Магистратура
Фармация

Фармация

БIЛIКТIЛIГІ

  • бейіндік бағыт - денсаулық сақтау магистрі

ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ

Осы бағдарламаны аяқтағаннан кейін студенттер:
1. Әртүрлі фармацевтикалық ұйымдардың тауарларын өндіру, бақылау, тіркеу және босату, халыққа және ұйымдарға фармацевтикалық көмек көрсету кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласындағы кәсіби ақпаратты сипаттау және талдау.
2. Қазіргі концепцияларды, теорияларды талдау және бағалау, процестер мен құбылыстарды талдау тәсілдерін түсіндіруді жүзеге асыру; фармацевтикалық көмек көрсету, дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды тиімді қолдану, оларды дұрыс сақтау шарттары, дәрілік түрлерді таңдау, терапия курсының құны мәселелері бойынша науқастар мен дәрігерлерге кеңес беру кезінде өз біліктілігі шеңберінде жаңа тәсілдерді енгізу; клиникалық-фармацевтикалық құжаттаманы жүргізу бойынша негізгі міндеттерді кәсіби түрде шеше білу және ақпаратты жүйелеу іскерлігін көрсету.
3. Халыққа және емдеу-алдын алу ұйымдарына уақытылы және сапалы фармацевтикалық көмек көрсету үшін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласындағы GXP нормативтік-құқықтық құжаттар мен халықаралық тиісті практикаларының талаптарын ескере отырып, денсаулық сақтау жүйесінде және фармацевтикалық салада субъектілердің жұмыс істеуін ұйымдастыру, жоспарлау және бақылау бойынша білімді қолдану.
4. Дәрілік қамтамасыз етуді ұйымдастыруды, басқаруды және өткізуді реттеуді талдау және түсіну, инновациялық коммуникативтік құралдарды пайдалана отырып, халыққа және ұйымдарға көтерме-бөлшек сату үшін фармацевтикалық ұйымдардың тауарлық қорларын қалыптастыру және ұтымды пайдалану.
5. Клиникалық фармакологияның жалпы мәселелерін және жекелеген топтар мен препараттардың клиникалық-фармакологиялық сипаттамасын, фармакокинетика мен фармакодинамиканың клиникалық аспектілерін қорыту, талдау және саралау; дәрілік заттарды пайдалануды бағалау, фармаконадзор (GVP) мәселелері, жекелеген аурулар кезінде ұтымды фармакотерапия принциптерін сақтай отырып, медициналық мекемелерде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді реттеу.
6. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды дайындау және өндіру процесінің нормативтік-техникалық құжаттамасын талдау және саралау; зерттеулер нәтижелерін жүйелеу, қорыту және оларды өндірудің оңтайлы әдістері мен технологияларын GMP және GLP өндірісінің тиісті практикасы стандартының талаптарына сәйкес таңдауды жүзеге асыру.
7. Табиғи шикізатқа әсер ететін және ілеспе заттарды анықтау, қолданыстағы заңнамаға және тиісті GXP фармацевтикалық практикасына сәйкес фармацевтикалық субстанциялардың, стандартты үлгілердің, қосымша заттар мен материалдардың, дәрілік өсімдік шикізатының, сондай-ақ дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың барлық жинау, сақтау және технологиялық процестің сатыларында сапасын бақылау, оларды талдаудың қазіргі физикалық, физикалық-химиялық және химиялық әдістерін білу.
8. ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес химиялық-токсикологиялық сараптама объектілерін таңдау және зерттеу мақсатын талдау, жүйелеу және жинақтау, сараптама нәтижелерін ресімдеу кезінде пікір қалыптастыру.
9. Кәсіби жауапкершілік пен адалдықтың ең жоғары стандарттарымен кәсібилігін көрсету; науқастармен, отбасылармен, әріптестермен және жалпы қоғаммен барлық кәсіби өзара әрекеттестікте этикалық қағидаттарды сақтау. Адам мен отбасының салауатты өмір салтын қалыптастыру принциптері мен әдістерін, алдын алу мақсатында денсаулық пен ауруды анықтайтын факторлар кешенін білу.
10. Оқытудың коммуникативтік қабілеттері мен дағдыларын көрсету, кәсіби білімі мен біліктілігін үздіксіз арттыру, ғылыми зерттеу жүргізудің пайымдаулары мен дағдыларын қалыптастыру, білім беруге ұмтылу.

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Фармация
Мамандық шифры
7M10116
Факультеті
Медицина және денсаулық сақтау

пәндер

Басқару психологиясы
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: басқару психологиясының іргелі ұғымдарын зерделеу негізінде жоғары білікті мамандарды ғылыми даярлауды қамтамасыз ету, кәсіби қалыптасу процесінде басқару саласының маңызды аспектілерін теориялық түсіну және практикалық қолдану үшін алғышарттар жасау. Курс психикалық процестердің дамуы мен жұмыс істеу заңдылықтарын, тиімді өзара әрекеттесу және қақтығыстарды жеңу, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі таныстыру негіздерін зерттеуге бағытталған.

Заманауи өндіріс және зертханалық дәрілік заттарды өндіру үрдістері және зертханалық бақылау
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – биохимиялық және фармацевтикалық зерттеулерді жүргізудің негізгі заңдары мен әдістерін іргелі білім саласында кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру, кейіннен математикалық өңдеу және фармацевтикалық үдерістерді, дәрілік заттарды алуға арналған материалдар мен жабдықтарды әзірлеумен байланысты зерттеу нәтижелерін талдау, процестер мен жабдықтардың валидациясын жүргізу, өлшеу әдістемелерін әзірлеу және валидациялау.

Магистрлік жобаны жазу және қорғау
  • Кредит саны - 12
  • Бақылау түрі - Магистрлік диссертация
  • Сипаттамасы -

Менеджмент
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: менеджменттің теориялық негіздері мен қолданбалы аспектілері туралы жүйелі білімді қалыптастыру. Менеджмент пәні басқарудың теориясы мен практикасының сұрақтары; менеджментттің тарихы, менеджмент мектептері мен заманауи тұжырымдамалары; ұйымды басқару функциялары мен әдістері; ұйымдастырушылық құрылым типтері; ұйымның ішкі және сыртқы ортасы; шешім қабылдау модельдері мен әдістері; жоспарлау әдістері; мотивация және бақылау, басқару стильдері мен көшбасшылық теорияларын оқытуға бағдарланған.

Синтетикалық дәрілік заттар химиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Дәрілік және басқа да заттардың органикалық химиясы бойынша талдау және зерттеулер жүргізу үшін кәсіби құзыреттіліктер; жаңа синтетикалық дәрілік препараттарды жасау принциптері; жаңа тиімді препараттарды іздеу; заттардың фармакологиялық әсерінің олардың химиялық құрылымына, физикалық және физикалық-химиялық қасиеттеріне тәуелділігін анықтау; жаңа синтетикалық препараттарды жасау стратегиясын меңгеру.

Фармацевтикалық ұйымда сапаны басқару
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы қолданыстағы заңнамасына және Тиісті фармацевтикалық тәжірибеге сәйкес фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын субъектілердің қызметін басқаруды және жоспарлауды ұйымдастыру. Химиялық, биологиялық, физика-химиялық және басқа әдістерді қолдана отырып, дәрілік заттарды сараптауды ұйымдастыру. дәрілік заттардың сапасын бақылауды ұйымдастыру. Фармацевтикалық денсаулық сақтау секторының құрылымы мен басқару органдары және олардың функциялары.

Фармацияда ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Ғылыми зерттеулер мен алынған нәтижелерді енгізу практикасын жоспарлау үшін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы саласындағы кәсіби құзыреттер, дәрілік терапияның қауіпсіздігін, тиімділігі мен қолжетімділігін қамтамасыз ету және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды ұтымды пайдалану үшін зерттеу әдістерін жүргізудің практикалық дағдылары.

Фармациядағы ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағыл)
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Ғылыми зерттеулер мен алынған нәтижелерді енгізу практикасын жоспарлау үшін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы саласындағы кәсіби құзыреттер, дәрілік терапияның қауіпсіздігін, тиімділігі мен қолжетімділігін қамтамасыз ету және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды ұтымды пайдалану үшін зерттеу әдістерін жүргізудің практикалық дағдыларын қолдану.

Шетел тілі (кәсіби)
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: шетел тіліндегі сөйлеу мәнерінің әртүрлі түрлерінде практикалық дағдыларды қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі жаһандық кеңістіктегі ақпаратты қабылдау, түсіну және аудару, өз зерттеулерін сынақтан өткізу үшін ғылыми іс-шараларға қатысу қабілетін қалыптастырады. Пән шетел тілін білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді жетілдіруге бағытталған.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Дәрілердің тамақ және алкогольмен өзара әрекеттесуінің клиникалық және фармакологиялық аспектілері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Дәрі-дәрмектік терапияны оңтайландыру, дәрілердің жанама әсерлерінің жиілігі мен айқындылығын төмендету үшін дәрілік заттардың тамақпен және алкогольмен өзара әрекеттесуінің клиникалық-фармакологиялық аспектілеріне зерттеулер жүргізу; Тамақ өнімдері мен дәрілердің өзара әсерлесуінің негізгі заңдылықтарын зерттеу және емдеу нәтижелеріне әсер ететін дәрілер мен тамақтың ұтымды үйлесімі бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды стандарттау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты - ДЗ стандарттаудың және сертификаттаудың мемлекеттік жүйесін білу бойынша кәсіби құзыреттіліктер мен дағдыларды қалыптастыру; ДЗ сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бойынша нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес фармацевтикалық талдау әдістерін; әзірлеу, алу, сақтау және қолдану кезеңдерінде ДЗ және МИ сапасын бақылауды Фармацевтикалық талдау түрлерін меңгеру.

Дәрілік заттарды спектроскопиялық талдау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Дәрілік заттар мен қалыптардың физикалық химиялық қасиеттерін, оларды зерттеудің фармакопеялық әдістерін білу. Дәрілік заттар мен дәрілік өсімдік шикізаттарын, биологиялық объектерді түп нұсқалығын, тазалығын және сандық анықтау жүргізу үшін фармацевтикалық талдауда қолданылатын заманауи физикалық, химиялық және физика-химиялық әдістерді оқып білу. Берілген дәрілік қалыптарға фармацевтикалық талдаудың заманауи әдістерінің (ИК, спектрофотометрия, HPLC, ЯМР, GC-MS, масс спектр және т.б.) нәтижелеріне талдау жүргізу

Дәрілік заттардың клиникалық және клиникалық емес GLP, GCP зерттеулерін ұйымдастыру
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Клиникалық және клиникалық емес зерттеулерге қолданылатын тиісті клиникалық практика стандартының (GCP, GLP) қағидаттары туралы жалпы түсінік. Адамның қатысуымен зерттеулердің сапасын және жүргізу ережелерін қамтамасыз ету жүйесі, сондай-ақ оларды құжаттық ресімдеу; этика мәселелері жөніндегі комиссияның хаттамаларымен жұмыс істеу және ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес зерттеулердің нәтижелерін ұсыну.

Дәрілік өсімдік шикізатынан алынатын биологиялық белсенді заттардың химиясы мен технологиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Дәрілік заттарды стандарттаудың мемлекеттік жүйесі. Дәрілік өсімдік шикізаты мен фитопрепараттарға нормативтік құжатты әзірлеу және бекіту. Экстракцияның негізгі түрлері. дәрілік өсімдіктерден биологиялық белсенді заттарды бөліп алудың негізгі әдістері. Халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес ДӨШ негізінде алынған дәрілік заттардың сапасын бақылауды қамтамасыз ету. Өндірістік бақылауды ұйымдастыру. Биологиялық белсенді қоспаларды стандарттау.

Жасанды дәрілік заттар және оларды реттеу
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Жалған, сапасыз және контрафактілік дәрілік заттарды анықтау, айналымнан шығару және жою тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді қарау. Дәрілік заттардың айналым жүйесіне қатысушыларды мен олардың өзара әрекеттесуін анықтау. Анықталған контрафактілік, сапасыз және жалған дәрілік заттар туралы дәрілік заттардың айналымы субъектілерін хабардар ету тәртібі. Жалған, сапасыз және контрафактілік дәрілік заттарды айналыстан алу және оларды жою рәсімдерін жүргізу.

Заманауи өндіріс және зертханалық дәрілік заттарды өндіру үрдістері және зертханалық бақылау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – биохимиялық және фармацевтикалық зерттеулерді жүргізудің негізгі заңдары мен әдістерін іргелі білім саласында кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру, кейіннен математикалық өңдеу және фармацевтикалық үдерістерді, дәрілік заттарды алуға арналған материалдар мен жабдықтарды әзірлеумен байланысты зерттеу нәтижелерін талдау, процестер мен жабдықтардың валидациясын жүргізу, өлшеу әдістемелерін әзірлеу және валидациялау.

Қазақстан Республикасындағы жақсы клиникалық практика стандартының негізгі ережелері (GCP)
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Клиникалық зерттеулерге қолданылатын тиісті клиникалық практика стандартының (GCP) қағидаттары туралы жалпы түсінік. Адамның қатысуымен зерттеулердің сапасын және жүргізу ережелерін қамтамасыз ету жүйесі, сондай-ақ оларды құжаттық ресімдеу; этика мәселелері жөніндегі комиссияның хаттамаларымен жұмыс істеу және ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес зерттеулердің нәтижелерін ұсыну.

Медициналық көмек сапасын басқару
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - білім алушылардың жалпы сапаны басқарудың заманауи тәсілдеріне және халықаралық стандарттарға негізделген медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін басқарудың тиімді технологияларын енгізу қабілеті мен дайындығын қалыптастыру, халықтың өсуіне ықпал ететін медициналық қызметтердің сапасын тиімді басқаруды жүзеге асыру.

Фармацевтикалық дистрибуция тұжырымдамасы, принциптері мен функциялары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру саласындағы заңнама. Дәрілік заттарды өндірушіден соңғы тұтынушыға дейін өнімді бөлудің логистикалық тізбегін жобалау және оңтайландыру негіздері. Дәріхана ұйымдарында тауарлық қорды қалыптастыру, сақтауды ұйымдастыру және дәрілік заттарға өтінімді дайындау ережелері. Дәріхана желілері мысалында тарату жүйесін жобалау негіздері.

Фармацевтикалық логистиканың ерекшеліктері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Ғылыми негіздер, тұжырымдама, әдіс, логистикалық тәсіл әдістемесі, базалық міндеттер туралы жалпыланған білім жүйесі ретінде фармацевтикалық практикада логистикалық тәсілді басқару және экономиканы дамытудың қазіргі кезеңінде қолданудың маңыздылығы мен рөлін түсіну. Фармацевтикалық кәсіпорындардағы логистиканың тұжырымдамасы мен принциптері. Фармацевтикалық кәсіпорынды басқарудағы логистикалық тәсілдің ерекшеліктері туралы түсінік, оларды шешудің практикалық дағдылары.

Фармация және медицинадағы көміртекті наноматериалдар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курс көміртекті наноматериалдардың негізгі физикалық және химиялық қасиеттерін және фармация мен медицинадағы қолданбаларды зерттейді. Наноқұрылымды көміртекті наноматериалдардың негізгі кластары. Фармация мен медицинадағы көміртекті наноматериалдар саласындағы негізгі терминдер мен түсініктер. Көміртекті наноматериалдарды алудың негізгі принциптері мен әдістері.

Фармациядағы бионанотехнология негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курс наноматериалдардың негізгі қасиеттерін және оларды құрудың принциптерін және дәрілік заттарды мақсатты жеткізу үшін наноқұрылымды материалдарды пайдалану перспективаларын, жаңа дәрілік формаларды әзірлеуге қойылатын талаптар мен қажеттілікті, олардың биоқауіпсіздігі мен биоүйлесімділігі мәселелерін қарастырады.

Фармациядағы маркетингтік зерттеулер
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты-ғылыми негізделген маркетингтік шешімдер қабылдау үшін фармацевтикалық нарықтың ерекшелігін ескере отырып, маркетингтік зерттеулер кешенін әзірлеу мақсатында маркетингтік зерттеулер әдістері бойынша фармациядағы маркетингтік және әлеуметтік зерттеулердің халықаралық іс жүргізу кодексін білуін ескеру, кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Өндірістік
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Осы модульді сәтті аяқтағаннан кейін магистранттар қабілетті болуы тиіс: 1. кәсіби практикадан өту барысында алынған қажетті кәсіби дағдылар мен құзыреттерді қалыптастыру және бекіту; 2. академиялық және өндірістік жағдайларда проблемаларды шешуді жүзеге асыру; 3. магистрант практика өтетін ұйымдар мен кәсіпорындардың зерттеу және кәсіби қызметінің мазмұнын сыни бағалау; 4. білім беру қызметімен зерттеулердің маңызды процесін құру, әзірлеу және үйлестіру; 5. кәсіби қызметте менеджмент саласында терең білімді пайдалану және осы саладағы қазіргі заманғы зерттеулердің жай-күйіне сыни талдау жасау. 6. экономика проблемаларын шешуге, статистикалық деректерді сыни бағалауға және басқару саласында тиімді басқару шешімдерін қабылдауға байланысты жүйелі дағдыларды дамыту. 7. компанияның тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және қойылған зерттеу мақсатын шешуге бағытталған нәтижені қамтамасыз ететін тереңдетілген практикалық және теориялық білімді талап ететін магистрлік жобаны орындау. 8. кәсіпорынның сыртқы және ішкі ортасына зерттеу жүргізу, компанияның даму стратегиясын әзірлеу, кәсіпорын өніміне тұтынушылық сұраныстың серпінін қалыптастыратын негізгі факторларды талдау;

Өндірістік
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Мақсаты - теориялық білімді бекіту, кәсіби қызметтің практикалық дағдыларын, құзыреттері мен тәжірибесін игеру. Өндірістік практика нәтижесінде магистранттар кәсіби және еңбек дағдыларын қалыптастыру ар0ылы тиісті саладағы кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелердің қызметі ерекшеліктерін зерделей алады.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген