтінді өңдеу бағдарламаларының көмегімен жобалық міндеттерді шешу.
ОН11 Онлайн курс жасауға арналған кәсіби мақсаттағы бағдарламаларды цифрлық технологиялар көмегімен жүзеге асыру.
ОН12 Цифрлық технологиялардың көмегімен қазақ тілін оқытудағы теориялық және әдіснамалық мәселелерді зерттеп, ғылыми айналымға енгізу.

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Цифрлық қазақ тілі
Мамандық шифры
7M02326
Факультеті
Филология

пәндер

Басқару психологиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: басқару психологиясының іргелі ұғымдарын зерделеу негізінде жоғары білікті мамандарды ғылыми даярлауды қамтамасыз ету, кәсіби қалыптасу процесінде басқару саласының маңызды аспектілерін теориялық түсіну және практикалық қолдану үшін алғышарттар жасау. Курс психикалық процестердің дамуы мен жұмыс істеу заңдылықтарын, тиімді өзара әрекеттесу және қақтығыстарды жеңу, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі таныстыру негіздерін зерттеуге бағытталған.

Ғылым тарихы мен философиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: философия жайлы әлемді танудың ерекше формасы ретінде, оның негізгі бөлімдерін, проблемалары мен олардың болашақ кәсіби қызмет аясында зерттеу әдістері туралы тұтас жүйелі көзқарас қалыптастыру. Оқу курсы ғылыми-зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізін қалыптастырады.

Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағыл.)
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жоспарлауда практикалық дағдыларды қолдану, ғылыми зерттеу бағыттары туралы білімдерін жүйелеу және қолдану қабілеттерін қалыптастыру. Пән зерттейді: ғылыми мақалалар мен диссертацияларды жоспарлау, ұйымдастыру және ресімдеудің нысандары мен әдістері; презентацияларда, баяндамаларда, жобаларда, мақалаларда ғылыми зерттеу нәтижелерін қорытындылау түрлері.

Жоғары мектептің педагогикасы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: жоғары мектептің дидактикасы, білім беру теориясы мен менеджменті, оқытушылық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау негізінде жоғары оқу орындары мен колледждерде педагогикалық қызметке қабілеттілікті қалыптастыру. Оқу курсы білім беру мен Болон процесінің даму тенденцияларын зерттеуге бағытталған. Курс оқытушылық және кураторлық шеберлікті, оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі стратегиялары мен әдістерін меңгеруге көмектеседі.

Мәтінді филологиялық талдау
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – ақпаратты өңдеудегі мәтін және оның белгілері туралы түсінік қалыптастыру, мәтін тұтастығы мен байланысын жаңаша қарастыру, тілдік бірліктердің мәтін құрушылық мүмкіндігі, мәтіннің тілдік ұйымдастырылуы туралы талдау жасау. Курс аясында мәтінді зерттеудің принциптері мен аспектілері, мәтін теориясының негізгі мәселелері, оны зерттеудің ғылыми бағыттары, мәтінді өңдеудің жолдары қарастырылады.

Тілдік деректерді өңдеудегі бағдарламалау негіздері
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – тілдік деректерді өңдеуге арналған бағдарламалау тілін, Pyhton мен R бағдарламалау тілдері арқылы мәтінді өңдеу, басты операциялардың қызметтерін, табиғи тілдегі мәтіндерді бағдарламалау жүйесінде өңдеудің негіздерін, бағдарламалық қамтамасыз етуді жоспарлау мен ұйымдастыруды үйрену. Курс аясында алгоритмдеу принциптері мен ақпаратты өңдеудің заманауи әдістері зерттеледі.

Тілдік технологиялардың математикалық негіздері
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – қолданбалы саланы меңгеруге қажетті математиканың негізгі салаларымен танысу, математикалық талдау, сызықтық алгебра, ықтималдықтар теориясы мен статистика, графтарды меңгеріп, математиканың аталған салаларының базистік ұғымдары мен әдістерін қолдануға, математикалық ойлау мен дәлелдеу дағдыларын қалыптастыруға үйрету.

Ұлттық корпустарға негізделген тілдік зерттеулер
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – филология мен лингвистиканың әртүрлі салаларында мәтіндік корпуспен жұмыс істеу, ұлттық корпус деректерін талдау және зерттеу нәтижелерін қолдана алатын мамандарды дайындау. Лингвистикалық корпустарда жинақталған нақты мәтіндік деректерге негізделген тілдік құбылыстарды түсіну. Қазақ тіліндегі сөздердің, құрылымдардың, фразеологиялық және басқа да тілдік бірліктердің қолданылу жиілігіне талдау жасай білу.

Цифрлық филологияның даму бағыттары
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – қазақ тіліндегі цифрлық технологиялардың негізгі әдістері мен құралдарын, олармен жұмыс істеу дағдыларын меңгеру. Цифрлық қазақ тілінің артықшылықтары мен кемшіліктерін сыни тұрғыдан бағалай білу және оларды нақты зерттеу мәселелері мен мақсаттарына сәйкес қолдана білу.

Шетел тілі (кәсіби)
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: шетел тіліндегі сөйлеу мәнерінің әртүрлі түрлерінде практикалық дағдыларды қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі жаһандық кеңістіктегі ақпаратты қабылдау, түсіну және аудару, өз зерттеулерін сынақтан өткізу үшін ғылыми іс-шараларға қатысу қабілетін қалыптастырады. Пән шетел тілін білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді жетілдіруге бағытталған.

2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Қазақ тілді деректерді талдау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – қазақ тілінің ерекшеліктерін деректерді талдау арқылы зерттеу. Деректерді талдау негіздерін, талдаудың негізгі принциптері мен әдістерін, соның ішінде статистикалық талдауды, машиналық оқытуды және деректерді визуализациялауды үйрену. Деректерге негізделген шешім қабылдау дағдыларын дамыту.

Қазақ тілді мәтінді автоматты талдау технологиялары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – қазақ тілді мәтінді автоматты талдау технологияларын зерттеу, түрлі деңгейдегі мәтіндерді талдауды меңгерту. Талдауға берілген мәтіндерде грамматикалық, семантикалық, стилистикалық, орфографиялық, логикалық қателерге жол бермеу үшін автоматты талдаудың ерекшеліктерін түсіну және мәтіннің ерекшеліктеріне сәйкес технологиялардың алгоритмін қолдана білу.

Қазақ тілді мәтінді лингвостатистикалық талдау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – әртүрлі деңгейдегі қазақ тілді мәтіндерге лингвостатистикалық талдау жасауды меңгеру. Лингвостатистикалық талдаудың қолданыстағы тиімділігі мен кемшілігін кәсіби тұрғыда бағалай білу және нақты зерттеу мәселелері мен мақсаттарына сәйкес қолдана білу. Лингвостатистикалық талдау арқылы авторлық идиолектілер (автордың жеке сөз қолданыстары) мен мәтіннің стилін ажыратуды үйрену.

Қазақ тілі және жасанды интеллект
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – қазақ тілінің заманауи ерекшеліктерін және оның жасанды интеллект саласында қолданылуын зерттеу. Табиғи тілді өңдеуде жасанды интеллект технологияларын пайдалану. Атап айтқанда, тілді модельдеу, сөйлеуді тану, мәтінді дауысқа, дауысты мәтінге айналдыру, машиналық аударма, тілдік құрылымдарды анықтау және т.б. мәселелерді шешу үшін жасанды интеллектіні меңгеру.

Қазақ тілі және табиғи тілдік модельдер
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – қазақ тіліндегі тілдік модельдерді, олардың түрлерін зерттеу. Қазақ тілінің теориялық және практикалық негіздерін табиғи тілді талдау үшін пайдалану. Есептеу әдістерін қолдану арқылы табиғи тілдік модельдерді құрастыру. Қазақ тіліндегі түрлі мәселелерді шешу үшін тілдік модельдерді әзірлеу және қолдану әдістерін зерттеу.

Қазақ тілі лексикографиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – қазақ тіліндегі әр түрлі (электронды сөздік, энциклопедия, анықтағыш, түсіндірме сөздік, тезаурустар және т.б.) сөздіктермен жұмыс істеу және лингвистикалық автомат қызметін жүзеге асыру үшін сөздік қор базасын дамыту. Нақты тапсырмалар бойынша электронды сөздік, глоссарий, түсіндірме, және т.б. сөздіктер, тезаурус, энциклопедия және анықтамалықтар құрастыра білу.

Қазақ тілін оқытудың цифрлық құралдарын әзірлеу
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – қазақ тілінің ерекшеліктеріне бейімделген цифрлық ресурстарды жасау дағдыларын меңгеру, онлайн ортада қазақ тілін қолдау және дамыту үшін қосымшалар, сайттар және бағдарламалық қамтамасыз ету сияқты цифрлық құралдарды әзірлеуге және бейімдеуге үйрету, заманауи цифрлық технологияларды пайдалана отырып, қазақ тілін сақтауға және ілгерілетуге бағытталған инновациялық жобалар жасауға дайындау.

Қазақ тілінде онлайн курс жасауға арналған технологиялар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – филологтарды онлайн курс жасауға арналған бағдарламалармен таныстыру, бағдарламалау ресурстарын зерттеу, қазақ тіліндегі ақпараттарды цифрлық технологияларға бейімдеуді үйрету, онлайн курсқа арналған бағдарламалауды практикада қолдану. Пән аясында тілді оқытуды цифрландыру, онлайн курсты жаңаша форматта ұсыну, онлайн курс жасау барысында әдіс-тәсілдерді технология сұранысына сай оңтайландыру мәселелері қарастырылады.

Қазақ тіліндегі сөз бөліктерін автоматты морфологиялық талдау және жинақтау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – корпусқа енгізілетін қазақ тілді мәтіндердегі сөздерге морфологиялық белгіленім қою принциптеріне қатысты лингвистикалық материалды электронды пішінге келтіру, сәйкестендіру, лингвистикалық белгіленімдер әзірлемесін жасау және жетілдіруде компьютерлік-бағдарламалық әдістерді қолдана отырып, сөздердің морфологиялық құрылымын ажырату.

Қазақ тіліндегі сөйлеуді тану мен синтездеудің теориялық негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – қазақ тіліндегі сөйлеуді тану мен синтездеудің негізгі принциптері мен әдістерін, теориялық негіздерін түсіну, машиналық оқыту және табиғи тілді өңдеу алгоритмдерімен жұмыс істеу дағдыларын меңгеру. Сөйлеу интерфейстері мен қосымшаларын жобалай білу. Әр түрлі қызмет салаларында қазақша сөйлеуді өңдеуге арналған заманауи технологияларды қолдануға дайындау.

Цифрлық қазақ тілін оқытудағы геймификация
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – цифрлық технологияларды пайдалана отырып, қазақ тілін оқытудың тиімділігі мен қызығушылығын арттыру мақсатында геймификация әдістерін зерттеу және енгізу. Тілдік қосымшалар, онлайн ойындар, интерактивті оқулықтар және басқа да сандық ресурстар сияқты цифрлық құралдарды пайдалануды үйрену. Қазақ тілін оқыту үдерісінде геймификацияны сәтті қолдана алатын мамандарды дайындау.

Цифрлық қазақ тіліне кіріспе
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – цифрлық қазақ тілінің негіздерімен танысу. Қазақ тілді мәтіндерді ақпараттық технологиялар арқылы жинақтауға, өңдеуге мүмкіндік беретін бағдарламаларды зерттеу. Автоматтандырылған жүйелер арқылы тілдік талдаулар жасап, корпустар, электронды сөздіктер, тілдік қосымшалармен жұмыс істеуге дағдылану.

2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Зерттеу
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.

2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген