- Негізгі бет
- Магистратура
- Білім беру бағдарламалары
- Қоғаммен байланыс
Қоғаммен байланыс
БIЛIКТIЛIГІ
- ғылыми - педагогикалық бағыт - әлеуметтік ғылымдар магистрі
ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ
Білім беру бағдарламасын аяқтағаннан кейін магистранттар келесідей қабілетке ие болады деп күтілуде:
1. Басшылықпен және өз бетінше көпшілік мойындаған коммуникациялық теорияларды және қоғаммен байланыс теорияларын (PR) түсіндіру, коммуникациялық сүйемелдеу әдістерін салыстыру, әлемдегі және Қазақстандағы қоғаммен байланыс қызметтері мен бөлімшелері қызметінің тиімділігінің өлшенетін көрсеткіштерін ұсыну.
2. Интеграцияланған шешімдерге коммуникацияның озық жетістіктерін біріктіруді жүргізу, IPRA, НАСО, ЮНЕСКО және т. б. ұсыныстарын ескере отырып, нарық конъюнктурасы және тұтынушылардың күтулері туралы мәліметтермен сүйене отырып, әлеуметтік желілердегі назар аудару және қамту алгоритмдерін диагностикалау, нарықтық жағдайлар мен тұтынушылардың үміттері туралы ақпаратты пайдалану.
3. Қазақстандық компаниялар үшін ғылыми синтезге негізделген шоғырландырылған PR шешімдерін, іскерлік коммуникациялар мен цифрлық ортадағы жарнамалық шешімдерді құрудың траекториясын ұсынады, мақсатты аудиториялардың мінез-құлықты модельдерін және дағдарыстан кейінгі даму мүмкіндіктерін болжайды.
4. PR-саланы дамытудың базалық қағидаттарын жетілдіру үшін болжауды жүзеге асыру, қазақстандық брендтерді қолдау құралдарын кешенді қолдануды қамтамасыз ету, іс жүргізу және құрылымдық аспектілерде, оның ішінде дағдарыс жағдайында қоғаммен байланыстың әрбір деңгейінің ерекшелігін қарау.
5. Коммуникациялық орнықтылықтың жаңа құралдарын табу, мемлекеттік, коммерциялық және қоғамдық сектордың жанасу мүмкіндіктерін негіздеу, Қазақстан жағдайында қоғаммен байланыстың және жарнаманың жаңа құралдарын сынақтан өткізу.
6. Ғылыми-зерттеу, оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізуге әдістемелік білімдер мен дағдыларды қолдану, рефераттар, эсселер, шет тіліндегі баяндамалар жазу.
7. Қоғамдық қатынастарды контекстендіруде қоғамның және мамандықтың тәсілдерін үнемі жаңартып отыру негізінде коммуникациялық жүйеде қалыптасқан стереотиптер мен кедергілерді еңсеру.
8. Интернетте, әлеуметтік желілерде, мобильді қосымшаларда байланыс арналарының болуы, олар үшін ресурстарды анықтаумен қоғамдық қатынастардың жергілікті, өңірлік және салалық деңгейлерін дамыту.
9. Ақпараттық қауіпсіздік PR-жобаларының қолайлы деңгейін ұстап тұру.
10. Қазақ, орыс, ағылшын және басқа тілдерде жаһандану жағдайында коммуникациялық процестерді қолданбалы модельдеуді жүзеге асыру.
11. Өзінің ғылыми, педагогикалық және кәсіби қызметінің нәтижелерін сыни бағалау және одан әрі кәсіби және ғылыми өзін-өзі жетілдіру траекториясын анықтау.
12. ЖОО-да оқыту, оқу үрдісінде педагогикалық және психологиялық әдістерді қолдану, аудиториядан тыс жұмыстарды ұйымдастыру.
Бағдарлама паспорты
пәндер
2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
пәндер
2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
ТӘЖІРИБЕЛЕР
2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген