Жаңалықтар

Жаңалықтар


21.10.2014 Шығыстану факультетінде «Елші сағаты» өтті

Шығыстану факультетінде арабтану және ирантану кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Алмас Шәмшиденұлы Әбдірамановтың қатысуымен «Елші сағаты» өтті.


21.10.2014 ҚазҰУ жастары қалалық велошеруге қатысты

18 қазанда Алматы қаласының әкімі А.С. Есімовтың және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бірінші проректоры М.М. Бүркітбаевтың қатысуымен қаламыздың дәстүріне айналған велошерудің осы маусымдағы салтанатты жабылу рәсімі өтті. Бұл шарадан ҚазҰУ-дың жалынды студенттері де құр қалған жоқ. Барынша іс-шараға белсене атсалысып, шараның жоғары деңгейде өтуіне үлестерін қосты.


21.10.2014 Халықаралық қатынастар факультетінде «Дипломаттың іскери сөйлеу мәдениеті» атты жаңа оқу құралының тұсаукесері өтеді

2014 жылдың 24 қазан күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетінде (сағ. 16:00, 218-дәрісхана) филология ғылымдарының кандидаты, доцент Сафура Бөрібаеваның «Дипломаттың іскери сөйлеу мәдениеті» атты жаңа оқу құралының тұсаукесері өтеді.


20.10.2014 Қазақстан Қытай арасындағы сауда-экономикалық мәселелерге арналған конференция өтеді

2014 жылдың 24 қазанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультеті «Жібек Жолындағы (Қазақстан-Қытай) сауда-экономикалық ынтымақтастық: құқықтық аспектілері» тақырыбында халықаралық форум өткізеді.


20.10.2014 Болашақ баспагерлер «Құмбел-Бірлік» шыңына шықты

ҚазҰУ-дың журналистика факультеті баспа ісі және дизайн кафедрасы табиғат аясында ерекше дәріс өткізді. Дәрісті баспа ісі және дизайн кафедрасының 4 курс студенті, «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Досжан Балабекұлы ұйымдастырды.


20.10.2014 ҚазҰУ қалашығында күзгі жәрмеңке өтті

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ө. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайының жанында азық-түлік жәрмеңкесі өтті.


17.10.2014 Қазақстандағы дикторлық мектептің қалыптасуы мен дамуына арналған дөңгелек үстел өтеді

22 қазанда (сағ. 10:00, №230 Т. Қожакеев атындағы Акт залында) Қазақстан Журналистер Одағы, Қазақстан Журналистер Академиясы, «Қазақстан» РТРК қолдауымен тұңғыш қазақ дикторы, ұлттық дикторлық мектептің негізін қалаған Мина Сеитованың 95-жылдық мерейтойына арналған Бірінші Сеитова оқулары аясында «Қазақстандық дикторлық мектептің қалыптасуы, дамуы және болашағы» атты республикалық дөңгелек үстел өтеді.


17.10.2014 Халықаралық олимпиаданың екінші туры өтті

16 қазан механика-математика факультетінде Cisco елшілігі мен ақпараттық жүйелер кафедрасы халықаралық EMEA International 2014 CCNA NetRidersолимпиадасының екінші туры өтті.


15.10.2014 ҚазҰУ ректоры Ғ.Мұтановтың кітабының тұсаукесері Германияда өтті

Әлемдегі ірі баспа үйлерінің бірі «Springer» әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалым Мұтановтың «Mathematical Methods and Models in Economic planning, Management and Budgeting» атты кітабының тұсауын кесті. Мерейлі шара Германиядағы «Frankfurter Buchmesse-2014» деп аталатын 66-шы халықаралық кітап көрмесі аясында өткізілді.


14.10.2014 «Көкжиектегі» оқырмандар конференциясы

Филология факультетіндегі «Көкжиек» ғылыми-шығармашылық клубы «Жүз кітап» жобасы аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми кітапханасында оқырмандар конференциясын өткізді.