Білім деңгейіМагистратура
Шекті балл (ақылы бөлім)75
ФакультетЭкономика және бизнес жоғары мектебі
ID1558
Бағдарлама туралы
«7М04117– Есеп және аудит» білім беру бағдарламасының мақсаты аналитикалық, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік іс-шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, бухгалтерлік есеп, аудит және талдау саласында терең ғылыми, педагогикалық, кәсіптік білімдері мен тәжірибелік дағдылары бар жоғары білікті мамандарды даярлау.
Түлек моделі
1.Қаржылық есеп жүйесінде ақпаратты, ХҚЕС сәйкес қаржылық есеп беруді дайындау, қаржылық есепте қамтылған ақпаратты талдау және түсіндіру және басқару шешімдерін қабылдау үшін алынған ақпаратты пайдалану;
2.ҚР "Аудиторлық қызмет туралы" Заңының талаптарына және халықаралық аудит стандарттарына сәйкес қаржылық есептіліктің аудитін жүргізу және тиісті аудиторлық қорытынды мен жеткілікті, қисынды және түсінікті негіздемесімен басқа қорытынды құжатты әзірлеу;
3.Бухгалтерлік есеп, аудит және талдау саласындағы магистратураның іргелі және қолданбалы пәндері бойынша білімдерін пайдалана отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, кәсіби саладағы проблемаларды анықтай отырып, ғылыми зерттеулердің өзекті бағыттарын анықтау;
4.Қазіргі заманғы цифрлық технологияларды қолдану арқылы қаржылық және салық есептілігінің аудитін жүргізу, бухгалтерлік есеп пен салықтық есепке алуды құру, қалпына келтіру, жүргізу бойынша қызметтерді ұсынудың мақсаттары мен міндеттерін анықтау;
5.Ұйымдардағы күрделі қаржылық жағдайлар мен мәселелерді шешу үшін тұрақты қаржылық тұжырымдамалар мен үлгілерді қолдану.
6.Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және мемлекеттік аудитті, қаржылық және ішкі бақылауды жүзеге асыру үрдісінде басқару шешімдерін қабылдай отырып, мемлекеттік қаражаттың тиімді пайдаланылуын, тексеру тобының жұмысын ұйымдастыру;
7.Стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді анықтау, ұзақ мерзімді перспективада ішкі және сыртқы ортаны бағалау, стратегиялық тәуекелдерді бағалау және бақылау, ұйым қызметінің мақсатты көрсеткіштер жүйесін, ұйым қызметі туралы стратегиялық шешімдер қабылдау үшін ақпаратты қамтитын пайдаланушыларға ішкі есеп нысандарын ұсыну;
8.Бизнес-үрдістердің дамуын, бизнесті талдау және ұйымның бәсекеге қабілеттілігін бағалау әдістері мен әдістемесін пайдалана отырып, бизнес-жоспарлауды талдау, сонымен қатар Microsoft Excel бағдарламасы негізінде білімді модельдеу және бухгалтерлік есепте модельдеу әдістерін қолдану бойынша математикалық білімді қалыптастыру;
9.Қазіргі заманғы оқыту технологияларын пайдалана отырып, оқу, ғылыми-зерттеу, ғылыми және әдістемелік қызметті жүзеге асыру және ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде жеке тұлғаның әлеуметтенуін дамытуға бағытталған білім беру үрдісін құру.
10.Кәсіби біліммен қалыптасқан дүниетанымдық ұстанымдар негізінде қоршаған шындықты бағалау, проблемалық мәселелерді жүйелеу, бухгалтер мен аудитордың құқықтық этикасы нормаларын сақтай отырып, кәсіби пікірлерге негізделген оңтайлы шешімдерді табу;
11.Жалпыадамзаттық, ұлттық басымдықтар мен шет тілдерін білуді ескере отырып, білім берудің заңдылықтарына, қағидаларына сәйкес оқу және тәрбие үрдісін құру;
12.Бухгалтерлік және талдамалық ақпарат негізінде бизнес тиімділігін басқару нұсқаларын, ұзақ мерзімді перспективада ішкі және сыртқы ортаны бағалай отырып, стратегиялық тәуекелдерді бақылау және ұйым қызметінің мақсатты индикаторларының жүйесін талдау;

Байланыс
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті,
Қазақстан Республикасы, Алматы, 050040, әл-Фараби даңғылы, 71
Султанова Б.Б., тел.номер +77076992624
Когут О.Ю., тел.номер +77017147474
Қабылдау
1) Бакалавриатты аяқтағаны жайлы диплом+ қосымшалары (түпнұсқасы)
2) Жеке куәлігі (түпнұсқа және көшірме -2 дана)
3) Сертификат КТ
4) Фото 3×4 – 6 дана
5) Шет тілін меңгергенін растайтын сертификат ( болған жағдайда)
6) 0/75у нысаны бойынша медициналық анықтама