Магистратура
Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар

Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар

БIЛIКТIЛIГІ

  • ғылыми - педагогикалық бағыт - техника ғылымдарының магистрі

ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ

ON1 негізгі концепцияларды, шарттарды, теорияларды, ғылыми әдістерді талдау негізінде сандық электронды құрылғыларды құру және дайындау, эксперименттік және теориялық зерттеулерді ұйымдастыру, радиотехника, электроника және телекоммуникация саласында негізгі ғылыми және инженерлік мәселелерді шешу кезінде алынған нәтижелерді түсіндіру және меңгеру;
ON2 радиотехника, электроника және телекоммуникацияның заманауи ғылыми-техникалық мәселелерін шешуге арналған телекоммуникациялық желіні жобалау және құру, алға қойылған тапсырманы шешудің белгілі бір әдісін таңдаудың артықшылықтарын айқындау;
ON3 интеллектуалды ақылды жүйелердің архитектурасы мен желілсін жобалау және сынау, сондай-ақ наноқұрылымды шалаөткізгіштердің электрлік және оптикалық қасиеттерін, электрондық жүйелердегі синхрондалу құбылыстарын, интегралды тізбектердегі нейрондық желілерді, кеңжолақты радиотехникалық генераторларды, телекоммуникациялық жүйелердің маршрутизаторларының үлгілерін, «сигнал-шуыл» қатынасын анықтауда ақпараттық-энтропиялық әдісін және т.б. теориялық және эксперименттік зерттеу нәтижелерін бағалай білу;
ON4 стационарлық және мобильді робот жүйелерін, объектілерді тану жүйелерін, жасанды интеллект әдісі мен технологиясын, өзін-өзі танымдық интеллектуалды жүйені және нейрондық желіні пайдаланатын ұшқышсыз әуе кемелерін талдау және жоспарлау;
ON5 сигналдарды модуляциялау, детектрлеу, оптикалық күшейту және оптикалық сигналдарды қайта құру, ақпаратты қорғау және кодтауды қоса алғанда сандық сигналдарды өңдеу әдістерін таңдау және қолдану; сызықты сигналдарды кодтау әдістері; талшықты-оптикалық таратудың негізгі параметрлерін есептеу әдістері; оптикалық тарату жүйесі мен коммутацияларды дамытудың келешегі бар бағыттарын ескеру;
ON6 шуылы бар сигналдарды өңдеу, сандық сигналдарды талдауы бар компоненттік оптикалық базалы талшықты-оптикалық желі бойынша ақпаратты тарататын әртүрлі жүйелерін салыстыру;
ON7 сандық радиоэлектрондық және наноэлектрондық құрылғыларды жобалау және дайындау, сондай-ақ оларды тәжірибеге енгізу, алынған нәтижелерді жалпылау және түсіндіру;
ON8 радиотехникалық және ақпараттық жүйелерде, сымды және сымсыз желілерде орын алған процестерді моделдеу және бағдарламалау;
ON9 ғылыми құралдары бар заманауи сандыө әдістерді пайдалану арқылы радиотехника, электроника және телекоммуникация саласындағы қолданбалы зерттеулерді жүргізу;
ON10 радиотехникалық, телекоммуникациялық аппаратураларда, электрондық құрылғылар мен қондырғыларда алатын орны бар процестерді зерттеу нәтижелерін қорытындылау және жалпылау;
ON11 заманауи интеллектуалды жүйелерді дайындау, әртүрлі типтегі телекоммуникациялық сигналдарды сандық өңдеудің әртүрлі әдістерін қолдануды таңдауын салыстыру және анықтау;
ON12 ғылыми-зерттеу және қолданбалы салада мәселелерді, мақсаттарды, міндеттерді тұжырымдау; оларды дербес шешу, орындалған жұмыстың нәтижелері бойынша қорытынды жасау және оларды түсінгдіру, шетелдік ғылыми-техникалық әдебиеттермен жұмыс жасау, кәсіби қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа қатысу; командада жұмыс істей білу.

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
Мамандық шифры
7M06201
Факультеті
Физика-техникалық

пәндер

Басқару психологиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: кәсіби қалыптасу процесінде басқару саласының маңызды аспектілерін қолдану қабілетін қалыптастыру. Курс аясында пән, басқару психологиясының негізгі принциптері, басқарушылық өзара әрекеттесудегі тұлға, жеке тұлғаның мінез-құлқын басқару, топтық құбылыстар мен процестерді басқару психологиясы, көшбасшы тұлғасының психологиялық ерекшеліктері, жеке Басқару стилі, басқарушылық қызметтегі әсер ету психологиясы, жанжал жағдайларын басқару ашылады.

Ғылым тарихы мен философиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - Тарихи динамика негізінде және тарихи өзгермелі әлеуметтік-мәдени контексте қарастырылады. Арнайы философиялық талдау пәні болып табылатын ғылым феноменінің мәселелерімен таныстырып, ғылымның тарихы мен теориясы, ғылым дамуының заңдылықтары және ғылыми білімнің құрылымы, ғылымның мамандық және әлеуметтік институт ретіндегі ерекшеліктері, ғылымның қоғам дамуындағы рөлі туралы туралы білім қалыптастырады.

Ғылыми жобаларды талдау және басқару
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - ғылыми-зерттеу жобасын орындау үшін негізгі мәселелер туралы басқарушылық қабілеттерін дағдыландыру, мақсатқа жету жолын айқындау бойынша басқару және ұйымдастырушылық эффективтілігін талдау. Оқу курсы қалыптастырады: ғылыми жобаларды басқару теориясы; жұмыс жоспарын әзірлеу, жобаның мақсаттары мен міндеттерін белгілеу; авторлық құқықты қорғау, патенттеу; психологиялық инерция және оны жеңу жолдары, морфологиялық талдау, бақылау сұрақтарының әдісі.

Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: Ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастырудың теориялық және әдістемелік негіздерін білу негізінде филология саласындағы ғылыми зерттеулерді жоспарлау және жүргізу қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы болашақ маманның зерттеушілік мәдениетін қалыптастырады. Пән ғылыми зерттеулердің әдіснамасын, филологияда қолданылатын заманауи әдістерді зерттеуге бағытталған.

Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағыл.)
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жоспарлауда практикалық дағдыларды қолдану, ғылыми зерттеу бағыттары туралы білімдерін жүйелеу және қолдану қабілеттерін қалыптастыру. Пән зерттейді: ғылыми мақалалар мен диссертацияларды жоспарлау, ұйымдастыру және ресімдеудің нысандары мен әдістері; презентацияларда, баяндамаларда, жобаларда, мақалаларда ғылыми зерттеу нәтижелерін қорытындылау түрлері.

Жоғары мектептің педагогикасы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты - жоғары оқу орындарының дидактикасы, тәрбие мен білім беруді басқару теориялары, педагогикалық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау білімдері негізінде университетте педагогикалық іс-әрекеттің қабілетін қалыптастыру. Болашақ оқытушының білім беру қызметін ОКТ қолдана отырып жобалауды, Болон процесін жүзеге асыруды,дәріскерлік,кураторлық шеберлікті оқыту/тәрбиелеу және бағалау стратегиялары мен әдістерін қолдана отырып (TLA-стратегиялар) игеруді қарастырылады.

Интернет заттары және желілік технологиялары
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: магистранттарда желілік технологиялар және интернет заттары туралы білім жүйесін қалыптастыру, әртүрлі процестерді автоматтандыру үшін заманауи IoT технологиялары негізінде құралдарды пайдалану дағдылары мен білімділіктерін меңгерту. Қарастырады: интернет заттарының жалпы күйі, желілік технологиялар мен заттар интернеті, M2M машинадан машинаға байланысының жалпы ережелері, IoT-те деректерді беру стандарттары мен хаттамалары, IoT-дегі сенсорлар, IoT-де деректерді өңдеу, бұлттық технологияларды пайдалану және IoT-дегі сервис-бағдарланған архитектуралар, сымсыз сенсорлық сенсорлар, IoT үшін ұялы байланыс стандарттары.

Наноэлектроника және оптоэлектрониканың физикалық құбылыстары
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: наноэлектрониканың және оптоэлектрониканың іргелі физикалық үдерістері, нанокластерлік шалаөткізгіштердің құрылымдық, электрлік және оптикалық қасиеттерінің өзара байланыстары туралы ойлау қабілетін қалыптастыру. Қарастырады: Наноэлектроника мен оптоэлектрониканың заманауи мәселелері. Наноқұрылымдарды өсіру әдісі. Наноқұрылымдағы кванттық эффектілер. Кванттық шектеу. Электрондарды туннелдеу. Гетероқұрылымдар. Фуллерендер мен нанотүтікшелер. Кеуекті материалдар. Наноқұрылымды шалаөткізгіштердің оптикалық және электрлік қасиеттері. Наноқұрылымды материалдардың оптоэлектроникада қолданылуы.

Радиотехника, электроника және телекоммуникацияның ғылыми-техникалық мәселелері
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: радиотехникалық және электрондық жүйелердегі болатын процестердің ерекшеліктері туралы тұтас құрылымды талдау қабілетін, сондай-ақ осы саладағы зерттеу әдістерін меңгеруді қалыптастыру. Қарастырады: Телекоммуникациялық сектордағы технологиялық жетістіктер. Радиотехника мен электрониканың қолданылуы. Бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз етудегі кеңейтілген телекоммуникациялық стандартизациялар. Радиотехникалық жүйелердің сенімділігі мен қауіпсіздігі. Ақпараттың бүтіндігі және құпиялылығы. Радиотехника және электрониканың экологиялық мәселесі.

Сандық интегралды микросхемалар
  • Кредит саны - 9
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып интегралды схемотехнологияның теориясы мен тәжірибесін меңгеру. Қарастырады: Талданатын ақпарат формасы бойынша микосхемаларды бөлу. Интегралдық тізбектерінің логикалық элементтері. J K-, D-, RS – триггерлер. Қосындылайтын есептегіштер. Реверсивті есептегіштер. Есептеуіш-бөлгіштер. Ығысушы, параллелді, реверсивті тіркегіштер. Сумматор негізіндегі көбейткіш құрылғылар. КМДП логикалық элементті микросхемалар. Эмиттерлі-байланысқан логикалық элементті микросхемалар.

Сигналдарды өңдеу әдісі мен алгоритмі
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқу нәтижесінде магистранттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Сигналдарды компьютерлік талдаудың негізгі түсініктері. Сигналдарды талдау әдістері мен алгоритмдері. Бейнелерді дискреттеу және кванттау. Сандық фильтрлер. Дауыс пен суретті тіркеу және кодтау. Дауыс пен суретті талдаудың математикалық әдістері. Суретті түрлендіру. Суретті сегментациялау әдісі. Эволюциялық алгоритм және бұлдыр логиканы пайдалану негізінде сигналдарды талдау. Нейронды желілерді пайдалану негізінде сигналдарды талдау. Пайдалы сигналдарды сақтауға арналған әдістер мен форматтар. Суретті шығынмен және шығынсыз сығу принциптері. Түрлі түсті суретті кодтау. Суретті өңдеу әдістері мен алгоритмдері. Суреттерді масштабтау. Дауыс пен суретті қайта орнату.

Шетел тілі (кәсіби)
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: шетел тіліндегі сөйлеу мәнерінің әртүрлі түрлерінде практикалық дағдыларды қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі жаһандық кеңістіктегі ақпаратты қабылдау, түсіну және аудару, өз зерттеулерін сынақтан өткізу үшін ғылыми іс-шараларға қатысу қабілетін қалыптастырады. Пән шетел тілін білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді жетілдіруге бағытталған.

Электронды жүйелердегі синхрондалу
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқу нәтижесінде магистранттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Байланысқан автогенераторлар мен автотербелмелі жүйелер туралы жалпы мәлімет. Винн көпірі бар генератор. Оң және теріс кері байланыс. Сигналдар фазасын өлеу әдісі. Сызықты фазатүрлендіргіш және оның сипаттамалары. Бейсызық фазатүрлендіргіш және оның сипаттамалары. Шуыл генераторы және оның орташа квадраттық мәнін өлшеу. Сигналдар спектрі генераторы. Электронды жүйелердегі сигналдардың спектрлік сипаттамасы. Электронды құрылғылардың динамикалық диапазоны. Екі байланысқан автотербелмелі генераторлардың динаикасы. Байланыс күші. Реттеуші параметр. Байланысқан автогенераторлардың динамикасы. Синхрондалу және асинхронды режимдер. Тұтас байланысқан автогенераторлар ансамблі. Квазипериодты өзқауым күйі. Сыртқы периодты күш әсері бар тұтас байланысқан автогенераторлар. Сыртқы шуыл күші әсері бар тұтас байланысқан автогенераторлар. Арнольд тілі.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Ақпаратты жеткізу цифрлік жүйелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқу нәтижесінде магистранттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Аналогтық, сандық және дискретті сигналдар. АСТ және САТ. Сандық ақпаратты беру жүйесі. Сандық ақпаратты беру жүйелерінің мақсаты мен жіктелуі. Мәтіндік хабарларды кодтау үшін пайдаланылатын кодтар. Аналогтық сигналды кодтау. ИКМ сигналдарын жіберу жолдары. Байланыс арнасындағы бұрмаланулар және олардың себептері. Символдар арасындағы интерференция. Ақ шуылға қарсы M-дік сигналын қабылдау. Корреляцияны қабылдау әдісі. Қатенің ықтималдығы. Сигнал-шу қатынасының ролі. Сигнал-шу қатынасын және оның артықшылықтарын анықтау үшін ақпараттық энтропия әдісі. Хамминг, БЧХ, Рида-Соломонов кодтары.

Ғылыми жобаларды талдау және басқару
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - ғылыми-зерттеу жобасын орындау үшін негізгі мәселелер туралы басқарушылық қабілеттерін дағдыландыру, мақсатқа жету жолын айқындау бойынша басқару және ұйымдастырушылық эффективтілігін талдау. Оқу курсы қалыптастырады: ғылыми жобаларды басқару теориясы; жұмыс жоспарын әзірлеу, жобаның мақсаттары мен міндеттерін белгілеу; авторлық құқықты қорғау, патенттеу; психологиялық инерция және оны жеңу жолдары, морфологиялық талдау, бақылау сұрақтарының әдісі.

Жаңа буынды желілерді құру технологиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: әртүрлі мультимедиялық ақпаратты пакеттік тарату технологиялары мен протоколдарына пайдаланатын келесі ұрпақты NGN байланыс желілерін құру принциптерін зерттеу. Қарастырады: Байланыс желісінің эфолюциясы және желілік технологиялар. Ену желісі. Ену технологияларының классификациясы. xDSL, Гибридті FTTx ену желісі. NGN желісінің архитектурасы. Икемді коммутатор сипаттамасын есептеу. СССП (Н.323, SIP, MGCP, MEGACO/H.248) протоколдары.

Жасанды интеллектінің әдістері мен технологиялары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: жасанды интеллекттің негізгі әдістерін және технологияларын сипаттау және бағалау мүмкіндігін қалыптастыру және оларды қолданбалы электроникада қолдану. Қарастырады: Интеллектуалды жүйелер. Нейроғылым. Жасанды интеллект. Нейрондар моделі. Желі архитектурасы. Тікелей таралудың бірқабатты, көпқабатты желісі. Жады негізінде оқыту. Хебб оқытуы. Бәсекелі оқыту. Больцман оқыту. Мұғаліммен оқыту. Мұғалімсіз оқыту. Интеллектуалды электронды жүйемен дыбыстық байланыс жүйелері.

Заманауи сымсыз технологиялар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: заманауи сымсыз технологиялардың құрылымы мен сымсыз желілерді жобалау туралы тұтас жүйелік түсініктерін, қабілеттерін қалыптастыру. Қарастырады: Сымсыз байланыс желілері. Сымсыз байланыс желілеріндегі сигналдарды тасымалдаушылар. Радио арналары. Сигналды қабылдау мен беру кедергісі. Байланыс арнасының сипаттамасы. Байланыс арнасы. Ұялы және спутниктік байланыс. Жаңа сымсыз байланыс жүйесі.

Заманауи талшықты-оптикалық тарату жүйелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: Халықаралық электробайланыс одағының (ХЭО) тұрғысынан заманауи оптикалық транспорттық желілері туралы тұтас жүйесін түсіну қабілетін қалыптастыру. Қарастырады: Оптоталшықты таратқыш жүйелері, Талшықты-оптикалық тарату жүйесінің классификациясы, тізбегі, компоненттері. Оптикалық сәуле көзі. Оптикалық модуляторлар, қабылдағыштар, күшейткіштер. Синхронизация және басқару желісі. OTN-OTH, Ethernet, T-MPLS стандарттары, (ASON/ASTN) автоматты коммутациялық желілері.

Нейрондық желілер және терең оқыту
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: заманауи нейрондық желілерді ұйымдастыру, сондай-ақ нейрондық желілік құрылғыларды құру қабілетін қалыптастыру. Қарастырады: Жасанды интеллекттің жалпы анықтамасы. Жасанды нейронды желінің моделі. Тереңдетілген желіні оқыту революциясы. Жасанды интеллект және машиналық оқыту. Нейрондық желілердегі регуляризация. Салмақ инициализациясы. Заманауи нейронды желілер. Торлы нейронды желілер. Санды тану үшін торлар. Заманауи торлы архитектуралар.

Оптоэлектроника және наноэлектрониканың физикалық құбылыстары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқу нәтижесінде магистранттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Наноэлектроника мен оптоэлектрониканың заманауи мәселелері. Оптоэлектронды құрылғылардың классификациясы. Оптоэлектронды құрылғылардың ұүрылымы, жұмыс істеу принципі және қолдану аймағы. Наноқұрылымдарды өсіру әдісі. Наноқұрылымдағы кванттық эффектілер. Кванттық шектеу. Электрондарды туннелдеу. Кванттық нүкте және жіп. Кванттық шұңқыр. Гетероқұрылымдар. Фуллерендер мен нанотүтікшелер. Кеуекті материалдар. Нанокластерлі материалдардың беттік топологиясын зерттеу үшін заманауи микроскопиялық әдістер. Наноқұрылымды шалаөткізгіштердің электрлік қасиеттерінің ерекшеліктері. Наноқұрылымды шалаөткізгіштердің оптикалық қасиеттері. Нанокластерлерден оптикалық шағылу, өту және сыну. Экситонды және биэкситонды спектрлер. Наноқұрылымды материалдардың оптоэлектроникада қолданылуы. Фотоника. Нанофотоника. Наноқұрылғы. Наноэлектронды транзисторлар. Наноматериалдардағы күн элементі. Жарық диоды. Шалаөткізгішті лазерлер. Фотовольтаика. Күн элементінің эффективтілігін арттыру әдістері.

Өзін-өзі оқытатын интеллектуалды жүйелер және желілер
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқу нәтижесінде магистранттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Жасанды нейронды желі. Өздігінен ұйымдастырылатын нейрондық желі. Кохонен нейронды желісі. Өзқауым картасы. Сигналдарды векторлы кванттау желісі. SOM алгоритмі. Оқыту векторын кванттау. Векторды иерархиялық кванттау. Өзқауымдастырылған Кохонен нейронды желісін моделдеу. Информация теориясы негізінде моделдеу. Энтропия. Тәуелсіз компоненттерді талдау. Максималды өзұқсастықты бағалау. Максималды энтропия әдісі. Рекурентті нейронды желі. Кері байланысы бар нейронды желі. Кері байланысы бар нейронды желілерді моделдеу. Рекрентті нейронды желіні зерттеу. Жаңа активациялық функциясы бар жасанды нейронды желіні моделдеу. Үшқабықшалы нейронды желіні құру. Нейронды тербелістердің масштабды инвариантты моделін үлгілеу. Жасырын қабықшалы нейронды желілерді моделдеу. Программаланатын интегралды тізбектерде нейронды тербелістердің электрондық моделі. Оқытушының берген тақырыбы бойынша көпқабықшалы нейронды желі тізбегі. Иерархиялық үшқабықшалы деңгейі бар жасанды нейронды желіні моделдеу.

Сандық интегралды микросхемалар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып интегралды схемотехнологияның теориясы мен тәжірибесін меңгеру. Қарастырады: Талданатын ақпарат формасы бойынша микосхемаларды бөлу. Интегралдық тізбектерінің логикалық элементтері. J K-, D-, RS – триггерлер. Қосындылайтын есептегіштер. Реверсивті есептегіштер. Есептеуіш-бөлгіштер. Ығысушы, параллелді, реверсивті тіркегіштер. Сумматор негізіндегі көбейткіш құрылғылар. КМДП логикалық элементті микросхемалар. Эмиттерлі-байланысқан логикалық элементті микросхемалар.

Сигналдарды өңдеу әдісі мен алгоритмі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: сигналдарды өңдеудің және талдаудың заманауи әдістерін жүйелі түрде талдау, бағдарламалық қамтамасыз ету жүйелерін құру принциптерін және интеллектуалды сандық графикалық өңдеу жүйелерін қалыптастыру. Қарастырады: Сигналдарды талдаудың негізгі түсініктері. Сигналдарды талдау әдістері, алгоритмдері. Суретті сегментациялау әдісі. Суретті өңдеу әдістері мен алгоритмдері. Суреттерді масштабтау. Дауыс пен суретті қайта орнату.

Телекоммуникациялық желілердегі ақпаратты қорғау әдістері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: телекоммуникация желілеріндегі ақпараттарды қорғаудың заманауи криптографиялық әдістерінің тұтас көзқарасын бейнелеу қабілетін қалыптастыру. Қарастырады: Ақпарат. Ақпараттық қауіпсіздік. Ақпараттық қауіпсіздік қаупі. Заманауи ақпаратты қорғау әдістері. Ақпаратты қорғау теориясының негізгі түсінігі. Заманауи ақпараттық қауіпсіздіктің жалпы принциптері. Қауіпсіздік қызметтері. Криптоталдау. Криптографиялық протоколдар. Криптоорнығу. Кілтпен басқару. Электронды-санды қолтаңба. Электронды-санды қолтаңба алгоритмі.

Ұялы байланыстың заманауи технолгиялары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқу нәтижесінде магистранттар төмендегі мәселелерді қарастырады: мобилді байланыс стандарттары мен технологияларының өзектілігі және даму мәселелері. Мобилді байланыс желісін құрудың жалпы принциптері мен классификациясы. МБЖ құрудың негізгі әдістерінің сипаттамалары. МБЖ тізбегінің жалпылама құрылымы. МБЖ құрылымдық элементтерінің құрамы. Абоненттік станция, базалық станция, желілік жүйе. МБЖЖ-ң ұрпақтары. Транкті байланыстың аналогты және санды стандарттары. TETRA стандарты. 2G МБЖЖ ұялы байланыс стандарттарының жалпы сипаттамалары. GSM стандарты. IS-95 стандарты. 3G МБЖЖ ұялы байланыс стандарттарының жалпы сипаттамалары. WCDMA және CDMA-2000 стандартындағы МБЖЖ-ң негізгі техникалық сипаттамалары. Төртінші ұрпақты желінің негізгі аспектілері. LTE стандарты.

Электронды жүйелердегі синхрондалу
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: электроникадағы автогенераторларды практикалық қолданылуын және байланысқан осцилляторлардың динамикалық заңдылықтарын талдау мүмкіншілігін қалыптастыру. Қарастырады: Байланысқан автогенераторлар мен автотербелмелі жүйелер туралы жалпы мәлімет. Винн көпірі бар генератор. Оң және теріс кері байланыс. Сигналдар фазасын өлеу әдісі. Квазипериодты өзқауым күйі. Сыртқы периодты, шуыл күш әсері бар тұтас байланысқан автогенераторлар. Арнольд тілі.

Электронды наносенсорлар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқу нәтижесінде магистранттар төмендегі мәселелерді қарастырады: интегралды тізбектер элементтерінің ықшамдалынуының заманауи тенденциясы. Наноқұрылымдар. Сенсорлар және наносенсорлар. Сенсорлы элементтер үшін наноматериалдарды алу әдістері. Наномасштабты сенсорлардың түрлері және тағайындалуы. Наносенсорлардың қолданылуы. Наномасштабты сенсорларды құру үшін наноқұрылымды және кеуекті материалдарды қолдану. Гетероқұрылымдар. Наносенсорлардың сипаттамалары. Наносенсорлардың сезімталдығы. Қайта орнату уақыты. Наносенсорлардың оңтайлы параметрлері. Наносенсорлардың электрлік және оптикалық қасиеттері. Сенсорлардың наноқұрылымды материалдарының электрлік қасиеттерінің ерекшеліктері. Әртүрлі жағдайда наносенсорлардың жұмыстары. Наносенсорлардың даму сатысы.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Зерттеу
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген