Жаңалықтар

Жаңалықтар


07.10.2014 ҚазҰУ-да Исламдық қаржыландыру мәселесі талқыланды

Заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы «Исламдық қаржыландыру құқығы» тақырыбында ғылыми-зерттеу семинарын өткізді.


07.10.2014 әл-Фараби мұраларын зерттеуге арналған конференция өтеді

21-22 қазан сағат 10.00-де заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы мен «Союз ради прогресса» студенттік клуб бірлесіп «әл-Фарабидің теориялық-құқықтың мұралары: тарихи маңызы және Қазақстан Республикасында мемлекеттік құрылыс тәжірибесінде дамуы» тақырыбында студенттер, магистранттар мен жас ғалымдар үшін II республикалық конференция өткізеді.


07.10.2014 Хабарландыру!

9 қазан сағат 11:00-де ҚазҰУ-дың Халықаралық ынтымақтастық департаменті №308-ші дәрісханада (әкімшілік ғимарат) Британдық Кеңес өкілдерімен өткізілетін «Ньютон - әл-Фараби» серіктестік бағдарламасының презентациясына шақырады.


06.10.2014 Бірінші курс студенттерін салтанатты түрде «Студенттер қатарына қабылдау» кеші болып өтті

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне жаңа қадам басқан бірінші курс студенттерін салтанатты түрде «Студенттер қатарына қабылдау» кеші болып өтті.


02.10.2014 ҚазҰУ-да «Таза бейсенбі» акциясы қайта жанданды

Бүгін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да студенттік қалашық аумағын көріктендіру мақсатында жалпыуниверситеттік «Таза бейсенбі» акциясы қайта жанданды. Тазалық шарасына барша университет қызметкерлері, факультет оқытушылары мен студенттер атсалысты.


02.10.2014 Қазақстанның халық жазушысы Ә.Нұршайықов атындағы стипендияға «Адам және әлем» атты әдеби шығармашылық байқауы жарияланды

Алматы қаласында тұратын студенттер мен жоғарғы сынып оқушылары арасында көркем шығармашылық жұмыстар бойынша байқау жарияланады. Байқауға қабылданатын шығармашылық жұмыстар: прозалық көркем шығармалар (әңгімелер), өлеңдер, көркем публицистикалық шығармалар (очерк, эссе).


02.10.2014 әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бірінші курс студенттері үшін дәстүрлі «Студенттер қатарына қабылдау» салтанаты өтеді

2014 жыл 3 қазанда сағат 17.00-де Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайы алаңында еліміздің үздік оқу орны, қос дипломды бағдарламасы бар, Қазақстанның жетекші классикалық университеті мәртебесіне ие, Республикамыздағы ғылыммен, біліммен айналысатын ірі орталығы, білім мен ғылымның инновациялық дамуының ұлттық көшбасшысы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бірінші курс студенттері үшін ерекше мәні бар дәстүрлі «Студенттер қатарына қабылдау» салтанаты өтеді. Бұл бірінші курс студенттерін бүкіл қазақстандық студенттер қатарына қосатын ең бірінші және маңызды мереке.


01.10.2014 ҚазҰУ-да Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт көшбасшысы Н. Назарбаевтың «Ұлытау төрінде ой толғау» сұхбатында айтылған негізгі бағыттарды талқылау мақсатында дөңгелек үстел өтті

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт көшбасшысы Н. Назарбаевтың «Ұлытау төрінде ой толғау» сұхбатында айтылған негізгі бағыттарды талқылау мақсатында дөңгелек үстел өтті. Шараға ғалымдар, оқытушылар мен студенттер қатысты.


30.09.2014 «Көкжиек» ғылыми-шығармашылық клубы «Ана тілдің мерейі» атты мерекелік әдеби-сазды кеш өткізді

2014 жылдың 24 қыркүйек күні Тілдер мерекесі аясында аударма ісі және әдіснамасы кафедрасындағы «Көкжиек» ғылыми-шығармашылық клубы «Ана тілдің мерейі» атты мерекелік әдеби-сазды кеш өткізді.


30.09.2014 Қазақстанның ядролық әлемге қарсы жолы

26 қыркүйекте халықаралық қатынастар факультетінде Қазақстан Республикасындағы БҰҰ ақпараттық департаменті өкілеттігінің, Алматы қаласындағы ҚР СІМ өкілеттігінің және Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі (АӨЫСШ) Кеңес Хатшылығы бөлімінің қолдауымен «Полигон 29-тамыз» атты Халықаралық қайырымдылық қоғам қорымен бірге Халықаралық ядролық қаруды толықтай жою күніне және Семей полигонының жабылуы туралы ҚР Президенті Қаулысының 23 жылдығына арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті. Шараға АҚШ, Ресей, Қытай, Венгрия, Оңтүстік Корея дипломатиялық миссиясы, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ), ҚДП «Ақ жол», бұқаралық ақпарат, академиялық қауымдастық өкілдері мен Семей ядролық полигонының қатысушылары атсалысты.