Магистратура
IT-Генетика

IT-Генетика

БIЛIКТIЛIГІ

  • ғылыми - педагогикалық бағыт - жаратылыстану ғылымдарының магистрі

ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ

OН1. Жалпы, молекулалық, экологиялық және медициналық генетика салаларындағы заманауи жетістіктерді ғылыми және практикалық қызметте қолдану;
OН2. IT-технологияларды және математикалық модельдеуді пайдалана отырып, биожүйелердің өмір сүру механизмдері мен генетикалық процестерін модельдеу;
OН3. Ғылыми зерттеулер үшін ақпараттық технологияларды, оның ішінде интернет-ресурстарды пайдалана отырып, ғылыми-техникалық және патенттік ақпаратты талдау;
OН4. Жалпы және молекулалық генетика және гендік инженерия әдістерін қолдана отырып, геномның қызмет ету және тұқым қуалау механизмдерін, қоршаған орта факторларының әсерінен гендердің өзгеруін зерттеу;
OН5. Генетика, биомедицина, ауыл шаруашылығы және экологияға арналған генетикалық ақпараттық деректер базасын және бағдарламалық қамтамасыз етуді жобалау;
OН6. Статистикалық талдау, деректерді визуализациялау және бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу үшін бағдарламалау (R, Python) әдістерін қолдану;
OН7. Мутациялық, популяциялық және эволюциялық процестерді математикалық модельдеу көмегімен пәнаралық, кешенді зерттеулерді жүргізу;
OН8. Интерактивті әдістері бар оқыту құралдарымен қамтылған оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу, оларды оқу үдерісіне енгізу;
OН9. Генетика және ақпараттық технологиялар саласындағы пәнаралық байланысты күшейту бағытында ғылыми-практикалық идеялар мен жобаларды құру;
OН10. Ғылыми және практикалық қызметте биоэтика және биоқауіпсіздік принциптерін қолдана отырып, кәсіби және жеке өзін-өзі тәрбиелеу қажеттілігін дамыту

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
IT-Генетика
Мамандық шифры
7M05104
Факультеті
Биология және биотехнология

пәндер

Басқару психологиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: басқару психологиясының іргелі ұғымдарын зерделеу негізінде жоғары білікті мамандарды ғылыми даярлауды қамтамасыз ету, кәсіби қалыптасу процесінде басқару саласының маңызды аспектілерін теориялық түсіну және практикалық қолдану үшін алғышарттар жасау. Курс психикалық процестердің дамуы мен жұмыс істеу заңдылықтарын, тиімді өзара әрекеттесу және қақтығыстарды жеңу, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі таныстыру негіздерін зерттеуге бағытталған.

Гендік инженерия
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: гендік инженерияның молекулалық-генетикалық әдістерін практикада қолдану қабілетін қалыптастыру. Келесі аспектілер қарастырылады: ген клондаудың жалпы принциптері; Гибридті (рекомбинантты) ДНҚ (recDNA) молекулаларының дизайны; векторлық ДНҚ молекулалары; про- және эукариоттық клеткаларда клондалған гендердің экспрессиясы; Saccharomyces cerevisiae гендік-инженерлік жүйесі; жануарлар мен өсімдіктердің векторлық жүйесі.

Генетикадағы биостатистика
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: салыстырмалы зерттеу топтарының тұқым қуалаушылық мен өзгергіштігі дәрежесінің статистикалық маңызды айырмашылықты анықтауғы қажетті генетика саласындағы статистикалық әдістерді қолдану қабілеттерін қалыптастыру. Келесі аспектілер қарастырылады: биостатистиканың параметрлік және параметрлік емес әдістері (Студенттік тест, хи-квадрат, Манн-Уитни тесті және т.б.), корреляциялық, регрессиялық және дисперсиялық талдау; тұқым қуалаушылық және инбридинг коэффициетердін анықтау әдісі; мутациялар жиілігін есепке алу әдісі.

Генетикадағы этика және биоқауіпсіздік
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: биология, генетика және медицина салаларында биоэтиканың ұлттық және халықаралық стандарттарына сәйкес генетикалық технологиялар мен биоқауіпсіздік әдістерін қолдану қабілетін қалыптастыру. Келесі аспектілер қарастырылады: негізгі биоэтиканың қағидалары; генетиканың биоэтикалық мәселелері; зертханалық жануарларға биоэтикалық қатынас, клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулерді жүргізуге қойылатын мемлекеттік және халықаралық талаптар, GLP ережелері.

Ғылым тарихы мен философиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: философия жайлы әлемді танудың ерекше формасы ретінде, оның негізгі бөлімдерін, проблемалары мен олардың болашақ кәсіби қызмет аясында зерттеу әдістері туралы тұтас жүйелі көзқарас қалыптастыру. Оқу курсы ғылыми-зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізін қалыптастырады.

Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағыл.)
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жоспарлауда практикалық дағдыларды қолдану, ғылыми зерттеу бағыттары туралы білімдерін жүйелеу және қолдану қабілеттерін қалыптастыру. Пән зерттейді: ғылыми мақалалар мен диссертацияларды жоспарлау, ұйымдастыру және ресімдеудің нысандары мен әдістері; презентацияларда, баяндамаларда, жобаларда, мақалаларда ғылыми зерттеу нәтижелерін қорытындылау түрлері.

Деректерді талдау R
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: әр түрлі типтегі және масштабтағы деректерді статистикалық талдау, өңдеу және визуализациялау үшін R бағдарламалау тілін тиімді пайдалану қабілетін қалыптастыру. Келесі аспектілер қарастырылады: R және R-Studio-ға кіріспе; деректерді өңдеу; data frame жұмыс; әр түрлі көздерден деректерді жүктеу(CSV, Excel, мәліметтер базасы); R-де графикалық пакеттерді пайдалану; R-де статистика.

Жоғары мектептің педагогикасы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: жоғары мектептің дидактикасы, білім беру теориясы мен менеджменті, оқытушылық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау негізінде жоғары оқу орындары мен колледждерде педагогикалық қызметке қабілеттілікті қалыптастыру. Оқу курсы білім беру мен Болон процесінің даму тенденцияларын зерттеуге бағытталған. Курс оқытушылық және кураторлық шеберлікті, оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі стратегиялары мен әдістерін меңгеруге көмектеседі.

Шетел тілі (кәсіби)
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: шетел тіліндегі сөйлеу мәнерінің әртүрлі түрлерінде практикалық дағдыларды қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі жаһандық кеңістіктегі ақпаратты қабылдау, түсіну және аудару, өз зерттеулерін сынақтан өткізу үшін ғылыми іс-шараларға қатысу қабілетін қалыптастырады. Пән шетел тілін білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді жетілдіруге бағытталған.

Эволюциялық биология
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: эволюциялық биологияның жетістіктері мен қазіргі заманғы мәселелерді талдау қабілетін қалыптастыру. Келесі аспектілер қарастырылады: эволюциялық биологияның әдістері: палеонтологиялық, биогеографиялық, морфологиялық, молекулалық-генетикалық; молекулалық эволюцияның бейтарап теориясы, үздіксіз тепе-теңдік теориясы, эволюциялық эпигенетика теориясы, эволюциялық даму биологиясының принциптері; эволюцияның синтездік теориясының қазіргі мәселелері; тәжірибелік эволюциялық биологияның жетістіктері және эволюциялық биологияның шешілмеген сауалдары.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Big Data-ны өңдеу және визуализациялау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: үлкен деректерді (Big Data) аналитикалық өңдеу қабілетін қалыптастыру. Келесі аспектілер қарастырылады: үлкен деректер (Big Data) нәтижелеріне статистикалық талдау; MapReduce, Hadoop, Spark құралдары мен әдістері; көп көлемдегі деректерге машиналық оқыту әдістері; деректерді талдаудың ірі масштабты жүйелерін администрациялау; деректерді тиімді визуализациялау әдістері мен құралдары; деректер сапасын анықтау, бұрмаланулар мен қателерді анықтау әдістері.

Python-да бағдарламалау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: Python бағдарламалау тілі мысалында сәйкес пәндік салалардағы мәселелерді шешу үшін жылдам өтуге мүмкіндік беретін объектіге бағытталған және функционалдық бағдарламалау тәсілдерін қолдану қабілетін қалыптастыру. Оқыту нәтижелері: Python тілінде деректерді өңдеудің стандартты мәселелеріне эталондық шешімдерді шығару; Python тілінде қосымшаларды жасау және оларды үйлестіру.

Агрогенетика
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: өнімділікті, ауруға төзімділікті және экологиялық өзгерістерге бейімделуді арттыру мақсатында ауылшаруашылық өсімдіктері мен жануарларын жақсарту үшін генетикалық технологияларды қолдану қабілетін қалыптастыру. Келесі аспектілер қарастырылады: өсімдік сорттарын өсіру және жақсарту әдістері; өсімдік шаруашылығындағы биотехнологиялық тәсілдер; селекцияға арналған молекулалық маркерлер; ауылшаруашылық жануарларының тұқымдарының өнімділігі мен денсаулығын жақсартудың генетикалық аспектілері.

Генетика үшін бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: генетикалық деректерді талдау үшін бағдарламалық құралдарды тиімді пайдалану және әзірлеу қабілетін қалыптастыру. Келесі аспектілер қарастырылады: геномдық деректерді талдауда қолданылатын негізгі алгоритмдер мен деректер құрылымдары; реттілік деректерін өңдеуге арналған платформалар (BLAST, BowTie, GATK және т.б.); биологиялық деректерді кешенді өңдеуге арналған құралдары бар web-платформалар; пайдаланушы бағдарламалық жасақтамасын құру және тексеру.

Генетикалық деректер базасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: генетикалық ақпаратты сақтауға мамандандырылған мәліметтер базасын құру, басқару және пайдалану негіздерінің практикалық дағдыларын қалыптастыру. Келесі аспектілер қарастырылады: деректер құрылымы және мәліметтер базасының алгоритмдері; мәліметтер базасын басқару жүйелері; генетикалық деректерді құрылымдау; генетикалық мәліметтер базасын ұйымдастыру; деректерді алу және талдау сұраулары; генетикалық деректерді басқа деректер түрлерімен біріктіру әдістері.

Генодиагностика
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: генетикалық талдаулардың нәтижелерін түсіндіру және алынған деректерді ауруларды диагностикалау, емдеу, алдын алу үшін қолдану қабілетін қалыптастыру. Келесі аспектілер қарастырылады: тұқым қуалайтын аурулар мен генетикалық өзгергіштіктің молекулалық негіздері, геномдық және экзомалық секвенирование; полимеразды тізбекті реакция (ПТР) және FISH-әдісі генетикалық ауытқуларды анықтау; моногенді және полигенді тұқым қуалайтын аурулардың диагностикасы; аурулардың даму қаупін бағалау.

Генопатология
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: әртүрлі патологиялық жағдайлар мен аурулардың пайда болуының, дамуының және тұқым қуалауының молекулалық-генетикалық механизмдерін талдау қабілетін қалыптастыру. Келесі аспектілер қарастырылады: генетикалық аурулардың молекулалық, биохимиялық, цитологиялық негіздері; моногендік, мультифакторлық және хромосомалық аурулар; тұқым қуалайтын аурулардың алдын алу, диагностикалау және емдеу тәсілдері; энзимопатиялар; генетикалық ауруларды диагностикалау әдістері.

Динамикалық генетикалық процестерді модельдеу
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: генетикалық процестерді моделдеу үшін қажетті практикалық дағдыларды қалыптастыру. Келесі аспектілер қарастырылады: UML бірыңғай модельдік тілі; класс диаграммалары; қарапайым кооперативтерді модельдеу, дерекқор логикасы, жүйелік сөздік; әрекет диаграммасы; субъект-қатынас моделі арқылы деректерді ұсыну; бағдарламалық жасақтама модельдеуге құрылымдық тәсіл; генетикалық процестерді модельдеу ерекшеліктері; BLUP әдістемесі.

Компьютерлік желілер мен жүйелер
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: компьютерлік желілер мен жүйелерді жобалау және қолдану қабілетін қалыптастыру. Келесі аспектілер қарастырылады: компьютерлік желілер мен жүйелердің әртүрлі қосымшаларын; интернеттің архитектурасын; желі элементтерін (шлюздер мен маршрутизаторлар); IETF стандарттар; нақты желі мен жүйе мысалында маршруттау хаттамаларының, кезек механизмдерінің және артық жүктемені бақылау тетіктерінің осы жиынтығының өнімділігін.

Молекулалық-генетикалық сараптама
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: биоматериалдың генетикалық түпнұсқалығын растау үшін молекулалық-генетикалық сараптама нәтижелерін талдау қабілетін қалыптастыру. Келесі аспектілер қарастырылады: ДНҚ-ны профильдеу әдістерін зерттеу: полимеразалық тізбекті реакцияны талдау (ПТР), фрагменттердің ұзындығының полиморфизмін талдау (RFLP), қысқа тандем қайталамаларын талдау (CTP), сот-медицинада ДНҚ диагностикасын практикалық қолдану және адамның қарым-қатынасын анықтау; әлемдегі ДНҚ профильдерінің мәліметтер базасы.

Популяциялық генетика
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: студенттерге қарапайым эволюциялық факторлардың әсерінен популяциялардың тұқым қуалау және генотиптік құрамының өзгерістерінін заңдылықтарын талдау мүмкіндігін қалыптастыру. Келесі аспектілер қарастырылады: популяцияның экологиялық және генетикалық сипаттамалары; популяцияның негізгі қасиеттері мен құрылымы; панмиксиялық популяциялардағы тұқым қуалаудың заңдылықтары; Харди-Вайнберг теңдеуі және оның салдарлары; популяцияларда аллелдердің және генотиптердің жиілігін анықтау әдістері.

Психогенетика
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: гендердің психологиялық процестер мен мінез-құлыққа әсерін түсіну үшін генетикалық деректерді пайдалану қабілетін қалыптастыру. Келесі аспектілер қарастырылады: мінез-құлықтың генетикалық негіздері; психикалық бұзылулардың генетикасы (депрессия, шизофрения, аутизм, биполярлық бұзылыс және т.б.); тұқым қуалаушылық пен қоршаған ортаның психикалық бұзылулардың дамуына әсері; психогенетика әдістері: популяция, генеалогиялық, өгей балалар әдісі және егіздер әдісі.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Зерттеу
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Тәжірибенің мақсаты - зерттеуді жоспарлау және жүргізу қабілетін қалыптастыру. Тәжірибе жеке, сонымен қатар ғылыми ұжымдар мен ғылыми мекемелердің құрылымдық бөлімшелері құрамында ғылыми-зерттеу жұмыстарын дайындау мен жүргізуді қоса, академиялық жұмыс дағдыларын қалыптастырады. Зерттеу практикасы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, үлкен көлемдегі мәліметтерді (нақты материал) жинауға және өңдеуге бағытталған. Зерттеу практикасы барысында магистранттардың төмендегідей қабілеттері қалыптасады : - ғылыми-зерттеу жұмысын жоспарлау; - ғылыми әдебиеттермен өз бетінше жұмыс істеу: ғылыми дереккөздерді аннотациялау, рефераттар жасау-шолулар; - тіл жүйесі және әдебиет дамуының негізгі заңдылықтары саласында өз бетінше ғылыми зерттеу жүргізу; - ғылыми-зерттеу міндеттерін шешу үшін заманауи ақпараттық ресурстарды пайдалану; - ғылыми ақпаратты жинау, өңдеу, талдау және жүйелеу; - отандық және шетелдік филология мектептерінің жаңашыл әдістерін қолдану; - ғылыми зерттеу нәтижелерін дәлелді баяндау; - ғылыми басылымды дайындау және редакциялау: тезистер, мақала. Зерттеу практикасын өту кезінде магистранттар келесі аспектілерді қарастырады: Зерттеу жұмысының теориялық негіздері. Филологиялық зерттеулердегі заманауи әдістер мен әдістер. Лингвистика және әдебиеттану саласындағы ғылыми және қолданбалы жобалардың тәуелсіз дамуы. Оқу-әдістемелік әдебиеттерді қалыптастыру ережесі. Ғылыми зерттеулер нәтижелерін интерпретациялау.

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген