Магистратура
Халықаралық қатынастар

Халықаралық қатынастар

БIЛIКТIЛIГІ

  • бейіндік бағыт - әлеуметтік білім магистрі

ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ

1.Сыртқы саясат пен халықаралық қатынастар саласындағы қажетті білім мен кәсіби дағдылар кешенін қалыптастыру үшін алынған білімнің тұтас жүйесінің өзара байланысын, процестерді жүйелі түсінуді және қазіргі заманғы халықаралық қатынастардың жалпы даму үрдістерін талдау дағдыларына ие болу, болашақ практикалық қызметте кәсіптік шет тілін меңгеру
2.Халықаралық қатынастар теорияларының парадигмасы контекстінде халықаралық қатынастардың қазіргі заманғы мәселелеріне жүйелі, кешенді көзқарас қалыптастыру, әлемдік саясаттағы жаһандық және жергілікті процестердің даму тенденциялары туралы әртүрлі теориялар мен тұжырымдамаларды сыни тұрғыдан бағалау және салыстыру, және шет тілдерін білуді пайдалана отырып
3.Халықаралық қатынастардың қазіргі заманғы теориялары мен тұжырымдамаларының әдіснамасын қолдану дағдыларына ие болу, ғылыми-зерттеу қызметі аясында экономикалық және саяси тенденцияларды зерттеу әдістерін қолдана отырып, әлемдік саясаттың жаһандық және өңірлік деңгейіндегі мәселелерді біріктіру
4.Жаһандық құрылымды трансформациялаудың негізгі аспектілері білімі негізінде жаһандық тенденцияларды жүйелі түсіну дағдысына ие болу, халықаралық өзара іс-әрекет аясындағы үрдістерді қолданбалы талдау мен болжамдау, мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдардағы кәсіби қызмет барысында практикалық міндеттерді шешу
5.Қазіргі жаһандық мәселелерді талдау кезінде қазіргі заманғы теориялар әдіснамасы мен саяси болжау әдістерін қолдана білу, кәсіби сараптамалық-талдау қызметінде әртүрлі халықаралық жағдайларда жетекші акторлардың геосаяси мүдделерін талдау барысында сценарийлік-талдамалық болжамдау дағдыларын меңгеру және психологиялық білім мен іскерлікті қолдана отырып
6.Жаһандық, өңірлік және ұлттық қауіпсіздік саласында болып жатқан үрдістерді жүйелі түсіну үшін өзекті жүйелі білім мен әдіснаманы синтездей білу, алынған білімді тиісті ведомстволарға ұсынымдар әзірлеу үшін білікті қолдана білу, сондай-ақ ұйымды басқарудағы негізгі тәсілдердің тиімділігін бағалау.
7.Қауіпсіздіктің жаңа өлшемдерін стратегиялық талдау негізінде әртүрлі деңгейлерде қауіпсіздіктің негізгі сын-тегеуріндері мен қауіп-қатерлеріне талдау жүргізу, жаһандық және өңірлік қауіпсіздік мәселелері бойынша өзекті зерттеу міндеттерін әзірлеу, оларды зерделеудің тиісті әдістерін қолдану және кәсіби қызмет шеңберінде оларды шешу жолдарын болжау.
8.Кәсіби қызмет шеңберінде ғылыми білімді және зерттеу әдіснамасын қолдану қабілеті: әлемдік саясаттағы қазіргі заманғы оқиғаларды талдау барысында әртүрлі ғылыми теорияларды сыни талдау және салыстыру дағдыларына ие болу; тұрақты дамудың негізгі тенденцияларын ескере отырып, саяси шешімдер қабылдаудың экономикалық және әлеуметтік тәуекелдерін бағалау; жаһандық құрылымның трансформациясы жағдайында жетекші әлемдік акторлардың қызметін болжамды талдау дағдыларын меңгеру.
9.Қазіргі заманғы халықаралық қатынастардың теориялық тәсілдері негізінде ғылыми зерттеулердің нәтижелерін мақалалар, магистрлік диссертациялар, аналитикалық баяндамалар, сараптамалық бағалау форматында ресімдеу, алынған білімді, сыни талдау дағдыларын дербес ғылыми зерттеулер контексінде бірегей идеяларды дамыту және қолдану үшін пайдалану

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Халықаралық қатынастар
Мамандық шифры
7M03126
Факультеті
Халықаралық қатынастар

пәндер

Басқару психологиясы
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: басқару психологиясының іргелі ұғымдарын зерделеу негізінде жоғары білікті мамандарды ғылыми даярлауды қамтамасыз ету, кәсіби қалыптасу процесінде басқару саласының маңызды аспектілерін теориялық түсіну және практикалық қолдану үшін алғышарттар жасау. Курс психикалық процестердің дамуы мен жұмыс істеу заңдылықтарын, тиімді өзара әрекеттесу және қақтығыстарды жеңу, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі таныстыру негіздерін зерттеуге бағытталған.

Магистрлік жобаны рәсімдеу және қорғау (МЖРжҚ)
  • Кредит саны - 12
  • Бақылау түрі - Магистрлік диссертация
  • Сипаттамасы -

Менеджмент
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: менеджменттің теориялық негіздері мен қолданбалы аспектілері туралы жүйелі білімді қалыптастыру. Менеджмент пәні басқарудың теориясы мен практикасының сұрақтары; менеджментттің тарихы, менеджмент мектептері мен заманауи тұжырымдамалары; ұйымды басқару функциялары мен әдістері; ұйымдастырушылық құрылым типтері; ұйымның ішкі және сыртқы ортасы; шешім қабылдау модельдері мен әдістері; жоспарлау әдістері; мотивация және бақылау, басқару стильдері мен көшбасшылық теорияларын оқытуға бағдарланған.

Халықаралық қатынастар және жаһандану үрдісі
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – жаһандану рөлі жөніндегі әлемдік ғылымдағы қолданылатын түсініктер, тәсілдер мазмұнын түсіну қабілеттілігін қалыптастыру. Оқу курсы жаһандық дамуға ықпал етуші факторлар, жаһандану ұғымы туралы бас түсініктемелер туралы білім береді. Пән келесі дағдыларды меңгеруге бағытталған: жаһанданудың әлемдік саясаттың салаларына әсер ететін бағыттарын зерттеу, халықаралық қатынастардың дамуына жаһандық тенденциялардың енуін зерттеу

Халықаралық қатынастар теориясы (ағылшын тілінде)
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - негізгі теориялық-тұжырымдамалық парадигмалар мен ғылыми мектептерді (реализм, либерализм, конструктивизм, неоклассикалық және модернистік теорияларды) білу негізінде студенттердің халықаралық қатынастар мен әлемдік саясатты теориялық талдау қабілетін қалыптастыру. Пәнді оқу: Халықаралық қатынастар теориясының негізгі категориялары мен анықтамаларын пайдалануға, негізгі теориялық тәсілдерді түсіндіруге, халықаралық қатынастардың құрылымдық және функционалдық аспектілерін ашуға мүмкіндік береді.

Шетел тілі (кәсіби)
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: шетел тіліндегі сөйлеу мәнерінің әртүрлі түрлерінде практикалық дағдыларды қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі жаһандық кеңістіктегі ақпаратты қабылдау, түсіну және аудару, өз зерттеулерін сынақтан өткізу үшін ғылыми іс-шараларға қатысу қабілетін қалыптастырады. Пән шетел тілін білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді жетілдіруге бағытталған.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Жаһандану дәуіріндегі қауіпсіздіктің жаңа өлшемдері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: жаһандану жағдайындағы қауіпсіздіктің жаңа өлшемдерін сипаттау, бағалау қабілеттілігін қалыптастыру. Пәнде оқытылады: жаһандану жағдайындағы қауіпсіздіктің қазіргі халықаралық жүйесінің жаңа өлшемдерін зерттеу барысында қолданылатын өзіндік түсініктері мен бағыттарының мазмұны, негізгі халықаралық мәселелерге қатысты ҚР ұстанымдары, жаһандық, аймақтық және ұлттық қауіпсіздік саласында болып жатқан үдерістер

Қазіргі халықаралық қатынастардағы тұрақты даму мәселелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: тұрақты даму теориясы, тәжірибесі, оның ХҚ ықпалы жөніндегі қазіргі түсініктерді зерттеу қабілеттілігін қалыптастыру. Пәнде оқытылады: тұрақты даму тұжырымдамасының тарихи даму аспектілері, пайда болу алғышартын, оның мақсаттарына (адами қажеттіліктерді қамтамасыз ету), міндеттеріне және қағидаларына, талдау дағдыларына сай кәсіби қызметте, тұрақты дамудың сараптамалық, сыни салаларына сай құрылған инновациялық стратегиялар

Қазіргі ХҚ саяси және экономикалық тұжырымдарын зерттеу әдістері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: қазіргі ХҚ әлеуметтік-экономикалық тұжырымдарының және саяси зерттеу технологиялары мен әдістерінің инновациясын бағалау қабілеттілігін қалыптастыру Пәнде оқытылады: қазіргі хқ әлеуметтік-экономикалық тұжырымдарының теориялық-әдіснамалық негізі, экономикалық ойлардың даму тарихындағы әлеуметтік-экономикалық үдерістерін зерттеу әдіснамалары, шешім қабылдау үрдістерін талдау амалдары; әлеуметтік-экономикалық үдерістердің қазргі үлгілерін салыстыру

Халықаралық қатынастар және жаһандану үдерісі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: жаһандану рөлі жөніндегі әлемдік ғылымдағы қолданылатын тәжірибеге сай түсініктер, тәсілдер мазмұнын түсіну қабілеттілігін қалыптастыру. Пәнде оқытылады: ХҚ дамуындағы жаһандық түжырымдар, жаһанданудың әлемдік саясат саласына ықпалының негізгі бағыттары, ХҚ дамуына ықпал етуші жаһандық мәселелердің байланыс сараптамалары.

Халықаралық қатынастар теориясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: ХҚ теориясында қолданылатын арнайы ұғымдар мен түсініктер мазмұнын түсіну қабілеттілігін қалыптастыру. Курс бағамдайтын құзыреттіліктер: теориялық-әдіснамалық қағидалар негізінде хқ қазіргі және тарихи оқиғаларды талдау барысында зерттелудегі теорияларды қолдану, қазіргі және тарихи оқиғаларды талдау барысында зерттелудегі теорияларды зерттеудің сараптамалық-болжамалы бағытында бағалау.

Халықаралық оқиғаларды қойылымды-сараптамалы болжау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - халықаралық саяси оқиғаларды болжау қабілеттілігін қалыптастыру. Оқу курсы қойылымды-сараптамалы болжау әзірлеу, халықаралық мәселелер мен үдерістерді қолданбалы зерттеу дағдысы, әдіснамалық сараптау дағдылары жөнінде білімді жүйелейді. Пән келесі дағдыларды меңгеруге бағытталған: халықаралық оқиғалардың қазіргі сараптамасы ортақ теориялық-әдіснамалық негіздерін, халықаралық-саяси ақпараттар сараптамасы, оларды іріктеу әдіснамасын игеруді.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Өндірістік
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Мақсаты - теориялық білімді бекіту, кәсіби қызметтің практикалық дағдыларын, құзыреттері мен тәжірибесін игеру. Өндірістік практика нәтижесінде магистранттар кәсіби және еңбек дағдыларын қалыптастыру ар0ылы тиісті саладағы кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелердің қызметі ерекшеліктерін зерделей алады.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген