Магистратура
Жылу энергетикасы (МИФИ)

Жылу энергетикасы (МИФИ)

БIЛIКТIЛIГІ

  • ғылыми - педагогикалық бағыт - техника ғылымдарының магистрі

ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ

Жылу энергетикасындағы күрделі мәселелерді шешу үшін физикалық және техникалық білімдерді біріктіру және толық емес немесе шектеулі ақпаратқа негізделген тұжырымдарды жасау
Дәстүрлі және баламалы жылу энергетикасы саласындағы теория мен практиканың жаңа жетістіктерін сыни бағалау және түсіндіру
Жылуэнергетика саласындағы кәсіпорындардың проблемаларын және оларды шешу жолдарын талдау.
Энергетикалық процестер мен жүйелердің физикалық-математикалық модельдерін жасау және олардың негізінде кешенді зерттеу жүргізу.
Заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен компьютерлік модельдеу әдістерін өз өмірі мен жұмысының барлық салаларында, атап айтқанда кәсіби мақсаттарда сауатты қолдану.
Жылдам физикалық-химиялық процестерді зерттеудің күрделі әдістеріне бағдарлау, сонымен қатар стационарлық газ динамикалық кешенді химиялық жүйелердегі негізгі термодинамикалық күйлерді есептеу.
Күрделі процестер мен жүйелердің термодинамикасына сипаттама беру, сонымен қатар тепе-теңдік емес жүйелердің физикалық сипаттамаларын есептеу.
Жылу қондырғыларының сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету және энергияны пайдалану тиімділігін арттыру үшін энергия жүйелерінің параметрлерін есептеуді жүзеге асыру.
Ғылыми-қолданбалы жұмыстарды жүргізудің әр түрлі әдістерін талдау, зерттеу тақырыбын тұжырымдау және негіздеу, ғылыми-педагогикалық қызметте кәсіби және практикалық дағдыларды қолданыңу.
Зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми-техникалық ақпаратты, өзіндік отандық және шетелдік тәжірибені талдау.
Қолданыстағы этикалық нормаларға сәйкес ғылыми-зерттеу жобаларын дербес ұйымдастыру және жүргізу.
Ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелерін жүйелеу және есептер, тезистер, мақалалар, магистрлік диссертациялар түрінде жазбаша түрде ұсыну және оларды талқылауға қатысу.

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Жылу энергетикасы (МИФИ)
Мамандық шифры
7M07130
Факультеті
Физика-техникалық

пәндер

Басқару психологиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: магистранттарда ғылыми менеджменттің заманауи психологиялық тәсілдерін қолдану үшін қажетті құзыреттіліктерді қалыптастыру. Мыналар оқытылады: басқарушылық өзара әрекеттестіктің теориялық негіздері, негізгі басқару функцияларын жүзеге асырудың психологиялық ерекшеліктері, басқарушылық қызмет субъектісінің психологиясы, басқару саласындағы психологиялық зерттеу әдістері, белсенділік пен өзара әрекеттесу.

Ғылым тарихы мен философиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: ғылыми білім өндіруге бағытталған ерекше қызметтің заңдылықтары мен даму тенденциясын зерттеу. Ол тарихи динамика негізінде және тарихи өзгермелі әлеуметтік-мәдени контексте қарастырылады. Курс арнайы философиялық талдау пәні болып табылатын ғылым феноменінің мәселелерімен таныстырып, ғылымның тарихы мен теориясы, ғылым дамуының заңдылықтары және ғылыми білімнің құрылымы туралы білім қалыптастырады.

Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағыл.)
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: ғылыми-зерттеудің, ғылыми-техникалық, инновациялық қызметтердің ерекшеліктерімен, ғылыми зерттеулердің жабдықтары және әдістерімен, шығармашылықтық еңбектіұйымдастыру және оны жоспарлаумен таныстыру. Мазмұны: Жеке және топтық ғылыми қызметтің ерекшеліктері. Ғылыми зерттеудің эмпирикалық және теориялық әдістері. Әдістер-операциялар және әдістер-қызметтер. Инновация: болмысы және анықталуы. Инновация – ғылыми-техникалық, технологиялық және экономикалық категория сияқты.

Ғылыми мақалаларды жазу әдістемесі және технологиясы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жинақтау үшін, оларды жарыққа шығару мақсатымен ғылыми мақала түрінде өңдеу және рәсімдеу үшін қажетті білімдерін жетілдіру. Мазмұны: ғылыми зерттеулердің нәтижелерін мазмұндаудың негізгі әдістері. Ғылыми мақалалардың тақырыптарын, ол туралы ой-пікірлерді және аталуын тұжырымдау. Ғылыми мақаланы баспаға шығаруда басылымды таңдау. Ғылыми мақаланың құрылымы. Әдебиеттік басылымдармен жұмыс жасау.

Ғылыми эксперименттің теориясы және техникасы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: инженерлік эксперименттің заманауй теориясының негізін үйрету: тәжірибеде жоспарлау және іске асыру әдістері, сынау мәліметтерін өңдеу және белсенді эксперименттің нәтижелерін талдау. Мазмұны: Зерттеу жұмыстарының негізгі міндеттері. Моделдеу және ұқсату. Экспериментті математикалық жоспарлау негіздері. Мәліметтерді статикалық талдау. Кездейсоқ процестердің теориясының негіздері және оларды статикалық өңдеу. Инженерлік эксперимент нәтижелерін статикалық өңдеудің компьютерік әдістері.

Жоғары мектептің педагогикасы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: жоғары оқу орындарының дидактикасы, тәрбие мен білім беруді басқару теориялары, педагогикалық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау білімдері негізінде университетте педагогикалық іс-әрекеттің қабілетін қалыптастыру. Болашақ оқытушының білім беру қызметін ОКТ қолдана отырып жобалауды, Болон процесін жүзеге асыруды, дәріскерлік, кураторлық шеберлікті оқыту/тәрбиелеу және бағалау стратегиялары мен әдістерін қолдана отырып (TLA-стратегиялар) игеруді қарастырылады.

Жылу және масса алмасу аппараттарындағы конвекция процестері
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: Технологиялық процестер мен қондырғыларда жүретін көпкомпонентті газ қоспаларында концентрациялық конвекцияның пайда болуын эксперименттік және сандық зерттеу мәселелері бойынша студенттердің білімдерін қалыптастыру. Мазмұны: Массаны тасымалдау әдістері. Әртүрлі каналдағы конвективті массатасымалдау. Энергетиканың әртүрлі мәселелерін шешуінде массатасымалдау. Конвекция кезінде молекулалық массатасымалдаудың қарқындылығын зерттеу. Диффузиялық тұрақсыздық режимінде бөлу коэффициенттерін анықтау.

Жылу энергетикасы саласындағы менеджмент және маркетинг
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: менеджмент және маркетинг негіздері және оларды жұмыста ары қарай қолдану үшін оқып үйрену; қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыруды функциялауда процестермен танысу; ұйымның қызметінің түрі туралы ақпарат, құрылымды тұрғызу нұсқасы, жұмысшыны ынталандыру. Мазмұны: Кәсіпорынды басқарудың заманауй маркетингтік тұжырымдамасы. Портфельдік сараптаудың әдістері. Баға жасау бойынша басқарма шешімі.

Жылумен жабдықтау жүйелері және жылу желілері
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: жылумен жабдықтау жүйелері мен жылу желілерін жобалау, пайдалану және басқару бойынша білім мен дағдыларды дамыту, оның ішінде жылу жүйелерінің жұмыс істеу принциптерін, жылу жүктемелерін есептеу әдістерін, энергия ресурстарын тиімді пайдалану негіздерін және сенімділігін қамтамасыз етуді жылумен жабдықтау қауіпсіздігі. Мазмұны: жылумен жабдықтау жүйелерінің түрлері мен құрамдас бөліктері. Жылу желілерін есептеу және жобалау әдістері.

Шетел тілі (кәсіби)
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: магистранттарда іскерлік және ғылыми салаларда қарым-қатынас жасауға қажетті дағдыларды қалыптастыру, халықаралық ғылыми ұжымдарда ғылыми-зерттеу қызметін жүргізуге мүмкіндік беретін коммуникативтік құзыреттіліктерді жүзеге асыру. Мыналар зерттелетін болады: ауызша, жазбаша және электронды коммуникация әдістері; ағылшын тілінде өнімді кәсіби маңызды мәтіндерді құру.

2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Жану камерасындағы реакцияға түсетін ағыстарды 3D моделдеу
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: энергетикалық отын жағу кезінде нақты геометрия аймақтарында реакциялық токтардың үш өлшемді модельдеу дағдыларын қалыптастыру және әдістерін зерттеу. Мазмұны: нақты геометрия аймағында әсерететін ортада конвективті жылу масса тасымалдау процестерін 3D моделдеу мәселелерін шешудің негізгі теңдеулері мен сипатталуы. Екі фазалық ағыс. Сәулелену жәрдемімен жылу алмасу. Бақылау көлемі әдісінің теңдеулерінің айырмашылығын алу.

Жылу энергетика мен жылутехнологияның ғылыми-техникалық мәселелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: жылу энергетикасы және жылу технологиясыда энегияны үнемде аймағында кәсіби мәселелерді шешуге дайындау. Мазмұны: Жылуэнергетикасының жүйелік, заңнамалық, техникалық және экологиялық мәселелері. Дәстүрлі, дәстүрлі емес және қайтадан қалыпына келетін энергия көздерін қолданудың мәселелері және келешегі. Энергияны тиімді пайдалануды көтеру аймақтарындағы мемлекеттік саясат. Жылу энергетика объектілерін энергетикалық тексеру. Өнеркәсіпте энергияны үнемдеудің іс-шаралары.

Жылу энергетикасындағы заманауи «таза» технологиялар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: зиянды шығарындыларды азайтуға және жылу-энергетика саласында энергия ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруға көмектесетін озық технологиялармен және әдістермен танысу. Мазмұны: Жылу энергетикасындағы когенерация және тригенерация. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану. Қазандықтың тиімділігін арттыру және зиянды заттардың шығарындыларын азайту үшін заманауи технологиялар. Жоғары температуралы жарылыс.

Жылу энергетикасындағы экологиялық қауіпсіздік
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: табиғи және техногендік факторлардың қоршаған ортаға әсерін бағалау, технологиялық процестердің экологиялық тазалығы, экологиялық қауіпті бақылау, болжау және алдын алу, халықты, техносфера объектілерін және табиғи ортаны қорғау саласындағы білімдерді меңгеру. Мазмұны: кәсіпорынның экологиялық стандарттарын белгілеу принциптері, кәсіпорынның экологиялық қауіпсіздігін бақылауды ұйымдастыру, жылу энергетикасы объектілерінің технологиялық қауіпсіздік жүйелері.

Жылутехникалық құрылғылардың қауіпсіздігі мен пайдаланылмалы сенімділігі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: жылутехникалық қондырғылардың сенімділігі, энергетикалық жабдықтарының жұмысының қауіпсіздігі мәселелерін меңгеру. Мазмұны: техникалық жүйелердің сенімділігінің құрылымдық схемаларыжәне оларды есептеу, сенімділікті көтерудің негізгі әдістері және жылулық және электр энергиясын өндірудегі жүйелердің қауіпсіздігін бағалау үшін сенімділік теориясын қолданудың мысалдары; техногендік қауіп-қатерді сараптау мен бағалау әдістемесі, сенімділікті, қауіпсіздік және қауіп-қатерді бағалау әдістемесі.

Жылутехникалық процестер мен қондырғыларлдың автоматтандырылған басқару жүйелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: қазандық агрегаттарын, су дайындау және отынды беру жабдықтарының, жылулық қондырғылардың, коммуналдық шаруашылық объектілерінің, құрғату және суыту қондырғыларының, химиялық және металлургиялық өнекәсіптердің объектілерінің, басқарудың автоматтандырылған жүйесінің функцияларын және мәселелерін, нақты өнекәсіптік қондырғылардың сигналдану және қорғанысын; өнеркәсіптік объектілерді басқарудың автоматтандырылған жүйелері аймағында негізгі заманауй тенденциялармен таныстыру.

Жылуэнергетика өнеркәсіптеріндегі қоқысты материалдарды қолдану және жою
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: қоршаған ортаны қорғау және табиғатты оңтайлы қолданудың заманауй мәселелерін түсінуге мүмкіндік беретін инженерлік-экологиялық ойлауды қалыптастыру. Мазмұны: Өнеркәсіптік экология және экологиялау. Өндірістік процестерді ұйымдастыру және олардың жалпы заңдылықтары. Өндірістің дамуының экологиялық стратегиясы және саясаты. Күл қалдықты материалдарды жою, оларды пайдалану. Шығатын газдар мен қалдық сулардан тазалаудың негізгі өнеркәсіптік әдістері.

Жылуэнергетиканың электрлік бөлшегі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: электр станциясының жұмысының қауіпсіздігі, апатсыз жұмысы және жоғары экономикалық тиімділікті жұмысы мақсатында жылу энергетикалық жабдықтарды жобалаумен, сынаумен, жөндеумен және қолданумен байланысты кәсіби қызметтегі теориялық және тәжірибелік мәселелерді шешу үшін жылу энергетикалық жабдықтардыдың жұмысының режимдері және қолданылуы сұрақтары бойынша орнықты теориялық қорын қалыптастыру.

Қалдықсыз өндірістердің даму мәселелері және оларды шешу жолдары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: қалдықсыз өндірістің тиіміділігі көтерудің жағдайларын оқып-үйрену; өндіріс орыны орналасқан территорияның табиғи-шаруашылықты жағдайын кешендің бағалау әдісін, табиғи-шаруашылықты территорияның өндірістің қауіпсізідгі жағдайының әсер етуін бағалауды оқыту. Мазмұны: Қалдықтарды жіктеу. Көмірді және мұнай өндірудегі қалдықтар, күл-шлакты қалдықтар. Энергетикалық қалдықтарды және қайтадан қалыпқа келтіруге арналған қалдықтарды қалдықсыз өңдеу тәсілдері. Қалдықсыз өндірісті жасаудың қағидалары.

Сұйық және қатты отындардың жануын компьютерлік модельдеу
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: жылуэнергетикалық процестерді, ЖЭС және өнекәсіптік кәсіпорындардың қондырғылары мен жүйелерін моделдеу және оңтайландыру әдістерін қолдану бойынша білім, білік және дағдыларды қалыптастыру. Мазмұны: Жылуэнергетикасының процестерін, құрылғылары, жүйелерін математикалық модельдеу, жылуэнергетикасының қондырғылары мен жүйелерінің нұсқаларын оңтайландыру. Жылутасымалдағышы мен жылумассаалмасу құрылғыларының негізгі сипаттамаларын есептеудің сандық әдістері. Жылутехнологиялық жүйелерді зерттеу және жобалаудың модельдеу әдістері.

Электрмен жабдықтау жүйелерін жобалау негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: қалалар және өнеркәсіптік кәсіпорындарды электрмен жабдықтау жүйелерін жобалаудың әдістері мен ережелерін оқыту; энергетика және ресурсты үнемдеуге бағытталған электр тораптарды қалыпты және апаттық жұмыс режимдеріне есептеудің заманауй әдістерін игеру. Мазмұны: Электрлік тораптарының есептік жүктемелерін анықтаудың тәжірибелік әдістері. Электрмен жабдықтау жүйелерінде реактивті жүктемелерді қарымталау. Тарату тораптарында қарымталайтын құрылғыларды орналастыру.

Энергетика дамытудың перспективті бағыттары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: электр станцияларының жұмысын оңтайландыру және олардың теріс әсерін азайту мақсатында энергетиканы дамытудың негізгі заманауи бағыттарымен таныстыру. Мазмұны: ҚР және әлемдік энергетиканың заманауй жағдайы, дамуы болжау және мәселелері. Электрлік тораптарды қолдануда жетілдірудің жолдары. Электрмен қамтамассыз ету үшін ЖЭК–нің пайдаланудың мүмкіндігі. Электр қондырғыларды, станцияларын және кешендердің энегетикалық сипаттамаларын есептеу әдістері.

2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Зерттеу практикасы
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Исследовательская практика магистранта проводится с целью закрепления теоретических знаний, полученных в процессе обучения, приобретения практических навыков, компетенций и опыта профессиональной деятельности по обучаемой специальности, а также освоения передового опыта. Содержание исследовательской практики определяется темой диссертационного исследования.

Педагогикалық практика
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Педагогикалық практиканың мақсаты: магистранттарға жоғары оқу орындарында оқыту әдістемесі саласында білімді тереңдету және нығайту үшін дағдыларды қалыптастыру. Педагогикалық тәжірибені оқыту кезінде келесі аспектілер қарастырылады: Педагогикалық практиканың мақсаттары, міндеттері мен мазмұнын білу; кеңес беру кестесін, есептілік түрлерін және оларды беру мерзімдерін құрастыру.

2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген