Жаңалықтар

Жаңалықтар


03.11.2014 Биология және биотехнология факультетінің 1 курс студенттерімен тәлім-тәрбиелік мәні бар кездесу өткізілді

Биылғы жылғы биология және биотехнология факультетінің 1 курсіне түскен шәкірттердің саны,бұдан бұрынғы жылдардағы қабылдауға қарағаннан әжептеуір көбірек,әсіресе грантқа ие болғандары.Тағыды бір есте қаларлық жәйт университетіміздің 80 жылдық мерей тойының тойлануымен және жаңа бағыт алып,оқу,білім,ғылым жүйесіндегі болып жатқан жетістіктердің дамуыменде сәйкес келуі. Сондықтан,бүгінгі бірінші курс шәкірттерінің алдына қойылатын айтылған оқу үрдісіндегі талаптарда өте ауқымды. Осыған орай факультетіміздің ұстаздары апталық кездесулерінде университетіміздің табалдырығын жаңа аттай,қадам басқан шәкірттерге өздерінің ақыл-кеңесін,тәжірибесін бөлісуде.


31.10.2014 ҚР ҰҒА академигі Ә.Жәрменов пен ҚазҰУ-дың Түлектер қауымдастығы келісім шартқа қол қойды

ҚазҰУ-да ҚР Минералды шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығының бас директоры, ҚР ҰҒА академигі, ғылым, техника мен білім беру саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, академик Е.А. Букетов және академик Ө.А.Жолдасбеков атындағы «Тарлан» сыйлықтарының лауреаты, ҚР еңбек сіңірген өнертапқышы Әбдірәсіл Жәрменовпен кездесу өтті.


29.10.2014 ҚазҰУ-да бас редакторлар бас қосты

ҚазҰУ-да«Қазақстан журналистикасының бүгіні мен болашағы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды. Конференция Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің және Бас редакторлар клубынның қолдауымен және журналистика факультетінің ұйымдастыруымен өтті.



29.10.2014 ҚазҰУ-да химия факультетінің белгілі түлегі Әбдірәсіл Жәрменовпен кездесу өтеді

30 қазанда сағат 15.00-де (ректорат 15-қабат) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Түлектер қауымдастығымен бірге ҚР Минералды шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығының бас директоры, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ҚР ҰҒА академигі, химия факультетінің белгілі түлегі Әбдірәсіл Жәрменовпен кездесу өткізеді.


28.10.2014 ҚазҰУ-да өтетін халықаралық конференцияда адамзат болашағы талқыланады

2014 жылы 5-7 қарашада Алматы «Адамның тұрақты дамуының жаңа парадигмасы. G-Global – ғаламдық сұхбат форматы» халықаралық конференциясының қатысушыларын қарсы алады. Көптеген жылдар бойы мұндай конференция Еуропа мен Америка елдерінде өткізіліп келді. Осы жылы ұйымдастырушы комитеттің шешімімен әлемдік деңгейдегі іс-шара Қазақстанда және оның ішінде Қазақстанның ең ірі университеті, БҰҰ-ның «Академиялық ықпал» ғаламдық хабын басқарушы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да өтеді.


27.10.2014 Назар аударыңыздар! «1-курс ТАЛАНТТАРЫ-2014» байқауының гала-концерті

Талантымен танылып, талабын ұштаған жас өнерпаздардың сайысы «1-курс ТАЛАНТТАРЫ-2014» көркемөнерпаздар байқауының гала-концерті мен марапаттау рәсімінің көрермені болуға шақырамыз!


27.10.2014 «Дипломаттың іскери сөйлеу мәдениеті» атты жаңа кітаптың тұсаукесері өтті

ҚазҰУ-да халықаралық қатынастар факультетінде филология ғылымдарының кандидаты, доцент Сафура Бөрібаеваның «Дипломаттың іскери сөйлеу мәдениеті» атты жаңа оқу құралының тұсаукесері аясында «Дипломаттың іскери сөйлеу мәдениеті» атты дөңгелек үстел болып өтті.


27.10.2014 Әл-Фараби мұрасы бойынша дайындалған кітаптардың тұсаукесер рәсімі өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясымен бірлесе отырып Әл-Фараби мұрасы бойынша дайындалған кітаптардың тұсаукесер рәсімі өтті.


23.10.2014 ҚазҰУ-да Иран Ислам Республикасынан келген делегация қонақта болды

22 қазанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғ. Мұтанов және университет проректорлары, факультет декандары мен профессорлар Иран Ислам Республикасынан келген делегациямен кездесті.


22.10.2014 Хабарландыру!

2014 жылдың 24 қазан күні (сағ. 16:00-де) тарих, археология және этнология факультеті Қазақстан тарихы кафедрасының жанындағы «Жас Орда» үйірмесінің ұйымдастыруымен «100 кітап» жобасын жүзеге асыру мақсатында «І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясындағы ортағасырлық Қазақстан тарихы мәселелерінің бейнеленуі» атты тақырыпта пікір-сайыс өтеді.