- Негізгі бет
- Магистратура
- Білім беру бағдарламалары
- Шетел филологиясы (шетел тілдері) (Қырғ.ҰУ)
Шетел филологиясы (шетел тілдері) (Қырғ.ҰУ)
ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ
1. Түрік филологиясының өзекті мәселелерін анықтап, зерттеу аспектілерін айқындау.
2. Зерттеу үдерісі барысында түрік тіліндегі көркем және тарихи қолжазба мәтіндерді талдау және интерпретациялаудың әртүрлі әдістерін қолдану.
3. Филологиялық зерттеулердегі қазіргі заманғы тенденцияларды, заманауи теорияларды, проблемалар мен тәсілдерді сыни тұрғыда бағалау.
4. Теориялық және қолданбалы жобалар контексінде тілдік жазбаша және сөйлеу материалдарын зерттеу әдіснамасын кеңейте отырып, қазіргі заманғы лингвистика мен әдебиеттану саласындағы жетістіктерді сыннан өткізе отырып қолдану.
5. Прагматикалық және функционалдық стратегияларға негізделе, когнитивтік, лингвомәдени контексттерді ескере отырып, аударма үдерісінде туындаған кәсіби міндеттер мен мәселелерді шығармашылық түрде шешу.
6. Филологиялық мәселелердің кең спектрі бойынша зерттеу үдерістеріне пәнаралық білімдерді интеграциялау.
7. Мәтіндердің түсініктемелерімен бірге тезаурусын жасау, IT -технологияларын қолдана отырып, салалар бойынша сөздіктер құрастыру, түрік тіліндегі іскери салада қолданылатын үлгілер, шаблондарды жасау.
8. Түркі тілдес халықтарының әлемінің тілдік картиналарын салғастыру, тілдік трансформацияларды жалпылау және өзара әрекеттесу мәселелері бойынша жобаларды ұйымдастыру.
9. Мәдениетаралық қарым-қатынаста ауызша және жазбаша сөйлеу іс-әрекетін ұйымдастыру.
10. Әдеби шығармалардың идеологиялық және тақырыптық мазмұны, жанрлық ерекшеліктері, сюжеттік және композициялық ерекшеліктері, стилі және поэтикасы тұрғысынан жан-жақты талдау жүргізу.
11. Өзінің ғылыми, педагогикалық, кәсіби қызмет нәтижелерін сыни түрде бағалау және түрік тілінде қатынас құру регистрлерін кеңейту, әрі қарай кәсіби және ғылыми өсу траекториясын жобалау.
12. Аудиторлық және ақпараттық желілерде білім беру қызметін жүзеге асыру үшін дәстүрлі және инновациялық әдістерді тоғыстыра, жаңарта отырып, шет тілдерін оқыту әдістерін жасау
Бағдарлама паспорты
пәндер
2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
пәндер
2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
ТӘЖІРИБЕЛЕР
2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген