Магистратура
Химия (БелМУ)

Химия (БелМУ)

БIЛIКТIЛIГІ

  • ғылыми - педагогикалық бағыт - жаратылыстану ғылымдарының магистрі

ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ

РО1 - іргелі және қолданбалы химияның тиісті мамандандырылған саласындағы ғылыми теориялар мен концепцияларды интерпретациялау;
РО2 - химия саласындағы ғылым мен тәжірибенің ең соңғы жетістіктерін зерттеуші-химик, химик-оқытушы кәсіби міндеттерін шешу үшін тәжірибелік қызметіне кең ауқымды пәнаралық контексте экологиялық, әлеуметтік, экономикалық бағыттарды енгізу;
РО3 - белгілі бір тақырып бойынша жүйелі ізденіс жүргізіп, заманауи ғылыми зерттеулердің күйіне ғылыми шолу жасау;
РО4 - өз зерттеулерінің шеңберінде ғылыми гипотезаларды қалыптастыру үшін ғылыми ақпараттардың талдауын жүргізу;
РО5 - ғылыми зерттеудің мақсаты мен міндеттерін, сондай-ақ химияның зерттеу / бейіндік салаларында қазіргі заманғы ғылыми тұжырымдамаларды, жетістіктерді және зерттеулерді сыни талдау және бағалау негізінде күтілетін нәтижені тұжырымдауды дербес жүзеге асыру;
РО6 - математикалық модельдеу мен есептеулер әдістерін, әдіснамаларың, компьютерлік бағдарламаларын және басқа қосымшаларын дұрыс таңдауға, процесті бақылауға, соның ішінде ғылыми эксперимент жүргізу, алынған нәтижелерді өңдеу және жинақтау;
РО7 - алынған мәліметтерді (процестерді бақылау, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін) химия саласындағы заманауи тұжырымдамалар мен теориялар шеңберінде олардың сенімділігі мен құндылығын негіздеу үшін талдау жүргізу және түсіндіру;
РО8 - физико-химиялық зерттеулердің негізгі және қазіргі заманғы білімдерін және әдістерін жаңа сипаттамалары және белгілі бір сипаттамалары бар заттар мен материалдарды және процестерді, зерттеу әдістерін, технологиялық процестерді немесе олардың сатыларың жетілдіріп өндеу үшін қолдану;
РО9 - процестің механизмін, оның реттеу жолдарын белгілеу, оның сипаттамалары бар өнімді алу немесе оның өнімділігін арттыру, іске асыру мен басқарудың оңтайлы жағдайларын анықтау, процестің сапалық және сандық модельдеуін жүзеге асыру;
РО10 - химия пәні бойынша қазіргі заманғы жетістіктер мен жоғары білім беру педагогикасының талаптары бойынша химиялық пәндерді оқыту бойынша оқу бағдарламаны дайындау;
PO11 - химияның таңдаған саласында өзіңің ғылыми зерттеулеріңің нәтижелерін ғылыми жарияланымдар түрінде көрсету;
РО12 - шығармашылық өзін-өзі дамыту және жетілдіру үшін тәуелсіз және автономды білім алуын жалғастыру, барлық кәсіптік қызметтерде негізгі және пәндік құзыреттерді дамыту.

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Химия (БелМУ)
Мамандық шифры
7M05302
Факультеті
Химия және химиялық технология

пәндер

Басқару психологиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: басқару психологиясының іргелі ұғымдарын зерделеу негізінде жоғары білікті мамандарды ғылыми даярлауды қамтамасыз ету, кәсіби қалыптасу процесінде басқару саласының маңызды аспектілерін теориялық түсіну және практикалық қолдану үшін алғышарттар жасау. Курс психикалық процестердің дамуы мен жұмыс істеу заңдылықтарын, тиімді өзара әрекеттесу және қақтығыстарды жеңу, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі таныстыру негіздерін зерттеуге бағытталған.

Ғылым тарихы мен философиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: философия жайлы әлемді танудың ерекше формасы ретінде, оның негізгі бөлімдерін, проблемалары мен олардың болашақ кәсіби қызмет аясында зерттеу әдістері туралы тұтас жүйелі көзқарас қалыптастыру. Оқу курсы ғылыми-зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізін қалыптастырады.

Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағылшын тілінде)
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті ғылыми зерттеулерді жоспарлау және жүргізу үшін қажетті дағдыларды қалыптастыруға бағдарланған. Оқу курсы ғылыми зерттеу процесінің теориялық және әдіснамалық негізін, олардың мақсаттарын, міндеттерін, жүзеге асыру кезеңдерін, сондай-ақ нәтижелерді қолдану салаларын қалыптастырады. Пән ғылыми әдістеменің негіздерін, әдеби-эксперименттік зерттеулер жүргізу әдістемесін, ғылыми жарияланымдар мен жобаларды дайындау және рецензиялау ережелерін зерттеуге бағытталған.

Жоғары мектептің педагогикасы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: жоғары мектептің дидактикасы, білім беру теориясы мен менеджменті, оқытушылық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау негізінде жоғары оқу орындары мен колледждерде педагогикалық қызметке қабілеттілікті қалыптастыру. Оқу курсы білім беру мен Болон процесінің даму тенденцияларын зерттеуге бағытталған. Курс оқытушылық және кураторлық шеберлікті, оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі стратегиялары мен әдістерін меңгеруге көмектеседі.

Заттарды бөлудің қазіргі заманғы әдістері
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - әртүрлі заттардың, қоспалардың құрамдас бөліктерін анықтау және талдаудың қазіргі заманғы физикалық-химиялық әдістерін таңдау және түсіндіру дағдыларын дамыту және алынған білімдерді заттардың сапалық және сандық талдауын жүргізу үшін қолдану. Оқу курсы заттарды бөлудің негізгі әдістерін түсінудің теориялық негізін құрайды. Пән заттардың аналитикалық сапасын бақылауға қойылатын заманауи талаптар, әртүрлі қоспалар мен заттардың компоненттерін анықтау және талдау зерделеуге бағытталған

Каталитикалық химия
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: каталитикалық әсердің себептері және каталитикалық реакциялардың қарапайым кезеңдері туралы заманауи түсініктерді қалыптастыру. Пән химиялық реакциялар катализінің физика-химиялық табиғатына, катализ теорияларына, катализаторлар бетінде жүретін процестердің механизмі мен кинетикасын талдаудың әртүрлі тәсілдеріне, гетерогенді және біртекті катализдің ерекшеліктеріне, өнеркәсіптік катализаторлардың негізгі түрлеріне бағытталған.

Үдірістерді, заттар мен материалдарды бақылаудың заманауи физикалық-химиялық әдістері
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - заттар мен материалдарды талдау әдістерін қолдану дағдыларын дамыту. Оқу курсы анықтау және сәйкестендіру әдістері мен талдау ақпаратты өңдеу әдістерін түсіну үшін теориялық негізді құрайды. Пән талдаудың аспаптық әдістерін қарастыруға, заттар мен материалдардың аналитикалық диагностикасының ең қолайлы схемасын таңдауға бағытталған.

Физикалық химияның теориясы және мәселелері
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: диссертациялық зерттеу шеңберінде теориялық және қолданбалы міндеттерді шешу үшін қазіргі физикалық химиядағы теорияларды, тәсілдер мен үрдістерді өз бетінше меңгеру, талдау және қолдану қабілетін қалыптастыру; зерттелетін физика-химиялық жүйелер мен процестердің термодинамикалық және кинетикалық параметрлерін модельді тәсілдермен болжау; ғылыми зерттеулер нәтижелерінің синтезі мен сыни талдауын жүзеге асыру. Курс химия саласындағы ғылыми зерттеудің теориялық-әдіснамалық базасын қалыптастырады.

Химиядағы мәліметтерді талдау
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – болжау және статистикалық негізделген шешім қабылдау мақсаттары үшін заңдылықтарды, статистикалық модельдерді анықтау, белгілеу мақсатында деректерді статистикалық зерттеуді ұйымдастыру қабілетін қалыптастыру; деректермен жұмыс істеу үшін заманауи бағдарламалық құралдар мен технологияларды қолдану. Пән статистикалық модельдерді, әдістерді, құралдарды және деректерді талдау пакеттерін, корреляциялық, регрессиялық, дисперсиялық және факторлық талдау және кластерлеу негіздерін зерттеуді оқытуға бағытталған.

Шетел тілі (кәсіби)
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: шетел тіліндегі сөйлеу мәнерінің әртүрлі түрлерінде практикалық дағдыларды қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі жаһандық кеңістіктегі ақпаратты қабылдау, түсіну және аудару, өз зерттеулерін сынақтан өткізу үшін ғылыми іс-шараларға қатысу қабілетін қалыптастырады. Пән шетел тілін білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді жетілдіруге бағытталған.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Аналитикалық химияның таңдамалы тараулары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: Магистранттың реалды ерітінділерде бәсекелес үдерістер қатысуымен жүретін күрделі аналитикалық реакциялардың заңдылықтары жөніндегі теориялық білімдерін түсіндіру қабілеттіктерін қалыптастыру. Пәнді оқу барысында қарастырылады: өте сұйылтылған және концентрленген электролит ерітінділерінің, күрделі құрамды тұздардың қышқылдығы, көп сатылы комплекстүзілу, қышқылды-негіздік тепе-теңдікті.

БАЗ-дардың полиэлектролиттермен ассоциациясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - жоғары және төмен молекулалы беттік-активті заттардың композицияларын оларды практикалық қолдану мүмкіндіктері үшін дамыту қабілетін қалыптастыру. Пән оқуға бағытталған: құрамында полимерлі және беттік-активті зат бар жүйелердегі ассоциация туралы қазіргі заманғы ғылымының тенденциялары, компоненттердің өзара әрекеттесу механизмі, ассоциаттердің физико-химиялық қасиеттері мен құрамы, оларды тұрақтандырғыштар, эмульгаторлар, флокулянттар және құрылым құраушылар ретінде қолдану мүмкіндігін қарастырады.

Бейорганикалық химияның қазіргі мәселелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты бейорганикалық заттардың негізінде жаңа материалдарды алуды болжау мүмкіндігін қалыптастыру және оларды зерттеу әдістерін дұрыс таңдау.Пән бейорганикалық заттардың құрылымы мен қасиеттерінің физика-химиялық принциптері; бейорганикалық үйлесімді қосылыстар құрылымы теориясы; атомдық, иондық және молекулалық қатты заттардың құрылымы мен физико-химиялық қасиеттері туралы мәселелерді қарастырады.

Бейорганикалық химияның таңдамалы тараулары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – бейорганикалық химия саласында кәсіби құзіреттілікті арттыру қабілетін және жаңа бейорганикалық қосылыстар жайлы заманауи ақпаратты жиынтықтау, талқылау қабілетін, бейорганикалық химия саласында ғылыми зерттеулерді іске асыру және міндеттерді дұрыс қою қабілетін қалыптастыру. Периодты заң, гомоатомды қосылыстар ретінде жай заттар, радиобелсенді және синтезделген элементтер, металлохимия, күрделі химиялық қосылыстар қарастырылады.

Ғылым және білім берудегі компьютерлік технологиялар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - магистрлерге химия саласындағы зерттеулер мен практикалық қолдануға заманауи компьютерлік технологияларды қолдану теориясы мен практикасында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру. Пән химия саласындағы ғылыми қызметті жүзеге асыру үшін қажетті қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды, аппараттық құралдарды және бағдарламалық қамтамасыз етуді зерттеуге бағытталған; кәсіби салада кәсіби проблемаларды шешуде ақпараттық технологияларды практикалық қолдануды үйрету; магистранттардың ақпараттық технология негіздерін игеру, оларды ғылыми-зерттеу және білім беру қызметінде пайдаланудың практикалық дағдыларын меңгеру.

Жетілдірілген аналитикалық химия
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: аналитикалық химия әдістерін қолдану арқылы нақты проблемаларды шешу дағдыларын дамыту. Пәнді оқыған кезде әртүрлі үлгілерде органикалық және бейорганикалық заттарды анықтау мен сәйкестендірудің физикалық және физика-химиялық әдістерінің мүмкіндіктері қарастырылады. Мәселені шешудің тиімді әдісін таңдау процесін, сондай-ақ калибрлеу, іріктеу және үлгіні дайындау әдісін зерттеуге ерекше назар аударылады.

Заттарды бөлудің қазіргі заманғы әдістері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: Заттардың заманауи физика-химиялық жабдықтарға сапалық және сандық талдауын жүргізу үшін алынған әртүрлі заттардың, қоспалардың компоненттерін анықтау мен талдаудың қазіргі заманғы физикалық және физика-химиялық әдістерін таңдау және түсіну қабілетін қалыптастыру. Пәнді оқу барысында қарастырылады: заттардың аналитикалық сапасын бақылауға қойылатын заманауи талаптар, сынама алу және үлгіні дайындау, эксперименттік деректерге негізделген химиялық есептер.

Қазіргі заманғы эксперименталды термодинамиканың негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - термометрия және калориметрия саласында заманауи тұжырымдамаларды қолдана отырып, магистранттардың термохимиялық эксперименттер жүргізуге қабілеттілігін қалыптастыру. Пәнді оқу кезінде келесі аспектілер қарастырылады: термохимиялық эксперимент жүргізудің заманауи әдістерінің негіздері; калориметрлік жабдықтарды салу принциптерін зерделеу, әртүрлі термометрлер мен калориметрлерді қолдану, ғылыми және практикалық мәселелерді шешу, калориметриялық эксперименттер әдістемесі және олардың нәтижелерін өңдеу.

Қатты фазалы реакциялар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты бейорганикалық синтезді жоспарлау және жүргізу үшін қажетті дағдыларды дамыту. Пән қатты фазалық реакциялар химиясының теориялық және қолданбалы негіздерін, қатты фазалық реакцияларды жүргізудің қазіргі кездегі әдістерін, қатты денелердегі химиялық байланыс, қатты денелерді талдаудың заманауи физико-химиялық әдістерін, фазалық диаграммаларды, қатты денелердің құрылым мен олардың физико-химиялық қасиеттері арасындағы байланысты зерттеуге бағытталған.

Қоршаған орта нысандарын талдаудың заманауи әдістері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты магистранттарды қоршаған ортаның ластануын бақылау әдістерін бағалау және пайдалану, қоршаған ортаның ластануын талдаудың қазіргі заманғы жедел әдістері, экологиялық сараптамаға арналған нормативтік құжаттар. Пәнді оқу кезінде негізгі компоненттерді, сондай-ақ токсиканттарды анықтайтын қоршаған ортаны қорғаудың объектілерін талдаудың негізгі тәсілдері қарастырылады; қоршаған ортаны қорғаудағы қосылыстардың санитарлық-гигиеналық стандарттау; экологиялық сараптаманың заманауи әдістерінің аналитикалық сипаттамалары; қоршаған ортаны талдаудағы сынау әдістерінің сипаттамалары; экологиялық объектілерді аналитикалық бақылау әдістерін таңдау.

Қоршаған ортаны қорғаудың коллоидтық-химиялық негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - қазіргі коллоидтық химияның теориялық негіздерін экологиялық мәселелерді шешуде қолдана білу қабілетін дамыту. Пән ауаны, суды және топырақты тазартудың коллоидты-химиялық әдістерін зерттеуге бағытталған; органикалық заттардың сулы ерітінділерден адсорбциясы, өндірістік көміртегі адсорбенттері мен полисорбтарын алу әдістерін зерттеу; коагуляция мен флокуляцияның, көбікті бөлудің, кері осмос пен ультрафильтрацияның физикалық-химиялық негіздері қарастырылған.

Қосылыстардың антиоксиданттық қасиеттерін анықтау әдістері/
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты антиоксиданттық белсенділікті анықтаудың жаңа әдістерін әзірлеу және қолданыстағы әдістерді жетілдіру қабілетін дамыту болып табылады. Оқу курсы фармация, косметика және тамақ өнеркәсібі үшін антиоксиданттық белсенділікті анықтау әдістерін жүйелеу және талдау үшін теориялық негізді құрайды. Пән талдаудың электрохимиялық және спектрофотометриялық әдістерін қарастыруға бағытталған.

Органикалық химияның қазіргі мәселелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: химиялық реакциялардың механизмдері туралы оқу үрдісінде алынған теориялық және практикалық білімдерін түсіндіру, химиялық құрылым мен белсенділік арасындағы өзара қатынасты талдау және органикалық химиядағы күрделі мәселелерді шешу үшін білім беруді қалыптастыру. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады: циклдық құрылымдарды синтездеу кезінде пайда болатын мәселелер, функционалдық топтардың трансформациясы, изогипсикалық және изогипсикалық емес трансформациялар, органикалық реакциялардың селективтілік мәселелері.

Органикалық химияның таңдаулы тараулары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: органикалық молекулалардың химиялық қасиеттеріне электронды эффектілердің әсерін түсіну, кешенді органикалық жүйелердің синтезін құрудың дәйектілігін түсіну қабілетін қалыптастыру, білім одан әрі кәсіби даму үшін қажет.Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады: электронды эффектілерді зерттеу, реакция механизмдеріне әсер ету (қосымша, ауыстыру, жою), кеңістіктік изомерлерді синтездеу және оқшаулау.

Сынама алу және сынама дайындау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – заттардың сапалық және сандық талдауы үшін сынама алу және сынама дайындауды жүзеге асыру қабілетін дамыту. Оқу курсы әртүрлі заттардың сапалық және сандық талдауын жүргізу, сынама алу жоспарын және сынама дайындау үшін теориялық негізді құрайды. Пән сынама алу және сынама дайындаудың заманауи әдістерін меңгеруге бағытталған.

Химиялық анализдегі капиллярлық электрофорез
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – электрокинетикалық құбылыстарды және коллоидтық бөлшектердің электростатикалық әрекеттесуін зерттеу саласындағы заманауи жетістіктерді нақты практикалық мақсаттарда қолдану қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы электробеттік құбылыстардың қолданбалы негіздерін түсінудің теориялық негізін құрайды. Пән ҚЭҚ теорияларының қазіргі даму бағыттары туралы білімдерін, электрокинетикалық үдірістердің механизмдерін, дисперстік жүйені тұрақтандырудағы ҚЭҚ рөлін тереңдетуге бағытталған.

Химиялық анализдегі капилярлық электрофорез
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - электрокинетикалық құбылыстарды, коллоидтық бөлшектердің электростатикалық әрекеттестігін нақты практикалық мақсаттарда зерттеу саласындағы заманауи жетістіктерді қолдану қабілетін қалыптастыру. Пәнді оқу кезінде келесі аспектілер қарастырылады: Қос электрлі қабат (ҚЭҚ) құрлысының теориясын, электрокинетикалық кұбылыстардың пайда болу механизмы, термодинамикасы және электрокинетикалық потенциалмен байлануысын, ҚЭҚ-тың дисперстік жүйенің тұрақтылығындағы рөлін, оларды полимерлермен тұрақтындыру проблемаларын мазмұндап айту.

Хроматографияның заманауи мәселелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - талдаудың хроматографиялық әдістерін тиімді қолдану үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру. Пән хроматография саласындағы ең перспективалық ғылыми әзірлемелерді, жабдықтауды және газ және сұйық хроматография әдістерін әр түрлі анықтау нұсқаларымен қолдану саласын зерттеуге бағытталған.

Электрохимиядағы заманауи зерттеу әдістері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: магистрлерге электрохимиялық әдістердің қазіргі жай-күйін және даму үрдістерін бағалауды, сонымен қатар өндірістік және зерттеу мәселелерін шешудің тиімді әдісін дұрыс таңдау үшін зерттеу және талдауды үйрету. Пәнді оқу кезінде ғылыми және практикалық есептерді шешу жолдарын кеңейтуге мүмкіндік беретін электрохимиялық процестерді зерттеудің заманауи әдістерінің теориялық негіздері қарастырылады.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Зерттеу
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген