Жаңалықтар

Жаңалықтар


24.11.2014 «Ең үздік химик-аналитик - 2014» сайысын өтеді

2014 жылдың 25-28 қараша аралығында аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технология кафедрасы дәстүрлі «Ең үздік химик-аналитик - 2014» сайысын өткізеді.


21.11.2014 ҚазҰУ-да жалпы адамзаттық құндылықтар мәселелеріне арналған кездесу өтеді

2014 жылдың 22 қараша күні сағ. 13.30-да ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінде (Ғылыми Кеңес залы) «Қоғам дамуының теориялық үрдістері, жалпы адамзаттық құндылықтар мәселелері» тақырыбында «Түркі әлемі» халықаралық газетінің бас редакторы, «Түркі әлемі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, т.ғ.д., профессор Ахмет Доғдоран және «Ақиқат» ұлттық қоғамдық-саяси журналының бас редакторы, ақын Аманхан Әлімұлымен кездесу өтеді.


21.11.2014 «Шетелдік студенттерді қазақстандық білім беру жүйесіне бейімдеу: қиындықтар және оларды шешу жолдары» атты республикалық дөңгелек үстел өтеді.

2014 жылдың 27 қарашасында жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің дайындық кафедрасы «Шетелдік студенттерді қазақстандық білім беру жүйесіне бейімдеу: қиындықтар және оларды шешу жолдары» атты республикалық дөңгелек үстел өткізеді.


20.11.2014 «Балаларға үміт сыйла» атты кездесу өтті

2014 жылдың 19 қарашасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультеті халықаралық құқық кафедрасының оқытушылары А.М Бегжан және Д.У. Байтукаева жетекшілігімен Бүкіләлемдік балалар күніне арналған Алматы облыстық №1 балалар үйінің жетім балаларымен «Балаларға үміт сыйла» атты 2 курс студенттердің кездесуі ұйымдастырылды.


18.11.2014 «Жастардың қалауы – Жасыл университет» атты республикалық флеш-моб ұйымдастырылды

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «Энергоэкология» кафедрасы және Экология мәселелері ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастыруымен «Жастардың қалауы – Жасыл университет» атты республикалық флеш-моб өтті.


18.11.2014 ҚазҰУ-да оқырмандар конференциясы өтті

Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетіндегі «Көкжиек» ғылыми-шығармашылық клубы әл-Фараби атындағы Ғылыми кітапхананың көпшілікпен жұмыс бөлімімен бірлесіп қалалық деңгейдегі оқырмандар конференциясын өткізді.


18.11.2014 Экономика және бизнес жоғары мектебінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауын талқылады

Экономика және бизнес жоғары мектебінде дөңгелек үстел аясында Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаевтың биылғы «Нұрлы жол – болашаққа жол» атты Қазақстан халқына жолдауы талқыланды.


18.11.2014 «Театр – өмір айнасы» атты кездесу кеші өтті

Жақында журналистика факультетінде белгілі актер Азамат Сатыбалды мен актриса Жастар сыйлығының лауреаты Асқарова Шынар Мұқанқызының қатысуымен «Театр – өмір айнасы» атты кездесу кеші өтті. Кешті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы «Айналаңды нұрландыр!» жобасы аясында ұйымдастырды.


17.11.2014 Жастардың білімге қолжетімдігін арттыру мәселесі Елбасының үнемі назарында - Б.Әрінова

Болашақ ұрпақтың сапалы білім алуы үшін заманауи әдістер мен технологияларды ендіру, білім беру жүйесін тұтастай инновацияландыру, жастардың білімге қолжетімділігін кеңейту сияқты мәселелерге жыл сайынғы Жолдауда арнайы көңіл бөлінуі жастар мәселесінің мемлекеттік деңгейде қарастырылатынын көрсете отырып, еліміздің білім беру жүйесіне де зор міндеттер жүктейді.


15.11.2014 ҚазҰУ-да Дін және қоғам: заманауи дискурс» атты кітаптың тұсаукесері өтеді

18 қараша сағат 11.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми кітапханасы (201- каб.) ғалымдар клубында дінтану және мәдениеттану кафедрасының философия ғылымының докторы, профессор Н.Ж. Байтенованың «Дін және қоғам: заманауи дискурс» атты кітабының тұсаукесері өткізіледі.