Магистратура
Әдебиеттану

Әдебиеттану

БIЛIКТIЛIГІ

  • ғылыми - педагогикалық бағыт - филология ғылымдары магистрі

ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ

1. Көркем шығармашылықты зерттеуге пәнаралық көзқарастың ерекшеліктерін түсіну.
2. Тарих, теория, әдебиет менеджменті саласында өз бетінше зерттеулер жүргізудің және алынған нәтижелерді интерпретациялаудың әдістері мен тәсілдерін меңгеру.
3. Филологиялық және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымның қазіргі ғылыми бағыттары аясында көркем әдебиет пен фольклор шығармаларды зерттеу әдіснамасын қолдану.
4. Заманауи әдебиеттану мен фольклортанудың әртүрлі бағыттарын, жаһандану мен сананы жаңғыртудың әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың дамуына әсер ету ерекшеліктерін қалыптастыратын білім жүйесіндегі интегративті процестерді түсіну.
5. Жоғары оқу орындарында әдебиеттану пәндерін оқытудың инновациялық әдістерін таныстыру, көркем шығарма туындыларына сараптама жасау процесінде сандық және компьютерлік технологияларды қолдану.
6. Қазіргі заманғы көркем шығармашылықтың түрлі құбылыстарын мәдениет контекстінде терең зерттеу, әдебиет туындыларын олардың мазмұндық, тілдік, стилистикалық ерекшеліктері тұрғысынан сараптау үшін эксперименттік технологияларды пайдалану.
7. Өткен және қазіргі әдеби мұраны көпшілікке таратуға және насихаттауға бағытталған шығармашылық жобаларды дербес әзірлеу және жүзеге асыру.
8. Әдебиеттану, фольклортану, әдебиет менеджменті саласындағы кәсіби қызметті жүзеге асырған кезде теориялық және практикалық дайындықтың жоғары дәрежесін, өзіндік ерекшелігін және шығармашылық тәсілін көрсету.
9. Пәнаралық және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдарының жетістіктері мен мәдениеттің даму тенденциялары аясында әдебиеттану мен тіл білімінің өзекті мәселелерінің зерттеулерін меңгеру.

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Әдебиеттану
Мамандық шифры
7M02309
Факультеті
Филология

пәндер

Әдебиеттану және мәдениаралық қарым-қатынас
  • Кредит саны - 9
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты-көркем әдебиет туындыларын мәдениетаралық қарым-қатынас контекстінде талдау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы әдебиет туындыларын салыстырмалы типологиялық зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізін, әдебиетті мәдениетаралық қарым-қатынас факторы ретінде түсінуді құрайды. Пән қазіргі мәдениетаралық кеңістіктің ерекшеліктерін және оның көркем шығармашылықтың дамуы мен қабылдауына әсерін зерттеуге бағытталған.

Әдебиеттану мен фольклористиканың әдіснамалық мәселелері
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – қазіргі әдебиеттану мен фольклортанудың әдістемелік аппаратымен жұмыс істей білу, фольклор және әдебиет шығармаларын әлеуметтік-гуманитарлық ғылымның соңғы тәсілдер мен жетістіктері контекстінде зерттеу. Оқу курсы отандық және әлемдік әдебиеттану ғылымының даму тенденциялары парадигмасындағы көркем шығармашылықты зерттеудің теориялық және әдістемелік негізін құрайды. Пән көркем шығармашылықты зерттеудің инновациялық тәсілдерін зерттеуге бағытталған.

Әдебиеттану мен фольклористиканың өзекті мәселелері
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты Қазіргі әдебиеттану мен фольклортанудың даму тенденцияларын анықтау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі филология ғылымында болып жатқан процестерді, жаһандану және ғылым интеграциясы жағдайындағы оның даму перспективаларын түсінудің теориялық және әдіснамалық негізін құрайды. Пән әдебиеттану мен фольклордың жаңа бағыттарын, көркем шығармашылықты түсіну үшін пәнаралық зерттеулерді қолдану принциптерін зерттеуге бағытталған.

Әдебиеттанудағы ақпараттық технологиялар
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты қазіргі заманғы электронды ресурстарды түсіну және практикалық іс-әрекетте қолдану қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы көркем шығармаларды зерттеу және оқу орындарында әдебиетті оқыту процесінде компьютерлік технологияларды қолдану үшін теориялық және әдіснамалық негіз қалыптастырады. Пән филологиялық пәндерде қолданылатын электрондық ресурстарды, коммуникативті технологияларды, компьютерлік бағдарламаларды зерттеуге бағытталған.

Басқару психологиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: кәсіби қалыптасу процесінде басқару саласының маңызды аспектілерін қолдану қабілетін қалыптастыру. Курс аясында пән, басқару психологиясының негізгі принциптері, басқарушылық өзара әрекеттесудегі тұлға, жеке тұлғаның мінез-құлқын басқару, топтық құбылыстар мен процестерді басқару психологиясы, көшбасшы тұлғасының психологиялық ерекшеліктері, жеке Басқару стилі, басқарушылық қызметтегі әсер ету психологиясы, жанжал жағдайларын басқару ашылады.

Ғылым тарихы мен философиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: философия жайлы әлемді танудың ерекше формасы ретінде, оның негізгі бөлімдерін, проблемалары мен олардың болашақ кәсіби қызмет аясында зерттеу әдістері туралы тұтас жүйелі көзқарас қалыптастыру. Оқу курсы ғылыми-зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізін қалыптастырады.

Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағыл.)
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жоспарлауда практикалық дағдыларды қолдану, ғылыми зерттеу бағыттары туралы білімдерін жүйелеу және қолдану қабілеттерін қалыптастыру. Пән зерттейді: ғылыми мақалалар мен диссертацияларды жоспарлау, ұйымдастыру және ресімдеудің нысандары мен әдістері; презентацияларда, баяндамаларда, жобаларда, мақалаларда ғылыми зерттеу нәтижелерін қорытындылау түрлері.

Жоғары мектептің педагогикасы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: жоғары мектептің дидактикасы, білім беру теориясы мен менеджменті, оқытушылық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау негізінде жоғары оқу орындары мен колледждерде педагогикалық қызметке қабілеттілікті қалыптастыру. Оқу курсы білім беру мен Болон процесінің даму тенденцияларын зерттеуге бағытталған. Курс оқытушылық және кураторлық шеберлікті, оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі стратегиялары мен әдістерін меңгеруге көмектеседі.

Қазіргі қазақ драматургиясы және театр
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты драмалық шығармаларды зерттеудің негізгі әдістері мен тәсілдерін, ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басындағы қазақ драматургиясының даму заңдылықтарын түсіну және сипаттау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы драмалық шығармалардың жанрлық-стильдік және көркемдік ерекшеліктерін талдаудың теориялық және әдіснамалық негізін құрайды. Пән заманауи драманың поэтикасын, қазақ драматургтерінің шығармашылығындағы дәстүр мен жаңашылдық мәселесін зерттеуге бағытталған.

Шетел тілі (кәсіби)
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: шетел тіліндегі сөйлеу мәнерінің әртүрлі түрлерінде практикалық дағдыларды қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі жаһандық кеңістіктегі ақпаратты қабылдау, түсіну және аудару, өз зерттеулерін сынақтан өткізу үшін ғылыми іс-шараларға қатысу қабілетін қалыптастырады. Пән шетел тілін білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді жетілдіруге бағытталған.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Әдеби коучинг
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты әдеби коучингтің негізгі ұғымдары мен принциптерін түсіну және сипаттау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы жеке тұлғаның шығармашылық қабілеттерін дамыту және әдебиет туындыларын ілгерілету үдерісінде коучинг технологияларын қолданудың теориялық және әдіснамалық негізін құрайды. Пән коучингтің модельдері мен түрлерін, жазушылармен, оқырмандармен және баспалармен жұмысты ұйымдастыру принциптерін зерттеуге бағытталған.

Әдебиет және медиатехнологиялар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты медиа технологиялардың негізгі компоненттерін, ақпаратты өңдеу және беру тәсілдерін түсіну және сипаттау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы әдебиетті зерттеу және оқыту, көркем шығармаларды талдау үдерісінде медиатехнологияны қолданудың теориялық және әдіснамалық негізін құрайды. Пән ақпараттың негізгі тасымалдаушыларын, медиатехнологиялардың даму тарихын, оларды әдебиеттанушының практикалық қызметінде қолдану принциптерін зерттеуге бағытталған.

Әдебиет маркетингінің негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты-өткен мен қазіргі әдеби мұраны терең талдау және бағалау, оны оқырмандардың арасында кеңінен насихаттау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы көркем шығармашылықтың жұмыс істеу ерекшеліктерін, маркетингтің стратегиялары мен функцияларын түсінудің теориялық және әдіснамалық негізін құрайды. Пән әдеби агенттіктердің қызметін ұйымдастырудың ерекшеліктерін, көркем шығармалардың маркетингі мен жарнамасын зерттеуге бағытталған.

Әдебиеттану және қазіргі арт-индустрия
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты қазіргі заманғы арт-индустрияның терминологиялық және әдіснамалық аппаратын түсіну және сипаттау, оның ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басындағы тарихи-мәдени процестегі орнын түсіндіру қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы арт-индустрияны ұйымдастырудың технологиялары мен формаларын түсіну үшін теориялық және әдіснамалық негіз қалыптастырады. Пән әдебиет саласындағы арт-менеджердің кәсіби қызметінің теориялық негіздерін зерттеуге бағытталған.

Интертекстуальдық компаративистика және текстология
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты интертекстуалды компаративистиканың негізгі ұғымдары мен принциптерін, қазіргі текстологияның даму бағыттарын сипаттау және бағалау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы интертекстуалдылықтың табиғатын және оны көркем мәтінде зерттеу әдістерін түсінудің теориялық және әдіснамалық негізін құрайды. Пән әдеби шығармаларды интертекстуалды және мәтіндік талдау әдістемесін зерттеуге бағытталған.

Композиция поэтикасы және нарратология
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – нарратологияның ғылыми пән ретіндегі негізгі міндеттерін сипаттау және бағалау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы баяндау теориясы контекстінде көркем шығарманың құрылымдық ұйымдастырылуын түсінудің теориялық және әдістемелік негізін құрайды. Пән нарратологияның категориялық аппаратын, оның көркем мәтінді талдауға көзқарасының принциптері мен ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған.

Көркем мәтін теориясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты көркем мәтінді зерттеудің негізгі тәсілдерін, оны талдаудың принциптері мен әдістерін сипаттау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы филологиялық зерттеулердің объектісі ретінде көркем мәтінді зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізін құрайды. Пән көркем, әдеби-сыни дискурстардың табиғаты мен ерекшелігін, олардың негізгі функцияларын түсінуге, мәтінді талдаудың тәсілдері мен бағыттарын жүйелеуге бағытталған

Қазақстандағы әдеби сын дамуының негізгі тенденциялары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – қазіргі Қазақстандағы әдеби сыни ойдың даму тенденцияларын анықтау және сипаттау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы әдеби дәстүрлер сабақтастығы мен жазушылардың жаңашылдық сипатын түсінудің теориялық-әдістемелік негізін қалыптастырады. Пән Қазақстандағы әдеби процестің дамуының тарихи аспектілері мен тенденцияларын, әдебиеттану жанрлары мен тұлғаларын зерттеуге бағытталған.

Мәдени, тарихи және әдеби мұра аясындағы менеджмент
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты қазіргі тарихи-мәдени және әдеби процестердің негізгі даму тенденцияларын анықтау және сипаттау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы көркем, тарихи және публицистикалық әдебиеттерді шығаруды стратегиялық және жедел жоспарлауды жүзеге асырудың теориялық және әдіснамалық негізін құрайды. Пән әдеби агенттіктердің қызметін ұйымдастыру, кітап көрмелерін өткізу, әдеби сайттарды әзірлеу принциптерін зерттеуге бағытталған.

Мәдениет пен әдебиет аясындағы PR
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты қазіргі қоғамның қажеттіліктері тұрғысынан мәдени, көркемдік құндылықтарды қайта қарастыру үшін әдебиеттану және PR технологиялары бойынша теориялық білімді қолдану қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы көркем шығармашылықтың қоғамдық рөлін, әдебиет туындыларын жарнамалау принциптерін түсінудің теориялық және әдіснамалық негізін құрайды. Пән жазушылардың әдеби мұрасын әлемдік нарықта ілгерілетуді қамтамасыз ететін PR технологияларын зерттеуге бағытталған.

Түрік халықтарының фольклорлық және әдеби байланыстары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты түркі халықтарының фольклоры мен әдебиетінің генезисі мен даму заңдылықтарына салыстырмалы-типологиялық талдау жасау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы әлемдік тарихи-мәдени үдерістер контекстінде түркі халықтарының әдеби өзара байланысының дамуының негізгі бағыттарын зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізін құрайды. Пән түркі халықтарының көркемдік мұрасын, Жазушылар шығармашылығындағы сабақтастық пен дәстүрді терең зерттеуге бағытталған.

Хронотоп теориясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты-көркем хронотоптың табиғатын, оның функционалды маңыздылығы мен ерекшеліктерін түсіну қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы әр түрлі жанрлар мен стильдегі әдебиет шығармаларының кеңістік-уақыт континуумын зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізін құрайды. Пән хронотоптың заманауи теориялары мен тұжырымдамаларын, оны көркем шығарма құрылымындағы зерттеу әдістемесін зерттеуге бағытталған.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Зерттеу
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген