- Негізгі бет
- Магистратура
- Білім беру бағдарламалары
- Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
БIЛIКТIЛIГІ
- ғылыми - педагогикалық бағыт - техника ғылымдарының магистрі
ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ
1. тұрақты дамудың қазіргі заманғы қағидаларын ескере отырып, бейорганикалық заттар мен материалдарды алудың объектілері мен технологиялары туралы негізгі ғылыми-техникалық ақпаратты жүйелеу;
2. өндірістің заманауи технологиялық үдерістерінің сызбасын талдауды, бейорганикалық материалдар мен олардан жасалған бұйымдарды өңдеуді жүзеге асыру;
3. бейорганикалық заттардың химиялық технологиясындағы жаңа қағидаларды, амалдарды, теорияларды, соның ішінде озық ағылшын тілді ғылыми әдебиет негізінде ғылыми танымның әдіснамасы мен философиясына сәйкес оқытудың заманауи әдістерін түсіндіру;
4. бейорганикалық технология үдерістерін бақылау әдістерін және бастапқы шикізат пен дайын өнімді талдау әдістемелерін жетілдіру;
5. әлемдік және қазақстандық өнеркәсіпті дамыту трендтеріне сәйкес минералдық шикізатты қайта өңдеу және бейорганикалық заттарды, материалдарды алу үдерістерінің жаңа технологияларын әзірлеу;
6. зерттеудің, талдаудың, диагностиканың және модельдеудің қазіргі заманғы әдістерін қолдана отырып, Қазақстан өнеркәсібінің басым жаңа немесе белгісіз бағыттары бойынша бейорганикалық заттардың химиялық технологиясының ғылыми және инженерлік мәселелерін шешу;
7. зерттеу және өндірістік үдерістерді жүзеге асыру мен ұйымдастыру кезінде кәсіби және көшбасшылық қасиеттерді көрсету.
8. қазіргі заманғы білім беру технологиялары мен оқыту әдістемелерін, соның ішінде ағылшын тілін қолдана отырып, жоғары білім беру ұйымдарында химия және химия-технологиялық пәндер бойынша оқу үдерісін іске асыру;
9. бейорганикалық заттар мен материалдарды алу және өңдеу технологиясының тиімділігін арттыру үшін үдерістер мен жабдықтардың параметрлерін оңтайландыру;
10. өндіріске енгізу үшін химиялық технологияның теориясы мен тәжірибесінің жаңа жетістіктерін сыни бағалау;
11. экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздікке сәйкес технологиялық үдерістерді басқару;
12. материалдар мен бұйымдарды, оларды өңдіру, өңдеу және модификациялау үдерістерін зерттеу кезінде кешенді зерттеулер мен сынақтар жүргізу.
Бағдарлама паспорты
пәндер
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
пәндер
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
ТӘЖІРИБЕЛЕР
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген