Магистратура
Энергетикадағы менеджмент

Энергетикадағы менеджмент

БIЛIКТIЛIГІ

  • ғылыми - педагогикалық бағыт - техника ғылымдарының магистрі

ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ

ON1 Электр энергетикасы саласындағы жобаларды бағалау үшін ақпаратты интерпретациялай отырып, заманауи электр энергетикасының инновациялық менеджменті бойынша принциптер, негіздеу әдістері негізінде энергетикадағы стратегияларды, менеджмент бағдарламаларын әзірлеу.
ON2 Электр энергетикасындағы менеджментке көзқарастардың заманауи жүйесіндегі тарих пен философияның рөлін сыни ойлау және түсіну.
ON3 Мәселені тұжырымдай білу, оны шешуге креативті көзқарас; шығармашылық қабілеттерін дамыту әдістемесін меңгеру; жинақталған тәжірибені шығармашылықпен қолдана білу және менеджмент пен психология негіздерін білуді ескере отырып, жаңа әдістерді жасау.
ON4 Математикалық аппаратты және қолданбалы бағдарламалардың заманауи пакеттерін пайдалану: электр жүйелері мен желілерінің математикалық модельдерін құру, олардың статикалық және динамикалық тұрақтылығын талдау; электрофизикалық құбылыстарды математикалық түсіндіру.
ON5 Электр энергетикасы бойынша ғылыми-техникалық ақпаратты, энергия менеджменті саласындағы озық отандық және шетелдік тәжірибені жинай, өңдей, талдай және жинақтай білу.
ОN6 Электр энергиясын өндіру, беру және таратудың технологиялық процестерінің цифрлық модельдерін жасау үшін ресурстарды басқару
ON7 Халықаралық стандарттар негізінде сапаны басқару жүйелерінің заманауи нұсқаларының инновациялық менеджменті бойынша шешімдерді ұсыну
ON8 Қазақстан энергожүйесіндегі кернеудің жаңа класын құру және игеру мақсатында жоғары вольтты жабдықтардың сипаттамаларын және электр желілері мен аса жоғары кернеу жүйелерінің режимдерін есептей білу
ON9 Автоматтандырылған жобалау жүйелерін кәсіби қызметке біріктіру, ғылыми және инженерлік эксперимент нәтижелерін, энергетика объектілеріне математикалық модельдерді енгізу
ON 10 Технологиялық басқарудың автоматтандырылған жүйелерінің сенімділік көрсеткіштеріне энергия объектілерінің электромагниттік жағдайының әсерін талдау
ON 11 Цифрландыру, энергия үнемдеу, жаңартылатын энергия көздерін дамыту бойынша ұлттық бағдарламаларды іске асыру мақсатында энергия менеджментінің инженерлік мәселелерін жаратылыстану ғылымдары әдістерін, инновациялық компьютерлік бағдарламаларды, жоғары кернеулердің физика-математикалық негіздерін қолдана отырып шешу.
ON 12 Қолданыстағы бағдарламалар мен оқу-әдістемелік материалдарды пайдалана отырып, жоғары мектеп педагогикасы білімін қолдану және әртүрлі деңгейдегі білім беру мекемелерінде басқару пәндерін оқыту қабілетіне ие болу

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Энергетикадағы менеджмент
Мамандық шифры
7M07129
Факультеті
Физика-техникалық

пәндер

Басқару психологиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Кәсіби өзара әрекеттестікте менеджменттің аса маңызды аспектілерін тәжірибеде қолдану үшін басқару психологиясының іргелі концепциялары туралы білімді қалыптастыру. Басқару психологиясының негізгі принциптері, басқару әрекетіндегі тұлға, тұлға мінез-құлқын басқару, заманауи идеялар, топтық құбылыстарды басқару психологиясы, мотивация және практикалық рефлексия.

Ғылым тарихы мен философиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: Қазіргі философияны ғылыми білімдер жүйесі, оның ішінде рационалды-теориялық түсінудегі дүниетанымдық көзқарас ретінде түсіну. Пән ғылыми ойлаудың эволюциясы мен дамуының аспектілерін, тарихи сәттерді, ғалымдар мен ғылыми мектептердің ғылымның қалыптасуына қосқан үлесін және ғылыми қызметтің этикалық және әлеуметтік аспектілерін қамтиды.

Жоғары мектептің педагогикасы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты - жоғары оқу орындарының дидактикасы, тәрбие мен білім беруді басқару теориялары, педагогикалық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау білімдері негізінде университетте педагогикалық іс-әрекеттің қабілетін қалыптастыру. Болашақ оқытушының білім беру қызметін ОКТ қолдана отырып жобалауды, Болон процесін жүзеге асыруды,дәріскерлік,кураторлық шеберлікті оқыту/тәрбиелеу және бағалау стратегиялары мен әдістерін қолдана отырып (TLA-стратегиялар) игеруді қарастырылады.

Шетел тілі (кәсіби)
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – шет тілі білімінің халықаралық стандарттары бойынша құзыреттіліктерді меңгеру және жетілдіру және мәдениетаралық, кәсіби және ғылыми ортада қарым-қатынас жасау. Магистрант жаңа ақпаратты біріктіріп, тілдердің ұйымдастырылуын түсініп, қоғамда өзара әрекеттесіп, өз көзқарасын қорғауы керек.

Электр энергетикалық объектілерді жобалау
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты-электр энергетикалық объектілерді жобалауды ұйымдастыру және басқару саласында базалық біліктерді қалыптастыру. Пәннің мазмұны: жобаның кезеңдерін жоспарлау; жобаның ұйымдық құрылымы; қаржылық-экономикалық есептеулер, бюджет; жобалаудың жобаны қаржыландыру ерекшеліктерімен байланысы; жобаны іске асыру (жабдықтарды сатып алу, салу, пайдалануға беру), коммерциялық пайдалану кезеңдерінде және инвестицияларды қайтару кезеңінде жобалауды басқару.

Электр энергетикасындағы жоспарлау мен басқару
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты-электр энергетикасы саласының ерекшелігін ескере отырып, жоспарлау және басқару саласында базалық біліктерді қалыптастыру. Пәннің мазмұны: ұйым қызметіне үдерістік тәсіл; өкілеттіктерді тиімді беру; шешімдер қабылдау техникасы мен құралдары; жұмыстарды талдау және персоналға қажеттілікті жоспарлау; жұмысты жобалау; персоналды іздеу және іріктеу; қаржылық талдау негізінде шешімдер қабылдау.

Электр энергетикасындағы инновацияларды басқару
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: болашақ кәсіби қызмет шеңберінде өз бетінше жұмыс істеу және шешім қабылдау қабілетін қалыптастыру Пәннің мазмұны: энергетикадағы инновациялар; ғылымды қажетсінетін технологиялар және олардың энергетикадағы рөлі; ғылымды қажетсінетін бизнес; классикалық менеджмент құрылымындағы инновациялық менеджменттің орны мен рөлі; жобаларды басқару; жоба мен жағдайды көпжақты талдау; бизнес-жоспарды жасау; бизнес-жоспардың құрылымы; тәуекелдерді талдау.

Электр энергетикасының дамуының жағдайы мен даму перспективалары
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: Қазақстанның электр энергетикасы саласының қазіргі жай-күйі, жұмыс істеу негіздері және даму перспективалары мәселелерін зерделеу. Пәннің негізгі аспектілері: қызметті басқарудың акционерлік нысаны; Қазақстан электр энергетикасының қазіргі жай-күйі: даму кезеңдері, қазіргі құрылымы; электр энергиясының көтерме және бөлшек нарығы; даму перспективалары; электр энергиясы нарығындағы мемлекеттің мақсаттары; мемлекеттің қатысу дәрежесі әртүрлі электр энергиясы нарығының модельдері.

Электр энергиясының сапасын басқару
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты-магистранттардың электр желілеріндегі электр энергиясының сапасын басқару саласындағы заманауи дүниетанымын қалыптастыру, мониторинг проблемаларын шешу және нормаланған шектерде электр энергиясының сапасын қамтамасыз ету бойынша білім, білік және дағдыға ие болу. Пәннің негізгі аспектілері: электр энергиясы сапасының көрсеткіштері; электр энергиясының сапасын бақылау және талдау; электр энергиясының сапасын қамтамасыз етудің тәсілдері мен техникалық құралдары.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Жоғары вольтты жабдықтар және технологиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты-электр өрістерін есептеу, жоғары вольтты оқшаулаудың құрылымдық ерекшеліктерін саралау қабілетін қалыптастыру Пәннің негізгі аспектілері: оқшаулаудағы ақаулардың пайда болу механизмдері және оны бақылау, асқын кернеулер және олардан қорғану әдістері, жоғары кернеулерді алу және өлшеу әдістері, асқын кернеулердің пайда болу табиғаты және олардан қорғану әдістері.

Жоғары вольтты оқшаулауды үйлестіру
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқытудың мақсаты магистранттарда оқшаулауды үйлестіру және оны жобалау, сынау және оқшаулау жағдайын бақылау әдістері туралы білімді қалыптастыру болып табылады. Пәннің мазмұны: Электр жабдығының сыртқы және ішкі оқшаулауын үйлестіру; электр жабдығы оқшаулауының электр беріктігін сынау әдістері; жоғары кернеулі жабдықтың оқшаулау конструкциялары; оқшаулауды үйлестіру проблемасы; оқшаулауды "нормаға" келтіру; қорғау разрядтаушылары.

Жоғары вольтты энергетиканың электрофизикалық негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: күштік электр өрістерінің әсер етуі кезінде газдардағы, сұйық және қатты диэлектриктердегі электрофизикалық процестер саласында жүйеленген білімді қалыптастыру. Пәннің негізгі мазмұны: газ тәрізді диэлектриктердің электрлік беріктігі (ауа, вакуум, элегаз) әр түрлі әсер ететін кернеуде; сұйық, қатты және аралас диэлектриктердің электрлік беріктігі; доғалық разряд; негізгі сипаттамалары.

Жоғарывольтты құрылғыны эксплуатациялау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты-жоғары вольтты электр жабдықтарының түрлері мен құрылғыларын жіктеу қабілетін қалыптастыру, оны пайдаланудың әртүрлі аспектілері: тексерулер, зақымданулар, жоспарлы жұмыс, диагностика және жөндеу. Пәннің негізгі аспектілері: техникалық құрылғылар, пайдалану негіздері және жай-күйін бағалау; күштік трансформаторларды, жоғары вольтты электр жабдықтарын, тарату құрылғыларын, жерге тұйықтау құрылғыларын, сақтандырғыштар мен разрядтағыштарды жіктеу, пайдалану және жөндеу.

Инновациялық энергоменеджмент және ақылды электр желілері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: ақылды электр желілерін қоса алғанда, энергетикалық жүйелердің барлық алуан түрлілігін басқару үшін қажетті құзыреттерді, сондай-ақ энергия мен инновациялық энергетикалық жабдықтың әртүрлі түрлерін зерделеумен байланысты міндеттерді шешу үшін құзыретті кәсіби білімді қалыптастыру. Пәннің негізгі мазмұны: инновациялық энергетикалық менеджмент; энергетикадағы зияткерлік ақпараттық жүйелер; электрмен жабдықтау жүйелеріндегі Smart Grid тұжырымдамасы.

Электр жүйелеріндегі асқын кернеулер және оларды шектеу
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: асқын кернеулердің пайда болу табиғаты туралы, олардың электр жабдықтары мен электр беру желілерін оқшаулауға электрлік әсері және олардан қорғану тәсілдері туралы, желілер мен электр қондырғыларының оқшаулауын сынау нысандары, әдістері туралы жүйеленген білімді қалыптастыру. Пәннің негізгі аспектілері: найзағай және ішкі кернеулер, электр энергетикалық жабдықты оқшаулау жағдайын диагностикалау әдістері мен құралдары.

Электр қосалқы станцияларындағы электромагниттік жағдай
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: станциялар мен қосалқы станциялардағы электромагниттік жағдай туралы және оған әсер ететін факторлар туралы жүйелі білімді қалыптастыру. Пәннің негізгі мазмұны: орта және жоғары класты кернеулі электр желілеріндегі техникалық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін қамтамасыз етудің жүйелік тәсілдері; электромагниттік кедергілердің көздері мен түрлері, олардың сипаттамалары, таралу арналары және олардан қорғану тәсілдері.

Электр техникалық жабдықтарды жөндеу және техникалық диагностиканы пайдалану негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты-пайдалану, қайта құру немесе ауыстыру туралы шешім қабылдау үшін пайдаланылатын электр жабдықтарының техникалық жағдайын бағалау саласында кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру Пәннің мазмұны: Электр жабдықтарының техникалық диагностикасы; электр жабдықтарын техникалық диагностикалаудың әдістемелік және ақпараттық негіздері; электр жабдықтарын жөндеуді ұйымдастыру және жоспарлау; жөндеуді ұйымдастыру жүйелері; қосалқы станциялардың, тарату құрылғыларының және ӘЖ/КЖ жабдықтарын жөндеу, жедел-техникалық құжаттама

Электр энергетикасының арнайы сұрақтары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: математикалық модельдер мен оңтайландыру және болжау әдістерін қолдана отырып, ақпаратты өңдеуді автоматтандыру және электр энергетикасы объектілерін зерттеу, Электр энергетикасы және электр техникасы саласындағы ұйымдастыру-басқару қызметінде шешімдерді әзірлеу және негіздеу бойынша қазіргі заманғы технологиялар мен құралдар туралы білімді қалыптастыру. Пәннің негізгі аспектілері:. деректер базасын жобалау принциптері; кәсіпорын жобасының қаржылық моделі; жобаны талдау.

Электр энергетикасының арнайы сұрақтары 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: математикалық бағдарламалау міндеттерімен электр энергетикасы мен электротехникада болжау міндеттерін реттеу және саралау қабілеттерін қалыптастыру. Пәннің негізгі аспектілері: математикалық бағдарламалау есептерін жіктеу; кестелік берілген функцияның интерполяциясы және экстраполяциясы ұғымдары; жоғары кернеулі қондырғылардың оқшаулау аралықтарының разрядтық кернеулері туралы деректерді экстраполяциялау мысалы.

Электромагниттік үйлесімділік
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: электр энергетикасы жүйесіндегі техникалық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі туралы жүйелі білімді қалыптастыру, электр энергиясын ұтымды, үнемді пайдалануға, сондай-ақ жұмыстың сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған қызмет түрі ретінде электромагниттік үйлесімділікті зерттеу. Пәннің негізгі мазмұны: Электр энергетикасы жүйесіндегі электромагниттік жағдай; электромагниттік кедергі көздері; кедергіні басу жөніндегі іс-шаралар.

Электроэнергетикадағы заманауи ақпараттық технологиялар 1
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: ЭЭ жүйесінің элементтерін модельдеу үшін осы дағдыларды қолдану және бағдарламалық қамтамасыз ету негіздерін меңгеру қабілетін қалыптастыру; Пәннің негізгі аспектілері: бағдарламалық пакеттер және оның компоненттері, кітапханалар және осы кітапханалардың компоненттері; электр энергетикасындағы ақпараттық компьютерлік технологиялар; электр энергетикасындағы ақпараттық технологияның функционалдық құрылымы.

Электроэнергетикадағы заманауи ақпараттық технологиялар 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: автоматтандырылған жобалау жүйесін қолдану арқылы кәсіби қызметке қабілеттілікті қалыптастыру Пәннің негізгі аспектілері: жалпы ережелер, математикалық бағдарламалау міндеттерінің құрамы мен мазмұны; алынған деректерді интерполяциялау әдістері; ЭЭ жүйелерін жобалаудың перспективалық ақпараттық технологиялары; электр энергетикасы жүйелеріндегі процестерді қазіргі заманғы ақпараттық технологиялармен модельдеу

Энергетиканың физика-математикалық негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты-жоғары кернеулі электрофизика мен техниканың электрофизикалық есептерін шешудің математикалық әдістері туралы білімді қалыптастыру. Пәннің негізгі мазмұны: жоғары кернеулер техникасындағы электрофизикалық құбылыстарды математикалық модельдеу бойынша ғылыми-техникалық ақпараттың негізгі көздері, электр энергетикасындағы электр және магнит өрістерін есептеу әдістері; негізгі ақпараттық технологиялар, ақпаратты компьютерлік өңдеу әдістері, тәсілдері мен құралдары.

Энергоменеджмент негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты-оларды кейіннен жұмыста пайдалану үшін менеджмент негіздерін қалыптастыру. Пәннің негізгі аспектілері: басқару функциялары; жұмысты ұйымдастыру; жұмыс және даму ресурстары; кәсіпорынды басқарудың заманауи тұжырымдамалары; баға белгілеу бойынша басқарушылық шешімдер; коммуникациялық саясат, кәсіпорынды басқару құрылымындағы энергия менеджменті қызметі.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Зерттеу
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: жоғары оқу орындарында педагогикалық қызметті жүзеге асыру, білім беру процесін жобалау және инновациялық білім беру технологияларын пайдалана отырып, оқу сабақтарының жекелеген түрлерін жүргізу қабілетін қалыптастыру. Курсты оқу барысында магистрант төмендегідей білімдерді меңгереді:

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген