7M07304 Магистратура

Жерге орналастыру

Факультет:География және табиғатты пайдалану
Код:7M07304
Білім деңгейіМагистратура
Шекті балл (ақылы бөлім)75
ФакультетГеография және табиғатты пайдалану
ID1654

Бағдарлама туралы

Әкімшілік-аумақтық құрылымдарды аумақтық жоспарлауға, жерге орналастыру жұмыстарын жүргізуге және жерге орналастыруды жоспарлаудың құқықтық және техникалық аспектілерін реттеуге қабілетті жерге орналастыру саласында жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.

Түлек моделі

1. Зерттеу тақырыбы бойынша бастапқы деректерді жинау, өңдеу, талдау және жүйелеу, жобалар мен жерге орналастыру схемаларын әзірлеуді үйрене отырып,ғылыми-техникалық ақпаратты зерттеу және педагогикалық қызметте пайдалану үшін ұлттық және халықаралық деректер қорын қолдана білу;
2. Жер заңнамасын және жерге орналастыру саласындағы нормативтік құқықтық құжаттарды ескере отырып, экономиканың әртүрлі салаларында жерді пайдалану мәселелерін шешу үшін жерге орналастырудың заманауи әдістерін және жерді ұтымды пайдалану мен қорғаудың экономикалық тетіктерін қолдану;
3. Жердi ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiндегi жерге орналастыру жобаларын әзiрлеу үшiн қашықтықтан зерделеу әдiстерi мен геоақпараттық технологиялар негiзiнде жер ресурстарын ұтымды пайдалану мәселелерi бойынша зерттеулер жүргiзу;
4. Облыстың және Қазақстан Республикасының өнеркәсіп салаларының экономикасының даму перспективаларын және табиғатты қорғау және жер заңнамасының талаптарын ескере отырып, әкiмшiлiк-аумақтық субъектiлердiң, жер пайдаланушылар мен жер учаскелерiнiң меншiк иелерiнiң жерiн ұтымды пайдалану мен қорғаудың жобалары мен схемаларын әзiрлеу;
5. Ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту саласындағы іргелі және қолданбалы білімдерді біріктіру және тұрақты даму мақсаттарын іске асыру және оларға қол жеткізу үшін агроқұрылымдар аумағын ұйымдастыру арқылы жерге орналастыру шешімдерін қалыптастыру;
6. Экологиялық көрсеткіштерді ескере отырып, жерді пайдаланудың ландшафттық – экологиялық жобалауын және кешенді геоэкологиялық жерге орналастыру зерттеулерін жүргізу дағдылау;
7. Ауыл шаруашылығын тұрақты дамыту мақсатында жер пайдалануды аумақтық жоспарлау бойынша ғылыми-ізденістік жұмыстарда экономикалық-математикалық модельдеу және болжау әдістерін қолдану;
8. Мемлекеттiк және шетел тiлдерiнде ғылыми коммуникацияның қазiргi заманғы әдiстерi мен технологияларын пайдалана отырып, ғылыми мәселелердi шешу үшiн жерге орналастыру саласында кәсіби оқытуды игеру, кәсiби қызметте этикалық және психологиялық нормаларды сақтау.

Байланыс

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Қазақстан Республикасы, Алматы, 050040, әл-Фараби даңғылы 71, №6 Бас оқу ғимараты (БОҒ 6), 321, 217, 102 ауд.
Байланыс телефондары: 7(727)3773333, 7(727)3773330; ішкі нөмірлері: 12-27, 14-88

Қабылдау

1) Бакалавриатты аяқтағаны жайлы диплом+ қосымшалары (түпнұсқасы)
2) Жеке куәлігі (түпнұсқа және көшірме -2 дана)
3) Сертификат КТ
4) Фото 3×4 – 6 дана
5) Шет тілін меңгергенін растайтын сертификат ( болған жағдайда)
6) 0/75у нысаны бойынша медициналық анықтама