Жаңалықтар

Жаңалықтар


23.04.2014 Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы

Биология және биотехнология факультетінің биофизика және биомедицина кафедрасының «Биофизика және биомедицина проблемалары» студенттер үйірмесі мен куратор-эдвайзерлерінің және «Сұңқар» студенттер кәсіподағының ұйымдастыруларымен «Ұстаздық ұлы қызмет» тақырыбында ардагер-ұстаз б.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі Х.Д.Дүйсембинмен кездесу кеші өтті.


23.04.2014 Құрметті оқытушылар мен студенттер!

2014 жылы 25 сәуірде университеттің 80 жылдығына арналған «Биоэнергетикалық реабилитация және биомедицина мәселелері» атты республикалық дөңгелек үстел өтеді.


23.04.2014 «Блог марафон» ҚазҰУ-дан бастау алды

Журналистика факультетінде «Қазіргі замандағы Қазақстан ақпарат кеңістігіне бизнестік көзқарас» атты шеберлік сағаты өтті. «Baikadam Holding» президенті, кәсіпкер Арман Байқадам, «Baikadam Media Group» компаниясының атқарушы директоры, танымал блогер IT маманы Нұрлан Жанай, «Жаңа-Ой» Орталығының директоры Данияр Жаныс қатысты.


22.04.2014 Өңірлік ЖОО оқытушыларына арналған семинар-тренинг өтті

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінде ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының ұйымдастыруымен тұңғыш рет өңірлік ЖОО профессор-оқытушыларына арналған халықаралық деңгейдегі семинар-тренинг өткізілді.


22.04.2014 Заң факультетінде бірнеше семинарлар өткізілді

ҚазҰУ заң факультетінде «Жоғары білім саласындағы тәлімгерлік» және «MOOCs (massive open online courses) – альтернативті білім» атты оқу-әдістемелік семинарлар өткізілді. Іс-шаралар азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының доцент қызметін атқарушы, «Болашак» бағдарламысының түлегі А.С. Дощановамен жүргізілді.


22.04.2014 ҚазҰУ-да Еуропа мен Азияда аймақтық қауіпсіздікті құрудың шектеріне арналған конференция өтуде

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультеті 2014 жылдың 23 сәуірінде «Еуропа мен Азияда аймақтық қауіпсіздікті құрудың шектері» атты IV Еуро-азиялық конференциясын өткізеді.


22.04.2014 ҚазҰУ ғалымдары Бішкек қаласында өткен халықаралық семинарға қатысты

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми зерттеу институты Халықаралық Айтматов академиясымен және Қырғызстан Республикасы ҰҒА Ш.Айтматов атындағы Тіл және әдебиет институтымен бірлесе отырып, 2014 жылы 18-19 сәуірде Бишкек қаласында «Мәдениетаралық коммуникация және компаративистика» атты халықаралық ғылыми семинар өткізді.


21.04.2014 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері атаулы шәкіртақы иегерлері атанды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ректорат мәжілісінде шәкіртақылар табыстау жағымды дәстүрге айналған. Оқу жылы басталғаннан бері университетте 11 млн. теңгені құрайтын атаулы 158 шәкіртақы тағайындалды.


21.04.2014 ҚазҰУ-ға Ахи Эвран университетінің ректоры, профессор Құдрет Сайлам келді

21 сәуірде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Бірінші проректоры, профессор М.Бүркітбаев Ахи Эвран университетінің ректоры, профессор Құдрет Сайламмен (Түркия) кездесті.


19.04.2014 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұлттық университеті 80-ші көктемін тойлады

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұлттық университеті 80-ші көктемін «Наурыз – жыл басы» атты дәстүрлі Ұлыстың ұлы мейрамы Наурыз тойы тойлаумен қарсы алды.