Магистратура
Іскерлік әкімшілендіру (Swiss-Sasem)

Іскерлік әкімшілендіру (Swiss-Sasem)

БIЛIКТIЛIГІ

  • MBA - іскерлік әкімшілендіру магистрі (EMBA)

ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Іскерлік әкімшілендіру (Swiss-Sasem)
Мамандық шифры
7M04147
Факультеті
Al-farabi business school

пәндер

HR менеджмент және көшбасшылық
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - АБ + Емтих (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты-адам ресурстарын тиімді басқару, команда құру және көшбасшылық қасиеттерді дамыту қабілеттерін қалыптастыру. Мыналар зерделенетін болады: персоналды бағалау жүйесін жетілдіру, KPI жүйесін пайдалану ерекшеліктері, еңбек өнімділігін арттыру, қолда бар еңбек ресурстарын ұтымды пайдалану; персоналды дамыту; тиімді жұмыс үшін ұйымдастырушылық және экономикалық жағдайлар жасау; тиімді көшбасшының сипаттамасы; басшы имиджін қалыптастыру.

Бизнес-зерттеу
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – макро және микроэкономикалық талдаудың әртүрлі әдістерін қолдана отырып, тәуелсіз зерттеулер жүргізу арқылы тұтынушылық мінез-құлықты, бәсекелестік ортаны талдау және бағалау дағдыларын қалыптастыру. Мынадай сұрақтар қарастырылады: бизнес-зерттеулердің негізгі сипаттамалары; бизнес-зерттеулерде болжау және жоспарлау; бизнесті басқару саласына қатысты экономикада, статистикада және басқа салаларда қолданылатын әдістемелік құралдар

Стратегиялық менеджмент
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – ұйымның стратегиясын әзірлеу және іске асыру қабілетін қалыптастыру. Пән стратегиялық таңдау, компанияны стратегиялық талдау мәселелерін , жеке бизнес компаниялары мен әртараптандырылған компаниялар үшін әртүрлі деңгейдегі стратегияларды қалыптастыру мәселелерін қарастырады, стратегиялық аймақтардың портфелін талдаудың матрицалық әдістері, портфельді басқару, стратегиялық іс-қимылдарды іске асыру және бақылау мәселелерін ұсынады

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Self-management
  • Бақылау түрі - АБ + Емтих (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: жеке ресурстарды ұйымдастыру, жоспарлау және тиімді пайдалану дағдыларын қалыптастыру. Мынадай сұрақтар зеріттеледі: жеке менеджментті құру және дамыту, іскерлік келіссөздер дағдысы, тайм-менеджменттің негізгі қағидалары, жеке ресурстарды ұйымдастыру және жоспарлау әдістері, зияткерлікті басқару жүйесінде мақсаттарға қол жеткізу кезеңдері, проблемаларды еңсеру, 80/20 әдісінің мәні, жеті "R" тайм-менеджмент жұмыс кеңістігін ұйымдастыру қағидалары.

Бизнесті дамыту және масштабтау
  • Бақылау түрі - АБ + Емтих (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты әлемдік экономиканың жаһандануы жағдайында халықаралық нарықтарда ұйымның даму стратегиясын әзірлеу дағдыларын қалыптастыру: экономиканың және әлемдік байланыстардың жаһандануы проблемасы; халықаралық экономикалық интеграция; ресурстармен қамтамасыз ету проблемалары; ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту проблемалары; қазіргі заманғы технологияларды жаһандық басқару; жоғары технологиялар саласындағы стратегиялық альянстарды пайдалану зерделенетін болады.

Жеке брендинг
  • Бақылау түрі - АБ + Емтих (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің негізгі мақсаты-жеке брендті басқару стратегиясын құру, жеке брендингтің тиімділігін бағалау, бренд элементтерін, стильді дамыту процесін ұйымдастыру қабілеттерін қалыптастыру. Бағдарлама перональды брендті жобалау, жылжыту және капиталдандыру кезінде аналитикалық, шығармашылық және инновациялық дағдыларды игеруге бағытталған.

Корпоративтік қаржы
  • Бақылау түрі - АБ + Емтих (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: корпорацияның қаржылық қызметін талдау және бағалау қабілетін қалыптастыру. Курс халықаралық корпорацияның қаржылық ресурстарын ұйымдастыру саласындағы жүйелік білімдер қалыптастырады. Пән келесілерді зерделеуге бағытталған: корпорацияның табыстары мен шығыстарының, қаржылық нәтижелердің, ақша ағындарының, негізгі және айналым капиталының, қаржылық жоспарды орындау формалары мен әдістерінің ерекшеліктері.

Қаржылық модельдеу және бизнесті болжау
  • Бақылау түрі - АБ + Емтих (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты-деректерді өңдеу, қаржылық есептеу, қаржылық жоспарлау және модельдеу әдістерін қолдану дағдыларын қалыптастыру. Мыналар зерделенетін болады: қаржылық жоспарлау және бюджеттеу; қаржылық модельді әзірлеудің жалпы қағидаттары мен логикасы; операциялық қызметті және қаржылық нәтижені модельдеу; Бизнестің салалық ерекшеліктері және олардың қаржылық модельде көрсетілуі; қаржылық модельдерді құру кезінде ақпараттық технологияларды пайдалану.

Өзгерістерді басқару
  • Бақылау түрі - АБ + Емтих (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: ұйымдастырушылық өзгерістер шеңберінде күрделі, стандартты емес міндеттерді шешу үшін материалдық-техникалық, еңбек, қаржы ресурстарын тиімді пайдалануға бағытталған басқарушылық ықпал ету қабілеттерін қалыптастыру: ұйымдастырушылық өзгерістер түрлері; ұйым дағдарысының алдын алу немесе оны еңсеру бойынша өзгерістерді тану, диагностикалау, қабылдау және іске асыру әдіснамасы, өзгерістерге қарсы тұру себептері; өзгерістерді басқару құралдары зерделенетін болады.

Сандық маркетинг
  • Бақылау түрі - АБ + Емтих (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты-білім алушыларда цифрлық маркетинг стратегиясын әзірлеу қабілеттерін қалыптастыру: цифрлық мәнмәтіндегі маркетинг; статистикалық және маркетингтік ақпаратты жүйелеу және талдау; цифрлық маркетинг құралдарын қолдану жөніндегі стратегиялық шешімдер; цифрлық маркетинг кезінде өнімді позициялау; коммуникация жөніндегі стратегиялық шешімдер зерделенетін болады.

Сандық трансформация және менеджмент
  • Бақылау түрі - АБ + Емтих (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты-компания менеджментінде цифрлық технологияларды пайдалану қабілетін қалыптастыру. Бизнесті цифрлық трансформациялау, жаңа модельдер мен сценарийлердің пайда болуы, ұйымдар мен бизнес-процестерді басқару, бизнес-модельдерді трансформациялау, компаниялар персоналын басқарудағы, маркетингтегі, логистикадағы цифрлық технологиялар зерделенетін болады. Курс барысында менеджментті цифрлық трансформациялаудың әлемдік трендтері және Қазақстандағы бизнес эволюциясының ерекшеліктері қарастырылады

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Өндірістік
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Практиканың мақсаты - химиялық өндірістің технологиялық сызбаларын оқу, белгілі бір химиялық кәсіпорын мысалында жабдықтар, материалдар таңдау және жобалық-жобалық шешімдерді негіздеу, дамыту барысында алынған құзыреттерді жүзеге асыру қабілетін қалыптастыру. тәжірибе барысында өндірістік тапсырмаларды орындауға арналған модуль. Тәжірибе нақты химиялық өндірістердің құрылымын, ережелерін, жабдықтары мен материалдарын игеруге бағытталған.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген