Жаңалықтар

Жаңалықтар


23.09.2014 Хабарландыру!

География және табиғатты пайдалану факультетінің рекреациялық география және туризм кафедрасы 2014 жылдың 26 қыркүйегінде өтетін Дүниежүзілік Туризм Күніне арналған дәстүрлі кешке шақырады.


22.09.2014 «Тілдер фестивалі» апталығы өткізіледі

2014 жылғы 22 қыркүйек «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесіне орай әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 22-26 қыркүйек аралығында жалпыуниверситеттік «Тілдер фестивалі» апталығы өткізіледі.


20.09.2014 Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының өкілдерімен кездесу өтеді

23қыркүйек күні Қазақстан халқының Тілдері күні мерекесіне орай, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті, академик Өмірзақ Айтбаевпен, Алматы қалалық мәслихатының депутаты, «Қазақ тілі» қоғамының Алматы қалалық филиалының төрағасы Құсман Шалабаевпен және Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының жауапты хатшысы Нұрлан Асқаровпен кездесу өтеді.


20.09.2014 Болашақ журналистер Студенттер үйіне қоныстанды

ҚазҰУ-да жаңа оқу жылы ерекше мерекемен – болашақ журналистерге арналған жаңа Студенттер үйінің ашылуымен басталды. Олар 260 орыннан тұратын тоғыз қабатты ғимараттың алғашқы студенттері атанды.


19.09.2014 Назар аударыңыз! Мобильдік қосымша жасау туралы байқау

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ www.data.gov.kz порталында орналасқан ашық мәліметті пайдаланып, мобильдік қосымша жасау жұмысына байқау жариялайды.


19.09.2014 «Ұлы Жібек жолы ізімен» атты тақырыпта ғылыми семинар өтті

Бүгін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінің қытайтану кафедрасы, Шығыс мұражайы және факультеттің «ҚазҰУ түлектері қауымдастығы» өкілдігі ұжымының бірлесіп ұйымдастыруымен факульет түлегі, белгілі дипломат, қытайтанушы Серік Нарысов «Ұлы Жібек жолы ізімен» тақырыбында ғылыми семинар өткізді.


19.09.2014 Метин Өзарсланның қатысуымен ғылыми семинар өтті

Шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының ұйымдастыруымен Хаджеттепе университетінің профессоры, фольклортанушы Метин Өзарсланмен (Түркия, Анкара қаласы) «Түркі мифологиясының Түркияда зерттелуі» атты тақырыпта ғылыми семинар өтті.


18.09.2014 ҚазҰУ-да мемлекет пен құқықтың даму тенденциялары талқыланады

25 қыркүйек күні заң факультетінде (сағ.: 10.00-де 410 ауд.) «Қазіргі мемлекет пен құқықтың даму тенденциялары: теория және тәжірибе мәселелері» атты II халықаралық конференциясы өтеді. Мемлекет және құқық теориясы және тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы магистранттар мен докторанттарды конферецияға қатысуға шақырады.


18.09.2014 Бас жүлдені Айбол Исламғалиев иеленді

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері жыр мүшәйрасының жеңімпазы атанды. Қыздар университетінің 70 жылдығына байланысты арнайы ұйымдастырылған «Атыңнан айналайын, Қазақ қызы» атты жыр мүшәйрасының қорытындысы шығарылды.


18.09.2014 Хабарландыру!

22 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Тілдер мерекесіне орай «Өнер алды – қызыл тіл» пікірталас, поэзиялық кеші өтеді.