Жаңалықтар

Жаңалықтар


16.09.2014 Рекреациялық география және туризм кафедрасында кәсіби экскурсия жетекшілерін даярлау курстары жүргізіледі

ҚазҰУ-да Алматы қаласы Туризм басқармасының қолдауымен, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің рекреациялық география және туризм кафедрасында халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі мен 2017 жылы өткізілетін 28-ші Қысқы студенттік ойындарға ұштастырылған арнайы кәсіби экскурсия жетекшілерін даярлау курстары жүргізіледі.


15.09.2014 «Ядросыз әлемге Қазақстанның жолы» атты дөңгелек үстел өтеді

2014 жылдың 26 қыркүйегінде сағат 10:00-де «Полигон 29-тамыз» атты Халықаралық қоғамдық қайырылымдылық қоры, БҰҰ Экономикалық және Қоғамдық кеңесінде тіркелген консультациялық мәртебесі бар, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің халықаралық қатынастар факультетінің көмегімен, Қазақстан Республикасының БҰҰ қоғамдық ақпарат өкілеттігі Департаментінің қолдауымен, Алматы қ. ҚР СІМ өкілеттігі, Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңес (АӨЫСШ) бөліміндегі Хатшылығы, 2012ж. 29-тамызда Астана қаласында қабылданған «Атом» бағдарламасының шегінде «Ядросыз әлемге Қазақстанның жолы» атты тақырыпқа дөңгелек үстел ұйымдастырады.


09.09.2014 Зерттеушілер және ізденушілер назарына!

Қазақстандағы Британдық Кеңес және «Ғылым қоры» ақционерлік қоғамы бірлесіп «Ньютон - әл-Фараби» серіктес бағдарламасы аясында қысқа мерзімді ғылыми тағылымдамадан өтуге тапсырыс қабылдау басталғанын хабарлайды. Бұл бағдарлама Қазақстан және Ұлыбритания үкіметтерімен 2014 жылы ғылым және инновация саласындағы екі жақты ынтымақтастықты нығайту мақсатында құрылған.


09.09.2014 Құрметті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қызметкерлері мен студенттері!

Университеттің Халықаралық ынтымақтастық департаменті 2014 жылдың 10 қыркүйегінде сағат 15:00-де журналистика факультетінің №230 дәрісханасында дүниежүзілік Chevening стипендиалық бағдарламасының таныстырылымы (презентациясы) өтетіндігі туралы хабарлайды. Бұл бағдарлама студенттерге Ұлыбританияның ең үздік оқу орындарында магистерлік бағдарламалар бойынша оқу мүмкіндігін береді. Қызығушылық танытушыларға бағдарлама бойынша пайдалы мағлұмат алу мүмкіндігі ұсынылады.


08.09.2014 ҚазҰУ-дағы Бақылау кеңесін министр басқарды

ҚазҰУ-да Бақылау кеңесінің отырысы жаңа төраға ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповтің басшылығымен өтті.


05.09.2014 ҚазҰУ-да ғылыми Intel компаниясы семинар-тренинг өткізеді

2014 жылдың 8 қыркүйегінде сағат 9:00 бүкіләлемдік танымал Intel компаниясының қатысуымен ҚазҰУ-дың механика-математика факультетінің (ауд. №213) KazNU-INTEL жоғары өнімді есептеулер орталығында ғылыми семинар-тренинг өтеді.


05.09.2014 ҚазҰУ-да Ханъянг университетінің профессорлары дәріс оқиды

8-9 қыркүйек аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың корейтану және жапонтану кафедрасында “Global e-School” жобасының аясында Ханъянг университетінің (Корея республикасы) профессорлары – Хан Хон Юль (Han Hong Yul), Ли Хи Вон ( Lee Hee Wjn), Им Ён Сун (Yim Yong Soon) арнайы дәріс оқиды.


05.09.2014 «Ғылым ордасында» магистратура және PhD докторантураның салтанатты ашылуы өтеді

2014 жылдың 8 қыркүйегінде сағ 10.00-де «Ғылым ордасы» ғимаратында (Құрманғазы көшесі, 29, 2-қабат) ҚР БҒМ Ғылым комитетінің ҒЗИ мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ арасындағы ғылыми кадрларды бірлесіп дайындау жобасы аясында магистратура және PhD докторантураның салтанатты ашылуы өтеді.


04.09.2014 ҚазҰУ ғалымдары «Тарих толқынындағы халық» бағдарламасына қатысты

ҚазҰУ-дың дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының меңгерушісі Италияда болып қайтты. Профессор Қ.Жұмағұлов бұл елге Мемлекеттік бағдарлама аясында ерте және орта ғасырлық Қазақстан тарихына қатысы бар түркі тарихы бойынша сирек кездесетін деректер мен материалдарды анықтау мақсатында жіберілді.


04.09.2014 Профессор С.Қозыбаевтың 70 жылдығына арналған конференция өтeді

2014 жылы 26 қыркүйек күні сағ. 10.00-де Ғылыми кітапханасының мәжіліс залы (4-қабат) Қазақ ұлттық университеті журналистика факультеті баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы Қазақстан Журналистика Академиясының Президенті, тарих ғылымдарының докторы, профессор С.Қозыбаевтың 70 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.