Магистратура
Компьютерлік инженерия

Компьютерлік инженерия

БIЛIКТIЛIГІ

  • ғылыми - педагогикалық бағыт - техника ғылымдарының магистрі

ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ

Білім беру бағдарламасын аяқтау нәтижесінде магистранттарда келесі қабілеттерді қалыптастыру:
ON 1 жоғары өнімді есептеуіш жүйелердегі есептеулерді ұйымдастырудың қазіргі заманғы мәселелерін талдау;
ON 2 ресурстарды көп қажет ететін есептеулерге арналған математикалық модельдерді құру, заманауи суперкомпьютерлік технологиялардың көмегімен бағдарламалық жүзеге асыруды орындау;
ON 3 бейнелерді тану, оқыту және сандық ұсыну және бейнелерді өңдеу теоретикалық концепцияларын қолдануға;
ON 4 Бағдарламалық Қамтамасыз Етуді Әзірлеу әдістерінің теориялық негіздерін, бағдарламалық кешендерді жобалау әдістерін, деректердің абстрактілі түрлерін құру, бағдарламалардың дұрыстығын дәлелдеу, тестілерді ұйымдастыру және бағдарламалық кешендерді сүйемелдеу;
ON5 тәуекелдерді талдау, жүйелік интеграция және тестілеу дағдыларын пайдалану;

ON6 ықтималдық теориясын, математикалық логиканы білу негізінде ақпаратты өңдеу мен басқарудың автоматтандырылған жүйелерінің аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етуінің сенімділігін есептеудің логикалық моделін құру;
ON7 дизассемблирлеу және бағдарламаны ретке келтіру, жүйенің ақпараттық журналдарындағы шабуылды анықтау, шабуылдың табиғатын, оның белгілері мен анықтау әдістерін сипаттау, жүйеге ықтимал шабуылдарды орындау тұрғысынан жүйені бағалау;
ON8 аппараттық және бағдарламалық құралдардың сенімділігін талдау және есептеу әдістерін, жүйелердің сенімділігін арттыру және қамтамасыз ету әдістерін қолдану;
ON9 оқыту сипатындағы процестерді ұйымдастыру дағдыларын пайдалану;
ON10 есептеуіш бірліктердің көп санында бір уақытта есептеуді жүргізу және синхрондау; кластерлік және көппроцессорлық жүйелерді пайдалану;
ON11 бағдарламалық қамтамасыз ету парадигмаларын қолдану, олардың күшті және әлсіз жақтарын талдау;
ON12 бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды талдау негізінде функционалдық ерекшеліктерді әзірлеу.

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Компьютерлік инженерия
Мамандық шифры
7M06103
Факультеті
Ақпараттық технологиялар

пәндер

Басқару психологиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: кәсіби қалыптасу процесінде басқару саласының маңызды аспектілерін қолдану қабілетін қалыптастыру. Курс аясында пән, басқару психологиясының негізгі принциптері, басқарушылық өзара әрекеттесудегі тұлға, жеке тұлғаның мінез-құлқын басқару, топтық құбылыстар мен процестерді басқару психологиясы, көшбасшы тұлғасының психологиялық ерекшеліктері, жеке Басқару стилі, басқарушылық қызметтегі әсер ету психологиясы, жанжал жағдайларын басқару ашылады.

Бейнені тану теориясы
  • Кредит саны - 9
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты негізінен машиналық оқыту әдістеріне және компьютерлік қосымшаларды қолдану арқылы осы жүйелерді іске асыруға негізделген бейнелерді тану жүйелерінің іргелі тұжырымдамаларын, теорияларын және алгоритмдерін қолдануды қалыптастыру. Пәнді оқу нәтижесінде магистранттарда келесі қабілеттерді қалыптастыру: - тегістеу және айқындық әр түрлі фильтрлерінің жұмысын анықтау және сипаттау; - әртүрлі сегменттеу әдістерін талдау;

Бөлінген жүйелер теориясы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән бойынша келесі аспектілер қарастырылады: Үлестірілген есептеу моделіне кіріспе. Сағаттарды синхрондау. Тоқтауды анықтау алгоритмдері. Өзара ерекшеліктің үлестірілген алгоритмдері. Тұйық жағдайларды анықтау алгоритмдері. Үлестірілген жалпы жады. Үлестірілген файл серверлері. Программалаудың үлестірілген ортасы: коммуникациялық примитивтер, жеке тақырыптық зерттеулер.

Ғылым тарихы мен философиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: философия жайлы әлемді танудың ерекше формасы ретінде, оның негізгі бөлімдерін, проблемалары мен олардың болашақ кәсіби қызмет аясында зерттеу әдістері туралы тұтас жүйелі көзқарас қалыптастыру. Оқу курсы ғылыми-зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізін қалыптастырады.

Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағыл.)
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жоспарлауда практикалық дағдыларды қолдану, ғылыми зерттеу бағыттары туралы білімдерін жүйелеу және қолдану қабілеттерін қалыптастыру. Пән зерттейді: ғылыми мақалалар мен диссертацияларды жоспарлау, ұйымдастыру және ресімдеудің нысандары мен әдістері; презентацияларда, баяндамаларда, жобаларда, мақалаларда ғылыми зерттеу нәтижелерін қорытындылау түрлері.

Желілік технологиялар
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: виртуалды локалды желілерді коммутациялау және маршрутизациялау, маршрутизация және OSPF протоколының негіздерін зерттейді және коммутация мен маршрутизация протоколдарының кеңейтілген конфигурациясын және тізімге қол жетілімділікті конфигурациялау. Курсты оқу барысында магистрант төмендегідей білімдерді меңгереді: - статистикалық және динамикалық маршрутизацияның жұмыс істеу принципін баяндау; - кішкене коммутацияланатын желіде негізгі операцияларды орындағанда баптау мәселелерін шешу және реттеу; - виртуальды локальды желілерді және түйін топтары арасындағы маршрутизацияны баптау; - осалдықты айқындау және шабуылдарды анықтау құралдарымен жұмыс істеу; - жүйелік анализ жасау, жобалау, кодтау, бағдарламаны дұрыстау және тестілеу; - құжаттарды рәсімдеу және бағдарламалық өнімді шығару. Пәнді оқу нәтижесінде магистранттер төмендегі мәселелерді қарастырады: Желілерді жобалау. Конвергенті желі. Коммутталған желі. Комутталған желіні басқару. Кадрлар жарнамасы. Коммутация домендері. Коммутаторлардың жұмыс істеу концепциясы. Виртуалды локалды желі. Маршрутизациялау принциптері. Маршрутизатордың бастапқы құрылысы. Маршрутизатор функциялары. Құрылғыларға қосылу. Маршрутизатордың қосылуын тексеру. Жолды анықтау. VLAN принциптері.

Жоғары мектептің педагогикасы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты - жоғары оқу орындарының дидактикасы, тәрбие мен білім беруді басқару теориялары, педагогикалық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау білімдері негізінде университетте педагогикалық іс-әрекеттің қабілетін қалыптастыру. Болашақ оқытушының білім беру қызметін ОКТ қолдана отырып жобалауды, Болон процесін жүзеге асыруды,дәріскерлік,кураторлық шеберлікті оқыту/тәрбиелеу және бағалау стратегиялары мен әдістерін қолдана отырып (TLA-стратегиялар) игеруді қарастырылады.

Жоғары өнімді есептегіш жүйелер
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты магистранттарда келесі дағдыларды қалыптастыру болып табылады: - параллельді программалар құрудың тәсілдерін, есептеу математикасының есептеріне параллельді есептеу әдістерін сипаттау; - нақты алгоритмдерді енгізудің параллельді программаларын құрудың жалпы схемаларын қолдану; - MPI және OpenMP технологияларын қолдана отырып, параллельді программалар жасау; - параллельді программалардың орындалу моделін құру; - параллель программалардың параметрлерін есептеу қабілеттерін қалыптастыру.

Нақты уақыт жүйелеріне арналған бағдарламалық қамтаманы құру технологиясы
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты - магистранттардың нақты уақыт жүйелерінің жұмысын құру мен ұйымдастырудың теориялық негіздерін, олардың бағдарламалық жасақтамасын құру ерекшеліктерін және тиімді қолдану тәсілдерін зерттеу. Пән компьютерлік жүйелерді бағдарламалау мен басқарудың қиылысында орналасқан. Пәннің міндеттері: оқу барысында нақты уақыт жүйелерін дамытуда қолданылатын терминологияны оқып, нақты уақыт жүйелерін ұйымдастырудың және жұмыс істеуінің негізгі принциптерін игеруі керек.

Шетел тілі (кәсіби)
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: шетел тіліндегі сөйлеу мәнерінің әртүрлі түрлерінде практикалық дағдыларды қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі жаһандық кеңістіктегі ақпаратты қабылдау, түсіну және аудару, өз зерттеулерін сынақтан өткізу үшін ғылыми іс-шараларға қатысу қабілетін қалыптастырады. Пән шетел тілін білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді жетілдіруге бағытталған.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Python-да бағдарламалау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: Python бағдарламалау тілі мысалында сәйкес пәндік салалардағы мәселелерді шешу үшін жылдам өтуге мүмкіндік беретін объектіге бағытталған және функционалдық бағдарламалау тәсілдерін қолдану қабілетін қалыптастыру. Оқыту нәтижелері: Python тілінде деректерді өңдеудің стандартты мәселелеріне эталондық шешімдерді шығару; Python тілінде қосымшаларды жасау және оларды үйлестіру.

Автоматтандырылған электрондық жүйелер
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: Интернет мүмкіндігі теориясында негізгі ұғымдарды қалыптастыру. Курсты оқу барысында магистрант төмендегідей білімдерді меңгереді: - нақты уақыт режимінде көрсеткіштерді реттеу үшін автоматтандыруда smart-технологияларды қолдану тиімділігін талдау; - жалпы қамтитын Интернет бағаналары болып табылатын төрт элементті талдау және инновация арқылы бизнес саласын түрлендіру тәсілдері; - жалпы қамтитын Интернет бағаналары болып табылатын төрт элементті және инновация арқылы бизнес саласын түрлендіру тәсілдерін түсіндіру; - интернет заттарына байланысты қамтамасыз ету үшін IP қолдаумен және қолдауынсыз құрылғыларды желіге біріктіру мүмкіндігін түсіну; - жан-жақты қамтитын Интернет үшін шешімді бағалау және іске асыру қадамдарын түсіндіру және жан-жақты қамтитын Интернет үшін шешімдерді қабылдау кезінде ескерілуі қажет қауіпсіздік мәселелерін түсіндіру; - smart-технологияларды түрлі салаларда практикалық қолдану тиімділігін бағалау. Пәнді оқу нәтижесінде магистранттер төмендегі мәселелерді қарастырады: Желілік қосылыстардың тиімділігі мен құндылығын арттыру мақсатында адамдарды, процестерді, деректер мен заттарды біріктіру тұжырымдамасы. Бұл курс күнделікті заттар мен адамдарды біріктіру арқылы жан-жақты интернетпен қамтамасыз етілген артықшылықтар туралы білуге қызықты барлық адамдарға арналған. Курс аясында теориялық материалға қосымша болып табылатын жаттығулар берілген

Желілік басқару және жобалау технологияларының әдістері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: бағдарламалық өнімді құру үдерісі мен кезеңдерін жан-жақты және жүйелі көру үшін магистранттардың қажет теориялық базасымен практикалық дағдыларын қалыптастыру. Курсты оқу барысында магистрант төмендегідей білімдерді меңгереді: - жобалау шаблонын енгізу, бағдарламалау коды және бағдарламалық қамтаманы жобалауды тиімділеу үшін рефакторингті пайдалану;

Желілік қауіпсіздік
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты желілер ішінде ақпаратты қауіпсіз сақтау, беру және өңдеу үшін желілерде қауіпсіздікті басқаруды жүзеге асыру қабілетін қалыптастырудан тұрады. Пәнді оқу нәтижесінде магистранттарда келесі қабілеттерді қалыптастыру: - күрделі қауіпсіздік тұжырымдамасын түсіндіру; - желілердегі қауіпсіздік тәуекелдерін талдау; - қауіпсіздік механизмдерін, қауіпсіздік саясатын, компоненттерді, порттардың қауіпсіздігін және қорғалған желілер үшін қорғауды қолдану;

Киберқауіпсіздік жүйе архитектурасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: магистранттың бойында - программалық қамтамасыз етуді жобалау, тестілеу, енгізу және қызмет көрсету; - программаның өмірлік циклін, программалық өнімдердің сапасын бағалау әдістерін, программалық жүйелерді жасау технологияларын, CASE құралдарын сипаттау; - ғылыми, конструкторлық және технологиялық мәселелерді шешуге бағытталған стандартты программалық өнімдерді қолдану; - әзірленген программалық өнімдердің сапасын бақылау қабілеттерін қалыптастыру.

Киберқауіпсіздік негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: магистранттарда - криптографиялық әдістер мен әдістерді іске асыру мысалдарын қолдана отырып, ақпаратты қорғаудың негізгі принциптерін тұжырымдау дағдыларын, - криптографиялық әдістерді қолдану негізінде техникалық құралдармен берілетін және өңделетін ақпаратты қорғауды ұйымдастыруға жүйелік тәсілдің негіздерін қолдану тәсілдерін, - шифрларды әзірлеу және математикалық әдістерді қолдану принциптерін тұжырымдау қабілеттерін қалыптастыру.

Киберқауіпсіздік пен желілерді қорғау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: магистранттың бойында - программалық құралдармен және компьютерлік жүйелердің ақпаратын қорғау әдістерімен білімді қолдану, - ақпаратты қорғау есептерін шешу әдістерін қолдану, - компьютерлік жүйелерге шабуыл жасайтын программаларды құрастыру және олардан қорғану, - арналар арқылы ақпаратты жіберу кезінде қорғау әдістерін қолдану, қол жеткізуді басқару.

Компьютерлік желілер дамуының келешегі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: желіні жобалаудың негізін және қолдауды үйрету, желідегі қауіпсіздік мәселелерін шешу принциптерін баяндау. Курсты оқу барысында магистрант төмендегідей білімдерді меңгереді: - желіні конфигурация жасау; - желіге қажет құрылғыны таңдауды іске асыру; - компьютерлік желіні жобалау; - істен шыққан желіге верификация және диагностика жасау; - жүйелік анализ жасау, жобалау, кодтау, бағдарламаны дұрыстау және тестілеу; - қолжетімді қауіпсіздік саясатты таңдау. Пәнді оқу нәтижесінде магистранттер төмендегі мәселелерді қарастырады: Желі арқылы коммуникация. Функционалдылық және OSI моделі қосымшаларының хаттамалары. OSI моделі моделінің транспорттық деңгейі. OSI модетилі моделінің желілік деңгейі. Маршрутизацияның динамикалық хаттамасы. RIP динамикалық хаттамасы, VLSM және CIDR 1 нұсқалары. . RIP динамикалық хаттамасы, 2 нұсқаcы. OSPF маршрутизациясының динамикалық хаттамасы. Ауқымды желі технологиясы. Қашықтықтан кіру. Желілік қауіпсіздік.

Қауіпсіздік мақсатындағы Java
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: магистранттардың бойында - пәндік саланы объектіге-бағытталған талдау әдістерін қолдану, - оның негізгі компоненттері арасындағы өзара байланысты талдау, - пәндік саланы талдауды қоса алғанда, объектіге бағытталған бағдарламалық жасақтаманы әзірлеудің толық циклін жүргізу, - кластар мен объектілерді жобалау.

Машиналық оқыту
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән негізінде келесі мәселелер меңгерілетін болады: жіктеу, регрессия, болжау, кластерлеу. Python тілінде нейрондық желілерді бағдарламалау. TensorFlow, Keras кітапханалары. Жақын көршілер әдісі және оны жалпылау. Стандарттарды таңдау және көрсеткіштерді оңтайландыру. Классификацияның логикалық әдістері. Мүмкіндіктерді бинаризациялау. Байес регуляризациясы. Бинарлы классификация. Калибрлеу. Детерминация коэффициенті. Логорифмдік жоғалулар. Жоғалту функциясы. Орташа абсолютті қателік. Бақыланатын және бақыланбайтын машиналық оқыту.

Мобилді қауіпсіздік
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: магистранттарда - мобилді құрылғыларға арналған пайдаланушы интерфейстерін жобалау және бағалау дағдыларын, - мобилді және веб-платформаларда қосымшаларды жобалау және әзірлеу принциптерін, - мобилді қосымшаларды жасауда қолданылатын әр түрлі кітапханаларды, қызметтерді, push-хабарландыруларды, Core Data, Pod, UI дизайнын, MVC салыстыру қабілеттерін қалыптастыру.

Озық енгізілген мультипроцессорлар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: қазіргі микропроцессорлар мен мультипроцессорлардың құрылысы мен жұмыс істеу принциптері, олардың дамуының негізгі бағыттары мен үрдістері туралы терең білім алу болып табылады. ЭЕМ архитектуралық ерекшеліктерінің қолданбалы бағдарламалардың әртүрлі сыныптарындағы жұмыс сапасына әсерін зерттеу. қолданбалы бағдарламаларды архитектуралық оңтайландырумен танысу.

Өнеркәсіптік киберқауіпсіздік
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: магистранттардың бойында - ақпараттық қауіпсіздіктің кәсіби құзыреттілігін қамтамасыз ету; - жүйелер қауіпсіздігін қамтамасыз ету; - FTP протоколы арқылы файлдарды жүктеуді және жүктеуді қамтамасыз ету, - қашықтағы түйінге қауіпсіз байланыс орнату, - маршрутизаторды қорғауды қамтамасыз ету; - сервердегі брандмауэрлерді және маршрутизатордағы қатынауды басқару тізімдерін конфигурациялау қабілеттерін қалыптастыру.

Робототехникалық жүйелер үшін имитациялық моделдер
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: әр түрлі салаларда роботтарды және роботтық жүйелерді модельдеу бойынша заманауи білімнің қалыптасуын және магистранттерді осы саладағы тәжірибелік жұмыстарға дайындау. Курсты оқу барысында магистрант төмендегідей білімдерді меңгереді: - робототехникалық жүйелерді модельдеу міндеттерін шешу; - жүйелер теориясының математикалық негіздерін қолдану; - жобаланатын робототехникалық жүйеге қойылатын талаптарды әзірлеу бойынша; - жоғары тиімді роботталған кешендерді әзірлеу; - робототехникалық жүйелердің кейбір түрлерін қолдану; - робототехникалық жүйелермен байланысты типтік есептерді шешу. Пәнді оқу нәтижесінде магистранттер төмендегі мәселелерді қарастырады: Робототехникалық жүйелерді моделдеудің міндеттері; жүйелер теориясының математикалық негіздері; жобаланатын робототехникалық жүйеге қойылатын талаптар; жоғары тиімді роботталған кешендер; робототехникалық жүйелердің түрлері.

Сигналдарды сандық өңдеудің технологиялары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курсты оқу барысында магистранттарда келесі тақырыптар бойынша білімдерін қалыптастыру: Сигналдар: аналогтық, дискретті, цифрлық. Z-түрлендіру, Фурье түрлендіруі: амплитудалық және фазалық сигнал, DFT және FFT, Конволюция және корреляция. Сызықтық және циклдік конволюция. жылдам бұралу, кездейсоқ процестер. Ақ Шу. Ықтималдық тығыздық функциясы, Детерминистік сигналдар. Модуляция: AM, FM, FM, LFM.

Сымсыз телекоммуникациялық жүйелер және желілік технологиялар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: телекоммуникациялық жүйелердегі негізгі әдістері, принциптері, алгоритмдер және деректерді қорғау хаттамаларын зерттеу. Курсты оқу барысында магистрант төмендегідей білімдерді меңгереді: - масштабталатын желілік шешімдерді құру; - трафикті басқару, серверлер мен маршрутизаторларды конфигурациялау, желі құрылғыларын пайдаланудың құжатын қолдану; - PPP, ISDN, DDR және Frame Relay қосқанда WAN технологияларын конфигурациялау және сипаттау;

Тізбектерді модельдеу және симмуляциялау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: магистранттарды ақпараттық-есептеу жүйелері мен желілердің қызметін модельдеу мысалында күрделі жүйелерді Имитациялық модельдеудің қазіргі заманғы әдістеріне, технологияларына және бағдарламалық құралдарына оқыту, соның ішінде белсенді сыртқы әсер ету жағдайында. Курсты оқу барысында магистрант төмендегідей білімдерді меңгереді: - күрделі жүйелердің тәртіптік бағдарламалық моделін құру (Имитациялық модельдер);

Үлкен деректерді өңдеу және талдау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: магистранттарда үлкен деректермен жұмыс жасауда қолданылатын ақпаратты өңдеу және талдау мәселелерін жан-жақты және жүйелі түрде түсінуге мүмкіндік беретін қажетті теориялық база мен практикалық дағдыларды қалыптастыру, сондай-ақ ақпараттық технологиялар саласындағы ғылыми және қолданбалы есептерді шешуде концептуалды және теориялық модельдерді әзірлеу және талдау.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Зерттеу
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген