Жаңалықтар

Жаңалықтар


14.10.2014 «Университеттің тұрақты дамуындағы музей инновациялары» атты ғылыми-әдістемелік семинар өтеді

17 қазанда (сағ.: 13:00, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Музейі галереясы) «Айналаңды нұрландыр» университеттік жобасының аясында ҚазҰУ Музейі мен тарих, археология, этнология, география және табиғатты пайдалану факультеттерінің қатысуымен және «Pattern Pecognition» поляк фирмасының қолдауымен «Университеттің тұрақты дамуындағы музей инновациялары» атты ғылыми-әдістемелік семинар өткізеді.


14.10.2014 Schrödinger компаниясы өкілінің қатысуымен онлайн-конференция өтеді

16 қазанда механика-математика факультеті 321 аудиторияда (сағат 10.00) жоғарғы өнімді есептеулер бойынша KAZNU-INTEL орталығы, математикалық және компьютерлік моделдеу кафедрасы, Schrödinger компаниясы қызметкері Alexander Goldberg қатысуымен онлайн-конференция ұйымдастырып отыр.


14.10.2014 Кастинг!

Құрметті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері! Сіздері VI рет «Студенттер Сенаты» ұйымдастырып отырған жобалардың бірі «Ана тілі - аруы және Жігіт сұлтаны» сайысына қатысуға шақырады!


13.10.2014 «Музыка – адам жан дүниесінің ырғағы» атты тақырыптағы халықаралық дөңгелек үстел өтті

2014 жылдың 10 қазан күні философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасының ұйымдастыруымен «Музыка – адам жан дүниесінің ырғағы» атты тақырыптағы халықаралық дөңгелек үстел өтті.


13.10.2014 Қазақ ұлттық университеті – Қазақстан мектептеріне жапон елін таныстырушы

30 қыркүйек пен 10 қазан аралығында ҚазҰУ-дың шығыстану факультеті «Корейтану және жапонтану» кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен және халықаралық жапон тілі қорының қаржыландыруымен Қазақстанның батыс аймақтары Ақтөбе, Ақтау, Атырау қалаларында үгіт насихат жұмыстарын жүргізу бойынша іссапарлар өтті.


13.10.2014 ҚазҰУ-да футболдан Ұлттық студенттер лигасы ойындарының «Күз-2014» турнирі өттіп жатыр

Өткен сенбі күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің спорт кешенінде Білім және ғылым министрі А. Сәрінжіповтің қатысуымен футболдан Ұлттық студенттер лигасы ойындарының «Күз-2014» турнирі өтті. Турнир кестесі бойынша алғашқы ойын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің командалары бәсекеге түсіп, нәтижесінде 8:3 есебімен ҚазҰУ командасы жеңіске жетті. Ескерте кетелік, турнир ойындары жалғасып жатыр. Ойындар барысында Астана қаласындағы финалдық ойынға баратын үздік төрт команда алдағы қараша айының 15-жұлдызында анықталатын болады.


09.10.2014 Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы ҚазҰУ-да қонақта болды

Бүгін университет кітапханасында ҚазҰУ-дың оқытушы-профессорлар құрамы және студенттер Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлымен, Алматы қаласының Бас имамы Нұрбек Есмағанбетпен кездесті. Қонақтар «әл-Фараби» мұражайымен танысып, кездесуді бастады.


09.10.2014 Шығыстану факультетінде шешендік өнер сайысы өтті

Шығыстану факультеті Корейтану және жапонтану кафедрасы Ханяң университеті мен Намсеул университетінің (Сеул қаласы, Корея Республикасы) қатысуымен корей бөлімінің 1-3 курс студенттері арасында шешендік өнер сайысын өткізді.


09.10.2014 ҚазҰУ-да "Жас аудармашылар мектебі" жобасы басталды

Халықаралық қатынастар факультетінде керемет «Жас аудармашылар мектебі» жаңа жобасы басталды. Бүгін Қазақстан EXPO-2017 Халықаралық мамандандыру қойылымына белсенді түрде дайындалуда. Осындай кең көлемдегі мерекелік шараға жастар белсенді түрде ат салысуда. ҚазҰУ студенттері де шараға қатысуға дайын.


08.10.2014 ҚазҰУ-да «Бейбітшілік үшін әріптестік» бағдарламасының 20 жылдық дамуының нәтижелері талқыланады

2014 жылдың 9-10 қазан күндері (сағ. 10:00) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы НАТО туралы ақпараттық және ресурстық орталық пен Халықаралық және еуроатлантикалық қауіпсіздік пен ынтымақтастықты зерттеу орталығы «Бейбітшілік үшін әріптестік» бағдарламасының аясындағы ынтымақтастықтың 20 жылдығы: сабақтары мен ынтымақтастықты дамытудың жаңа жиектері» атты халықаралық ғылыми-тәжиірбелік конференция өтеді.