Магистратура
Дінтану

Дінтану

БIЛIКТIЛIГІ

  • ғылыми - педагогикалық бағыт - гуманитарлық ғылымдар магистрі

ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ

1. Қазіргі қоғамдағы діни құбылыстардың маңыздылығын талдау негізінде діни проблемалардың табиғаты мен ерекшелігін анықтау;
2. Әлемдік және қазақстандық дінтанудағы қазіргі заманғы негізгі тұжырымдамалар бойынша діни процестердің даму сатыларын, олардың басты авторларын, мектептері мен бағыттарын, олардың арасындағы тұжырымдамалық айырмашылықтарды саралау;
3. Білім беру мен тәрбиелеудің қазіргі заманғы тұжырымдамалары негізінде оқу-тәрбие процесін жоспарлау;
4. Мемлекеттің өзара іс-қимылы және оны құқықтық деңгейде халықаралық қатынастар саласында қолдану үшін заңнамалық проблемаларды айқындау;
5. Діни оқиғаларды түсіндіруде өз тұжырымдамаларын құру үшін ғылымның пәнаралық контекстінде дінтану және діни материалдарды зерттеудің қажетті әдістерін қолдану;
6. Қоғамның әлеуметтік, экономикалық және рухани даму тенденцияларын ғылыми талдау негізінде шет тілдеріндегі діни, философиялық, қоғамдық-саяси және ғылыми әдебиеттерге талдау жасау;
7. Білім, ғылым және инновациялар интеграциясын ескере отырып, оқытылатын пәндер бойынша оқу-әдістемелік материалдар әзірлеу;
8. Батыс пен Шығыстың діни және діни-философиялық ойларының, діни және зайырлы философияның ерекшеліктерін білу, әлемдік діндердің қасиетті мәтіндерін талдау;
9. Дін туралы материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында, түрлі мемлекеттік ұйымдарда, қоғамдық ұйымдарда, коммерциялық және коммерциялық емес құрылымдарда ұсыну;
10. Халықаралық сипаттағы шет тіліндегі діни-құқықтық құжаттарға сараптама жүргізу.

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Дінтану
Мамандық шифры
7M02203
Факультеті
Философия және саясаттану

пәндер

Басқару психологиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: басқару психологиясының іргелі ұғымдарын зерделеу негізінде жоғары білікті мамандарды ғылыми даярлауды қамтамасыз ету, кәсіби қалыптасу процесінде басқару саласының маңызды аспектілерін теориялық түсіну және практикалық қолдану үшін алғышарттар жасау. Курс психикалық процестердің дамуы мен жұмыс істеу заңдылықтарын, тиімді өзара әрекеттесу және қақтығыстарды жеңу, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі таныстыру негіздерін зерттеуге бағытталған.

Ғылым тарихы мен философиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: философия жайлы әлемді танудың ерекше формасы ретінде, оның негізгі бөлімдерін, проблемалары мен олардың болашақ кәсіби қызмет аясында зерттеу әдістері туралы тұтас жүйелі көзқарас қалыптастыру. Оқу курсы ғылыми-зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізін қалыптастырады.

Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағылшын тілінде)
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты ғылыми зерттеу проблемалары мен міндеттерін тұжырымдау, тиісті әдіснаманы таңдау, зерттеу кезеңдерін анықтау, ұйымдарды, бөлімшелерді, қызметкерлер топтарын, жобаларды және желілерді басқару қабілеттерін қалыптастыру; ғылыми процестерді басқару және олардың тиімділігін бағалау үшін талдамалық материалдар дайындау, ғылыми бағыттар шеңберінде қоғам өмірінің әртүрлі салаларындағы процестерді талдау үшін эксперименттік әдістемелерді пайдалану.

Діни мәтіндерді түсіну және түсіндіру мәселелері
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - ғылыми, философиялық, қасиетті және т.б. сияқты әртүрлі мазмұндағы және бағыттағы мәтіндерді түсіндіру және талдау, мәтінді талдаудың негізгі кезеңдерін бөліп көрсету, гуманитарлық танымда қасиетті мәтінді талдау қабілетінің маңыздылығын дәлелдеу. Пән теологиялық проблемалардың кең ауқымын, тәуелсіз сараптамалық қызметті, сараптамалық және кеңес беруші топтарды басқаруды зерттеуге бағытталған.

Дінтану әдіснамасы
  • Кредит саны - 9
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты қазіргі заманғы дінді зерттеу әдіснамасының негізгі мәселелерін түсіндіру қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы негізгі әдіснамалық принциптерді, олардың әлсіз, күшті жақтарын қалыптастырады; ғылыми зерттеулер жүргізу кезінде алынған деректерді жинақтайды. Пән дінді зерттеудің қазіргі әдіснамасының негізгі пікірталас мәселелерін анықтауды зерттеуге бағытталған.

Жоғары мектептің педагогикасы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: жоғары мектептің дидактикасы, білім беру теориясы мен менеджменті, оқытушылық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау негізінде жоғары оқу орындары мен колледждерде педагогикалық қызметке қабілеттілікті қалыптастыру. Оқу курсы білім беру мен Болон процесінің даму тенденцияларын зерттеуге бағытталған. Курс оқытушылық және кураторлық шеберлікті, оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі стратегиялары мен әдістерін меңгеруге көмектеседі.

Замануи дінтану мәселелері
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты қазіргі заманғы дінтану білімі саласында сыни ойлау қабілетін қалыптастыру. Курс қазіргі дінтану мәселелерінің табиғатын түсінудің теориялық және әдіснамалық негізін қалыптастырады. Пән дінтанудың ретроспективасын, оның ғылым ретіндегі пәндік өрісін, қазіргі заманғы дінтану бағыттарының проблемалық өрісін, дінтанулық білімлі сыни тұрғыдан ұғынуды, Қазақстандағы дінтанудың даму үрдістерін қарастыруды көздейді.

Қазіргі заманғы дін әлеуметтануы және психологиясының негізгі мәселелері
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – діни құбылыстардың пайда болуы, дамуы және қызмет етуінің әлеуметтік және психологиялық заңдылықтарын өзіндік талдау қабілеттерін қалыптастыру. Пәнді игеру барысында діннің негізгі әлеуметтік және психологиялық теориялары, діннің әлеуметтік функциясы, діни сана, қызмет, қатынастар, ұйымдарды синтездеу, дін және экономиканың өзара байланысы, дінтану жүйесіндегі дін психологиясы мәселелері қарастырылады.

Радикализация және дерадикализацияның ғылыми-әдістемелік аспектілері
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты радикали-зацияның теориялық тәсіл-дері мен модельдерін, терро-ризмге қарсы құндылықтар-ды қалыптастыру принцип-терін, қоғамның зорлық-зомбылық идеологиясын тұрақты қабылдамауын түсіну. Пән радикалданудың субъектілерін, формалары мен белгілерін, радикалды насихатқа қарсы бағытталған тиімді контрнарративтерді, жастарды, оның ішінде әлеуметтік желілердегі радикалдану процесін зерделеуге бағытталған.

Шетел тілі (кәсіби)
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: шетел тіліндегі сөйлеу мәнерінің әртүрлі түрлерінде практикалық дағдыларды қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі жаһандық кеңістіктегі ақпаратты қабылдау, түсіну және аудару, өз зерттеулерін сынақтан өткізу үшін ғылыми іс-шараларға қатысу қабілетін қалыптастырады. Пән шетел тілін білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді жетілдіруге бағытталған.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Әлемдік діндердің медиативтік әлеуеті
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - ғылыми проблемаға технологиялық шешімдерді табу, «діни қақтығыстар» және «діни компонент» ұғымдарының анықтамаларын ажырату. Курс діни медиациядағы қақтығыстарды реттеудің негізгі тәсілдері мен әдістерін, діни көзқарастармен байланысты даулы жағдайларды шешу ісіндегі медиация институттарын, діни құрамы бар қақтығыстардың даму мүмкіндіктерінің пайда болу үрдістерін, діни қақтығыстар аясында медиация мүмкіндіктерін талдауға бағытталған.

Дін саласын құқықтық реттеу
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты – дін саласындағы діни қызметті құқықтық реттеудің негізгі үрдістері мен заңдылықтарын зерделеу. Курсты игеру барысында мемлекеттік және діни қатынастардың құқықтық аспектілері, мемлекет және дін, діни қызметті жүзеге асыру ережелері мен нормативтік құжаттары қарастырылады.

Діндарлық және діни практикалар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты қоғамдағы діни практикалардың мазмұны мен мағынасын философиялық-дінтану тұрғысынан талдаудың қолданыстағы әдістемелерін сын тұрғысынан бағалау қабілетін қалыптастыру. Пән: діни практикалардың жіктелуін, оның қазіргі дәуірдегі көріністерінің әртүрлілігін, Бөтен және Басқаны түсінуді конституциялау процестерін, діни практикалардың статикалық және динамикалық аспектілерін зерделеуге бағытталған.

Діни білім берудің өзекті мәселелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - ККурстың мақсаты – діни білім ерекшеліктеріне, әртүрлі діндердің құндылықтары мен идеалдарына байланысты ғылыми көзқарастарын қалыптастыру. Пән діни білімнің ғылыми-білім беру мәселелерін, негізгі катего-риялары мен түсініктерін, институционалдық проб-лемаларды, діни білімнің қолданбалы және коммуни-кациялық мәселелерін, діни білімнің теориялық бағыт-тарын: герметевтика, дидактика, эмпирикалық және даму психологиясы, қазіргі Қазақстандағы діни білім беру мәселелерін қарастырады.

Дінтанулық сараптама әдістемесі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты - діни сараптаманың негізгі қағидаттарына және заңнамалық базасына талдау жасау қабілетін дамыту. Курсты игеру барысында дінтаулық сараптама жүргізудің заңнамалық базасы, сараптама жүргізушілерге қойылатын талаптар және этикалық аспектілері, сараптама жүргізудің принциптері мен әдістері қарастырылады.

Қазіргі діни үдерістер
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты діни үрдістерді әлеуметтік-философиялық зерттеуді талдау мен түсіндірудің әртүрлі әдістерін қолдану қабілетін қалыптастыру. Пән діни процестерді құрайтын негізгі қағидаттарды, қарастырылып отырған діни ұйымдардың айырмашылықтарына байланысты конфессиялық ерекшеліктерді есепке ала отырып олардың арақатынасы мен өзара шарттылығын; тұрақтылықты сақтаудағы дінаралық диалогты оңтайландырудың негізгі бағыттарын зерделеуге бағытталған.

Қазіргі заманғы қазақстандық діндарлықтың талдауы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - қоғамдық санада зайырлылық қағидаттарын қалыптастыру және дамыту процесінің жағдайларын талдау қабілетін қалыптастыру. Пән Қазақстанда зайырлы мемлекеттің қалыптасу кезеңдерін, тұжырымдамалық негіздерін, зайырлылық пен діндарлықты, қазіргі қоғамдағы зайырлылық ұғымдарын, типтері мен қағидаттарын зерделеуге, сондай-ақ ҚР ішкі саясат жүйесіндегі діннің рөлі мен орнын анықтауға бағытталған.

Қазіргі Қазақстандағы зайырлық пен діндарлық
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - қоғамдық санадағы зайырлылық пен діндарлықтың басты қағидаларын зерделей отырып, әлеуметтік мәні бар зайырлы құндылықтарды қалыптастыру. Курсты игеру барысында дін және зайырлылық зерттеулерінің теориялық-әдіснамалық аспектілері, қоғамды біріктіру үдерістеріндегі дін және зайырлылық мәселелері, дін және діндарлықты қабылдаудағы құндылықтар жүйесі қарастырылады.

Медиакеңістіктегі дін
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – дәстүрлі және дәстүрлі емес бұқаралық ақпарат құралдарындағы діни тәжірибені, құндылықтарды, мінез-құлық пен дәстүрлерді жаңғырту, қайта құру және түсіндіру жолдарын талдау қабілетін дамыту. Пән БАҚ пен діннің байланысын, діннің медиа кеңістігіндегі рөлі мен қызметін зерттеуге бағытталған.

Мемлекеттік-конфессионалдық қатынастар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты - қазіргі заманғы діни бірлестіктердің қызметін құқықтық реттеудің заңдылықтары мен үрдістерін зерделеу. Курс заңнамалық проблемаларды талдау мен жүйелеуді қалыптастыруға және оны мемлекет пен діни бірлестіктердің өзара іс-қимылы саласында құқықтық деңгейде қолдануға бағытталған.

Орталық Азия елдеріндегі діни саясат
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты Орталық Азия елдеріндегі дін саласындағы мемлекеттік саясаттың жүргізілу ерекшеліктеріне салыстырмалы талдау жасау. Пәнді игеру барысында Орталық Азия елдеріндегі діни жағдай, ОА азаматтарының ар-ождан бостандығы мен діни сенім бостандығын құқықтық қамтамасыз ету, діни бірлестіктердің құқықтары мен міндеттері, ОА мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды реттеу мәселелері қарастырылады.

Радикализация және дерадикализацияның ғылыми-әдістемелік аспектілері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты радикали-зацияның теориялық тәсіл-дері мен модельдерін, терро-ризмге қарсы құндылықтар-ды қалыптастыру принцип-терін, қоғамның зорлық-зомбылық идеологиясын тұрақты қабылдамауын түсіну. Пән радикалданудың субъектілерін, формалары мен белгілерін, радикалды насихатқа қарсы бағытталған тиімді контрнарративтерді, жастарды, оның ішінде әлеуметтік желілердегі радикалдану процесін зерделеуге бағытталған.

Салыстырмалы дінтану
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты діндердің түрлерін, феномендерінің морфологиясын, жан-жақты қатынастарын, ережелері мен заңдарын анықтау мақсатында жіктеу, салыстыру және талдау. Курсты игеру барысында дінді зерттеу саласындағы Батыс пен Шығыстың арасындағы диалогтың ерекшеліктері мен байланыстары қарастырылады.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Зерттеу
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.

Зерттеу
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы - Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген