Магистратура
Әлемдік саясат (МГИМО)

Әлемдік саясат (МГИМО)

БIЛIКТIЛIГІ

  • ғылыми - педагогикалық бағыт - әлеуметтік ғылымдар магистрі

ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ

Аталмыш бағдарламаны аяқтау бойынша түлектердің мынадай қабілетті болады:
ON1 ХҚ өзекті мәселелерін бағамдау мен заманауи игерілген білімдерін көрсету алу, әлеуметтік ғылымдардың теориялық-әдіснамалық (функционалды, жүйелі, интерактивті, қақтығысты және т.б..) әдістері ұстанымдары бойынша қазіргі әлемдік тәртіпті қалыптастастырудың негізгі тұжырымдарын сараптау, сыни бағалай алу
ON2 Әлемдік саясаттың қазіргі оқиғалары мен локальды және жаһандық үдерістерінің даму түжырымдары мен ақуалы жөніндегі ұстанымдарды және жаңаша теорияларды сыни жігерлендіру және бағалау; ғылымның ілгерлілері мен тәжірибе сұраныстарына сай халықаралық зерттеулер өткізу әдіснамасы мен әдістерін ықшамдау
ON3 Халықаралық қатынастардың қазіргі жүйесінің интегративті, инновациялық үдерістерін, сценарийлі болжау және салыстырмалы сараптау, теориялы-әдіснамалық синтез, халықаралық оқиғаларды сараптаудың қолданбалы дағдыларын меңгеру
ON4 Әлемдік саясаттың әртүрлі саласындағы жаһандық және аймақтық дәрежедегі оқиғаларды, мега трендтер, жаһанданудың рөлі, жетекші әлемдік державалар белсендігі, әлемдік саяси және экономикалық жүйе дамуының негізгі тұжырымдарын жүйелі сараптама мен бағалау жүргізу; зерттеу мен ғылыми-педагогикалық тәжірибе бағыттары мен мектептері, ғылыми теориялық білімді көрсету; қабылданған шешімдердің экономикалық және әлеуметтік тәуекелдерін бағалау; әлемдік жүйенің дамуының жаңа кезеңдері жағдайындағы жетекші әлемдік державалар ерекшелігі мен келешегін ескеру
ON5 Жаңа ғылыми әдіснамалар контекстінде Орталық Азиядағы геосаяси үдерістер динамикасы мен геосаяси үлгіленуіне қажетті жаһандық және аймақтық ойыншылар күш ара салмағын, аймақтық және халықаралық дәрежедегі мәселелерді зерттеу; аймақтық қауіпсіздік мәселелеріндегі орталықазиаттық мемлекеттер ерекшелігін жіктей алу
ON6 Шетел мемлекеттері сыртқы саясатының негізгі бағыттарын, олардың Қазақстанмен өзара қатынасын зерттеу, сыни сараптаудың негізгі ғылыми әдістері негізінде халықаралық ұйымдар қызметіне бағдарлану; халықаралық өзар байланыстың барлық көкжиектерін болжау мен әртүрлі тәжірибелік міндеттерді шеше алу, халықаралық ортадағы саяси дидарласу ұқыптылығы, келіссөздер мүмкіндігі арқылы компромисс таба білу
ON7 Қауіпсіздік мәселелерінің стратегиялық сараптамасы негізінде қауіпсіздіктің жаһандық, аймақтық және ұлттық дәрежедегі қатерлер дерегін анықтау және ҚР сыртқы саясаты туралы білім аясында жаһандық, аймақтық және ұлттық қауіпсіздік мәселелерінің өзара байланыстарын жіктеу
ON8 Дара ғылыми зерттеу контестінде қазіргі жаһандық, аймақтық даму үдерістерінің жолын болжау, қолданбалы зерттеу дағдыларын игеру, сараптамалық және сынақ жұмыстарын жүргізу; ұжымды басқару, зерттеу мен жобалау жұмыстарын ұйымдастырудағы тәжірибеде қолдану
ON9 Әлемдік саяси жүйе даму тұжырымдары мен негізгі мәселелері бойынша өзекті зерттеу міндеттерін құрастыра білу мен әзірлеу; халықаралық-саяси мәселелер шешімі жолдарын болжай алу
ON10 Қазіргі халықаралық қатынастардың теориялық-әдіснамалық әдістері негізінде ғылыми зерттеу нәтижелерін мақалалар, баяндамалар, магистрлік диссертация форматындағы ғылыми зерттеулер нәтижелерін рәсімдеу; ғылыми зерттеу мен инновациялық белсенділік контекстінде идеяларды қолдану мен ерекше даму үшін сыни сараптама жасау дағдыларын, алынған білімдерді қолдана білу; кәсіби дидарласуға қажетті, оның ішінде шет тілдерінде дамытуға қажетті байланыстар орнату
ON11 Халықаралық ұйымдардың қызметіндегі маңызды аспектілер білімі негізінде халықаралық өзара әрекеттің әр түрлі алаңындағы халықаралық ортада тиянақты саяси дидарласу, келіссөздер жолымен компромисс таба білу, Қазақстанның халықаралық ықпалдылығын нығайту мен халықаралық байланыстарын дамыту бойынша кез-келген тәжірибелік міндеттерді шешу.
ON12 Танымды кәсіби қызметте алынған нәтижелер, өзіндік тәжірибе мен бақылау, ғылыми-негізді қорытындыларды басшылыққа ала отырып, дара және рационалды әрекет етуге дайындықты көрсету, ары қарайғы кәсіби және ғылыми белестерді бағындыру траекториясын анықтай алу мен педагогикалық және кәсіби қызметте жеке ғылыми нәтижелерді сыни бағалау

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Әлемдік саясат (МГИМО)
Мамандық шифры
7M03123
Факультеті
Халықаралық қатынастар

пәндер

Басқару психологиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: басқару психологиясының іргелі ұғымдарын зерделеу негізінде жоғары білікті мамандарды ғылыми даярлауды қамтамасыз ету, кәсіби қалыптасу процесінде басқару саласының маңызды аспектілерін теориялық түсіну және практикалық қолдану үшін алғышарттар жасау. Курс психикалық процестердің дамуы мен жұмыс істеу заңдылықтарын, тиімді өзара әрекеттесу және қақтығыстарды жеңу, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі таныстыру негіздерін зерттеуге бағытталған.

Ғылым тарихы мен философиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: философия жайлы әлемді танудың ерекше формасы ретінде, оның негізгі бөлімдерін, проблемалары мен олардың болашақ кәсіби қызмет аясында зерттеу әдістері туралы тұтас жүйелі көзқарас қалыптастыру. Оқу курсы ғылыми-зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізін қалыптастырады.

Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағыл.)
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жоспарлауда практикалық дағдыларды қолдану, ғылыми зерттеу бағыттары туралы білімдерін жүйелеу және қолдану қабілеттерін қалыптастыру. Пән зерттейді: ғылыми мақалалар мен диссертацияларды жоспарлау, ұйымдастыру және ресімдеудің нысандары мен әдістері; презентацияларда, баяндамаларда, жобаларда, мақалаларда ғылыми зерттеу нәтижелерін қорытындылау түрлері.

Жаһандық қауіпсіздік және заманауи халықаралық қақтығыстар
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: жаһандық қауіпсіздік мәселелерін және халықаралық жанжалдарды реттеу заманауи нысандарды болжау қабілеттілігін қалыптастыру Пәнде оқытылады: әлемдік қоғамдастықтың пен аймақтық ұйымдардың этносаяси жанжалдарға әскери, саяси, дипломатиялық және өзге де құралдарын қолдана отырып араласу әдістері; қақтығыстар және бітімгершілік операциялар туралы ақпаратпен жүйелі жұмыс істеу қабілеттілігі қалыптасуы

Жоғары мектептің педагогикасы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: жоғары мектептің дидактикасы, білім беру теориясы мен менеджменті, оқытушылық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау негізінде жоғары оқу орындары мен колледждерде педагогикалық қызметке қабілеттілікті қалыптастыру. Оқу курсы білім беру мен Болон процесінің даму тенденцияларын зерттеуге бағытталған. Курс оқытушылық және кураторлық шеберлікті, оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі стратегиялары мен әдістерін меңгеруге көмектеседі.

Мегатрендтер және әлемдік саясаттың жаһандық мәселелері
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: әлемдік шаруашылық байланыстар сипатында, мемлекетаралық қатынастар жаңа тұжырымдары мен дамуы мегатрендтерді түсіну. Пәнде оқытылады: халықаралық қатынастардың өзекті мәселелерінің мәнін, экономикалық; әлеуметтік мәдени, идеологиялық қатынастар әрекетінің заңдылығың, әлемдік саясаттың қазіргі тұжырымдары дағдылары

Халықаралық ақпараттық қауіпсіздік
  • Кредит саны - 4
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – магистранттарда 21 ғасырдағы ақпараттық қауіпсіздік проблемасының маңыздылығын бағалаудағы негізгі тәсілдер мен қазіргі заманғы тенденциялар туралы түсінікті және халықаралық ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша жүйелік білімді пайдалана білуді қалыптастыру. мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Пән АКТ дамуын және халықаралық ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін зерттейді.

Халықаралық қатынастар және жаһандану үрдісі
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – жаһандану рөлі жөніндегі әлемдік ғылымдағы қолданылатын түсініктер, тәсілдер мазмұнын түсіну қабілеттілігін қалыптастыру. Оқу курсы жаһандық дамуға ықпал етуші факторлар, жаһандану ұғымы туралы бас түсініктемелер туралы білім береді. Пән келесі дағдыларды меңгеруге бағытталған: жаһанданудың әлемдік саясаттың салаларына әсер ететін бағыттарын зерттеу, халықаралық қатынастардың дамуына жаһандық тенденциялардың енуін зерттеу

Халықаралық қатынастар теориясы (ағылшын тілінде)
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - негізгі теориялық-тұжырымдамалық парадигмалар мен ғылыми мектептерді (реализм, либерализм, конструктивизм, неоклассикалық және модернистік теорияларды) білу негізінде студенттердің халықаралық қатынастар мен әлемдік саясатты теориялық талдау қабілетін қалыптастыру. Пәнді оқу: Халықаралық қатынастар теориясының негізгі категориялары мен анықтамаларын пайдалануға, негізгі теориялық тәсілдерді түсіндіруге, халықаралық қатынастардың құрылымдық және функционалдық аспектілерін ашуға мүмкіндік береді.

Халықаралық қатынастардың жаһандық құрылымының трансформациясы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: ХҚ жаһандық құрылымының трансформациясы мен даму үдерісінің заңдылығы, қисынын түсіну қабілеттілігін қалыптастыру, Пәнде оқытылады: курс шеңберінде оқылатын теориялар және концепциялардың түсінік, сәйкес халықаралық-құқықтық база, жаңа әлемдік тәртіпті құқықтық рәсімдеу әдістері, бейбіт келісімдер мен бітімге келу аяқталып, «жаңа әлемдік тәртіптің құрылу» кезеңінің басталуына байланысты мәселелер, аймақтық қауіпсіздіктің жаһандық және жергілікті факторлары арақатынасын бағалау.

Халықаралық оқиғаларды қойылымды-сараптамалы болжау
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: халықаралық саяси оқиғаларды болжау қабілеттілігін қалыптастыру Пәнде оқытылады: халықаралық оқиғалардың қазіргі сараптамасы ортақ теориялық-әдіснамалық негіздері, ХҚ мен сыртқы саясат меңгеру саласындағы жаңа үрдістермен байланысты негізгі мәселелерді шешу мүмкіндігі туралы аса маңызды ықтимал негізгі принциптерінің жалпы концептуалды пікірлер, экономикалық және әлеуметтік тәуекелдерді туралы саяси шешімдер қабылдау бағдары, сараптамалық бағалау өлшемдерін әзірлеу үдерісі

ХХІ ғасырдағы аймақтық ішкі жүйелер
  • Кредит саны - 4
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: ХХІ ғасырдағы аймақтық, субаймақтық және басқада мемлекет аралық жүйелерге бірігу үдерісі дамуының негізгі кезеңдері жөніндегі түсінікті қалыптастыру. Пәнде оқытылады: ХХІ ғасырдағы ХҚ аймақтық ішкі жүйелерінің әрекет ету механизмдері, ХҚ қазіргі жүйесіндегі аймақтану мәселелерін терең сараптауды қалыптастыру; аймақтық және ішкі жүйелер ұйымдарының құрылуының тетікті тұстары, қазіргі әлемде болып жатқан саяси үдерістер

Шетел тілі (кәсіби)
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: шетел тіліндегі сөйлеу мәнерінің әртүрлі түрлерінде практикалық дағдыларды қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі жаһандық кеңістіктегі ақпаратты қабылдау, түсіну және аудару, өз зерттеулерін сынақтан өткізу үшін ғылыми іс-шараларға қатысу қабілетін қалыптастырады. Пән шетел тілін білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді жетілдіруге бағытталған.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

БҰҰ жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі БҰҰ рөлі, халықаралық ұйымдар қызметін зерттеу қабілеттілігін қалыптастыру. Пәнде оқытылады: ХҚ саласындағы жаңа зерттеулерді есепке ала отырып теориялық-әдістемелік қағидалардың негіздері, БҰҰ рөлін халықаралық тұрақтылық пен бейбітшілікке қол жеткізу және сақтау негізгі механизмі ретінде қарастыру, БҰҰ реформалау жөнінде пікірталас түсінігі

Геосаясат, жеткізу тізбегі және халықаралық қатынастар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты: жаһандық халықаралық қатынастар байланысының сапалы жаңа дәрежесі нәтижесі ретінде, көліктің дәліз, жеткізу тізбегі дамуына геосаяси факторлардың ықпалын түсінудің көлемді ауқымына қажетті құралдарды ұсынуды қалыптастыру. Пәнде: көлік дәліздерінің дамуын, саяси ағымдардың құрылуы, мүмкіндіктері, басқаруы мен бақылауын және Қазақстанның логистикалық ақуалын негіздері оқытылады.

Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (халықырылық катынастар)
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - халықаралық қатынастар саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының ғылыми бағдарын қалыптастыру және дағдыландыруын қамтамасыз ету қабілеттілігін қалыптастыру. Пән келесідей мәселелерді зерделеуге бағытталған: жоғары мектептегі ғылыми зерттеуді ұйымдастыру және инновациялық қызмет, оларды жоспарлау мен басқару туралы білімді меңгеру; ғылыми зерттеудің кезеңдерін жоспарлау және ғылыми ізденістерді коммерцализациялау кезеңдерін анықтау қабілеттілігін қалыптастыру

Еуразиялық интеграцияның концептуалды және тәжірибелік негіздері: Н.Назарбаев доктринасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: нақты интеграциялық бірлестіктер қызметі, кеңестік кеңістіктен кейінгі кеңістіктегі интеграциялық үдеріс, еуразиялық теория мен идеология негіздерін зерттеу қабілеттілігін қалыптастыру. Курсты оқу барысында магистрант төмендегідей білімдерді меңгереді: - классикалық еуразияшылдық пен қазіргі неоеуразияшылдық өзара байланысын құрастыру; - қазіргі таңдағы бірегей доктрина ретінде Н.А. Назарбаевтың доктринасын талдау; - еуразиялық интеграция негіздері жайлы Н.Назарбаев доктринасын шоғырландрылған түрде көрсету; - Еуразиялық доктринаның дамуын: ұлттық-мемлекеттік деңгей, аймақтық деңгей және жаһандық деңгейін салыстыру; - ҚР-дың әлемдік интеграция үдерістеріндегі рөлі мен орнын, сондай-ақ еуразиялық халықтарының өзара ортақ рухани байланысын талдау; Пәнді оқу нәтижесінде магистранттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Н.Назарбаевтың еуразиялық интеграция доктринасының теориялық-әдіснамалық негізі (еуразияшылдық, аймақ, интеграция, еурзиялық интеграция доктринасының қағидалары). Н.Назарбаевтың доктринасындағы Еуразия тарихын зерттеу және ұғынуға қатысты жаңа бағыт (интеграциялық үдерістер мәнмәтінінжде, тәжірибелік мүмкіндіктер, еуразиялық кеңістік тарихы мәселелерінің өзектілігі. Қазақстан мүддесі үшін жаһандық және аймақтық саяси үдерістер болашағы мен салдары (ЕурАзЭҚ, Ортақ экономикалық кеңістік, Кедендік Одақ). Қазіргі Қазақстан тарихында және оның халықаралық даму басымдықтарынында еуразиялық идеяның рөлі.

Жаһанданған әлемдегі мәдениеттердің өзара әрекеттесу мәселелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: мәдениеттердің өзара әрекеттесуін, олардың қазіргі ХҚ ықпалдылығын зерттеу қабілеттілігін қалыптастыру. Пәнде оқытылады: мәдениетаралық өзара ic-қимыл талдау жасаудағы теория мен тәжірибе, ХҚ зерттеу үшін мәдениет феноменінің талдау әдістері, мультимәдениет, мәдениетаралық өзара қатынас ерекшеліктері, трансұлттық мәдени қауіпсіздіктің тетікті ережелері

Жаһандану дәуіріндегі қауіпсіздіктің жаңа өлшемдері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: жаһандану жағдайындағы қауіпсіздіктің жаңа өлшемдерін сипаттау, бағалау қабілеттілігін қалыптастыру. Пәнде оқытылады: жаһандану жағдайындағы қауіпсіздіктің қазіргі халықаралық жүйесінің жаңа өлшемдерін зерттеу барысында қолданылатын өзіндік түсініктері мен бағыттарының мазмұны, негізгі халықаралық мәселелерге қатысты ҚР ұстанымдары, жаһандық, аймақтық және ұлттық қауіпсіздік саласында болып жатқан үдерістер

Жаһандық энергетикалық қауіпсіздік
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – энергересурстар дипломатиясы әдіснамасы мен тәжірибесінің, халықаралық энергетикалық қауіпсіздік мәселелері мен мәні жөніндегі түсінікті қалыптастырады. Пән энергетикалық дипломатияның арнайы құралдарын қолдану, энергетикалық саладағы саяси және дипломатиялық реттеулер, халықаралық энергетикалық нарықтағы сараптамалар мен болжам ақуалын, әртүрлі қауіптерден мемлекеттік мүдделерді қорғау дәрежесін бағалау әдістері мен критерийлері дағдыларын қалыптастырады.

Қазіргі халықаралық қатынастардағы тұрақты даму мәселелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: тұрақты даму теориясы, тәжірибесі, оның ХҚ ықпалы жөніндегі қазіргі түсініктерді зерттеу қабілеттілігін қалыптастыру. Пәнде оқытылады: тұрақты даму тұжырымдамасының тарихи даму аспектілері, пайда болу алғышартын, оның мақсаттарына (адами қажеттіліктерді қамтамасыз ету), міндеттеріне және қағидаларына, талдау дағдыларына сай кәсіби қызметте, тұрақты дамудың сараптамалық, сыни салаларына сай құрылған инновациялық стратегиялар

Қазіргі ХҚ саяси және экономикалық тұжырымдарын зерттеу әдістері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: қазіргі ХҚ әлеуметтік-экономикалық тұжырымдарының және саяси зерттеу технологиялары мен әдістерінің инновациясын бағалау қабілеттілігін қалыптастыру Пәнде оқытылады: қазіргі хқ әлеуметтік-экономикалық тұжырымдарының теориялық-әдіснамалық негізі, экономикалық ойлардың даму тарихындағы әлеуметтік-экономикалық үдерістерін зерттеу әдіснамалары, шешім қабылдау үрдістерін талдау амалдары; әлеуметтік-экономикалық үдерістердің қазргі үлгілерін салыстыру

Қазіргі ХҚ саяси және экономикалық тұжырымдарын зерттеу әдістері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+МЕК] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: қазіргі ХҚ әлеуметтік-экономикалық тұжырымдарының және саяси зерттеу технологиялары мен әдістерінің инновациясын бағалау қабілеттілігін қалыптастыру Пәнде оқытылады: қазіргі хқ әлеуметтік-экономикалық тұжырымдарының теориялық-әдіснамалық негізі, экономикалық ойлардың даму тарихындағы әлеуметтік-экономикалық үдерістерін зерттеу әдіснамалары, шешім қабылдау үрдістерін талдау амалдары; әлеуметтік-экономикалық үдерістердің қазргі үлгілерін салыстыру

Қоршаған орта, қақтығыстар және тұрақтылық
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – тұрақты дамудың жаһандық трендті ұстанымдары мен қоршаған орта мәселелерін халықаралық заңдамаларда шешілуі, және ресурстық потенциалды игеруге қатысты талпыныс немесе иеленудегі қақтығыстық мәселелер жөніндегі білімдерді біріктіру. Осы курс экологиялық-экономикалық дамудың тұрақтылық, қоршаған ортаға әлемдік ықпалдылықтың бағалануы, және қазіргі «экологиялық лаңкестік» қақтығыстық іздестіру мен сараптаудың кәсіби біліктіліктерін қалыптастырады.

Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: ОА аймақтық қауіпсіздік мәселелерінің негізгі кешенді мәселелері мен қауіп қатерлерін зерттеу қабілеттілігін қалыптастыру. Пәнде оқытылады: Орталық Азия аймағының геосаяси үдерістерінің динамикасы, аймақтағы бейбітшілікті, тұрақтылық және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен мемлекетаралық ынтымақтастық шеңберіндегі аймақтық ұйымдардың қызметі, аймақтағы жаңа қауіпсіздік қатерлері мен өзгермелі әлемдің тәртіп контекстіндегі ОА рөлі

Орталық Азиядағы су дипломатиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – Орталық Азиядағы мемлекеттер арасындағы су дипломатиясының дамуы, аймақтағы трансшекаралық мәселелердің құқықтық жүйелері, жағдай ерекшеліктерін қарастыру мен шешуге қабілеттілікті қалыптастырады. Курс магистранттарға су факторын тұрақты аймақтық әлеуметтік-экономикалық дамудағы су факторының ілгерлеуі, гидросаясат және гидродипломатия, ОА аймағындағы сумен қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық талаптары жөніндегі терең білім алуға мүмкіндік жасайды.

Орталық Азияның транзиттік-көліктік әлеуеті және дипломатия
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – Орталық Азия аймағындағы дипломатия мен халықаралық логистика құралдары және әдістері, ұстанымдары, тәртібі, негіздері салаларындағы біліктілікті қалыптастыру. Курс логистикалық қызметті қамтамасыз етудің техникалық қабылдауын ұйымдастырудың, негізгі қабылдау құралдарына қатысты тасымал технологиясы бойынша іскерлік дағдылар мен кәсіби біліктілікті қолданудағы транзит-көлік әлеуетті бағалау ұсыныстары қалыптастырады.

Халықаралық жағдайлардың қолданбалы талдау және үлгілеу
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: ХҚ саласында қолданбалы сараптама жүргізе алу, қазіргі жаһанданған әлемнің оқиғалар жөнінде білімді жүйелейді қабілеттілігін қалыптастыру. Пәнде оқытылады: халықаралық жағдайдың қазіргі талдауының жалпы теориялық-әдіснамалық негізі , халықаралық саяси жағдайларды талдау және болжамдау әдіснамасын анықтау және түсіндіру, кәсіби қызметте халықаралық жағдайлардың үлгілену нұсқалары жөніндегі мағлұматтарды қолдану.

Халықаралық көліктік және экономикалық дәліздер
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты – халықаралық көліктік және экономикалық дәліздерді басқару, логистикалық белсенділікті бағалау мен сараптау саласындағы біліктілікті қалыптастыру. Курс АТ пайдалана халықаралық көліктік және экономикалық логистиканы ұйымдастыру мен басқару бойынша кәсіби белсенділіктің қазіргі әдістерін, халықаралық логистикалық үдерістерді реттеудің нормативті-құқықтық базаларын қолданудағы дағдырларды қалыпастыруға бағытталған.

Халықаралық қатынастар және жаһандану үдерісі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: жаһандану рөлі жөніндегі әлемдік ғылымдағы қолданылатын тәжірибеге сай түсініктер, тәсілдер мазмұнын түсіну қабілеттілігін қалыптастыру. Пәнде оқытылады: ХҚ дамуындағы жаһандық түжырымдар, жаһанданудың әлемдік саясат саласына ықпалының негізгі бағыттары, ХҚ дамуына ықпал етуші жаһандық мәселелердің байланыс сараптамалары.

Халықаралық қатынастар теориясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: ХҚ теориясында қолданылатын арнайы ұғымдар мен түсініктер мазмұнын түсіну қабілеттілігін қалыптастыру. Курс бағамдайтын құзыреттіліктер: теориялық-әдіснамалық қағидалар негізінде хқ қазіргі және тарихи оқиғаларды талдау барысында зерттелудегі теорияларды қолдану, қазіргі және тарихи оқиғаларды талдау барысында зерттелудегі теорияларды зерттеудің сараптамалық-болжамалы бағытында бағалау.

Халықаралық қатынастардағы ойындар теориясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: ойындар теориясындағы арнайы ұғымдар мен түсініктер мазмұнын, халықаралық мәселелер мен жағдайлардың талдау үшін оны қолдану қабілеттілігін қалыптастыру. Пәнде оқытылады: ойындар теориясының негізгі ұйғарымдар, құралдар, әдістерін зерделеу, ХҚ саласындағы ойын моделін талдауға қабілеттілігін қалыптастыру, кәсіби міндеттерді шешу үшін осы әдістер пайдалану

Халықаралық қатынастарды зерттеудің әдіснамасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: cаяси оқиғалар мен үдерістерді болжау қабілеттілігін қалыптастыру, үлгілеудің негізгі амалдарын үйрену. Пәнде оқытылады: ХҚ үдерістер сараптамасы дағдылары, ғылымның алдыңғы қатардағы трендтері мен тәжірибе сұранымдарына сәйкес халықаралық зерттеу жүргізу тәсілі мен әдіснамасы, халықаралық зерттеу жүргізу мақсатында ғылыми теориялар мен заңдарға сараптама, сараптамалық-болжамалы нәтижесі дәйектілігі дәлелдемелер жүйесі

Халықаралық қатынастарды зерттеудің әдіснамасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: cаяси оқиғалар мен үдерістерді болжау қабілеттілігін қалыптастыру, үлгілеудің негізгі амалдарын үйрену, ХҚ үдерістер сараптамасы дағдыларын қалыптастыру. Курсты оқу барысында магистрант төмендегідей білімдерді меңгереді: - Ғылымның алдыңғы қатардағы трендтері мен тәжірибе сұранымдарына сәйкес халықаралық зерттеу жүргізу тәсілі мен әдіснамасын қолдану; - жүргізілетін ғылыми зерттеуінің объектісі мен пәнін құрастыру; - халықаралық қатынастар мен сыртқы саясатты зерттеудің жаңа үрдістеріне сәйкес негізгі мәселелерді шешудің ең ықтимал маңызды қағидалары туралы жалпы тұжырымдамалық көріністі дәйектеу; - халықаралық зерттеу жүргізу мақсатында ғылыми теориялар мен заңдарға таңдау жүргізу; - сараптамалық-болжамалы нәтижесінің дәйектілігін негіздейтін дәлелдемелер жүйесін құру. Пәнді оқу нәтижесінде магистранттар төмендегі мәселелерді қарастырады: ХҚ зерттеу әдіснамасының теориялық-әдіснамалық негізі (қисынды аппарат, ғылыми зерттеу жүргізудің қағидаттары, ХҚ зерттеу жүргізу тәсілі мен әдіснамасының түсінігі мен болмысы).Зерттеу әдіснамасының негізгі кезеңдері жағдайды сараптау әдісі (бақылау, құжаттарды зерттеу, салыстыру). Экспликативті әдістер (контент-талдау, ивент-талдау, когнитивті карталау әдісі).Болжамалы әдістер (үйлестік бойынша қорытынды, қарапайым экстраполяция әдісі, дельфия әдісі, сценарий құрастыру және т.б., жүйелік тәсілдеме, модельдеу, хронологиялық топтама талдауы, спектрлік талдау, компьютерлік симуляция және басқа.

Халықаралық оқиғаларды қойылымды-сараптамалы болжау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - халықаралық саяси оқиғаларды болжау қабілеттілігін қалыптастыру. Оқу курсы қойылымды-сараптамалы болжау әзірлеу, халықаралық мәселелер мен үдерістерді қолданбалы зерттеу дағдысы, әдіснамалық сараптау дағдылары жөнінде білімді жүйелейді. Пән келесі дағдыларды меңгеруге бағытталған: халықаралық оқиғалардың қазіргі сараптамасы ортақ теориялық-әдіснамалық негіздерін, халықаралық-саяси ақпараттар сараптамасы, оларды іріктеу әдіснамасын игеруді.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Зерттеу
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген