- Негізгі бет
- Магистратура
- Білім беру бағдарламалары
- Агробиотехнология
Агробиотехнология
БIЛIКТIЛIГІ
- ғылыми - педагогикалық бағыт - жаратылыстану ғылымдарының магистрі
ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ
ON1. Заманауи биотехнологияның көмегімен ауыл-шаруашылық жануарлардың және өсімдіктердің жоғары өнімді, биологиялық құнды және төзімді түрлерін шығару үшін ғылыми және практикалық мәселелді шешуге бағытталған тәжірибелік зерттеулерді жүргізу.
ON2. Экономикалық құнды сипаттамаларға ие жануарлардың және өсімдіктердің жаңа төзімді формаларын алу үшін клеткалар мен ұлпа культураларын өсірудің оңтайлы жағдаларын таңдау.
ON3. Заманауи биохимиялық, физиологиялық, молекулалық-генетикалық зерттеу әдістерін пайдаланып тұрақты және шаруашылық-құнды дақылдарды анықтау үшін скрининг жүргізу.
ON4 Физиологиялық, биохимиялық және молекулалық-генетикалық деңгейде бейімделудің жүйелік механизмдері дамыған жануарлардың және өсімдіктердің жаңа төзімді формаларын алу және биотехнологиялық өнімдерді жасау үшін өндірістік регламент әзірлеу.
ON5. Экологиялық қолайсыз аймақтарға арналған ұсыныстарды ескеріп, технологиялық процестерді жоспарлау және басқару негізінде заманауи технологиялар мен биоагенттерді қолданып ауышларуашылық дақылдарды өсірудің озық әдістерін ұйымдастыру.
ON6. Өсімдік шикізатын кешенді өңдеу және қалдықсыз биологиялық конверсия әдістерімен мақсатты заттарды алу бойынша тиімді және экологиялық қауіпсіз технологияларды әзірлеу.
ON 7. Экологиялық таза фитоөнімдерді алу және биоремедиация мен көгалдандыру арқылы экожүйелерді қалпына келтіру мақсатында өсімдіктерді биоқорғау әдістерін ендіру.
ON8. Перспективті ғылыми бағыттар бойынша нәтижелерді жинақтап және оларды есептер мен жарияланымдар түрінде кәсіби қоғамдастыққа ұсына отырып, кешенді зерттеу міндеттерін шешуге бағытталған құзіреттіліктерін дамыту негізінде зерттеушілер ұжымын қалыптастыру.
ON9. Инновациялық білім беру технологияларын пайдаланып дәрістер мен практикалық сабақтарды өткізу, ғылыми-әдістемелік жұмысты жүзеге асыра отырып студенттердің академиялық және зерттеудің қажетті дағдыларын қамтамасыз ету арқылы білім мен еңбек нарығын интеграциялау, әлеуметтік және кәсіби құндылықтарын арттыру.
ON10. Кәсіби қызметті орындауға, шет тілдерін меңгеруге және философия мен ғылым тарихының, психологияның қазіргі заманғы мәселелерін бағдарлай білуге, тұлғааралық байланыстарды қалыптастыруға, бастамашылық танытуға және командада жұмыс істеген кезде өз көзқарасын дәлелдеуге жоғары мотивацияға ие болу.
Бағдарлама паспорты
пәндер
2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
пәндер
2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
ТӘЖІРИБЕЛЕР
2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген