- Негізгі бет
- Магистратура
- Білім беру бағдарламалары
- Халықаралық журналистика
Халықаралық журналистика
БIЛIКТIЛIГІ
- ғылыми - педагогикалық бағыт - әлеуметтік ғылымдар магистрі
ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ
Бітірушілер - бакалаврлар ББ-ның соңында мыналарға қабілетті болады:
ON1 Түрі мен формасы бойынша әлемдік журналистиканы саралау, халықаралық тақырыптағы медиаөнім жасау. Халықаралық журналистиканың миссиясын белгілеу, сөз бостандығына, БАҚ тәуелсіздігін және халықаралық журналистің әлеуметтік жауапкершілігі қағидаттарын сақтау, БАҚ функцияларын тиімді орында, мамандықтың әдістерін, құралдарын және бағыттарын тану.
ON2 Шетелдік журналистика дамуының негізгі кезеңдері мен үдерістерін сипаттау, даму тарихы мен заңдылықтарын, оның ең жақсы үлгілерін, шетелдік журналистика тәжірибесін заманауи әлемдік және қазақстандық БАҚ тәжірибесіне бейімдеу.
ON3 Редакция жұмысын өндірістік-техникалық құрылымдар ретінде құру, баспа журналистикасының техникалық құралдарын меңгеру, басылымдардың әртүрлі типтерін шығару ерекшеліктерін, сондай-ақ баспа БАҚ типологиясын түсіну, мазмұнға және жаңа медиа-технологияларға сәйкес бұқаралық ақпаратты жинау, өңдеу мен қайта жариялау үдерісінде әрекет ету.
ON4 Әртүрлі салаларда (баспа БАҚ, радио, теледидар, жаңа медиа), медиа-индустрияның баға саясатында медиаэкономика мен медиажоспарлау қағидаттары мен құралдарын қолдану; жаһандық ақпараттық нарық құрылымы мен ерекшеліктерін түсіндіру және талдау.
ON5 Жаңа технологияларды тәжіирбеге бейімдеу, мультимедиалық, интерактивті ортада бұқаралық ақпаратпен жұмыс істеу әдісін меңгеру, гипермәтінді құру, өзектілік, тиімділік, мультитұғырнамалық талаптарына сәйкес веб-жарияланым мазмұнын қалыптастыру.
ON6 Қазіргі заманғы шетелдік БАҚ дамуының негізгі үрдістерін түсінуді көрсету, дата-жобаларда, мультимедиялық жобаларда жұмыс істеу негіздерін меңгеру.
ON7 Заманауи қоғамның әртүрлі мәселелерін анықтау, айқындау және талдау, себеп-салдарлық қатынастар мен байланыстарды орнату, оларды шешудегі әлемдік журналистиканың рөлін бағалау, халықаралық БАҚ үшін ақпараттық контекст қалыптастыру дағдыларына ие болу.
ON8 Отандық және шетелдік БАҚ жұмысын реттейтін құқықтық нормаларды кәсіптік қызметте басшылыққа алу, сайлау алдындағы кезеңдегі отандық және шетелдік БАҚ қызметінің құқықтық қырларына бағдар жасау, бұқаралық ақпарат құралдарын құқықтық реттеу мәселелеріне байланысты типтік міндеттерді шешу, мақсаттарға жету үшін өз пікірін еркін білдіруде құқықты пайдалану.
ON9 Халықаралық және отандық БАҚ тиімділігін қоғамдық пікірге әсер ету деңгейіне қатысты бағалау, бұқаралық ақпаратты тұтыну мен өндірудегі аудитория рөлінің қазіргі заманғы түсінігінің негізге алынатынын көрсету, аудиторияны зерттеу әдістерін білу, БАҚ жұмысындағы қоғамның қатысының әлеуметтік мәнін, қоғамдық пікірдің табиғаты мен рөлін түсіну, оны зерттеудің негізгі әдістерін білу, әлеуметтік желілерде олармен әрекеттесудің тиімді формаларын қолдану, оның формаларын, ерекшеліктерін түсіну, журналистiк және редакциялық қызметтiң тиiмдiлiгiн арттыру үшін әлеуметтiк желiлердiң типологиясын және олармен жұмыстың әдістемесін білу, БАҚ материалдарын әлеуметтанушылық зерттеу әдiстерiн игеру.
ON10 Кәсіби қызметте журналистік этикаға қатысты негізгі қазақстандық және халықаралық құжаттарға сүйену, кәсіби журналистік қызметпен байланысты моральдық-этикалық түйткілдер мен құқық бұзушылықтар себептерін түсіну, ғылыми және ғылыми мәтіндерді жазу дағдыларын қолдану.
ON11 Кәсіби қызметке жаңа коммуникациялық және сандық технологияларды бейімдеу, ҚР халықаралық және және сыртқы саяси қызметін ақпараттық қамтамасыз ету үшін кіріктірілген коммуникацияларды қолдану.
ON12 Қазіргі заманғы қоғам құрылымын қалыптастыру және әлеуметтік институттардың жұмыс істеу
үдерісіндегі шетелдік БАҚ рөлін түсіну және түсіндіру; БАҚ типіне байланысты халықаралық оқиғаларды көрсету, массмедиа үшін әртүрлі белгілік жүйелерді (ауызша, фото, аудио, бейне, графикалық) қолдана отырып, белгілі бір жанрларда, форматтарда материалдар жазу.
Бағдарлама паспорты
пәндер
2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
пәндер
2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
ТӘЖІРИБЕЛЕР
2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген