7M05220 Магистратура

Су дипломатиясы

Факультет:География және табиғатты пайдалану
Код:7M05220
Білім деңгейіМагистратура
Шекті балл (ақылы бөлім)-
ФакультетГеография және табиғатты пайдалану
ID2456

Бағдарлама туралы

Су ресурстарын басқару және пайдалану мәселелері бойынша мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық пен бейбіт қарым-қатынасты қолдау сонымен қатар ғылыми зерттеулерді орындау және педагогикалық қызметті жүзеге асыру үшін халықаралық мемлекеттік қызметшілерді, халықаралық ұйымдардың қызметкерлерін және дипломатиялық өкілдерді су дипломатиясы саласында оқыту.

Түлек моделі

1. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде ғылыми, педагогикалық мәтіндер құру және су ресурстарын басқару және бағалау саласындағы оқу және ғылыми жобаларды әзірлеу бойынша ұсыныстар мен сараптамалық қорытындылар беру;
2. Климаттың өзгеруі жағдайында су ресурстарын басқару саласындағы заңнамалық актілер мен құжаттарды әзірлеу кезінде шешім қабылдау;
3. Су мәселелерін шешу және тұрақты даму үшін СРББ енгізу кезінде ақпаратты басқару құралдарын қолдану;
4. Су келіспеушіліктерін шешу үшін дипломатиялық келіссөздер жүргізу стратегиялары мен әдістерін қолдану;
5. Түрлі аймақтағы жағдайларда трансшекаралық су ресурстарын бөлу механизмдерін бағалау;
6. Су ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау үшін трансшекаралық су бөлу кезінде іргелес мемлекеттердің келіспеушілігін шешу механизмдерін талдау;
7. Халықаралық және аймақтық деңгейде су мәселелерін шешудің саясатын, институционалдық тетіктерін, принциптері мен құралдарын бағалау;
8. Су дипломатиясының халықаралық және қазақстандық тәжірибесін талдау үщін су дипломатиясының заманауи тәсілдері мен әдістерін ажырата білу;
9. Климаттың өзгеруінің су ресурстарына әсерін болжау үшін деректерді талдау және модельдеу әдістерін қолдану;
10. Топтағы құндылықтарды басқару туралы халықаралық, заманауи идеяларды ескере отырып, басқарудың өзара әрекеттесуінде психологияның негізгі әдістемелері мен тәсілдерін қолдану сонымен қатар педагогикалық қызметті жүзеге асыру: аудиториялық сабақтарды және оқу практикаларын өз бетінше өткізу, пәннің оқу-методикалық кешенін құрастыру, зерттеу нәтижелерін практикалық оқу қызметіне енгізу және ЖОО-ның құрылымдық бөлімдерінің педагогикалық қызметін басқару;
11. Қазақстан мен іргелес мемлекеттердің су экономикасының ерекшеліктері негізінде су келіспеушіліктерін реттеудің экономикалық пайдасын дәлелдеу;
12. Су ресурстарын тиімді пайдалануды дамыту үшін су құқығы саласындағы жаһандық және өңірлік келісімдерді талдау.

Байланыс

Қабылдау

1) Бакалавриатты аяқтағаны жайлы диплом+ қосымшалары (түпнұсқасы)
2) Жеке куәлігі (түпнұсқа және көшірме -2 дана)
3) Сертификат КТ
4) Фото 3×4 – 6 дана
5) Шет тілін меңгергенін растайтын сертификат ( болған жағдайда)
6) 0/75у нысаны бойынша медициналық анықтама