Магистратура
Вирусология

Вирусология

БIЛIКТIЛIГІ

  • ғылыми - педагогикалық бағыт - жаратылыстану ғылымдарының магистрі

ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ

ON1 гендердің, геномдардың және протеомалардың құрылымы мен қызметін зерттеу саласында жеке және ұжымдық интелектуальды іс-әрекеттерін ғылыми зерттеулер жүргізу және практикалық пайдалану үшін көп сатылы және қарапайым тапсырмаларды орындау;
ON2 ғылыми-зерттеу және эпидемиологиялық-профилактикалық міндеттерді шешу кезінде, оның ішінде пәнаралық деңгейде, жаңа идеяларды қалыптастыру және олардың ғылыми зерттеулерін танымал ету сондай-ақ жобалық-бағдарланған, ойын мен симуляциялық-модельдік форматтарда озық ғылыми жетістіктерді талдау және бағалау;
ON3 жұқпалы, паразиттік және басқа да аурулардың пайда болуы мен таралуына, қоршаған ортаның биологиялық ластануына мониторингті және карантиндік шараларды ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ эпидемиологиялық жағдай нашарлаған кезде аса қауіпті инфекция ошақтарында халықты қорғау әдістерін айқындау;
ON4 еңбекті қорғау және құрамында вирусы бар материалмен жұмыс істеу қауіпсіздігі қағидаларын, әртүрлі патологиялық материалдарда вирустарды индикациялау, оқшаулау және анықтау әдістерін және вирусологияда жануарлардың, өсімдіктердің және адамдардың вирустық ауруларының сипатын жіктеу және көрсету үшін анықтау мен саралауды зерттеу үшін қолданылатын зерттеу әдістерін (вирустық, биологиялық, серологиялық, молекулалық-генетикалық, вирус геномдарын талдау үшін метагеномдық) меңгеру;
ON5 табиғи қауымдастықтардағы вирустарды зерттеу мақсатында молекулярлық вирусологиялық зерттеулерді жоспарлау және жүзеге асыру әдістемесін анықтау;
ON6 вирустық ауруларды диагностикалау, емдеу және алдын алу, диагностикалық, емдік және профилактикалық препараттарды өндірумен байланысты проблемаларды іздеу және сыни талдау жүргізу;
ON7 медициналық, диагностикалық және молекулярлық вирусология салаларындағы зерттеулердің қазіргі жағдайын талдау, практикалық мәселелерді шешу жолдарын, оның ішінде сабақтас салаларда, зерттеу мәселелерін шешу және оларды шешудің баламалы жолдарын табу;
ON8 жоғары технологиялық әдістерді қолдана отырып, молекулалық вирусология саласында тәжірибелік жұмыстарды жоспарлау; вирустарды бөліп алу және вирустық инфекцияларды диагностикалау әдістері, сондай-ақ қолда бар биологиялық ақпараттық деректер базасын пайдалана отырып, биоақпараттық ресурстарды пайдалана отырып алынған нәтижелерді түсіндіру;
ON9 жануарлар мен өсімдіктердің вирустық ауруларын диагностикалау және алдын алу үшін вирусология негіздері бойынша білімдерін, биологиялық белсенді заттарды бөліп алудың, бөлудің, тазартудың және жобалаудың, биологиялық өнімдерді өндірудің биотехнологиялық әдістерін қолдану тәсілдерін пайдалану;
ON10 нақты зерттеу міндеттерін шешуде заманауи ғылыми әдістер мен технологиялар кешенін қолдану арқылы ғылым және білім саласындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін талдау және қорытындылау

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Вирусология
Мамандық шифры
7M05114
Факультеті
Биология және биотехнология

пәндер

Бактериофагтар
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: бактериофагтардың морфологиялық ерекшеліктерін, қасиеттерін және олардың жіктелуін сипаттау; молекулярлық-биологиялық және иммунологиялық диагностика жүргізу үшін фаг препараттарын жасау және медицинада инфекциялық ауруларды диагностикалау, алдын алу және емдеу үшін бактериофагтарды пайдаланудың жаңа әдістерін анықтау қабілетін магистранттарда қалыптастыру.

Басқару психологиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: басқару психологиясының іргелі ұғымдарын зерделеу негізінде жоғары білікті мамандарды ғылыми даярлауды қамтамасыз ету, кәсіби қалыптасу процесінде басқару саласының маңызды аспектілерін теориялық түсіну және практикалық қолдану үшін алғышарттар жасау. Курс психикалық процестердің дамуы мен жұмыс істеу заңдылықтарын, тиімді өзара әрекеттесу және қақтығыстарды жеңу, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі таныстыру негіздерін зерттеуге бағытталған.

Биотехнологияның заманауи әдістері
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: биотехнологиялық процестерді жүзеге асыру кезінде алынған биологиялық объектілер мен өнімдерді талдауда қолданылатын клеткалық және молекулалық биотехнологияда, микробиологияда зерттеудің негізгі әдістерін қолдану қабілеті мен дағдыларын қалыптастыру, олардың негізгі принциптерін ашу және қолданудың әртүрлі салаларына арналған мақсатты гендік-инженерлік өнімдерді алу үшін соңғы трендтер мен технологияларды пайдалану.

Вирустардың систематикасы
  • Кредит саны - 9
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – магистранттардың вирусология саласында терең кәсіби білімін дамыту, болашақта әртүрлі эксперименттік модельдерді пайдалана отырып, вирустар бойынша зерттеулерді өз бетінше жоспарлау және табиғаты, шығу тегі, құрылымы, морфологиясы мен биофизикалық қасиеттері бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу, сонымен қатар вирустар, вирустық ауруларды диагностикалау және емдеу әдістерін таңдау.

Вирустық геномика және биоинформатика
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты вирусқа қарсы тиімді препараттар мен вакциналарды әзірлеу үшін вирустық қауымдастықтардың метагенома тізбегін талдау үшін бағдарламалық, геномдық және биоақпараттық технологияларды қолдану қабілетін қалыптастыру. Курстың мазмұны: метагеномның вирустық тізбегін биоинформатикалық талдау; вирустық геномдарға тән заңдылықтарды анықтау үшін жасанды интеллект сияқты заманауи биоинформатикалық әдістер; антивирустық терапия мен вакцина дизайны үшін ықтимал мақсаттарды іздеу.

Ғылым тарихы мен философиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: философия жайлы әлемді танудың ерекше формасы ретінде, оның негізгі бөлімдерін, проблемалары мен олардың болашақ кәсіби қызмет аясында зерттеу әдістері туралы тұтас жүйелі көзқарас қалыптастыру. Оқу курсы ғылыми-зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізін қалыптастырады.

Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағыл.)
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: магистратурада оқу барысында мақала жазу, ауызша баяндама жасау, постерлік баяндама жасау, көрме бөлімдерін ұйымдастыру және ғылыми пікірталастарға қатысу дағдыларын шыңдау арқылы ғылымның заманауи даму деңгейіне сәйкес келетін қажетті құзыреттер кешенін қалыптастыру. Курсты оқу барысында магистранттарда келесі дағдыларды дамыту: мәліметтер қорын, әдебиеттерді, жобаларды, платформаларды және басқа дереккөздерді рефераттар, шолу және эксперименттік мақалалар, гранттық ұсыныстар, дәрістер, презентациялар, баяндамалар дайындау үшін қолдану; ғылыми-тәжірибелік конференциялар, онлайн іс-шаралар, ғылыми семинарлар ұйымдастыру, халықаралық форумдар мен кездесулерге қатысу.

Жоғары мектептің педагогикасы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: жоғары мектептің дидактикасы, білім беру теориясы мен менеджменті, оқытушылық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау негізінде жоғары оқу орындары мен колледждерде педагогикалық қызметке қабілеттілікті қалыптастыру. Оқу курсы білім беру мен Болон процесінің даму тенденцияларын зерттеуге бағытталған. Курс оқытушылық және кураторлық шеберлікті, оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі стратегиялары мен әдістерін меңгеруге көмектеседі.

Ретровирустар
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты ретровирустар тобын, ретровирустардың өмірлік циклын, ретровирустық векторларды құрастыру принциптері мен түрлерін талдау және зерттеу; гендік терапияда ретровирустық векторларды қолдану; зертханалық диагностиканың заманауи әдістерін қолдана отырып, ретровирустарды анықтау бойынша клиникалық зерттеулерді өз бетінше жүргізу қабілеттерін қалыптастыру.

Фитовирусология
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты магистранттарда вирустардың негізгі қасиеттері, этиологиясы, эпидемиологиясы, ауыл шаруашылығы дақылдарындағы вирустық және микоплазмалық аурулардың зияндылығы туралы мәліметтерді, фитоиммунитет механизмдерін, өсімдіктердің вирустарға иммунитеті әдістерін талдау; фитопатологиялық зерттеулерді диагностикалаудың негізгі әдістерін және фитопатологияны практикаға енгізу мақсатында статистикалық тәсілдерді пайдалану қабілетін қалыптастыру.

Шетел тілі (кәсіби)
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: шетел тіліндегі сөйлеу мәнерінің әртүрлі түрлерінде практикалық дағдыларды қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі жаһандық кеңістіктегі ақпаратты қабылдау, түсіну және аудару, өз зерттеулерін сынақтан өткізу үшін ғылыми іс-шараларға қатысу қабілетін қалыптастырады. Пән шетел тілін білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді жетілдіруге бағытталған.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Вирустарды бөліп алу мен зерттеудің арнайы әдістері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты вирусы бар материалмен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасын көрсету, зерттеу үшін құрамында вирусы бар материалды дайындау әдістемесін көрсету, сезімтал зертханалық жануарларды жұқтыру жолымен патологиялық материалдан вирустарды бөліп алу, оны вирусологиялық зерттеулерге дайындау, вирусологиялық зертханаға тасымалдау тәсілдерін көрсету және вирустарды тікелей анықтау және культивациялау үшін вирусологиялық зерттеулер жүргізу.

Вирустардың биологиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты магистранттарда келесі қабілеттіктерді қалыптастыру: тиісті білімді талдау және оларды кәсіби тәжірибеде қолдану: вирустардың таралуы, пайда болуы және эволюциясы, вирустық құрылымдар және олардың функциялары, вирустың негізгі клеткамен өзара әрекеттесуін, өнімді инфекция кезінде вирустың репликациясының негізгі заңдылықтарын.

Вирустардың генетикасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты вирустық геномның, протеомның және интерактомның құрылымы мен функцияларын зерделеу кезінде дұрыс қорытынды жасау, өмірлік циклді, зерттелетін және жаңадан пайда болған вирустардың геномдық репликациясының стратегияларын талдау, жаңа антивирустық препараттарды, трансмиссивті-қорғаныш құралдарын, вакциналар мен генетикалық антидоттарды эксперименттік жасауға қатысу қабілетін қалыптастыру.

Вирустық ауруларды басқару
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты магистранттарда адамның өмір сүру сапасын жақсарту үшін ауруларды бақылау әдістерін бағалау, сондай-ақ әртүрлі вирустық ауруларды басқаруға қатысты өзінің кәсіби тәжірибесінде тиісті білімді қолдану қабілетін қалыптастырып, денсаулық сапасын жақсарту бойынша ауруларды басқару жөніндегі іс-шаралар жоспарын негіздеу.

Вирустық вакциналар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: вирустық антигендер, инактивтендірілген вакциналар, гендік-инженерлік поливалентті тірі аттенуирленген вакциналар және ДНҚ вакциналары негізінде әртүрлі вирустық инфекцияларға қарсы профилактикалық препараттарды жасау; әртүрлі вирустық инфекциялар анықталған кезде ерте кезеңдерде екпені қолдану; жаңа вакциналарды жасаудың заманауи әдістері мен құралдарын тәжірибеге енгізу жайлы магистранттардың қабілеттілігін дамыту.

Вирустық инфекциялардың иммунологиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты магистранттарда: вирустық инфекциялар кезінде, бактериялық инфекциялар кезінде, саңырауқұлақ инфекцияларында иммунитеттің ерекшеліктерін, вирустардың сезімтал жасушалармен өзара әрекеттесу тәсілдерін; табиғи (түрлік) резистенттілік факторларын және сезімтал организмнің спецификалық емес резистенттілік факторларын; спецификалық жүре пайда болған иммунитет факторларын; инфекцияларды анықтау үшін зертханалық диагностиканың әртүрлі әдістерін қолдану қабілетін қалыптастыру.

Вирустық инфекциялардың патогенезі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты магистранттарда келесі дағдыларды қалыптастырады: вирустық патогенез тарихын талдау және әртүрлі жаһандық маңызы бар вирустық патогендерді; вирустық инфекцияның кіру қақпасын және патогендік вирустардың бастапқы репликациясын, олардың денеге таралу жолдарын, жасушалардың өзгеру морфологиясын, жасушалық өлімді түсіну; қабылдаушы организм геномының өзгеруі, вирустық инфекцияның берілу жолдары және патогендік вирустардың резервуарлары.

Вирустық экология және эпидемиология
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты вирустық инфекциялардың эпидемиологиясы үшін экологиялық жүйелердегі вирустардың экологиялық аспектілерін және олардың адам ағзасымен популяция деңгейінде өзара әрекеттесуін талдау қабілетін қалыптастыру. Курстың мазмұны: вирустардың эволюциялық экологиясының негізгі аспектілері; эпидемиологиялық процестің негізгі буындары; вирустық аурулардың дамуы және әртүрлі берілу механизмдері; вирустық аурулардың патогенезі, вирустық аурулардың диагностикасы, емдеу және алдын алу.

Диагностикалық вирусология
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты магистранттарда: инфекциялық көмектің ұйымдасу принциптерін; кең таралған вирустық инфекциялық аурулардың этиологиясын, эпидемиологиясын, патогенезін және жіктелуін; вирустық инфекциялық ауруларды спецификалық және спецификалық емес диагностикалаудың заманауи әдістерін; вирустық инфекция кезіндегі эпидемиологиялық талдау және эпидемияға қарсы іс-шаралар принциптерін; вирустық инфекциялық аурулардың спецификалық алдын алу принциптерін талдау қабілетін қалыптастыру.

Медициналық вирусология
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: жұқпалы аурулардың, вирустық респираторлық аурулардың, энтеровирустық инфекциялардың негізгі қоздырғыштарын, герпесвирустарды, паротиттің вирустық қоздырғыштарын, баяу инфекциялар қоздырғыштарын, вирустық гепатиттердің қоздырғыштарын, ісіктің пайда болуына әкелетін онкогенді вирустарды, олардың биологиялық сипаттамасын, эпидемиологиясын, патогенезін, клиникасын қоса алғанда, талдау қабілетін қалыптастыру, қолданбалы және іргелі сипаттағы биологиялық және медициналық міндеттерді шешу үшін алдын алу және этиотропты емдеу.

Онкогенді вирустар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: прото-онкогендер, онкогендер және анти-онкогендер (ісік өсуінің ген-супрессорлары) туралы білімді талдау; олардың жасуша тіршілігіндегі рөлі, вирустық канцерогенез, ДНҚ және РНҚ бар онкогенді вирустар және қалыпты жасушалардың ісік, вирустық трансформация және жасушалық циклге вирустық трансформация механизмі.

Фитовирусология
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты вирустардың негізгі қасиеттері, этиологиясы, эпидемиологиясы, ауыл шаруашылығы дақылдарындағы вирустық және микоплазмалық аурулардың зияндылығы туралы мәліметтерді, фитоиммунитет механизмдерін, өсімдіктердің вирустарға иммунитеті әдістерін талдау; фитопатологиялық зерттеулерді диагностикалаудың негізгі әдістерін және фитопатологияны практикаға енгізу мақсатында статистикалық тәсілдерді пайдалану қабілетін магистранттарда қалыптастыру.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Зерттеу
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Тәжірибенің мақсаты - зерттеуді жоспарлау және жүргізу қабілетін қалыптастыру. Тәжірибе жеке, сонымен қатар ғылыми ұжымдар мен ғылыми мекемелердің құрылымдық бөлімшелері құрамында ғылыми-зерттеу жұмыстарын дайындау мен жүргізуді қоса, академиялық жұмыс дағдыларын қалыптастырады. Зерттеу практикасы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, үлкен көлемдегі мәліметтерді (нақты материал) жинауға және өңдеуге бағытталған. Зерттеу практикасы барысында магистранттардың төмендегідей қабілеттері қалыптасады : - ғылыми-зерттеу жұмысын жоспарлау; - ғылыми әдебиеттермен өз бетінше жұмыс істеу: ғылыми дереккөздерді аннотациялау, рефераттар жасау-шолулар; - тіл жүйесі және әдебиет дамуының негізгі заңдылықтары саласында өз бетінше ғылыми зерттеу жүргізу; - ғылыми-зерттеу міндеттерін шешу үшін заманауи ақпараттық ресурстарды пайдалану; - ғылыми ақпаратты жинау, өңдеу, талдау және жүйелеу; - отандық және шетелдік филология мектептерінің жаңашыл әдістерін қолдану; - ғылыми зерттеу нәтижелерін дәлелді баяндау; - ғылыми басылымды дайындау және редакциялау: тезистер, мақала. Зерттеу практикасын өту кезінде магистранттар келесі аспектілерді қарастырады: Зерттеу жұмысының теориялық негіздері. Филологиялық зерттеулердегі заманауи әдістер мен әдістер. Лингвистика және әдебиеттану саласындағы ғылыми және қолданбалы жобалардың тәуелсіз дамуы. Оқу-әдістемелік әдебиеттерді қалыптастыру ережесі. Ғылыми зерттеулер нәтижелерін интерпретациялау.

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген