Жаңалықтар

Жаңалықтар


04.09.2014 Сәбина Алтынбекова - ҚазҰУ студенті

Қытайдың Тайпей аралында өткен волейболдан Азия біріншілігі сынына қатысуға жолдама алып, ел намысын қорғау сынында Сәбина Алтынбекова – Қытай мен Тайпей, Азия құрлығының миллиондаған табынушысын өзінің сұлулығымен тәнті еткен болатын. Арада күн өтпей жатып, Сәбинаның сұлулығын әлем таныды. Әлемді сұлулығымен баураған ол мектеп бітіріп, студент атанды. Өз таңдауын Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен ұштастырды.


28.08.2014 ҚазҰУ-да Ядролық сынаққа қарсы қимыл күніне орай дөңгелек үстел өтті

ҚазҰУ-да Қазақстандағы БҰҰ өкілдігі қолдауымен Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы қимыл күнінің бесжылдығына арналған дөңгелек үстел өтті.


22.08.2014 ҚазҰУ-да студенттердің еңбек маусымы қорытындыланды

ҚазҰУ-да студенттердің еңбек маусымы қорытындыланды. Демалыс уақытында жүзден астам жігіттер мен қыздар студенттік құрылыс жасағы (СҚЖ) құрамына қабылданып, жаз мезгілін өздері және туған университеті үшін пайдалы әрі қызықты өткізді.


19.08.2014 ҚазҰУ әлемнің 50 технологиялық тұрғыда дамыған университеті рейтингісінде 31 орынды иеленді

Белгілі «Great Value Colleges» халықаралық ұйымының зерттеу нәтижесі бойынша, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 31 орынды иеленіп, әлемнің 50 технологиялық тұрғыда дамыған университеті құрамына енді. Рейтингте қазақстандық ЖОО ТМД ғана емес, Шығыс және Орталық Еуропа қатысушы-елдерінің жалғыз өкілі болғанын, сондай-ақ Сингапур және Жапониямен қатар барлық Азия континентін таныстырғанын атап өту керек.


13.08.2014 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оңтүстік кореялық әріптестерімен телемедицинаны дамытуда

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Ёнсе университетінің (Оңтүстік Корея) «Кангнам Северанс» клиникасы бірлесе отырып, қазақстандық жоғары оқу орнында алғаш рет жаңа оқу жылынан бастап жұмыс жасайтын диагностикалық орталықтың маңызды құрамдас бөлігі – «U-Health» телемедицина жүйесін онлайн сынақтан өткізді. Бұл диагностикалық орталық кампус аймағындағы жаңадан ашылған «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығында орналасады.


05.08.2014 ҚР Білім және ғылым министрлігі ғылымды қаржыландыруға конкурс өтетіндігін хабарлайды

ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті 2015-2017 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыруға конкурс өтетіндігі туралы хабарлайды.


01.08.2014 4-10 тамыз аралығында Халықаралық қатынастар факультетінде жазғы мектеп өтеді

2014 жылдың 4-10 тамыз аралығында ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінде «Орталық Азиядағы модерницазия мен қақтығыстар» («Modernization and Conflict in Central Asia») атты халықаралық жазғы мектеп өтеді. Жазғы мектепке қатысушылар студенттер, магистранттар, докторанттар және әлемнің тоғыз елінен келген соның ішінде Германия, Канада, Швеция, Қытай, Моңғолия, Орталық Азия республикалары мен Қазақстанның жас оқытушылары.


24.07.2014 Талапкер назарына!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті Жоғарғы оқу орындарына түсу үшін дайындық бөліміне шақырады.


24.07.2014 Ұлттық Студенттік футбол лигасының тұсаукесері өтті

24 шілдеде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Ұлттық Студенттік футбол лигасының» тұсаукесері өтті. Лиганы құру туралы кеңеске ҚР Білім және ғылым министрі А. Сәрінжіпов, Қазақстан Футбол Федерациясының вице-президенті С. Байшақов, Қазақстан футбол федерациясының Бас менеджері А. Уранхаев және Алматыдағы ЖОО ректорлары қатысты.


23.07.2014 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен БҒМ Ғылым комитетінің ҒЗИ арасында Бас келісімге қол қойылды

2014 жылдың 23 шілдесінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің ғылыми-зерттеу институттары арасында Бас келісімге қол қою рәсімі салтанатты түрде өтті.