Магистратура
Электр энергетикасы

Электр энергетикасы

БIЛIКТIЛIГІ

  • ғылыми - педагогикалық бағыт - техника ғылымдарының магистрі

ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ

ON1 Энергетикадағы ғылыми-техникалық прогресті дамытудың негізгі кезеңдерін реттеу, ғылым мен техникадағы тарих пен философияның рөлін түсіну және сыни ойлау; дәстүрлі емес және альтернативті энергия көздері базасында автономды энергия қондырғыларын құру принциптерін саралау, электр энергиясын өндіру, беру, тарату және тұтынудың өдірістік мәселелерін саралау. Энергетикадағы материалдар мен бұйымдар бетінің нанотехнология және инженерия саласындағы инновациялық жасақтаулар, микропроцессорлық техниканың құрылымы және жұмыс істеу принципі;
ON2 Жоғары мектеп педагогикасы мен ғылыми ойлау психологиясының ҒЗЖ-да жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін негізгі жетістіктерін, өнеркәсіптік электрониканың іргелі принциптерін, теориялық электротехниканың заңдары негізіндегі электр тізбектерін, өлшеу техникасының жұмыс істеу принципі мен құрылымын, электрмен жабдықтаудағы сапаны бағалаудың негізгі әдістері мен тәсілдерін және сапасын арттыру мәселелерін түсіндіру;
ON3 Электр физикада және жоңғары вольтті технологияларда физикалық құбылыстар мен процестерге, электрлік және магниттік тізбектердің сызықты емес режимдерін талдау әдістері негізінде электр тізбектерінің математикалық модельдерін құру үшін математикалық аппаратты және қолданбалы бағдарламалардың стандартты пакеттерін қолдану;
ON4 Басқару және қорғаудың электрлік аппараттардың құрылғыларын жобалау бойынша және олардың қолдану саласын білу, күн энергетикалық қондырғылардың, жоғары вольтты және электротехникалық технологиялар мен құрылғылардың жұмыс істеу принциптерін, жанартылатын энергия көздері негізінде автономды электрмен жабдықтау жүйесін жасақтау және қолдану тапсырмаларын талдау және түсіндіру;
ON5 Эксперименттік және жобалық жұмыстар барысында күн энергетикасы мен жаңартылатын энергетика технологияларын, материалдар мен аспаптарды, автоматтандырылған электр жетектерін құру ерекшеліктерін, олардың өнеркәсіптің әртүрлі салаларындағы техникалық іске асыру мысалдарын келтіру, зерттеу
ON6 Электрфизикалық және жоғары вольтты технологиялардың, электр энергиясының сапасын есептеу және бағалау әдістерінің негізгі түрлерін, қазіргі заманғы әлемдік электр энергетикасындағы орын алатын, проблемалардың заманауи жағдайын зерттеу нәтижелерін жалпылау;
ON7 Электр берілісінің әуе және кабель желілерінің конструкциялық орындалуы мен жұмыс шарттарын, жұмыс істеу принципін, трансформаторлар мен электр желілерінің құрылымдық орындалуын, параметрлері мен алмастыру сұлбаларын ажырату;
ON8 Жоғары вольтты жабдықтардың параметрлерін, электрмен жабдықтау жүйелерінің сенімділігі бойынша типтік сипаттамалары мен параметрлерін, тұрақты және айнымалы токтың электр тізбектері мен сигналдарының параметрлерін, энергетикалық объектілердің, электрондық және күштік схемаларды автоматика және бақылау жүйелеріндегі электрондық схемаларды есептеу;
ON9 Микропроцессорлық жүйелер негізінде энергетикалық құрылғылармен автоматты басқару моделін құру және зерттеу
ON10 Альтернативті энергия көздері негізінде электрмен жабдықтау сенімділігін бағалау әдістері мен құралдарының техникалық шешімдерін әзірлеу
ON11 Автоматтандырылған жобалау жүйесін энергетика кәсіби қызметінде интеграциялау, ғылыми және инженерлік эксперимент деректерін өңдеу нәтижелері, энергетика объектілеріндегі математикалық модельдер
ON12 Шағын станциялар мен электр желілерінің жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу жүргізу, білім беру мекемелерінде оқу процесіне энергетика жетістіктерін енгізу қажеттілігі туралы шешім қабылдау.

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Электр энергетикасы
Мамандық шифры
7M07112
Факультеті
Физика-техникалық

пәндер

Басқару психологиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: кәсіби қалыптасу процесінде басқару саласының маңызды аспектілерін қолдану қабілетін қалыптастыру. Курс аясында пән, басқару психологиясының негізгі принциптері, басқарушылық өзара әрекеттесудегі тұлға, жеке тұлғаның мінез-құлқын басқару, топтық құбылыстар мен процестерді басқару психологиясы, көшбасшы тұлғасының психологиялық ерекшеліктері, жеке Басқару стилі, басқарушылық қызметтегі әсер ету психологиясы, жанжал жағдайларын басқару ашылады.

Ғылым тарихы мен философиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - Тарихи динамика негізінде және тарихи өзгермелі әлеуметтік-мәдени контексте қарастырылады. Арнайы философиялық талдау пәні болып табылатын ғылым феноменінің мәселелерімен таныстырып, ғылымның тарихы мен теориясы, ғылым дамуының заңдылықтары және ғылыми білімнің құрылымы, ғылымның мамандық және әлеуметтік институт ретіндегі ерекшеліктері, ғылымның қоғам дамуындағы рөлі туралы туралы білім қалыптастырады.

Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: Ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастырудың теориялық және әдістемелік негіздерін білу негізінде филология саласындағы ғылыми зерттеулерді жоспарлау және жүргізу қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы болашақ маманның зерттеушілік мәдениетін қалыптастырады. Пән ғылыми зерттеулердің әдіснамасын, филологияда қолданылатын заманауи әдістерді зерттеуге бағытталған.

Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағыл.)
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жоспарлауда практикалық дағдыларды қолдану, ғылыми зерттеу бағыттары туралы білімдерін жүйелеу және қолдану қабілеттерін қалыптастыру. Пән зерттейді: ғылыми мақалалар мен диссертацияларды жоспарлау, ұйымдастыру және ресімдеудің нысандары мен әдістері; презентацияларда, баяндамаларда, жобаларда, мақалаларда ғылыми зерттеу нәтижелерін қорытындылау түрлері.

Жоғары мектептің педагогикасы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты - жоғары оқу орындарының дидактикасы, тәрбие мен білім беруді басқару теориялары, педагогикалық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау білімдері негізінде университетте педагогикалық іс-әрекеттің қабілетін қалыптастыру. Болашақ оқытушының білім беру қызметін ОКТ қолдана отырып жобалауды, Болон процесін жүзеге асыруды,дәріскерлік,кураторлық шеберлікті оқыту/тәрбиелеу және бағалау стратегиялары мен әдістерін қолдана отырып (TLA-стратегиялар) игеруді қарастырылады.

Шетел тілі (кәсіби)
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: шетел тіліндегі сөйлеу мәнерінің әртүрлі түрлерінде практикалық дағдыларды қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі жаһандық кеңістіктегі ақпаратты қабылдау, түсіну және аудару, өз зерттеулерін сынақтан өткізу үшін ғылыми іс-шараларға қатысу қабілетін қалыптастырады. Пән шетел тілін білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді жетілдіруге бағытталған.

Электр энергетикасындағы микропроцессорлық техника және автоматтандыру
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Микроконтроллер мен микропроцестердің түрлерін, МП жүйесінің жұмыс істеу принципін түсіндіру, МП құрылымдық схемасының талдау және жалпылау, микроконтроллер базасында автоматтау жүйесін жобалау қабілеттігін қалыптастыру. МП командалық жүйесі, енгізу-шығару құрылғылары, микрокомпьютерлер, жадты ұйымдастыру, цифрлық интерфейстер, МК бағдарламалау, Автоматтандырылған жүйе, автоматтандыру элементтері, автоматтандыруда МК қолдану, цифрлық автоматика құрылғылары, автоматты басқару және бақылау элементтері

Электрмен жабдықтау жүйелерінің сенімділігі және электр энергиясының сапасы
  • Кредит саны - 9
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқытудың мақсаты: электр магнитті техникалық құралдарды біріктіріп талдау, энергия жүйенің қуатының балансын есептеу, торап параметрлерінің ауытқуын бағалау, ток пен кернеудің симметриялы еместігін түсіндіру қабілеттігін қалыптастыру

Энергетикадағы электрофизикалық технологиялар
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқытудың мақсаты: Өндірісте қолданылатын заманауи электрофизикалық технологиялар саласында білікті маманды қалыптастыру. Бұл курста келесі аспектілер қарастырылады: Пәнді оқу кезінде келесі аспектілер қарастырылады: қазіргі заманғы өндірісте қолданылатын негізгі электрофизикалық технологиялар, қондырғылардың жұмыс істеу принципі мен конструкциясы, жеке технологиялық кезеңдері, технологиялардың физикалық негіздері

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Автономды энергетикалық жүйелерді жобалау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Жаңартылған көздердегі автономды электр жабдықтау жүйесінің функциясының принципін сараптау, макетпен эксперимент жүргізу, автономды жүйенің құрылымын жобалау, қондырғының макетін жасау қаблеттілігін қалыптастыру. Электрмен жабдықтаудың автономды жүйесі, жүйенің жұмыс режимін және өндіріспен келісе отырып электроэнергияны тұтынуды басқару, шағын ГЭС, автономды күн және жел қондырғылары.

Жаңартылатын энергетика технологияларындағы инновациялары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқытудың мақсаты білім алушылар жадында қайта жаңартылатын энергия көздерін механикалық, электр және жылу энергиясына түрлендіру құрылғыларына қатысты ғылыми зерттеулер мен техникалық-экономикалық есептермен жобаларды өз бетінше орындау үшін баламалы және жаңартылатын энергетика саласында кәсіби білімдерін қалыптастыру.

Жоғары вольтты жабдықтар және технологиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты жоғары кернеулі заманауи электр жабдықтарын және оның сенімділігін, өзара алмастырылуын, техникалық сипаттамаларын, оны дайындау технологиясын, қолдану саласын, негізгі нормативтік құжаттарды, пайдалану ережелерін, пайдалану тәжірибесін талдауды, берілген пайдалану шарттары үшін электр жабдықтарын таңдауды зерттеу болып табылады

Жоғары вольтты оқшаулаудағы электрофизикалық процестер
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқытудың мақсаты электр өрісінің заттарға әсер етуінің теориялық негіздерін білу, газ тәрізді, сұйық және қатты диэлектриктердегі электрофизикалық процестерді зерттеу және электр жабдықтарын ұтымды, үнемді пайдалануға, сондай-ақ жоғары кернеулі электр қондырғыларының сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған қызмет түрі ретінде жоғары вольтты оқшаулауды үйлестіру туралы білімді практикалық қолдану.

Қазіргі заманғы электрониканың таңдаулы сұрақтары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқытудың мақсаты - электрониканың күштік құрылғыларның жұмысын түсіндіру және түрлері бойынша классификациялау, кілт режимдегі транзисторлық және тиристорлық тізбектердің жұмыс режимдерін есептеу, схемаларды құру және күштік түрлендіргіштер құрылғылардың макетін жасақтау қабілеттері мен дағдыларын қалыптастыру.

Электр қондырғыларын диагностикалаудың физикалық әдістері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: электр энергетикалық қондырғылардың оқшаулауын сынаудың теориялық негіздерін, сынақ импульстарын алу әдістерін оқып үйрену, жоғары вольтты қондырғылармен жұмыс істеуде практикалық дағдыларын алу Міндеттері: жоғары вольтты импульстік техникада қолданылатын негізгі заңдарды беру; генераторлардың негізгі түрлері және разрядтағыштардың қасиеттері; сынау әдістерін маңызды ғылыми-техникалық қолданылуы

Электр энергетикасындағы жабдықтарды қорғау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқытудың мақсаты электр энергетикалық жүйелердегі жабдықтарды зақымданудан және қалыптан тыс режимдерден қорғаудың теориялық негіздері туралы білімді қалыптастыру, сондай-ақ жоғары кернеулі электр қондырғыларының сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыру, аппараттық платформаны және релелік қорғаныс пен автоматиканың микропроцессорлық терминалдарын алгоритмдік қамтамасыз етуді зерттеу.

Электр энергетикасындағы электромагниттік үйлесімділік
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Электр энергетикасындағы электромагниттік үйлесімділіктің теориялық негіздері туралы жүйелі білімді және электр объектілерін технологиялық басқарудың SMART жүйелерінде оны қамтамасыз ету бойынша практикалық ұсыныстарды қалыптастыру, энергия қондырғыларының сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға, электр энергиясын ұтымды, үнемді пайдалануға бағытталған қызмет түрі ретінде электромагниттік үйлесімділікті кешенді зерттеу

Электротехника теориясының қосымша тараулары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Сызықтық емес тізбектердегі физикалық процестерді түсіндіру, тізбектердің параметрлерін есептеу, өтпелі процестерді талдау және жалпылау, компьютерлік модельдеу әдістерін қолдана отырып, сызбаларды жобалау қабілеттері мен дағдыларын қалыптастыру. Тізбектер теориясының негізгі түсініктері, электр тізбектерінің сызықты емес элементтері, өтпелі процестер, электр тізбектерін компьютерлік модельдеу әдістері.

Энергетикалық технологияларда қолданылатын жаңа материалдардың инженериясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Энергетика саласында жаңа материалдарды жасау үшін қазіргі заманғы техника туралы білімдерін пайдалана білуді қалыптастыру. Қазіргі техникада қолданылатын материалдардың құрылымы мен қасиеттерін, оларды өңдеудің құрамы мен әдістерін анықтайтын негізгі заңдылықтар, материалдардың қажетті сынақтарын жүргізу дағдыларын дамыту, жаңа материалдарды машина жасауда қолданылатын негізгі аспаптармен және жабдықтармен жұмыс

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Зерттеу
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген